Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Талдау-жинақтау әдісінің жүргізілуін сипаттаңыз



бет11/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

Талдау-жинақтау әдісінің жүргізілуін сипаттаңыз.

Сауат ашудың негізгі объектісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері мыналар: сөзді ауызша айту, сөзді жазу және оқу. Сөзді ауызша айту әдетте естуге негізделеді. Жаңа сөз біреуден естілген күйінде қабылданып, есте сақталады, сөйлеу кезінде пайдаланылады. Сөйлеу практикасында сөз жеке дыбыстарға бөлініп айтылмайды, тұтас дыбысталып айтылады. Бірақ сөздегі әрбір дыбысты қалдырып кетпей, түгел және дұрыс дыбыстауды, сондай-ақ сөздегі басқа дыбыстармен байланысты қолдануды керек етеді. Сөзді жазу мен оқу көру арқылы орындалады. Басқаша айтқанда, сөз әріптер арқылы жазылып, әріптер арқылы оқылады. Сөз дыбыстары әріптермен таңбаланбаса, сөзді оқу да, жазу жда мүмкін болмас еді. Демек, әріптерді таныту – сауат ашудың өзекті мәселесі. Алайда, әріптер өздігінен жалаң таныла қоймайды, сөздегі дыбыстардың негізінде меңгеріледі. Ол үшін сөз құрамындағы дыбыстарды даралап, бөліп алу қажет болады. Жеке дыбысты сөзден бөліп алған соң ғана, оны әріппен белгілеуге болады. Өйткені, сөз дыбысы өз алдына жеке-дара, бөлек-бөлек дыбысталмайды, ондағы басқа дыбысты ғана таңбалайды. Осыған орай, сауат ашу жұмысы сөздегі жеке дыбыстарды бөліп алып қарастырудан басталады. Солндықтан сауат ашу әдісі «дыбыстық» әдіс болып есептеледі. Сөзді оқу мен жазу жұмысы (мұның өзі – сауат ашудың негізгі мақсаты) сөзге дыбыстық талдау жасаумен тоқталмайды, талданған дыбыстарды жинақтау арқылы қайтадан тұтас сөз жасауға әкеледі. Сондықтан да бұл әдіс «дыбыстық талдау-жинақтау әдісі» деп аталады. Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден - сөйлемді, сөйлемнен - сөзді, сөзден – буынды, буыннан – дыбысты бөліп алуға, жеке дыбыстарды әріптермен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады. Жинақтау тәсілі бойынша дыбыстардан – буын, буындардан – сөз, сөздерден – сөйлем, сөйлемдерден – сөйлеу құрастырылып, оқу машығы қалыптастырылады; оқушылар сөзді алдымен – буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, сол сияқты, әуелі – жеке бөлшектерден әріптерді шығарып, одан кейін тұтас сөздерді жаза білуге машықтанады; соның нәтижесінде, сөйлемді, тексті оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай-ақ өз ойын байланыстырып сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді. Талдау тәсілінің негізгі түріне сөзді дыбысқа ажырату, яғни «дыбыстық талдау» жатады. Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық талдау тәсілдері мыналар:



Сөздегі өздігінен жеке буын жасайтын дауысты дыбыстарды бөліп алу (а-та, ә- же, о-рақ, ө-рік, е-мен, ұ-зақ, ү-кі, ы-дыс, і-ні, и-не). 2) Сөздің ең соңғы дыбысын бөлу (алғашқы дыбыстарын мұғалімнің өзі айтып, соңғы дыбысын оқушыларға тапқызу). Мұндай талдау жұмыстарында заттар, дидактикалық ойыншықтар, суреттер пайдаланылуға тиіс Мысалы: нан, тарақ, өрік сияқты сөздердің на…, тара…, өрі…, деген бөліктерін мұғалім өзі айтады да, қалған дыбысты оқушыларға айтқызады. 3) Бір дыбыстан басталатын сөздерді тізіп айтып, әр сөздегі бірінші дыбысты оқушылардың өздеріне таптыру; ол дыбысты көтеріңғкі дауыспен ерекшелеп айтк арқылы бекіту (қаз, қарға, қалам, қағаз). 4) Сөздегі дыбыстардың саны мен орны, ретін анықтау. Бұл үшін сөз схемасы пайдаланылады. Алдымен сөз схемасына дыбыстар буын жүйесінемен түрлі-түсті дөңгелекшелер арқылы (дауысты дыбыс-қызыл, дауыссыз дыбыс-көк бояумен беріледі) сөздегі орын ретімен орналасады: /а/р/а/, /о о/о/ соңынан дөңгелекшелер әріптермен алмастырылып оқылады: /а/р/а/. Талдау: Бұл сөзде үш дыбыс (әріп) бар: біріншісі – а (дауысты дыбыс), екіншісі – р (дауыссыз дыбыс), үшіншісі – а (дауысты дыбыс) деген сияқты тұрғыда өтіледі. 5) Бір дыбысты ғана өзгеше, басқа дыбыстары бірдей сөздерді өзара салыстырып талдайды (ата, апа, ала, қала, дала, бала; он, ол, ор; май, шай, тай). Дыбыстық жинақтау тәсілімен жүргізілетен жұмыс нәтижесінде сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға мүмкіндік жасалады. Басқаша айтқанда, сөзді оқу дегеніміздің өзі – жинақтау. Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық жинақтау тәсілдері мыналар: 1) Бір дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу: А) а-та, а-па, а-на, а-ға, а-ра, а-уа, а-ла; Ә) ба-ла, да-ла, қа-ла, ке-ме, ке-се, ше-ге. 2) Әр түрлі дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу: ә-же, ә-ке, о-ра, қо-ра, до-ға, бо-та, ба-ру, ке-лу. 3) Бір дыбысты бөлек сөздерді салыстырып оқу: ол, он, ор, қол, жол, көл, төл, шар, жар, жел, бел. 4) Басқа дыбыс қосып не алып, сөзді өзгертіп оқу: ат-хат, тон-он, ара-шара, ала дала. 5) Талданған сөздегі буындарды көтеріңкі дауыспен ерекшелеп айту арқылы есте сақтап, одан сөз құрастырып оқу. Дыбыстық талдау мен дыбыстық жинақтау бір-бірінен ажыратылмай, өзара тығыз бірлікте жүргізіледі (алдымен – талдау, соңынан – жинақтау). Дыбыстық-талдау жинақтау әдісі бойынша сауат ашудың мынадай негізгі оқыту принциптері жүзеге асырылады: 1) баланың жас ерекшелігіне және тәрбие талабына сай іріктелген оқу материалдарының негізінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру; 2) оқушылардың жалпы ой-өрісі мен тілін дамыту, оқуға деген саналылығы мен белсенділігін арттыру; 3) әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жеке-дара жұмыс жүргізу4) оқу мен жазуды бір-бірінен ажыратпай, өзара ұштастырып, қатарластыра жүргізу (оқу-жазу-оқу). 5) Сауат ашу негізі – дыбысты меңгерту үшін сөзге дыбыстық талдау-жинақтау жасауға үйрету; оқушылардың есту, дыбыстау қабілетін жетілдіру; 6) Сөз дыбыстарын әріптермен дұрыс таңбалай білуге дағдыландыру; жазудың оқудан кешеуілдейтінін ескере отырып, алғашқы жазуды кеспе әріптермен сөз құрастырумен алмастыруға және басқа әріптерімен жазуға үйрету; 7) Сөз оқу өлшемі буын болғандықтан, сөзді жеке әріптермен оқытпай, бірден буындап оқуға дағдыландыру; одан біртіндеп тұтас сөзбен оқуға әкелу; 8) Сауат ашу барысында перспективтік оқу (кейбір алғашқы грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық мағлұматтардың алдын-ала практикалық жолмен таныстырыла берілуі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет