Әдістемелік жоба тақырыбы



Дата10.09.2024
өлшемі18,05 Kb.
#204006
түріҚұрамы
Байланысты:
Әдістемелік жоба дайыны


Әдістемелік жоба тақырыбы: Химия сабағында зертханалық – практикалық жұмыстардың орындалуының тиімді тәсілдері
Химия ілімі – заттардың қасиеттерін, олардың өзара әрекеттесуін, түрленуін, осының нәтижесінде құрамы мен құрылымының өзгеріске ұшырауын қарастырады. Яғни, химия - эксперименттік ғылым.
Химияның әрбір сабағы тәжірибелер жүргізу арқылы қызықты, тартымды өтеді. Жүргізілетін тәжірибелердің жоспарлары химия кабинетінің лаборант бөлмесіндегі оқ ытушының жұмыс столының жанында ілулі тұрады. Күнделікті сабаққа әзірлену кезінде тиісті тәжірибелерді алдын –ала сынап көріп , қажетті жабдықтар даярланып қойылады. Сабақта тәжірибелерді жүргізуде мен көптеген қосымша материалды пайдаланамын. Әсіресе Ю Ахметова. Б. Бигелова М. Адееваның «химия пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік құрал» (Әдістемелік нұсқау «Органикалық химия» пәні бойынша зертханалық практикалық сабақтарды жүргізуге арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының химия пәнінің оқытушылары мен студенттеріне ұсынылған) деген көмекші құрал көп көмегін тигізіп жүр. Әдістемелік құралдың негізгі мақсаты – лекция курсын толықтыра отырып, студенттердің теориялық білімдерді нақтылы меңгеріп, практикалық іс-дағдыларды игеруіне көмектесу.
Әдістемеде зертханалық жұмыстарға арналған керекті реактивтерді пайдалану әдістері және олармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары, өте күрделі емес құрал-жабдықтарды қолдану арқылы тәжірибе жұмысын жүргізудің әдістері жазылған. Мұнда тәжірибе жасау жолдарымен қатар жеке қосылыстарға қысқаша теориялық мағлұматтар және реакциялардың жүру механизмдері берілген.
Химиялық тәжірибелердің бірнеше мақсаттары бар:
- студенттердің кәсіптік білім алуына көмектесіп қана қоймай химияның өмірмен, халық шаруашылығымен байланысын, химия өндірісінің ғылыми негіздерін ашып көрсетеді.
- әрбір студент осы химиялық тәжірибелерде заттарды көзбен көріп қолмен ұстайды, табиғат заңдарын пайдалана отырып, жаңа заттардың қасиеттерін жаңаша талдайды және адам ойының қаншалықты құдіретті жүйрік және кемеңгер екеніне ойын жеткізеді.
- студенттер көрсетілген тәжірибеден заттардың қасиеттері туралы қорытынды шығарады.
- студенттердің практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Тәжірибелік сабақтарды нәтижелі өткізудің бірнеше жағдайлары бар.
Оқытушы алдын ала практикалық жұмыстардың мақсатын, орындау жолдарын оқып келуді, нені және қалай бақылау керектігімен, бақылауды қорытындылау тәсілдерімен таныстырады.
Студенттер үйлерінде оқу құралдарын және жетекші нұсқауларды , тәжірибені орындау тәртібін оқып келеді. Студенттердің тәжірибе жасауға дайындығын «сұрақ -жауап» арқылы сұраймын. мысалы:
1. Тәжірибе не үшін жасалады ?
2. Тәжірибеге қандай заттар алынды және олардың
қасиеттері қандай?...
Тәжірибені жасап болғаннан соң:
Тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады?
Тәжірибені оқушылар өздері жасағандықтан қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Әрбір тәжірибелік жұмыстар төмендегі критерилерге сәйкес келуі керек. Осы критерилерге сәйкестігін « Сүзгі» әдісі арқылы анықтаймын:

Сүзгілер

тәжірибенің дұрыс орындалуы



Қорытындылары және формула, реакция теңдеулерінің сауаттылығы



Жабдықтар мен реактивтерді орынды қолдана білуі

Жұмысты орындау дәлдігі



Жазбаша есебінің сапасы

Ұйымдастырушылық дағдылары

+ -



















Сабақта студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында тәжірибе жасау процестерін топқа бөліп жүргіземін, мұнда студенттер әдістемелік құралда берілген тапсырмаларды алдын-ала саралап, жұмыстың орындалу нұсқаулығына сай орындап, қорытынды жасап топ болып қорғайды.


Әдістемелік құралды пайдалану барысында кейбір тәжірибелердің қажетті реактивтері бала денсаулығына қауіпті болуына байланысты, ол жұмыстарды вертуалды, мобилді қолдана отырып тәжірибелерді орындайды. Мәселен OLABS білім бағдарламасы арқылы немесе ұялы телефондарындағы қосымшалар арқылы вертуалды зертханаларды орындауға болады.
Қорытындылай келе осы ұсынылып отырған әдістемелік құрал сабақ өту барысында тәжірибелік сабақты өткізуге тиімділігін көрсетіп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет