Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Сауат ашудың әліппе кезеңін көрсетіңіз



бет88/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

3 3 7 Сауат ашудың әліппе кезеңін көрсетіңіз.

Әліппе” кезеңі. Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты – оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.

Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.

Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасайды. Буындап оқытып буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу. Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады. Бұл – дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.

Талдау әдісі: сөйлеуден сөйлетуді, сөйлеммен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп аламыз.

Жинақтау әдісі: дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен сөйлеу арқылы тұтас әнгіме шығарамыз.

Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады, сөйлеуге дағдыланады. Талдаудың басты тәсілі – дыбыстық талдау. Мұндау талдауда сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.

Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз.

Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар:

1. Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау. Дыбыстар мен әріптерді таныту мақсатында сөз бен жеке дыбысты бөліп алу үйретіледі. Бөліп алынған дыбыстың орын ретін анықтайды (басында, ортасында, аяғында). Жеке дыбысты анық естіп, дұрыс дыбыстауды меңгерту. Оның дауысты не дауыссыз екенін айқындау.

2. Таныстырылатын дыбысымызды сөзге жинақтау, буынның құрамын ажырату, берілген заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру.

3. Таныстырып отырған әрпіміз бойынша жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқуын қалыптастыру, ондағы мазмұнды суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру.

4. Жеке әріптерді жазуға үйрету, жазу үлгісі бойынша жазу. Сауат ашу кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстармен, олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді. Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.

1. А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У.

2. Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ұ, Ң, Ы.

3. Е, К, І, Ө, И, З, Ә, Ү, Г.

4. Я, Ю, Х, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, Ь, Ъ.

Бұл әріптер ашық буыннан бастап оқытылады, ашық буынның 2 түрі үйретіледі:

1. Жалғыз (а), мысалы: а-на, а-па, а-ға.

2. На, па, та, мысалы: ша-на, па-па, а-та, та-ныс.

Ашық буын созылып айтылады, буындап оқытуды оңайлатады және ашық буын келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Одан кейін біртіндеп тұйық, бітеу буынды сөздер оқытылады. Дауысты дыбыс әріптерін бірінші оқытамыз. (А, О, Ы, Ұ, У). Содан кейін жіңішке дауыстылар (Ә, Е, Ө, І, Ү). Себебі сөйлеу тіліміздің басым көпшілігі жуан дауыспен айтылатын сөздер. Ал басқа тілден енген дыбыстарды әліппенің соңына қарай топтастырған. Баланың психологиялық ерекшелігіне сәйкес, дүниені тұтас күйінде қабылдайтынын ескертіп,әр саббаққа белгілі бір тақырып өзек етіп алынады, балалардың зейіні бір арнаға бағытталады,жүйелі білім алуына жағдай жасалады. Мысалы: негізгі тақырып: ”А дыбысы мен әрпі”. Қосымша: “бақ”, “бақша”, “жемістер” тақырыбы берілген. [7]

“Әліппеде” “оқу мен жазу” тұтас бірлікте қарастырылған. Жазу жұмысының өзіндік қиындығы бар. Бала көптеген ережені бір мезгілде орындауға тиісті. Сауат ашу – жазуға төселдіру, үздіксіз жазу жаттығулары арқылы іске асады. Әрбір әріптің жазба нұсқасының бас әрпі мен кіші әрпін таныстыру кезінде әріпті құрайтын элементтердің дұрыс жазылуын басты назарда ұстау керек.

Әріпті жазып үйренудің тәртібі:

1) сөзге дыбыстық талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау;

2) жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету (плакаттан, әліппеден);

3) жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету;

4) жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;

5) жаңа әріпті тұтас жазу;

6) жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;

7) құрамында жаңа әріп бар буын, сөз жазу;

8) сөйлем жазу;

9) баланың жұмысына талдау жасау.

Жазу әдістемесіне сай әріпті сауатты, көркем жазуға үйретеміз. Әліппе кезеңінде дыбыс және әріпті таныстыру, сөз сөйлем үйрету, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, мәтінмен жұмыс істеу, оқу дағдыларын қалыптастыру іске асады. Дыбыстың дыбысталуына, артикуляциясына ерекше мән беріп, жаттығу керек. Әрбір сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы хабар береміз, түсін көрсетеміз. Дауысты дыбыс – еркін, әуенмен созылып айтылатын, дауыссыз дыбыс – қысылып, қысқа дауыс кедергіге ұшырап айтылатынын түсіндіреміз. Дауыс пен әріптің өзара біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін бүтін нәрсе екендігі үйретілуге тиіс. Дыбыс айтылған соң оның таңбасы, әріп көрсетіледі. Көрсетілген әріп қайтадан оқытылып, дыбысталады. Әрбір әріптің баспа, жазба, бас және кіші әріптері таныстырылады. Әліппе бағдарындағы сөздер оқу материалының бірі болып табылады. Ондағы сөздер міндетті және мүмкін дейгейде оқу үшін 2 бағанда берілген:

1) буындап оқу;

2) тұтас оқу.

Буындап оқу қара сызықпен және тұтас оқу көк сызықпен берілген. Мұндағы буындап оқу барлық оқушы үшін міндетті болады, ал тұтас сөзбен оқу міндетті емес, тек белгілі бір деңгейде оқу дағдысы бар қабілетті балалардың мүмкіндігін тежемес үшін берілген.

Тұтас оқуға бірте-бірте үзбей жаттығып дағдыланамыз, бағандағы сөздердің берілуінде де ерекшелік бар. Олардың буын жігінің арасы бос қалдырылған, сызықша қойылмайды, буын мен буынды тез қосуға мүмкіндік жасайды.

Буын сандарының жасалуын (бағандағы сөздердің) А.Байтұрсыновтың еңбектері тиімді түрлері қарастырылған. Ол:

1. Сөз соңына әріп қосу: шаш..., монша...

2. Сөздегі бір әріпті өзгерту: мал-мол, баба-бала.

3. Сөзге буын жалғау арқылы: мал-малта, бақ-бақша.

4. Сөздегі әріптердің орнын ауыстыру: мақал-қалам.

Осындай тәсілдер арқылы оқу жеңілдік туғызады, сөздер бір-бірімен ырғақты үндесіп, әуенмен үйлесіп, сөзден сөз туындайды. Бағандағы сөздерді саналы түсініп, оқу мақсаты көзделеді. Сөздің мағынасын бірден түсіну қиын, өйткені, оқу техникасы күрделі. Сондықтан, оқып болған соң сөздерге қосымша мағлұмат беріледі. Бағандағы сөздермен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:

1. Бағандағы сөзді мұғалім оқиды.

2.Оқушыларды ілестіре отырып оқытады.

3. Оқушылардан сөздің мағынасы сұралып, сосын түсіндіріледі.

4. Оқушылар жекелеп оқиды (үлгі бойынша).

5. Оқушылар өз бетімен күбірлеп оқысын.

6. Барлық оқушыларға немесе парта қатары бойынша бірге дауыстатып оқыту.

7. Бірнеше сөзге талдау жасау.

8. Дауысты дыбыстан басталған немесе аяқталған сөзді тауып оқыту.

9. Сабаққа жаңадан таныстырылған әріпті сөздің ішінен табу.

10. Дауыссыз дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзді тауып оқыту.

11. Сөздерді әріп соңына қарай тауып оқыту.

12. Сөздерді буын санына қарай оқыту (мал, мата).

13. Сөздерді мағыналық жағынан теріп оқыту.

14. Бағандағы сөздерді тігінен оқыту.

“Әліппе” кезеңіндегі тіл дамыту жұмысы 3 салада жүреді:

1. Сөздік жұмысы.

2. Сөйлем құрастыру.

3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

1.Сөздік жұмысы – оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру, түсініп оқуға баулу, жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту,әр сабақта бағандағы сөздермен,мәтіндегі сөздермен жүргізіледі.

2.Сөйлем құрастыру- сөздерді бір-бірімен байланыстырып,ауызша құрастыру арқылы жүйелі жазып, баяндауға үйретеміз.

Мысалы:шарапат шашу,шаш (етістік),алма-жеміс (зат есім).

3.Сұрақ-жауап үлгілері,диалог сөйлеуге үйрету материалдары берілген.Мұндай материалдар тек қана сауат ашуға байланысты берілген:жер,су,адам аттарының бас әріппен жазылатынын үйрету.Сонымен қатар тілдік грамматикалық түсінік және тәрбие тақырыптары қоса берілген.

Яғни:


1.Сөздерді дұрыс оқу.

2.Сөздерге сұрақ қоя білу.

3.Әрбір сөздің мағынасын түсіндіру.

4.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

5.Сөздерді буынға бөлу.

6.Әр сөзді қатыстырып,сөйлем құрастыру.

7.Көп нүктенің орнына сөзді қойып,аталған жұмысты жалғастыру.

Сонымен қатар “аз” және “көп” деген ұғымдарды нақты көрнекіліктер арқылы түсіндіру.Заттың атына,қимылына,сынына,санына байланысты сұрақ қойып,жауап беру талап етіледі.Заттың түр-түсі,көлемі,т.б. жөнінде түсінік беретін жұмыстың түрлері жүргізіледі.

Сабақты ойын түрінде жүргізіміз.Тақырыпқа сәйкес қазақтың ұлттық ойындарын сергіту сәтінде жүргізуге болады.Мысалы: “Жазып бер” ойыны. Ойын оқушыларды әдемі әрі қатесіз жазуға төселдіру мақсатында жүргізіледі.

Ойын тәртібі: Оқушыларды қатесіз жазуға жаттықтыруға қажетті әріп, сөздері бар бірнеше карточкалар жасалады.

а) мұғалім үстелінің үстіндегі карточкалардың жазуы бар бетін төмен қаратып жазып қояды да, оқушыларды бір-бірлеп тақтаға шақырады.

Тақтаға шыққан оқушы өзі қалаған бір карточканы алады да, оны оқып шығып тақтаға іліп қояды. Содан кейін шыққан бала егер алған карточкасында әріп болса, оның үлкені мен кішісін, жеке сөз болса оны әдемілеп жазып береді. Басқа оқушылар оны дәптерлеріне жазады. Мұғалім балалардың жақсы жазғандарын мадақтап, нашарларын алдағы уақытта дұрыс жазуға ақыл береді.

б) мұғалім үстел үстінде жатқан бір карточканы алып, оқушыларға көрсетіп, оқытады. Содан кейін ол карточкасын жазуы бар бетін әрі қаратып, іліп қояды. Оқушылар оны (әріп, не сөзді) қатесіз, әдемілеп жатқа жазады. Жазу жұмыстарында “Жазып бер” ойынын ойнатып, оқушылардың қолын тез жазуға, әдемілеп жазуға тәрбиелеу.

“Әліппеде көк сызықпен қоршалған сөздер берілген. Бұл сөздер өнегелі сөздер деп аталады. Әрбір әріпке өнегелі сөздер ұсынылған. Мысалы: “Т” әрпіне “ата”, “Н” әрпіне “нан”, “ана”, “Ғ” әрпіне “аға”, “У” әрпіне “ту”, “Ш” әрпіне “шапағат”, “О” әрпіне “Отан”, “Д” әрпіне “дана”, “Б” әрпіне “баба”, “бала”, “Ы” әрпіне “ырыс”, “ынтымақ”, “Ұ” әрпіне “құран”, “нұр”, “Е” әрпіне “еңбек”, “шешен”, “шебер”, “жер”, “І” әрпіне “іні”, “білім”, “ілім”, “Ә” әрпіне “әке”, “әже”, “И” әрпінебайланысты “иман” атты өнегелі сөздер берілген.

Сабақта бұл сөздердің мағынасы ашылып, түсіндіріледі. Өнегелі сөздерге сөйлем, әңгіме құратқызып, осы сөздерге байланысты өлең оқытып, мазмұнын ашуға болады.[8]

Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Көрнекілік оқушыларға заттың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Сауат ашу кезінде жеке суреттер, кеспе әріптер, мазмұнды суреттер жеке дидактикалық ойындарды пайдалануға болады. Көрнекілік түсінікті, қарапайым, әсерлі болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет