ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
БЕКІТЕМІН:
Жоғары колледж директоры
____________ С.Д. Утепов
«___»_________ 2019 ж.
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Мамандық: 0201000–«Құқықтану»
Біліктілік: 0201013 – «Заңгер»
Оқу түрі: күндізгі
Курс: 2 (9)
Семестр: 3, 4
Теориялық сағат саны:10
Тәжірибелік: 62
Барлығы: 72
Сынақ – 3 семестр
Бақылау жұмысы – 3 семестр
Емтихан: 4 семестр
Өскемен, 2019
Осы жұмыс оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру үлгілік оқу жоспарларына мен білім беретін оқу бағдарламаларына (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығының 25,26-қосымшаларына) сәйкес 0201000 – «Құқықтану мамандығы», 0201013 – «Заңгер біліктілігі бойынша әзірленді.
Құрастырушы: Ш. Қ. Нәбиева
Жұмыс оқу бағдарламасы Тілдер пәндерінің отырысында ПЦБ қарастырылады
(хаттама № 1 «__»______ 2019 ж.)
ПЦБ төрайымы ________________ Б.М. Жунусова
(қолы)
Жұмыс оқу бағдарламасы колледждің әдістемелік кеңесімен келісіледі
Хаттама № 1 «__»______ 2019 ж.
Әдістемелік кеңестің төрағасы _______________ Б.Т. Төлегенова
(қолы)
МАЗМҰНЫ
1. Түсіндірме жазба 4
2. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер 5-9
3. Пәннің тақырыптық жоспары 10
4. Пәннің тақырыптық мазмұны 8-18
5. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау 19
6. Әдебиеттер мен оқу құралдары 21
Түсіндірме жазба
Осы жұмыс оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығының 25,26-қосымшаларына) сәйкес 0201013 – Заңгер біліктілігі бойынша әзірленді.
Пәннің мақсаты: болашақ маманның іс жүргізу дағдысын қалыптастыру. Пәннің міндеттері:
болашақ мамандардың ақпараттық, коммуникативтік, мәселені шешу құзіреттіліктерін қалыптастыру;
құжат жүргізу негіздерімен және түрлерімен таныстыру;
іс жүргізудің негізгі білімдерін, қисынын, құрылымын, мақсат -міндеттерін, нысанын, пәнін, болжамын, құру әістерін меңгерту;
болашақ мамандардың іс жүргізе білу сапалық қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыру;
құжат жұмысының қорытындысын безендіру іскерлігін меңгерту.
«Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: лекция, семинар, тәжірибелік сабақтар, тренингтер.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: дәстүрлі әдіс, ойын, интерактивті (әңгімелесу, пікірталас, миға шабуыл, дөңгелек үстел, пікірсайыс, іскерлік ойындар,жағдайлық мәселелерді шешуге арналған практикалық жұмыстар) және басқалар.
Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру,
проблемалық оқыту, ойын, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, модульдық, ақпараттық-коммуникациялық, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады. бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
жұмыс оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді: қазақ тілі, қазақ әдебиеті.
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: жаңа педогикалық техзнологиялар, қазақ тілі.
Жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклге бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:
кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер оқу уақытыкөлемін 25% дейін өзгертуге;
бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
бағдарламалық материалды бір ізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергіліктіерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |