Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)



бет76/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

25-сабақ
Сабақ тақырыбы: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу
Сабақ мақсаты;білімділік: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің әдіс-тәсілін меңгерту
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелілік:Аңғарымпаздыққа, шашаңдыққа баулу
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру
Көрнекілігі: керекті заттар, таблица, фигуралар

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру бөлімі;
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
2. 424:4=(100+6)=106
405:5=(80+1)=81
909:3=(300+3)=303
3.Сұрақтарға жауап беру
1. Теңдеуді шеш: х - 20═70
2. Спорт алаңына 32 ер бала және 8 қыз бала келді. Ер баланың саны қыз балаға қарағанда неше есе артық?
3. Теңдеуді шеш: 5 * х = 45
4. 4 пен 2 сандарының айырмасының 3-ке көбейтіндісін тап.
5. Шаршының периметрі 2см. Оның периметрі қаншаға тең?
6. Амалдарды орында: 30 : 3 + 15 : 5
7. Айнұр 30 тұшпара пісірді. Ол 10 тұшпараны шешесіне және сонша тұшпараны әкесіне берді. Айнұр өзіне неше тұшпара қалдырды?
8. Өрнек түрінде айт және оның мәнін тап. 4-ті 3 пен 2-нің қосындысына көбейт
9. Амалдарды орында: 40 : 4 – 12 : 2
10. Теңдеуді шеш: Х – 15 = 48
11. Ең үлкен үш таңбалы санды ата
12. Тіктөртбұрыштың периметрінің формуласын айт
26-сабақ
Сабақ тақырыбы:Үш амалмен шығарылатын есептер
Сабақ мақсаты;білімділік:Үш амалмен шығарылатын есептерді шешудің жолдарын үйрету
дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сауаттылығын дамыту.
тәрбиелілік: Аңғарымпаздыққа, шашаңдыққа баулу
Әдісі:талдау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:керекті заттар, таблица,фигура
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі;
1.есепті шығару (оқулықтан оқиды, талдайды)
Әрқайсысында 8 ертегі - 6 диск,12касета
Көрді - 19 ертегі
Көру керек - ? ертегі
Ж.: көру керек 29 ертегі
2.«Танып ал!» логикалық ойыны
Осы шаршыны өзара тең 8 үшбұрышқа бөл

3. Әдебиеттегі сандар


1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
2. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
3. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
4. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі.Ләззат 7 жігітпен,Гүлзат 8 жігітпен,Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мереке келген барлық жігітпен би биледі.Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)
Ойлан, тап
5. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
6 .Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
7. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
8. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет