Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Жаттығу түрлері және олармен жұмысқа байланыс орнатыңыз



бет24/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж

Жаттығу түрлері және олармен жұмысқа байланыс орнатыңыз.

«Жаттығулар – нағыз оқу құралы. Дидактика мен әдістемеде оқытудың құралы – оқулықтар деп айтылып жүр, біздіңше, оқулық – оқытудың құралдарын ұйымдастыру мен жүзеге асырудың нысаны болып табылады. Ал оқытудың нағыз құралы – жаттығулар. Әсіресе тілді үйреткіңіз келсе, жаттығуларсыз нәтижеге жете алмайсыз» деп, профессор Р.Әміров оқулықтарындағы жаттығуларға назар аудара отырып, «жаттығу дегеніміз – сіздің оқыту амалдарыңыздың мазмұны, кең тұрғыда, әдістемеңіздің мазмұны.
Дайындық жаттығулары сөйлеу болмаса да, жалпы жүйенің негізгі түйіні , оны жүзеге асырудың амалы және негізін жасаушы болып табылады.
Бұл турасында Э.П.Шубин: «Дайындық жаттығуларының көмегімен тіл құбылыстарының формасы мен мағынасы, сонымен қатар лексикалық бірлік және сөйлесім әрекетінің компоненті ретінде бір-біріне әсері меңгеріледі» – деп айтқан
Дайындық жаттығулары перцептивті – сенсорлық базаны қамтиды, ойлау қабілеті лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды жою үшін, сөздерден микромәтіндер деңгейіне дейінгі белгілерді мағыналық ойлау қабілетін дамыту мысалы атқарады.
Тілдік біліктің жинақталуы дайындық жаттығуларының қажеттілігін төмендетеді, олардың қолданылуы жекелеген тапсырмалармен шектеліп отырады.

  1. Оқушылардың орфографиялық қателері, оларды болдырмау және түзету жолдарын көрсетіңіз.

Oқушылардың дәптерін тексеру қажеттіліг туралы мәселе принципті мәселе екені өзінен-өзі түсінікті. Жазу жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылық дағдыларын және шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі. Әдіскерлер арасында оқушылар дәптерлеріндегі барлық қателерін ғана түзету керек деген мәселе жөнінде әртүрлі пікір айтушылар бар. Кейбіреулер барлық қателерді түзету керек, бірде-бір қате қалдырмау керек деп санайды. Өйткені оқушылар жазған диктантты қайталап оқыған кезде, түзетілген сөздермен бірге түзетілмеген, қате жазылған сөздерді көріп, естерінде сақтап қалуы мүмкін десе, кйбіреулер алдымен қателердің бір тобын түзетіп оларды жазғаннан кейін ғана емлелік қателердің екінші тобын түзету керек деп есептейді.
Толығымен оқушылар түсіне алатындай етіп, дұрыс тексеру керек. Ол үшін мұғалім сабаққа ұқыптылықпен әзірленуі тиіс. Егер қатені түзетуге әзірлік жүргізілмесе, сауаттылық жайына, оқушылардың оынымен жұмыс жақсарту процесіне әсер етеді.
Оқушылардың ана тілін еркін және дұрыс меңгерулері, сауатты жазуы, тіл мәдениетін терең үйренуі дәптерлерді, жазба жұмыстарын үнемі түзетіп отыруға тығыз байланысты. Бұл жөнінде мұғалімдер орфографиялық қателерді түзеткенде мынадай негізгі шараларды орындап отырған жөн:
1. Мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген негізгі тақырыптан кеткен қателерінің астын сызып көрсету керек.
2. Орфографиялық қәтелерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілер қолдану керек. Бұндай белгілер оқушылар үшін белгілі болуы тиіс. Қателерді түзету, олардың астын сызу тек қана оқушының қателерін тізбектеу болып табылмайды, қайта әрбір қойылған шартты белгі немесе қатенің астын сызу оқушыға орфографиялық кемшіліктерді саналықпен түзетуге көмек етеді. Бұл жұмыс оқушының жалпы білім дәрежесіне бақылау жасау жолымен жүргізілуі керек.
3. Емлелік қателерді түзеткен кезде, мұғалім оқушыларды психолгиялық және жас ерекшеліктерін, олардың орфографиялық дәрежесіне қарауы керек. Бұл жағдай кателерді түзетудің дұрыс тәсілдерін табуға көмектеседі.
4. Емлелік қателерді түзеткен кезде, орфографиялық қатенің ерекшелігін еске алу керек.
5. Мұғалімнің әрбір тексеруі оқушыға барлық жағынан әсер етуі тиіс, түзетулер жіберілген қателерді оқушының өзі сезетіндей дәрежеге жеткізілуі, оқушылардың іскерлігін, қабілеттілігін арттыруға көмекеседі.
6. Мұғалімнің емлелік қателерді түзетуі оқушыларға белгілі бағыт көрсетуі тиіс.
7. Мұғалімнің емелелік қателерді түзетуі оқушылардың орфографияны түсінуге деген белсенділігін арттыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет