Әдістемелік кеңестердің, педагогикалық кеңестердің, конференциялардың, дөңгелек үстелдердің тақырыптамасы. Әдістемелік кеңестердің, кураторлар кеңестерінің тақырыптамасы



бет2/10
Дата21.11.2016
өлшемі1,62 Mb.
#2213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Орындаушы: директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ахат К.З




  1. Оқу-тәрбие жұмысы


Кешенді тәрбиелеу бағдарламасы

Мақсаты – жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде дамыту бойынша оқу-тәрбие жұмысын жетілдіре түсу, болашақ мамандардың функциялық сауаттылығын дамыту.
Міндеттері:

1) жаңа зайырлы қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриоттың қалыптасуына ықпал ету; тұлғаның саяси, құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру; балалар мен жастардың құқықтық сауаттылығының артуына ықпал ету, оларды балалар мен жастар арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық әркеттеріне тойтарыс беруге дайын болуға баулу;

2)қазақстандық қоғамда өмір сүру нормаларымен және дәстүрлерімен үйлесетін  тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарының,оның моральдық сапалары мен мақсаттарының қалыптасуына жәрдемдесу;

3) тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этностық топтардың ана тілі мен мәдениетін құрметтеуге бағдар ұстауға көмектесу,

4) ата-аналармен жұмыс жүргізу, олардың бала тұлғасын қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық біліктіліктерінің, балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігінің артуына ықпал ету,

5) тұлғаның еңбек ету дағдыларын,экономикалық ойлау білімін және кәсіби өзін-өзі айқындауға саналы көзқарасын, экологиялық мәдениетін, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алу қабілетін қалыптастыру,

6) әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық сапаларын және дарынын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру,ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету,

7) оқу орнында көпмәдениеттілік орта құруға жәрдемдесу, жалпымәдениеттік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өнерде және ақиқат өмірде эстетикалық нысандарды қабылдауға, игеруге, бағалауға әзір болуға баулу,

8) салауатты өмір салты, дене және психологиялық саулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу дағдыларын тиімді қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының бағыттары:

1) қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;

2) рухани-адамгершілік тәрбиесі;

3) ұлттық тәрбие;

4) отбасылық тәрбие;

5) еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

6) көпмәдениеттілік және көркем-эстетикалық тәрбие;

7) интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

8) дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Тәрбие мақсаттары және тәрбие жұмысының міндеттері оқу үдерісінде, сабақтан тыс және демалыс уақыттарында жүзеге асырылады.



Қойылған міндеттерді жүзеге асыру жұмысы


Мерзімі

Жұмыстың мазмұны

Жауапты орындаушы

Орындалғандығы туралы белгі

Тамыз

Тамыздың 4-аптасы

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу. Қостанай қаласы күніне арналған концерттік бағдарламаға және мерекелік шеруге қатысу.

Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, мәдениет бөлімінің меңгерушісі

Әкімшілік кеңесте талдау

30 тамыз

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық тәрбие.ҚР Конституциясы күніне арналған концерттік бағдарламаға және шеруге қатысу.

Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, мәдениет бөлімінің меңгерушісі

Әкімшілік кеңесте талдау

Қыркүйек

1 қыркүйек

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу,көркем-эстетикалық тәрбие.

«Білім күні» салтанатты жиынын өткізу; пед.еңбек ардагерлері мен мәдениет және ғылымға еңбегі сіңген азаматтарды шақырып,1,2,4 курс топтары арасында ҚР Конституциясы күніне арналған кураторлық сағаттар өткізу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары , №1 мектеп бөлімі, топ кураторлары


Өткізілген іс-шараны және кураторлық сағаттарды талдау

2- 5 қыркүйек

Рухани-адамгершілік тәрбие. 1 курс топтары студенттерін колледждің оқу-тәрбие үдерісіне тарту. «Білім елі» кіріспе курсын өткізу.

Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, СПС, студенттер кәсіподағы, колледждің«БАЛАНС» педагогикалық отряды

Әкімшілік кеңесте, кураторлар кеңесінде талдау

Қыркүйек

Көпмәдениеттілік және көркем – эстетикалық тәрбие, зияткерлік, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

- Қостанай қ. қазак, орыс драма театрларына, облыстық филармонияға, концерт залдарына бару кестелерін бекіту.

- Қала, ҚПК кітапханаларына, музейлеріне бару кестесін бекіту.

-ТЖ, үйірмелер мен клубтар жұмысы бойынша жоспарларды, кезекшілік кестелерін бекіту.


Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, кітапхана, Қостанай қ. мәдениет мекемелерінің басшылары

Әдістемелік кеңесте талдау(ақпанда)

5 қыркүйек

Дене тәрбиесі,СӨС-ті қалыптастыру.

«Қашанда спорттық қалыпта және шымыр бол!» Денсаулық фестивалін өткізу. 1 курс оқушылары үшін көңілді старттар(спорттық нормативтер, спорт. аэробика) іс-шарасын өткізу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары , денешынықтыру пәні оқытушылары

Өткізілген іс-шараны талдау

12-17 қыркүйек

Отбасылық тәрбие

КМПА өкілдерімен (Жыныстық және репродуктивтік денсаулық бойынша Қазақстандық Ассоциация) «Жастардың жыныстық және репродуктивтік денсаулығы» тақырыбына кездесулер, лекция, семинарлар өткізу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, мед.қызметкер, шақырылған қонақтар

Әкімшілік кеңесте талдау

22 қыркүйек

Көпмәдениеттілік және көркем-эстетикалық , зияткерлік тәрбиесі, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Тілдер күнін өткізу, Қазақстан халқы тілдерінің жыл сайынғы республикалық Тілдер аптасын мерекелеу.

Шетел тілдері кафедрасы студенттері атынан колледж оқытушылары мен студенттерін құттықтау, топтардағы тақырыптық сағаттар, пәндік олимпиада, үзілістерде байқаулар өткізу, салтанатты қорытындылар жасай отырып, ҚПК оқытушылары мен студенттері үшін мерекелік концерт ұйымдастыру


Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, тілдер кафедрасы

Өткізілген іс-шараны талдау


21-26 қыркүйек

Азаматтықты қалыптастыру және СӨС.

1 курс студенттері арасында «Мен ЖҚЕ білемін!» викторинасын өткізу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, дене тәрбиесі оқытушылары

Әкімшілік кеңесте талдау

Қыркүйектің 4-аптасы

Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие,СӨС

2 курс студенттері, колледж белсенділері үшін туристік саяхат ұйымдастыру.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, дене тәрбиесі оқытушылары, дене тәрбиесі оқытушылары

Әкімшілік кеңесте талдау

Қазан

Қазанның 1-аптасы

Рухани-адамгершілік тәрбие

ҚПК оқытушылары мен студенттері үшін Мұғалімдер күніне арналған концерттік бағдарлама.Пед.еңбек ардагерлерінің қатысуымен тақырыптық кураторлық сағаттар.



ДиректордыңОТЖ жөн. орынбасары, педагогика және психология кафедрасы, топ активі.

Өткізілген іс-шараны талдау




Қазанның 1-аптасы

Отбасылық тәрбие

«Жастар және ҚР –ның отбасылық саясаты»,

«Отбасылық қарым-қатынас әдебі» (барлық курстарда) тақырыптарына кураторлық сағаттар өткізу.


Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, топ кураторлары

Өткізілген іс-шараны талдау


Қазанның соңы

Рухани-адамгершілік, көркем--эстетикалық тәрбие

1 курс үшін «Студенттер қатарына қабылдау» концерттік бағдарламасын (шығармашылық және қызықты идеялар күні – мамандықтар арасында қабылдау) өткізу. Көңілашар клубына қатысу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, ҚПК студенттерінің кәсіподағы, педагогикалық отряд

Өткізілген іс-шараны студенттердің кәсіподақ жиналысында талдау


Қараша

16 қараша

Рухани-адамгершілік, зияткерлік тәрбие.

Көпэтностық толеранттылықты қалыптастыру

Көпэтностық толеранттылық күні: «Жастардың отбасын құруға даярлығы» (11 сынып базасындағы ҚПК студенттері үшін) атты дебаттық турнир, «Мәртебесі биік Отбасы») фестиваль-байқауын ұйымдастырып өткізу, облыстық тағаттылық (толеранттылық)фестивалі аясында өтетін іс-шараларға қатысу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, ЖГП кафедрасы, колледждің дебаттық клубы, студентер кәсіподағы

Іс-шараны әкімшілік кеңесте талқылау және талдау


7-12 қараша

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, СӨС қалыптастыру

Барлық курс студенттері арасында«Жүргізушілер!Сіздер де ата-аналарсыздар!» тақырыбына шығармалар байқауын өткізу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, филология каф. меңгерушісі

Әкімшілік кеңесте талдау

Қараша

Рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шабыт» (1 курс студенттері арасындағы таланттар үшін) байқауын өткізу: шетел, мемлекеттік тілдерде орындалатын әндер байқауы, шешендік шеберлік, дизайнерлік шеберлік,

хореография байқаулары көркемсөз оқу жарысы және актерлік шеберлік байқауы (Фри-стайл).


Директордың ОТЖ жөн. орынбасары,ҚП оқытушысы, студенттер кәсіподағы



Іс-шараны әкімшілік кеңесте талқылау және талдау


Қарашаның соңғы аптасы

Рухани-адамгершілік тәрбие

« ҚПК-дегі түн»:тренингтер кешенін, ойындар, квестер, дискотека ұйымдастыру, фильмдер көру және т.б. өткізу


Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары,студенттер кәсіподағының төрағасы


Әкімшілік кеңесте талдау

Қараша

«Кәсіби даярлаудың қазіргі жағдайында студенттер тобы ұжымын қалыптастыру» тақырыбына педагогикалық кеңес өткізу.

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары, топ кураторлары


Педагогикалық кеңес



Желтоқсан

1-2 желтоқсан

СӨС –ті қалыптастыру, рухани-адамгершілік тәрбие

Жұмыстар даярлап, СӨС тақырыптары бойынша көрмелер ұйымдастыру: «СПИД-ке – жоқ!», «Саламатты ұрпақ» «Интеллект есірткіге қарсы», «Зиянды әдеттерге тоқтау саламыз!» және т.б.

Барлық курс студенттері тақырыпқа орай қатысады.


Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, СПС, медқызметкер


Байқау қорытындыларын шығару, марапаттау, кураторлар кеңесінде талқылау

Желтоқсан

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, рухани-адамгершілік тәрбие

ҚР Тәуелсіздік Қүнін мерекелеу: концерттік бағдарлама, тақырыптық кураторлық сағаттар, ҚР мемлекеттік рәміздерін білуге арналған викторина, қалалық және облыстық іс-шараларға қатысу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, ЖГП кафедрасы, кураторлар, топ активтері

Әкімшілік кеңесте талқылау

Желтоқсан

Рухани-адамгершілік, көркем- эстетикалық тәрбие

Студенттерге арнап жаңажылдық карнавал өткізу –көңілашар клубына бару; педагогтер мен қызметкерлердің балалары үшін ертеңгілік өткізу.

Облыстық балалар үйінде мерекелік бағдарлама өткізу.


Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, мәдениет бөлімінің меңгерушісі,кәсіпком, студенттер кәсіподағы

«Баланс»педотрядының жетекшісі



Іс-шаралардың өткізілуін әкімшілік кеңесте талқылау


Қаңтар

Қаңтар

Отбасылық тәрбие КМПА өкілдерімен(Жыныстық және репродуктивтік денсаулық бойынша Қазақстандық Ассоциация) «Мен және менің денсаулығым!», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық», «Сексуалдық тәуелділік» және т.б. тақырыптарға кездесулер, лекция, семинарлар өткізу.

Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, топ кураторлары

Кураторлар кеңесінде талқылау

Қаңтардың 3,4- апталары

Рухани-адамгершілік, дене тәрбиесі, СӨС қалыптастыру

Топтардың кураторларымен бірге мұзды қалашыққа, қысқы паркке, орталық шыршаға және мұзтауға баруы.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, топ кураторлары

Кураторлар кеңесінде талқылау

Ақпан

Ақпан

Отбасылық, рухани-адамгершілік тәрбие

«Ғашықтар күні» студенттер іс-шарасын өткізу: пошта, конкурстық бағдарлама, 1-қабат холын, кафедраларды безендіру, жатақханадағы кешкі іс-шара: «Жастардың отбасылық өмірге адамгершілік-психологиялық даярлығы» атты сұхбаттасу алаңы(жоғары курс студенттері үшін).



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, студенттер кәсіподағы
Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, студенттер кәсіподағы, кураторлар

Іс-шараны студенттер кәсіподағы комитеті жиналысында талдау


Ақпан

Рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие

«Екі жұлдыз»конкурстық бағдарламасын өткізу (педагогтер мен студенттер).



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, ҚП оқытушысы

Директордың ОТЖ жөн. орынбасары

Ақпан

«Сабақтан тыс уақытта студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруына қосымша кеңістік жасау» тақырыбына әдістемелік кеңес өткізу.

Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, үйірме,клуб, секция жетекшілері



Әдістемелік кеңес

Наурыз

Наурыз

Рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие

Мерекелік концерттер өткізу:



  • «Аяулы қыздарға арналады» (студенттер үшін);

  • «Халықаралық әйелдер күні» (педагогтер мен қызметкерлер үшін)

Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, кәсіпком, студенттер кәсіподағы

Іс-шараны әкімшілік кеңесте талдау


Наурыз

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу , көпмәдениеттілік, рухани-адамгершілік және көркем- эстетикалық тәрбие

«Наурыз мейрамы -2017»-ні өткізу: байқаулар, жәрмеңке,концерттік бағдарлама.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, филология кафедрасы

Іс-шараны әкімшілік кеңесте талдау



Сәуір

1 сәуір

Көркем-эстетикалық, интеллектуалдық тәрбие және ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Бөлімдер және педагогтер командалары арасында ҚТҚ(Жайдарман) фестивалін өткізу.

Өзін-өзі басқару күнін өткізу.


Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, студенттер кәсіподағы

Студенттер кәсіподағы комитеті жиналысында талдау

Сәуір

Көркем-эстетикалық, интеллектуалдық тәрбие және ақпараттық мәдениет тәрбиесі
«Біз жастармыз және бәрі де біздің қолымызда!»атты студенттер аптасын өткізу:

- «Үздік куратор», -«Үздік топ»,

- «Үздік колледж старостасы».


Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, студенттер кәсіподағы

Әкімшілік кеңесте, кураторлар кеңесінде, студенттердің кәсіподақ комитетінде талдап, талқылау

Сәуір-мамыр

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық тәрбие

Студенттік көктемге дайындық. «Студенттік көктем- 2017» облыстық фестивалі аясындағы іс-шараларға қатысу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, дене тәрбиесі оқытушылары, студентер кәсіподағы, колледждің«БАЛАНС» педагогикалық отряды

Әкімшілік кеңесте, кураторлар кеңесінде, студенттердің кәсіподақ комитетінде талдап, талқылау

Мамыр

1-2 мамыр

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық тәрбие

Қазақстан халқы Бірлігі күнін өткізу:



  • ашық куратор сағаттары;

- колледж музейіне бару;

  • жалпықалалық парадқа қатысу.

Директордың ОТЖ жөн.орынбасары, ЖГП кафедрасы, колледж мұражайының кеңесі

Іс-шаралардың өткізілуін әкімшілік кеңесте талдау

3-7 мамыр

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық тәрбие

«Отан қорғаушылар күніне» арнап,колледждің студент жігіттері, ер мұғалімдері үшін мерекелік студенттер концертін қою.

1 курс топтары арасында «Соғыс өрті шарпыған жылдар» тақырыбына театрландырылған қойылымдар байқауы.


Директордың ОТЖ жөн.орынбасары, студенттер кәсіподағы, кәсіпком
Директордың ОТЖ жөн.орынбасары,

филология кафедрасы



Әкімшілік кеңесте, кураторлар кеңесінде, студенттердің кәсіподақ комитетінде талдап, талқылау

4-9 мамыр

Қазақстандық патриотизмге және азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық тәрбие

Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама.Жалпыхалықтық іс-шараларға:митинг, шеру, акцияларға қатысу.

9 сынып базасындағы 1 курс студенттері арасында орыс әдебиетінен шығармалар байқауы.


Директордың ОТЖ жөн.орынбасары, ЖГП кафедрасы

Директордың ОТЖ жөн.орынбасары,

филология кафедрасы


Іс-шаралардың өткізілуін әкімшілік кеңесте талдау


24-25 мамыр

Рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие

«Соңғы қоңырау» салтанатты жиынын өткізу. Бітіруші топ студенттерінің қоштасуы, қорытынды куратор сағаттарын өткізу.



Директордың ОТЖ жөн.орынбасары, №2 мектеп бөлімі

Іс-шаралардың өткізілуін әкімшілік кеңесте,бөлім меңгерушілерінің қатысуымен өтетін отырыстарда талдау


2-6 маусым

Көркем-эстетикалық, интеллектуалдық тәрбие және ақпараттық мәдениет тәрбиесі

2-3 курс студенттері үшін нұсқамалық жиындар өткізу:

-жазғы практикаға дайындық

-практикаға бөлу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, «БАЛАНС» педагогикалық отрядының жетекшісі

Іс-шаралардың өткізілуін әкімшілік кеңесте талдау


Маусым

Маусым

Рухани-адамгершілік, отбасылық тәрбие

Балаларды Қорғау қүнін және «Барлық жақсылық-балаларға» акциясын өткізу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары,мектепке дейінгі бөлім

Мерекелік бағдарламаның өткізілуін әкімшілік кеңесте талдау

Маусымның 1-аптасы

Қазақстандық патриотизмді және азаматтықты қалыптастыру

«ҚР Рәміздері Күніне» (1, 2 курстар) арналған қалалық парадқа қатысу.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, топ кураторлары

Әкімшілік кеңесте талқылау

5-10 маусым

Рухани-адамгершілік, еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие

Колледждің белсенді студенттері үшін саяхат ұйымдастыру..



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары, топ кураторлары, студенттер кәсіподағы

Әкімшілік кеңесте, студенттер кәсіподағы комитетінде талқылау

Маусымның 3-аптасы

Рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі.



Директордың ОТЖ жөн. орынбасары,бөлім меңгерушілері

Диплом табыстау рәсімін әкімшілік кеңесте талдау

Жыл бойы

Үнемі

СӨС-ті қалыптастыру

Жалпықалалық, облыстық спартакиадаларға және марафондарға, спорттық жарыстарға(жалпықалалық денсаулық күндері).

Колледждің медқызметкерімен бірлесе жұмыс істеу, медқызметкердің алдын алу жұмысын бақылау.


Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары, дене тәрбиесі оқытушылары, медқызметкер

Қорытынды педагогикалық кеңестерде талдау

(Жартыжылдық, оқу жылы соңында)



Ай сайын

Отбасылық тәрбие.

«Әкелер мектебін» өткізу



Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары , педагогика және психология кафедрасы, КМПА-дан шақырылған қонақтар

Қорытынды педагогикалық кеңестерде талдау

Үнемі

Көркем-эстетикалық, интеллектуалдық тәрбие және ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Жайдарман командасының жұмысы: облыстық қазақ тіліндегі Жайдарман лигасы, орыс тіліндегі Колледж-Стайл Жайдарман лигасы.

Қала, облыстағы Жайдарман жарыстарына қатысу.


Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары , студенттер кәсіподағының төрағасы

Студенттер кәсіподағы комитетінде, кураторлар кеңесінде,қорытынды педагогикалық кеңесте талдау

Ай сайын

Қазақстандық патриотизм және азаматтықты қалыптастыру, ұлттық тәрбие

Топ старосталарымен жұмыс – старостаттар өткізу.

Студенттер кәсіподағымен жұмыс – колледж студенттері кәсіподағының отырысын, жиналыс, конференциялар өткізу.

Топ кураторларымен жұмыс– лездемелер, кураторлар кеңестерін өткізу.



Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары , студенттер кәсіподағының төрағасы, кураторлар, топ старосталары

Студенттер кәсіподағы комитетінде, кураторлар кеңесінде,қорытынды педагогикалық кеңесте талдау

Үнемі

Жатақхана тәрбиешілерімен бірлесе жұмыс жасау

- жатақханадағы лездемелерге, кеңестерге қатысу;

- жатақхана студенттер кеңесінің жмысына бақылау жасау және жәрдемдесу;

- жатақхана студенттерінің үйірме жұмысын бақылау;

- жатақхана тәрбиешісінің құжаттарын бақылау;

- тәрбиешіні кураторлар кеңестеріне, әдістемелік және педагогикалық кеңестерге шақыру



Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары

Қорытынды педагогикалық кеңестерде талдау

Үнемі

Құқықтық тәрбие

Құқықтық тәрбие жөніндегі кеңес жұмысына жетекшілік ету:

- алдын алу жұмысы;

- учаскелік инспектормен кездесулер ұйымдастыру;

- құқықтық тәрбие жөніндегі кеңестің отырысы;

- студенттермен жеке сөйлесу;

- кешкі уақыттарда жатақханаға барып тұру;

-жақын маңайдағы дүкендерге рейдтер жасау;

-құқықтық тәрбие бағдарламасына сәйкес, әрбір кураторлық сағатта құқықтық 10 минуттық өткізу;

- кураторлық сағатта айына 1 рет ЖҚЕ бойынша 10 минуттық өткізу.



Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары, ЖГП кафедрасы , топ кураторлары

Әкімшілік кеңесте, қорытынды педагогикалық кеңестерде талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет