Сөйлегендер: К.Толеубаева: балалармен қандай жеке жұмыс жүргізіп отырсыз?
А.Куршибаева: Мен балалармен «Ара болып ызыңдайық», «Жылан қалай дыбыстайды?», «Желдің шуылы қандай?» т.б. сияқты ойындарды ойнатамын.
Шешім:тәрбиеленушілермен қосымша жұмыс түрлері жандандырылсын.
4. Тыңдалды: «Ұлттық қазына», «Ағылшын тілін үйренейік!» вариативтік компонент бойынша мониторинг нәтижесі.
Сөйледі: этнопедагог К.Муканова күннің екінші жартысында «Ақбота» ересек, «Еркетай» ортаңғы тобында «Ұлттық қазына» вариативтік компоненті өтіледі. Арнайы жабдықталған мұражайда балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, рөлдерге бөліп ойнайды. Қазақ халқының ертеден келе жатқан бұйымдарымен танысып, қолдарымен ұстап көреді. Мақал-мәтел, жаңылтпаштарды еркін айта алады. Мұнда балалар ұлттық салт-дәстүрімізбен танысып, әдеби мұраларымызды жаттап өседі. Өзге ұлт балалары мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, суретке қарап қазақ халқының ертегі кейіпкерлерін айтып, қай ертегі кейіпкері екенін біледі. Тәрбиеленушілердің бойында отансүйгіш қасиетін қалыптастыру, өз жерін, елін сүюге, қорғауға үйрету жұмыстары жан-жақты қаралған. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келемін, - деді.