Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)



бет1/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ - ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
«Математикадағы логикалық желіні жүйелеу» атты
арнаулы курс бағдарламасына дайындалған
әдістемелік көмекші құрал


(1 – 4 кластар үшін)


Ақтөбе – 2014 жыл
Ақтөбе қаласының бастауыш класс мұғалімдерінен құрылған «Бастауыш мектеп математикасы» шығармашылық шеберхана отырысында талданып, басылымға жолданды.
Хаттама № 4 «6» маусым 2014 жыл.

Ұсынылып отырған әдістемелік көмекші құрал 1-4класс оқушыларының логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін оятуды көздейді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық белсенділіктерін арттырып, оқу сапасын көтеруге ықпалын тигізеді.


Жинақ жас мамандар мен бастауыш класс мұғалімдеріне арналған.
Пікір жазған: К. Рахатова – қалалық ғылыми – әдістемелік Орталық әдіскері


Құрастырғандар:
«Бастауыш мектеп математикасы» шығармашылық шеберханасының мүшелері: Б. Қалапбергенова, Г. Ибрашева, Л. Тауанова, Ж. Сатенова, Б. Қамбарова, Б. Нургалиева, Г. Сегіз, М.Қайролла, Ж. Кидирбаева, М. Калиева, Д. Қыстаубаева, Ж. Меңдалина, М. Сейтенова, Э. Нурлина.

КІРІСПЕ
Жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеуде оқушылардың логикалық ойлау және шығармашылық қабілетін қалыптастырудың маңызы зор. Бастауыштағы білімнің бала өміріндегі алғашқы басқыш екенін ескере отырып, оқушының жеке қабілеттерін дамытуда ұстаз қызметі ерекше.
Мектеп өмірінде факультативтік не арнайы курс бағдарламасы арқылы оқушының білім дағдысы жетілдіріліп отырылады. Осыған орай оқушылардың шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда септігін тигізеді деген мақсатта құрылған 1-4 кластарға арналған «Математикадағы логикалық желіні жүйелеу» арнаулы курс бағдарламасы аптасына 1сағаттан 1-класта 33сағат, 2,3,4-кластарда 34сағатқа құрылды.
1-4 кластар үшін арнайы курс бағдарламасы, оқыту әдістемесі және қосымша көмекші құралымен бірге беріліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет