Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидалары


Мектеп басқарушылық тәжірибені зерттеу ұстанымдары



бет2/3
Дата10.06.2017
өлшемі450,36 Kb.
#18917
1   2   3

Мектеп басқарушылық тәжірибені зерттеу ұстанымдары


  • Педагогикалық талдаудың негізділігі: әділдігі, өзара байланыстылық, дамытушылық, жүйелілік, жетекші буын, кешенділік, мақсатты бағыттылық, тәрбиелік ықпал.

  • Педагогикалық жалпылаудың мақсаттылығы: зерттеу мақсаттарының сұранысқа сәйкестігі, барлық мақсаттардың өзара үйлесімділігі мен сабақтастығы.

  • Педагогикалық зерттеудің жоспарлығы: ғылыми негізділігі, әрекеттік нақтылығы, бүгіні мен келешегінің ұштасуы, басым бағыттардың анықталуы.

  • Педагогикалық зерттеудің ұйымдасқандығы: білім берудің әр түрлі буындарының зерттеу әрекеттерінің өзара үйлесімділігі, атқарылатын іс-шаралардың өзара дұрыс бөлінуі.

  • Педагогикалық ақпараттардың тиімді пайдалануы: әр түрлі зерттеу көздерінен алынған ақпараттардың сәйкестігі мен ұштастырыла қолданылуы, ақпарттардың нақтылығы мен дәлелдігі, қорытындылардың дұрыстығы.

  • Педагогикалық зерттеудің дұрыс бағалануы: зерттеу жұмыстарының нормалануы, жүйелі есепке алынуы, бақылаудың оңтайлылығы.


ІІІ.Әдістемелік қызметтегі педагогикалық менеджмент
Әдістемелік қызмет талапқа сай жүргізілуі үшін, оны басқару ғылыми негізде жүргізілуі қажет. Ал ғылыми басқару үшін жоспарлау оңтайлы, ұйымдастыру ұтымды, ынталандыру дұрыс, ал бақылау тиімді болуы керек. Ол үшін жоспарлау диагностикалық әдістермен, ұйымдастыру ситуациялық жағдайға сай, педагогтарды ізденіске ынталандыру мотивациялық негізде, ал бақылау мониторинг арқылы жүзеге асуы тиіс.

Осы орайда, аудан мектептеріндегі инновациялық жұмыстарды педагогикалық менеджмент көмегінсіз жүзеге асыру мүмкін еместігін айтпай болмайды.

Әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру үшін, оны ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігі туындағандықтан, кабинет өз жұмысында педагогикалық менеджмент ұстанымдарын басшылыққа алып отырады. Өйткені, педагогикалық менеджмент – басқару қызметінің адамға бағытталған ерекше түрі болғандықтан, мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстарда жақсы нәтижелер алуға ықпал етеді.

Педагогикалық менеджменттің негізгі функциялары


1.Талдау - мәселенің мәнін ашуға қажетті ақпаратты жинақтау және өңдеу.

2.Болжау – талданған ақпарат негізінде болашақ шешімнің баламаларын жасау.

3.Шешім қабылдау – алынған баламалар ішінен ең тиімдісін, жақсысын таңдау.

4.Жоспарлау – қабылданған басқарушылық шешімді қажетінше бөлшектеу.

5.Ұйымдастыру – қабылданған басқарушылық шешімге орай іс-әрекет құрылымын жасау.

6.Үйлестіру – қабылданған басқарушылық шешімді тиімді жолмен жүзеге асыру.

7.Бақылау – қабылданған басқарушылық шешімнің жүзеге асырылу барысын қадағалау.

8.Түзету – қабылданған басқарушылық шешімнің жүзеге асырылу барысын нормаға (қалыпқа) келтіру.



Жоспарлау қызметі туралы

Осы функциялардың ішінде ең маңыздыларының бірі болып саналатын жоспарлау ұғымы және оның әдістемелік қызметті нәтижелі басқарудағы маңызы туралы айта кеткен артық болмас.

Жоспарлау – басшылық шешім қабылдауды жүзеге асыру;

Жоспарлау – басқарушылық шешімді бөлшектеп нақтылау және мерзімдерін белгілеу;

Жоспарлау – атқарылатын жұмыстар тізбегін жасау және мерзімдік реттеу;

Жоспарлау – қолда бар баламалар ішінен ең оңтайлысын таңдап алу;



Жоспарлаудың негізгі ерекшеліктері

  • Шешім қабылдаумен тікелеу байланыстылығы;

  • Өзіндік ұстамдарының болуы, талаптарды ескеру;

  • Үш бағыттылығы: мақсат-міндеттерді анықтау, жүзеге асыру жолдарын белгілеу, орындалу мүмкіндігін ескеру.


Жалпы жоспарлау қағидалары:

  1. Мақсатты бағыттылық – белгілі бір мақсатты жүзеге асыру;

  2. Ғылымилық – жоспарлауда ғылыми негізге сүйену;

  3. Жүйелілік - өзара байланысты бөліктерге жіктеу;

  4. Кешенділік – негізгі мәселелерді толық қамту;

  5. Жариялылық – іс-шаралардың қажеттілігін көрсету;

  6. Жетекші буын – басым бағыттарды айқындау;

  7. Нақтылық – жүзеге асырылатын әрекеттерді жасау;

  8. Перспективалық – келешектегі мүмкіндіктерді ескеру;

  9. Ұжымдық жоспарлау – шешімді бірлесе қабылдау.

Жоспарлауға қатысты заңдылықтар:

  • Мақсатты жүзеге асырылатын басқарушылық шешім қай деңгейде қабылданса, сол деңгейде жақсы орындалады.

  • Кез келген жұмыс көлемінің 80 пайызын сол саладағы ұжым мүшелерінің 20 пайызы атқарады.

  • Жаман архитектордың жақсы арадан арақашықтығы – құрылысты алдымен ойша салып алатыны.

  • Барар жеріне жету үшін адам қалай қарай жүретінін ған емес, қайда тұратынын да анық білуі керек.

Жоспарлау және мақсат қоя дамыту


  1. Жоспарлаудың жалпы стратегиясын, негізгі бағыттарын ойластыру керек. Ол жоспарлау процесінің алдын алу керек.

  2. Қажетті ресурстарды ескеру қажет (еңбек, ақша, керек-жарақ, т.б).

  3. Бюджетті жоспарлау, алға қойған мақсаттың орындалуын бақылау;

  4. Мақсат қою барысында уақытты ескеру;

  5. Жоспарға мақсатты жүзеге асырылатын адамдарды қосу;

  6. Жұмысты нақтылап, мүмкіндігіне қарай бөлу;

  7. Қойған мақсат пен қол жеткізетін нәтижеге жұртты қызықтыру;

  8. Басым бағыттар мен ұзақ мақсаттардың негізгілерін анықтау;

  9. Туындалуы мүмкін қайшылықтар мен қарсылықтарды шешуге дайын болу;

  10. Жеке мүмкіндіктерді ескеріп, ерекше іс-қимылдар бойынша міндеттемелерді анықтап, жоспардың құрамдас бөліктерінің мағынасын анықтау;

  11. Атқарылып жатқан іс-әрекетке қадағалау жасап, жүзеге аспайтын бағыттарды анықтап, жоспарға қажетті өзгерістер енгізу;

Міне, осы ерекшеліктер мен заңдылықтарды басшылыққа алу әдістемелік жұмыстарды оңтайлы жоспарлап, сапалы өткізуге өз септігін тигізіп келеді. Сонымен қатар, әдістемелік қызметті басқаруда педагогикалық менеджмент ұстанымдарын басшылыққа алу жоспарланған іс-шараларды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Әдістемелік қызмет жүйесінің негізгі бағыттары
Әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастырудың тағы бір шарты инновациялық педагогика бағыттарын ескеріп жұмыс жасау болмақ:

Гуманизм мен демократия

Оқу-тәрбие үрдісінде ұстаздардың консервативтік көзқарстан, авторитарлықтан арылып, баламен сыйлас қарым-қатынас арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру барысында ізгілік, жариялылықты басты бағыт етіп алу.



Этнопедагогика және әлемдік интеграция.

Оқыту үрдісінде ұлттық салт-дәстүрдің ең маңыздыларын әлемдік өркениеттің озық үлгілерімен ұштастыра пайдалана отырып, білім мазмұнын жетілдіру барысында ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін әлемдік мәденитетің озық үлгілерімен кіріктіру.



Менеджмент және еңбекті ғылыми ұйымдастыру.

Жүргізілетін жұмыстарды дұрыс жоспарлап, іс-әрекетті ұйымдастырып, үйлестіру, мүмкіндіктер мен мотивациялар жүйесін терең зерттеп, тиімді пайдалану барысында басқару қызметін ғылыми негізде ұйымдастыру, менеджмент өнерін жетік меңгеру.



Стратегиялық ізденістер мен инновациялық зертеулер.

Тиімді жинақтар мен оң жетістіктерді зерттеп, өңдеп, мектеп практикасына қолдану бағытында перспективалық жоспарлар жасай отырып, стратегиялық ізденістер мен инновациялық зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізу.



Стандарттану мен технологияландыру.

Жұмыстың сапасын, істің нәтижесін сандық көрсеткішпен бере отырып, тәжірибеден өткен сенім таным әдістерімен, тиімді оқыту технологияларымен баланы мемлекеттік стандарт деңгейінде оқыту барысында артық күш-жігер мен көп жұмсамай-ақ табысқа жету.



Рейтинг және мониторинг.

Іс-әрекет пен мінез-құлықтағы сапалық өсуді, нәтижені кезінде байқап, саралап, талдап, дұрыс шешімдер белгіленген уақытта қойылған мақсатқа сай нақты нәтижеге жету, жаңасапалық сатыға тұрақты көтерілу.



Аудит және консальтинг.

Жұмыс нәтижесіне, себептеріне сапалық талдау негізінде кемшіліктерді жою және алдын алу, қызметтік сапалық сынақтар негізінде мұғалімдердіңі бейімділігін айқындап, қабілетін нақты бағалау арқылы тағайындау.


Мектептегі әдістемелік қызметті диагностикалау



1.Зерттеу бағдарламасы:

Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар



Зерттеу мақсаты: әдістемелік жұмыстардың сапасын анықтау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу бағыттары:

  • Жеке және ұжымдық әдістемелік жұмыстардың мазмұнымен және формаларымен танысу.

  • Мұғалімдердің кәсіби шеберлегін арттырудағы педагогикалық және әдістемелік кеңестің алатын орнын аанықтау және өзара байланыс сипатын айқындау.

  • Мектеп басшылары қызметінің педагогикалық ұжымның бастамашылдығы мен шығармашылығын дамытудағы негізгі бағыттарын айқындау.

Бағалау көрсеткіштері

  • Мектептегі әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттерінің айқындығы мен қажеттілігі.

  • Әдістемелік жұмыстар мазмұнының қызықтылығы мен кәсіби өсуге ықпалы.

  • Әдістемелік жұмыс формаларының мақсаттылығы, нәтижелілігі.

  • Әдістемелік жұмыс формаларының ерекшелігі, тиімділігі.

  • Әдістемелік жұмыстардың педагогикалық қызметті талдау мен бағалауға ықпалы.

  • Әдістемелік жұмыстардың педагогикалық қызметті жоспарлауға көмектесуі.

  • Әдістемелік жұмыстардың педагогикалық қызметті ұйымдастыруға көмектесуі.

  • Әдістемелік жұмыстардың педагогикалық қызметті жетілдіруге бағытталуы.

  • Мұғалімдердің шығармашылық ізденіс пен зерттеусынақ жұмыстарына тартылуы.

  • Әдістемелік бірлестіктердегі ахуалдың мұғалімдер ізденісіне оң ықпалы.


2.Зерттеу бағдарламасы:

Мұғалімдерге әдістемелік көмек беру жүйесі



Зерттеу мақсаты: мұғалімдерге әдістемелік көмек берудің әр түрлі формаларының тиімділігін бағалау және сол арқылы мектептегі әдістемелік жұмыстың оңтайлы құрылымын жасау.

Зерттеу міндеттері:

  • мұғалімдерге әдістемелік көмек берудің мектеп тәжірибесінде пайдаланылатын барлық формаларын жүйелеу және олардың тиімділігін бағалау.

  • Олардың әрқайсысының мектеп әдістемелік жұмыс жүйесіндегі орны мен қажеттілігін анықтау.

  • тәжірибесінде пайдаланылатын барлық формалардың арасындағы өзара байланыс сипатын айқындау және олардың әдістемелік көмектің нәтижелілігіне ықпалын бағалау арқылы құрылымды жетілдіру.

Зерттеу әдістері: сауалнама алу, рейтинг жүргізу, құжаттарды тексеру.

Бағалау көрсеткіштері

1.Теориялық семинар

1.Тақырып мазмұнының толықтығы мен ғылымилығы.

2.Тақырып мазмұнының шамаға сәйкестiгi мен айқындығы.

3.Қарастырылатын мәселенiң проблемалық бағыттылығы.

4.Тақырып мазмұнының танымдық қызықтылығы.

2.Семинар-практикум

1.Мәселенiң қажеттiлiгi мен практикалық бағыттылығы.

2.Тақырып мазмұнының нақтылығы мен шамаға сәйкестiгi.

3.Жұмысқа қатысушылардың барлығының белсендiлiгi.

4.Инновацияларды ой елегiнен өткiзудiң болуы.

3.Ғылыми-практикалық конференция


  1. Конференция мазмұнының ғылымилығы.

  2. Конференция мақсатында мазмұнының сәйкестiгi.

  3. Талқыланатын мәселенiң проблемалылығы мен өзектiлiгi

  4. Дайындалатын нұсқаулардың мақсатты бағыттылығы.

4.Педагогикалық оқу

  1. Педагогикалық оқудың проблемалық бағыттылығы.

  2. Практикалық нәтижелердi бағалаудың талдамалылығы.

  3. Педагогикалық тәжiрибенi талқылаудың белсендiлiгi.

  4. Практикада қолдану табыстылығының шарттарын көрсету.

5.Консультация

1.Мұғалімге берілетін әдістемелік көмектің мақсатты бағыттылығы.

2.Мұғалімдердің кәсіби сұраныстарын есепке алу.

3.Педагогикалық қиындықтардың алдын алу және болдырмау.

4.Кәсіби қорқыныштар мен шиеленістерді болдырмау.

6.Шығармашылық есеп беру

1.Педагогикалық тәжірибенің ой елегінен өтіп, пайымдалуы.

2.Тәжірибеге сараптамалық баға берудің жүзеге асырылуы.

3.Педагогикалық тәжірибенің негізгі идеяларын ашу.

4.Тәжірибеде тиімді қолдану шарттарын көрсету.

5.Пікірлер мен тұжырымдардың нақтылығы мен дәлдігі.

6.Есеп мазмұнына мұғалімдердің кәсіби қызығуы.

3.Зерттеу бағдарламасы:

Мұғалімдердің ұжымдық бірлестіктері жүйесі



Зерттеу мақсаты: мұғалімдердің әр түрлі ұжымдық бірлетіктеріндегі әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылу тәжірибесін зерттеу және мұғалімдердің ұыжымдық шығармашылық ізденісін дамытудың жаңа бағыттарын айқындау..

Зерттеу міндеттері:

  • Мұғалімдердің қандай ұжымдық бірлестіктерінде жұмыс нәтижелілігі жоғары екенін анықтау.

  • Сол ұжымдық бірлестіктер жұмысындағы жоғары нәтижелілілікке әсер ететін себептерді анықтау.

  • Ұжымдық әдістемелік жұмыстардағы шығармашылыққа кедергі келтіретін себептерді анықтау.

Зерттеу әдістері: сауалнама алу, рейтинг жүргізу, құжаттарды тексеру.

Бағалау көрсеткіштері

1.Әдістемелік бірлестік

1.Іс-әрекеттің әдістемелік тақырыпты тәжірибелік шешуге мақсатты бағыттылығы.

2.Іс-әрекет мазмұнының мұғалімдердің кәсіби сұраныстарына бағдарлануы.

3.Педагогикалық проблемаларды шешуге шығармашылық тұрғыдан келуі.

4.Педагогикалық ізденіс нәтижелерін ұжымдық бағалаудың барысы.

5.Педагогикалық проблемаларды ұжымдық шешудің тиімділігі.



2.“Жас мамандар” мектебі

1.Жас мұғалімдерді оқытуға мақсатты бағыттылығы.

2.Іс-әрекет мазмұнының мұғалімдердің кәсіби қиындықтарына бағдарлануы.

3.Жаттығу сабақтарының тәжірибелік бағыттылығы.

4.Оқытуда мұғалімдердің жеке ерекшеліктері мен кәсіби мүмкіндіктерін ескеру.

5.Мұғалімдердің мектеп жұмыстарын атқарудағы белсенділігі.

6.Жас мамандардың білімділігі мен кәсіби сауаттылығы.

3.“Озат тәжірибе” мектебі

1.Педагогикалық тәжірибелердің жан-жақтылығы мен алуан түрлілігі.

2.Педагогикалық идеяны, оны табысты жезеге асыру шарттарын нақты айқындау.

3.Педагогикалық тәжірибені сипаттауды оны көрсетумен байланыстыру.

4.Тәжірибе мен оның нәтижелерін сараптамалық бағалаудың болуы.

5.Педагогикалық тәжірибе идеяларын тәжірибеде қолдану мұқтаждығының қалыптасуы.



4.Шығармашылық топ

1.Педагогикалық ізденістің айқындығы мен мақсатты бағыттылығы.

2.Жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды үздіксіз сынақтан өткізу.

3.Педагогикалық ізденіс нәтижелерін сараптамалық бағалау.

4.Топ мүшелерінің іс-әрекетінің шығармашылық сипаты.

5.Педагогикалық ізденістердің зерттеушілік бағыттылығы.

6.Табысты нәтижелер туралы педагогикалық ұжымды хабардар ету.


Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.

2.Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.

Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.

Мектептегi әдiстемелiк қызмет
Әдiстемелiк қызмет – Оқу – тәрбие жұмысының әдiс- тәсiлдерiн игерiп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануға, оқыту үрдiсiн ұйымдастырудың жаңа, тиiмдi әдiс – формаларын iздеу бағытында мектеп әкiмшiлiгiнiң мұғалiмдер және тәрбиешiлермен бiрге өткiзетiн iс – шараларының жиынтығы.
Негiзгi мақсаты – озат тәжiрибенi зерттеу-жинақтау, мектеп әкiмшiлiгi мен ұстаздардың кәсiби бiлiктiлiгi мен педагогикалық шеберлiгiн арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде пән мұғалiмдерi мен тәрбиешiлерге нақты көмек беру.

Негiзгi мiндеттерi:



  • Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетiлдiру;

  • Оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен жаңарту;

  • Сабақтардың барлық түрiнiң өтiлу тиiмдiлiгiн, әдiстемесiн жетiлдiру;

  • Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау;

  • Оқытудың әдiс формаларын жетiлдiру, тиiмдi жолдарын iздестiру;

Әдiстемелiк жұмыстың мазмұны:

  • Ғылыми зерттеулер жүргiзу.

  • Бағдарламаларды үйлестiру.

  • Ақпараттандыру мәселелерiн талқылау.

  • Оқушылар үлгiрiмiн талдау.

  • Оқыту әдiстемесiн жетiлдiру.

  • Мектеп iшiлiк бақылауды сараптау.

  • Озат тәжiрибенi жинақтау, тарату.

  • Ғылым жетiстiктерiн практикаға ендiру.

Әдiстемелiк қызметтiң жылдық жоспарының негiзгi бағыттары

  • Өткен оқу жылының әдiстемелiк жұмыстарын талдау;

  • Жаңа оқу жылының әдiстемелiк жұмыс тақырыбы;

  • Әдiстемелiк жұмыстың мақсат- мiндеттерiнайқындау;

  • Ұйымдастырушылық -әдiстемелiк нұсқаулықтар;

  • Өткiзiлетiн негiзгi iс-шаралар кестесi, тiзiмi;

  • Әдiстемелiк пән бiрлестiктерiнiң жұмыстары;

  • Әдiстемелiк жұмыстарды бақылау, есеп беру;

Педагогикалық мониторинг
Педагогикалық мониторинг дегенiмiз: бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.

Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттардан жүзеге асырылады:



  • ақпараттың мазмұны.

  • ақпараттың сапасы.

  • ақпаратты басқаруда пайдалану.

Ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары.

  • Объективтiлiк.

  • Нақтылық.

  • Толыққандылық.

  • Жеткiлiктiлiгi.

  • Оңтайлылығы.

  • Жүйелендiрiлгендiгi.

  • Оперативтiлiгi.

  • Түсiнiктiлiгi.

Мониторингтiң атқаратын қызметi



  1. Әрекет барысына түзетулер енгiзу.

  2. Елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету.

  3. Аралық мiндеттерiн орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау.

  4. Сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.

Мониторингтiң түрлерi:



  • педагогикалық

  • әлеуметтанымдық

  • психологиялық

  • медициналық

  • экономикалық

  • демографиялық


Мониторинг бағыттары
Оқушылардың оқу жетiстiктерiнiң мониторинг жүйесiн құруда алғашқы кезеңдегi iс- әрекеттiң бiрiздiлiгi:

  1. Пәндi оқытудың басты iрi мақсаттарын айқындау.

  2. Бiлiм беру мазмұнының мiндеттi минималдық мөлшерi негiзiнде оқытудың мазмұнын анықтау.

  3. Оқыту бағдарламасын таңдау

  4. Оқытудың мақсатын анықтау.

  5. Диагностикаланатын мiндеттер жүйесiн құру.

Пәндiк бiлiмдi меңгеру динамикасын бақылауда басшылыққа алатын параметрлер алынады.

Мұғалiмдер қызметiнiң мониторингiсiн жүргiзу үшiн төмендегi көрсеткiштердi басшылыққа аламыз.



  • педагогикалық стажы .

  • жасы.

  • бiлiмi категориясы, разряд.

  • облыстық конференция,олимпиада, конкурсқа қатысуы.

  • авторлық бағдарламалар жасауы.

  • әдiстемелiк құралдар жасауы.

  • пед.технологияларды игеру деңгейi:

а) теориялық жағынан игеру

б) апробация деңгейiнде меңгеруi

в) тәжiрибеге енгiзу деңгейiнде меңгеруi

г) жеке әдiстер мен тәсiлдер деңгейiнде меңгеруi.



  • толық жасаған сабақ үлгiлерiнiң саны

  • аудан, облыс мұғалiмдерiне берген ашық сабақтар саны

  • оқыту жағдайында ата-аналардың қанағаттануы (материалды меңгеру, коммуникативтi мәдениет).

Диагностикаға қолдануға болатын сауалнама, тест тапсырмалары үлгiлерiн қосымшада ұсынып отырмыз.

Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау мақсатында, жұмыс жоспарын, штат кестесiне қатысты. Мониторингтiң көп аспектiсi бағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында, сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығы.




Әдістемелік жұмыс мониторингі

.

1.Әдістемелік жұмыс мониторингісінің негізгі бағыттары



  • Ұжымның сапалық құрамы, кадрмен қамтамасыз етілуі.

  • Педагогтардың қиындықтары мен біліктілік деңгейі.

  • Ұжымның проблемалық тақырыппен жұмыс тиімділігі.

  • Мектептің әдістемелік жұмысының мақсат-міндеттері.

  • Мектептің әдістемелік қызмет құрылымы.

  • Әдістемелік жұмыстардың мазмұны мен формалары.

  • Педагог кадрлар біліктілігін арттыру жүйесі.

  • Инновациялық процестер, педагогтың зерттеу қызметі.

  • Мұғалімдердің өз білімін жетілдіру жүйесі.

  • Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстар.

  • Педагогтардың кәсіби рейтингісі.

2.Мектептегі әдістемелік қызметті бағалау

Мұнда мектептегі әдістемелік қызмет жүйесі алты бағыт бойынша сарапталады:


  1. Жалпы басқару мәселелері (Басқару тұжырымдамасы, құрылым, моделі, жоспарлау мен білім сапасына қанағаттану).

  2. Педагог кадрлармен жұмыс (Педагогтардың сапалық құрамы, зерттеу-сынақ жұмыстарымен айналысуы, кәсіби байқауларға қатысуы).

  3. Мектептегі инновациялық жұмыстар (Оқыту технологияларын ендіру, қосымша білім беру, сыртқы байланыс).

  4. Білім беру сапасы білім саласындағы жетістіктер (Білім сапасы, білімдік байқаулар қорытындысы, оқуға түсу).

  5. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар (Іс-шаралардың негізгі сипаты, өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділігі, оқушылар тәртібі, үйірмелер, салауаттылық пен жазғы тынығу).

  6. Мектепішілік бақылау мәселелері (тексеру сипаты, кері байланыс).


Сараптау барысында басшылыққа алатын негiзгi бағыттар
I блок: Педагогикалық кадрлар құрамына сандық және сапалық талдау.

Бұл блоктың мақсаты: сапалық құрам сипаттамасын, тұлғалық бағдарлы әдiстемелiк қызметтiң бiр қыры болып есептелетiн педагогтардың кәсiби деңгейiн анықтау болып табылады. Бұл блокта мыналар сипатталады:



  • педагогтардың жалпы саны.

  • педагогтардың пәндер бойынша саны.

  • бiлiм деңгейi бойынша педагогтардың саны: жоғары, арнаулы орта, орта.

  • педагогикалық стажы бойынша педагогтардың саны: а)5 жылға дейiн; б)5-10 жыл; в)10-20 жыл; г) 20 жылдан жоғары.

  • педагогтардың бiлiктiлiк санаты саны бойынша.


II блок: Әдiстемелiк жұмысты жобалаудың тиiмдiлiгi

Блоктың мақсаты: әдiстемелiк iс-әрекеттерiнiң тиiмдiлiгiн жоспарлаудың көрсеткiштерiн анықтау, әдiстемелiк iс-әрекеттiң оңтайлы құрылымын және әдiстемелiк қызметтiң тйiмдiлiгiн арттыру жұмысының шараларын жасау. Бұл блокта мыналар талданады:



  • әдiстемелiк қызмет құрылымының әдiстемелiк қызмет мақсат-мiндеттерiне, мазмұнына сәйкестiгi.

  • диагностикалық сұраныс (әдiстемелiк қызмет буындарының жұмысына талдау).

  • тұжырымдалған мiндеттердiң педагогтардың сұраныстар диагностакасына сәйкестiгi.

  • әдiстемелiк қызметтiң негiзгi бағыттарын жоспарлаудың сұраныстар мен мiндеттерi диагностикасына сәйкестiгi.


ІIІ блок. Білім беру мазмұнын жаңарту мен жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді әдістемелік қамтамасыз ету барысы

Блоктың мақсаты: бiлiм берудiң жаңарған мазмұны мен жаңа педагогикалық технологияларды әдiстемелiк қамтамасыз ету жүйесiн қазiргi педагогикалық жағдайтарға сараптама жасау негiзiнде талдау мен жоспарлау.

Бұл блокта мыналар талданады:


  • базистiк оқу жоспарының тұрақты және жылжымалы бөлiктерiн әдiстемелiк қамтамасыз ету бойынша мәлiметтер.

  • Жаңа бiлiм беру технологияларын әдiстемелiк қамтамасыз ету бойынша мәлiметтер.

  • Оқу-тәрбие процесiн жаңарған бiлiм беру мазмұны негiзiнде ұйымдастыру және жаңа бiлiм беру технологияларын ендiру бағытындағы әдiстемелiк жұмыстардың әр түрлi формаларына педагогтардың қатысуы.


ІV блок. Әдістемелік іс-әрекеттің тиімділігі. Базалық және қосымша бiлiм беру деңгейiн әдістемелік қамтамасыз ету барысы

Блоктың мақсаты: базалық және қосымша бiлiм беру деңгейiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн әдiстемелiк жұмыс жүйесiн талдау және құру, әдiстемелiкқызметтiңтиiмдiлiгiн арттыру.

Бұл блокта мыналар талданады:


  • базалық және қосымша бiлiм берудi әдiстемелiк қамтамасыз ету бойынша мәлiметтер.

  • педагогтардың әдiстемелiк шеберлiктiң өсуiне ықпал ететiн әдiстемелiк қызметтiң әр түрлi формаларына қатысуы бойынша мәлiметтер.

  • педагогтардың сұраныстары мен қажеттiлiктерi бойынша жоспарланып, өткiзiлген әдiстемелiк жұмыстар туралы мәлiметтер.

  • педагогтардың iс тәжiрибелерiн насихаттау бойынша мәлiметтер.

  • әдiстемелiк қызметтiң әр түрлi формаларына қатысу қорытындысымен педагогтардың санаттарын көтеру бойынша мәлiметтер.


V блок. Кадрлар біліктілігін арттыру барысы

Блоктың мақсаты: өткiзiлген бiлiм сатысы оқуларының бiлiм мекемелерi мен педагогтардың сұраныстары мен қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн, курстық дайындықтың тиiмдiлiгiн талдау.



Бұл блокта мыналар талданады:

  • базалық бiлiм беру деңгейiн қамтамасыз ететiн педагогтардың курстық дайындықтан өтуi туралы мәлiметтер.

  • қосымша бiлiм беру деңгейiн қамтамасыз ететiн педагогтардың курстық дайындықтан өтуi туралы мәлiметтер.

  • жаңа бiлiм беру технологияларын ендiрiп жатқан педагогтардың курстық дайындықтан өтуi туралы мәлiметтер.

  • бiлiм беру сатысынан өткен педагогтардың санаттарын көтеру туралы мәлiметтер.

  • кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң өткiзген бiлiм сатысы оқуларының педагогтардың сұраныстары мен қажеттiлiктерiне сәйкестiгi туралы мәлiметтер.


Әдістемелік қызмет диагностикасы
І.Мектеп әдiскерлерiнiң ақпараттық-талдаушылық икемділігін зерттеу және бағалау
Мақсаты: әдістемелік қызмет жетекшілерінің талдау қызметі мен ақпараттық қамтамасыз ету барысы әдістемелік қызметтің нәтижелілігі мен оны басқару тиімділігіне қалай әсер еткенін айқындау мен бағалау.
Бағалау көрсеткіштері:

  1. Ақпарат мазмұнының талдау мақсаттарына сәйкестігі.

  2. Ақпараттардың объективтілігі мен толықтығы.

  3. Ақпарат ағынының жүйеленуі мен деңгейленуі.

  4. Ақпарат жинау мен сақтаудың стандартталуы.

  5. Ақпаратты талдау негізінде шұғыл шешім қабылдау.

  6. Әдістемелік қызметті жүйелік талдауды жүзеге асыру.

  7. Себеп-салдарлық байланыстарды құра білу.

  8. Қойылған міндеттердің нақтылығы мен негізділігі.



ІІ. Мектеп әдiскерлерiнiң жоспарлау-жобалаушылық икемділігін зерттеу және бағалау
Мақсаты: жоспарлаудың педагогикалық және әдістемелік мақсаттылығын және оның әдістемелік қызметтің түпкі нәтижесіне әсерін анықтау.
Бағалау көрсеткіштері:

  1. Жоспарлауда жұмыс қорытындылары мен түпкі нәтижелерді қолдану.

  2. Жспарлауда негізгі нормативтік-құқықтық базаны ескеру.

  3. Әдістемелік қызмет алдында тұрған міндеттерді қамту толықтығы.

  4. Педагогикалық социумның басты ерекшелігі, жалпы сипаттамасын білу.

  5. Жоспардың нақты орындалуына қажетті ресурстардың бәрін болжау.

  6. Басты мақсат пен іс-шаралар арасындағы байланыстар.

  7. Мектептердегі әдістемелік жұмыстардың нақты мүмкіндіктерін есепке алу.

  8. Педагогтардың сұраныстарына сай әдістемелік жұмыстарға жағдау жасау.

ІІІ. Мектеп әдiскерлерiнiң ұйымдастыру-атқарушылық икемділігін зерттеу және бағалау
Мақсаты: әдістемелік қызметті басқарудағы ұйымдастыру жұмыстарының тиімділігін талдау.
Бағалау көрсеткіштері:

  1. Әдістемелік кадрларды орналастыруда жеке, кәсіби сапаларын ескеру.

  2. Басқарушылық қызметтің барлық негізгі түрлерін қамту.

  3. Құқықтар мен өкілеттіктерді, жауапкершіліктерді бөліп беру.

  4. Бөлімдер арасында ұйымдастырушылық байланыстар орнату.

  5. Әдістемелік кеңестер өткізу жүйелілігі мен тақырыптарының өзектілігі.

  6. Шешімдердің орындалу нәтижелілігі мен жасалған ұсыныстар сәйкестігі.

  7. Шешімдерді жүзеге асыру мерзімдерінің сақталуы.

  8. Атқарушылық тәртіптің жалпы жағдайы мен барысы.


ІV. Мектеп әдiскерлерiнiң бақылау-диагностикалық және түзетушілік икемділігін зерттеу және бағалау
Мақсаты: әдістемелік қызметтің барлық буындарын бақылаумен қамту толықтығы және оның тиімділігін зерттеу мен бағалау.
Бағалау көрсеткіштері:

  1. Басқарылатын жүйенің барлық нысандарын бақылаумен қамту.

  2. Бақылау нысандарын таңдау негізділігі мен тексеру жариялылығы.

  3. Жүйелі және диагностикалық талдау ұсыныстарының нақтылығы.

  4. Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау.

Ескерту: Әдістемелік қызмет диагностикасы үш ұпайлық жүйемен бағаланады (1-төменгі деңгей, 2-орташа, 3-жоғары).

Әдістемелік қызметті бағалау өлшемдері: 1.Басқару мәселелері

Басқару тұжырымдамасы, құрылым, моделі-Құжат

Жылдық жоспар толықтығы, сапалылығы-Құжат

Нормативтік құжаттармен жұмыс барысы-Құжат

Басқару стилі, ұжымдағы жалпы ахуал-Сұхбат

Мұғалімдердің өз жұмысына қанағаттануы-Сауал

Оқушылардың оқыту сапасына қанағаттануы-Сауал

Ата-аналардың мектепке қанағаттануы-Сауал

Жұртшылық арасындағы мектеп беделі-Сауал

2.Педагог кадрлармен жұмыс

Педагогтардың сапалық құрамы-Құжат

Педагогтардың жүктеме толықтығы-Құжат

Мұғалімдердің курстан өту барысы-Құжат

Зерттеу-сынақ жұмыстарымен айналысуы-Құжат

Педоқуларға, кәсіби байқауларға қатысуы-Құжат

Ақпараттық сауатылық деңгейі-Сынақ

3.Мектептегі инновациялық жұмыстар

Оқыту технологияларын ендіру тиімділігі-Құжат

Қосымша бағдарламалардың іске асырылуы-Құжат

Қосымша әдістемелік құралдар шығару-Құжат

Ктапханадағы оқулық, әдістемелік кітап қоры-Құжат

Жоғары, арнаулы оқу орындарымен байланыс-Құжат

Гранттық жобаларға қатысу нәтижелері-Құжат

4.Білім беру сапасы білім саласындағы жетістіктері

Мектеп бітірушілердің білім деңгейі-Сынақ

Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері-Құжат

Әр түрлі тексеру, бақылау қорытындылары-Құжат

Сыныптан тыс пәндік үйірмелер жұмысы-Құжат

Жоғары оқу орындарына түсу барысы-Құжат

Ғылыми жоба қорғау, т.б. жарыстарға қатысу-Құжат

Пән олимпиадаларындағы жетістіктер-Құжат



5.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар

Іс-шаралардың негізгі сипаты мен өзектілігі-Құжат

Өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділігі-Тексеру

Тәрбие бағыттарының толық қамтылуы-Құжат

Өнер, спорт үйірмелеріне қатысу сапасы-Құжат

Салауаттылық, денсаулық сақтау жұмыстары-Құжат

Жазғы тынығу, өнімді еңбек жұмыстары-Құжат

Оқушылардың тәртібі мен мәдениеті-Құжат



6.Мектепішілік бақылау мәселелері

Жоспарлылығы, кешенділігі, нақтылығы-Құжат

Ағымдық және әкімшілік тексерулер сапасы-Құжат

Кері байланыстың тиімділігі, ықпалдылығы-Құжат



Аудандық әдістемелiк қызметті жоспарлау бағыттары
Әдістемелік жұмыс жоспарын жасау

Аудандық әдістемелік қызметтің жалпы жоспары төрт блокқа бөлінген бірнеше модульдерден тұрады:



І блок. Әдіскерлер жұмысын ұйымдастыру.

Мақсаты: Пікірлестер тобын жасақтау.

Мұнда негізгі жұмыс бағыттары мен формалары нақтыланып, әдіскерлердің лауазымдық міндеттері мен рейтингтік көрсеткіштері айқын көрсетілген.



ІІблок. Педагогикалық орта құру.

Мақсаты: Әдістемелік қызметте инновациялық орта құру

Мұнда мақсатты бағдарламаны іске асыру және жаңа буын оқулықтарымен жұмыс, даярлық топтары жұмысын ұйымдастыру, жаңа технологияларды насихаттау, білім беруді ақпараттандыру, тұлғалық бағдарлы оқытуға көшу сияқты әр түрлі жұмыстарды орындау іс-шаралары берілген.



ІІІ.Педагог кадрлармен жұмыс

Мақсаты: Педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.

Мұнда арнайы ақпараттық жүйе құра отырып, білім сатысы оқулары мен аудандық әдістемелік шаралар арқылы мұғалім біліктілігін арттыру жұмыстары көрсетілген.



ІV.Оқушылармен жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мұнда оқушылармен жүргізілетін өнер байқаулары, спорт жарыстары, білім сайыстары және ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарланған.


Әдістемелік қызмет тұжырымдамасы

Негізгі жұмыс тақырыбы: Педагог кадрлардың кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады:

1-кезең. Жобалау:

Бұл кезең педагог кадрлардың сапалық құрамын анықтай отырып, деңгейлік топтар арқылы олардың кәсiби өсу мен шығармашылық мүмкiндiктерін дамыту бағдарламасын жасауға бағытталған.



2-кезең. Технологиялық түрлендiру:

Бұл кезең инновациялық орта қалыптастыра отырып, кәсіби байқаулар, өзара тәжірибе алмасу жиындары мен әдістемелік нұсқаулар арқылы Педагог кадрлардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған



3-кезең. Бағалау, нәтиженi түзету.

Бұл кезең әр түрлі диагностикалық іс-шаралар арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігін анықтауға, оған қажетті түзетулер енгізуге бағытталған.




Әдістемелiк қызметтің негізгі жұмыс бағыттары
І блок.Әдіскерлер жұмысын ұйымдастыру

Мақсаты: Пікірлестер тобын жасақтау.

  1. Лауазымдық міндеттер.

  2. Басқару субъектілері.

  3. Қызмет бағыттары.

  4. Басқару функциялары.

  5. Әдістемелік жұмыс формалары.

  6. Жұмысты жоспарлау.

  7. Біліктілік арттыру.

  8. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру.

  9. Баспа қызметі.

  10. Әдіскер рейтингісі.

ІІ.Педагогикалық орта құру

Мақсаты: Әдістемелік қызметте инновациялық орта құру

  1. Білім беру саясатын жүргізу.

  2. Мақсатты бағдарламаларды іске асыру.

  3. Жаңа буын оқулықтарымен жұмыс.

  4. Мектепалды даярлық топтарының жұмысын ұйымдастыру.

  5. Жаңа педагогикалық технологияларды насихаттау.

  6. Білім беруді ақпараттандыру.

  7. Тұлғалық бағдарлы оқытуға көшу.

  8. Инклюзивті білім беру.

ІІІ.Педагог кадрлармен жұмыс

Мақсаты: Педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.

  1. Ақпараттық жүйе құру.

  2. Мұғалімдер шеберлігін деңгейлеп арттыру.

  3. Білім сатысы оқулары.

  4. Аудандық әдістемелік қызмет.

  5. Оқу орындарымен байланыс.

ІV.Оқушылармен жұмыс

Мақсаты: Оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  1. Өнер байқаулары.

  2. Спорттық жарыстар.

  3. Білім сайыстары.

  4. Ғылыми-зерттеу жұмыстары.

  5. Әлеуметтендіру шаралары.


Мектептегі әдістемелік жұмыс формаларының ынталандырушы сипаты
Мектептегі әдістемелік жұмыс формаларын мұғалімдердің педагогикалық ойлауына ықпалы бойынша үш сатыға бөлуге болады:

1.Бұзу, өзгерту (мұғалімнің өзінің проблемалық санасын қалыптастыруы).

Негізгі формалары: әлеуметтеік-психологиялық тренингтер, тәжірибе алмасу іс-сапарлары, шағын зерттеулер жүргізу, ашық сабақтар, проблемалық пікірталастар.

2.Әрекет ету (мұғалімнің өзі сезінген проблемалардың шешімін іздеуі).

Негізгі формалары: проблемалық топтардың жұмысы, педагогикалық идеялар аукциондары, тәлімгерлік, шығармашылық пікірталастар, проблемалық бағыттағы іскерлік ойындар мен “дөңгелек столдар”, жеке тәжірибе-сынақ жұмыстары.

3.Қалыптастыру, бекіту (оң тәжірибені жалпылау және бекіту).



Негізгі формалары: ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, озат тәжірибе мектептері, панорамалық сабақтар, кәсіби шығармашылық байқаулар.

Кедергі келтіретін факторлар:

1.Өзіндік инерция.

2.Сәтсіздіктерден көңілі қалу.

3.Басшылық тарапынан қолдау мен көмектің болмауы.

4.Өзгерлердің жаңаға теріс көзқарасы.

5.Сәйкес емес кері байланыс.

6.Денсаулық жағдайы.

7.Уақыттың жетіспеуі.

8.Ресурстардың шектеулілігі.

Ынталандырушы факторлар

1.Мектептегі әдістемелік жұмыс.

2.Курстардағы білім жетілдіру.

3.Әріптестерінің үлгісі мен ықпалы.

4.Басшылардың өнегесі мен ықпалы.

5.Мектептегі еңбекті ұйымдастыру.

6.Басшылардың мәселеге көңіл бөлуі.

7.Сенім білдіру.

8.Іс-әрекеттің жаңалығы, жұмыс жағдайы мен тәжірибе жасау мүмкіндігі.

9.Өзіндік білім жетілдірумен айналысу.

10.Жұмысқа қызығушылық.

11.Жауапкершіліктің артуы.



12.Ұжымда беделге ие болу мүмкіндігі.

Әдістемелік қызмет құрылымы





Мақсаты: Мектептегі педкадрларды диагностикалау арқылы кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын дамыту










Мазмұны: Тұлғалық қасиетін талдау, кәсіби біліктілік арттыру, шеберлік жетілдіру, инновацияларды меңгеруге үйрету










Ұстанымдары: Ынтымақтастық, ізгілік, қауымдастық, тұлғалық бағдар, даралау мен саралау, тиімділік пен нәтижелілік













Әдістемелік қызмет бағыттары



















Ғылыми-әдістеме қызметі




Тәжірибе-сынақ жұмыстары




Ақпараттық-әдістемелік қызмет




Мектептегі менеджмент




Инновациялық зертхана




Ақпарат-әдістеме кешені

Мұғалімдердің ғылыми қоғамы




Озат тәжірибе зертханасы




Редакция-баспа орталығы







Әдістемелік жұмыстың негізгі функциялары









Жобалау-жоспарлау






Ұйымдастыру-үйлестіру










Бақылау-сараптама жасау























Себептер жүйесi

























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет