Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Грамматика сабақтарының міндеті мен мақсатын анықтаңыз



бет39/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж

13. Грамматика сабақтарының міндеті мен мақсатын анықтаңыз.
Бастауыш мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі – грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын, тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады. Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты – оқушыларға ана тілінің заңдылықтарын, грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепте орындала қоймайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде де оқылады. Морфология саласынан сөздердің жасалуын, морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады. Бағдарламаның «Түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік принциптері белгіленген.
14. Оқушылардың грамматика мен емле және тіл дамытудан білімдері мендағдыларын, шеберліктерін есепке алуды түсіндіріңіз.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онанқаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы меншеберлігі есепке алынбаса, оларды материалды қалай меңгергені,мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалайжеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесінбіліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққабелсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардыңалған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырылсын.
Оның мынадай жолдарын көрсетуге болады: 1) бір сабақтың негізіндебағалау; 2) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; 3) бір ғана жұмыстыңнегізінде бағалау.
Оқушылардың білімін бір сабақтың негізінде бағалаушы оқушыныңқандай сұрауларға, қалай жауап бергенін және қандай жұмыстардыорындағанын есепке алып отырады. Сабақтың соңында бірнеше оқушығабүкіл сабақ бойы істеген жұмыстарының (еңбегінің) негізінде баға қоядыжәне неге олай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды (дәлелдейді).
Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез келген оқушыдан сұрайалмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандайжұмыстар жасайтынын алдын ала жоспарлап алады. Сабақта сұрауларбүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына барлықоқушылар қатыстырыла тұрса да, мұғалім білімін, дағдысын, шеберлігінесепке алатын оқушыны іштей байқап, сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. Мысалы, II класта оқушыларға деформаланған мәтінұсынылып, ондағы сөйлемдерді тауып, соңына нүкте қою керектігітапсырылды дейік. Оқушылар иапсырманы орындап болған соң, мұғалімолардан сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды: 3 – 4 оқушыдансұрағанына жауап алады, 1) аяқталған ойды білдіреді, 2) сөйлем өзарабайланысты сөздерден құралады, 3) сөйлемнен соң нүкте қойылады, 4)әрбір жаңа сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Сол оқушыларөздіктерінен мысалдар келтіреді, талдайды. Мұғалім олардың сөйлемжөніндегі түсініктерін, дәлелдемелерін байқайды. Осыдан соң берілгентапсырманы бүкіл сыныптың қалай орындағаны жалпы тексеріледі. Бұлүшін жекелеген оқушылар орнынан тұрғызылып, нүкте қойған, басәріппен жазған әр сөйлемді оқиды. Алдыңғы сұралған 3 – 4 оқушынытақтаға шығарып, олардың дәптерлерін тексереді; қажет болса, тақтағасөз, сөйлем, сөз тіркесі жаздырылады. Балаларды бағалау үшін мұғалімбір сабақ бойы осылайша материал жинайды.
Сабақ соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала жәнежаттығуды орындаған балалардың еңбектері де атаусыз қалмайды.Олардың қай сабақта қандай сұрауға жауап бергенін, қандай жұмыстыорындағанын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қорытылыпбағаланады. Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне (балаларғакөрсетпей), әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жазып жүреді.
Балалардың әрбір жауабы, әрбір еңбегі ескерілетініне көзі жетсе, әрсабақта өз білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады.Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін үйге берілгенТапсырманыорындауларына,нәтижесіне немесе сабақтың әр кезеңінде (әсіресе жаңа сабақты түсіндіруя бекіту кезінде) бір күрделілеу сұраққа дұрыс, толық анық жауапберуіне қарай бағалауға да болады. Оқушының белсенділігін көтеруге,тапқырлығын арттыруға және өздігінен ойлай білуін күшейтуге бұләдістің де пайдасы зор. Мектеп тәжірибесінде балалардың білімдерін және емледағдыларын тексеру бірге жүргізіледі. Мысалы, балалар диктант жазса,ол оқушылардың грамматикадан белгілі бір тақырып бойынша алғанбілімдерін тексеруге де, емле, жазу дағдысын, шеберлігін тексеруге деарналады. Оқушылар ондағы сөздерді, сөйлемдерді талдайды, шарттыбелгілермен көрсетеді, керекті сөздерді теріп жазады, схемаға түсіредіт.с.с. Мұнда грамматикалық талдауға берілетін тапсырмалар көпболмауға тиіс (2 – 3-тен аспасын). Бақылау жұмысы дұрыс көрсеткішберу үшін, оны ұйымдастыру және өткізу барысында кейбір шарттарорындалуы қажет:
Орфографиялық бақылау жұмысы белгілі бір тақырыпаяқталып, оқушылырда жазу дағдылары қалыптасқаннан кейінжүргізіледі. Егер мұндай алғышарт болмаса бақылау жұмысын кейінгеқалдыра тұрған жөн.
Балалардың жазғандарын қарағанда тек соңғы өтілгентақырыптар бойынша берілген білімдер ғана емес, сонымен қатар бұрынберілген білімдер де қамтыла тексеріледі.
Бақылау жұмысына әдетте мәтін немесе жеке сөйлемдералынады. Әр сыныпқа белгілі мөлшерде сөз саны есептеп беріледі.
Бір түрлі орфограмманың бірнеше қайталанып келуінің(бір бақылау жұмысының ішінде) қажеті жоқ.
Бақылау жұмысында ең соңғы оқылған тақырыпқа 2 – 6объект, ал бұрын оқылғандарға екі объектіден келтірілген жеткілікті.Бірдей орфограммада кездесетін сөздерді варианттарменберген тиімді.Мұғалім бақылау диктантының мәтінін тұтас оқыпшығады, ондағы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіреді, сонансоң жеке сөйлемдерді оқиды, онан әрі мұғалім сөйлемді тағы бөліпоқып жаздырады. Әр сөйлем қайта тұтас оқылады, бұл кезде оқушыларжазғандарын тексеріп шығады. Ең соңында мәтін тұтас, жай, бір ретоқылады, балалар оған ілесіп отырып, жазғандарын тексереді. Оқушыларға жұмыстарын жөндеуге қосымша уақыт берілмейді. Мұғалімжазғандарын жинап алады.Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын жәнешеберліктерін тексеру мақсатында өтілген материалдардың негізгімәселелеріжайлықосымшаграмматикалық тұлғаларды табу, сөз таптарына ажырату, септіктердіқою т.с.Сабақта оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайтарып қоюыжеткіліксіз, олар сұрақты өздері де дұрыс қоя білуге дағдылануға тиіс.Сұрақ қоюға үйретуді қайталау сабақтарында жүргізген дұрыс.Сонымен, оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін белгілібір жүйемен есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегініңкөрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет