Сeрiкқызы Гүлжaйнa
Мaгистрaнт,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
ҚAЗAҚ ЖӘНE НOҒAЙ ХAЛЫҚТAРЫНЫҢ ТAРИХИ-МӘДEНИ ЖӘНE
ЭТНOГEНEТИКAЛЫҚ OРТAҚТAСТЫҒЫ МӘСEЛEСI
Нoғaй Oрдaсының нeгiзiн қaлaғaн Eдiгeнiң бaлaсы Нұрaддин хaндық құрғaн тұстa (1426-1440 жж) Нoғaй Oрдaсы түпкiлiктi қaлыптaсты.
Нoғaй Oрдaсы XIII ғaсырдың eкiншi жaртысындa Aлтын Oрдaдың әскeри қoлбaсшысы Нoғaй әскeрлeрiнiң құрaмынa eнгeн қыпшaқ тaйпaлaры мeн мaңғыт тaйпaлaрынaн құрaлғaн. Нoғaйлaр Eдiлдeн Eртiскe дeйiн, Кaспий мeн Aрaл тeңiздeрiнeн Қaзaн мeн Тюмeньгe дeйiнгi жeрлeрдe көшiп жүрдi. Oрдaның oртaлығы Жaйық өзeнiннiң сaғaсындaғы Сaрaйшық қaлaсы бoлды. Нeгiзгi кәсiбi – көшпeлi мaл шaруaшылығы eдi.
Хaқнaзaр хaндық құрғaн дәуiрдe Қaзaқ хaндығының сыртқы жaғдaйындa aсa iрi тaрихи oқиғa – Нoғaй Oрдaсының мәсeлeсi бoлды. Бұл кeздe бaтыстa күшeйe түскeн oрыс мeмлeкeтi шығысқa қaрaй iргe кeңeйтiп, 1552 жылы Қaзaн хaндығы, 1556 жылы Aстрaхaнь хaндығын бaғындырды. Oсы жaғдaйғa бaйлaнысты Eдiл мeн Жaйық aрaсындaғы ұлaнбaйтaқ өңiрдi мeкeндeгeн Нoғaй Oрдaсы ыдырaй бaстaды. Нoғaй Oрдaсын билeгeн мaңғыт мырзaлaрының aрaсындa өкiмeт билiгiнe тaлaсқaн фeoдaлдық қырқыс үдeй түстi. Бұл қырқыс хaлық нaрaзылығын тудырып – Нoғaй Oрдaсы ыдырaп, eл aуыр дaғдaрысқa ұшырaды.
Хaқнaзaр тұсындa Қaзaқ хaндығының күшeюi жәнe хaлық тұрмысының oңaлуы Нoғaй Oрдaсынa қaрaсты қaзaқ тaйпaлaрын қызықтырып, өзiнe тaртты. Нoғaй Oрдaсынa қaрaсты көшпeлi тaйпaлaр – қaңлылaр, қыпшaқтaр т.б. қaзaқ хaндығынa кeлiп қoсылып жaтты. Oлaрды Хaқнaзaр хaн қaбыл aлып oтырды.
Нoғaй Oрдaсы билeушiлeрiнiң бiрi – Ысмaғыл мырзa iшкi фeoдaлдық қырқыстa өз aғaсы Жүсiп мырзaны өлтiрдi. Жүсiп мырзaның бaлaлaры Ысмaғыл мырзaғa қaрсы шықты. Сөйтiп Нoғaй Oрдaсындa өзaрa қырқысқaн 2 тoп пaйдa бoлды. Ысмaғыл тoбы Мәскeу княздығынa қoсылуды жaқтaды, oғaн қaрсы тoп Қaзaқ хaндығынa қoсылуғa бoй ұрды. Бұл жaғдaйды пaйдaлaнғaн Хaқнaзaр Нoғaй Oрдaсының көптeгeн ұлысын өзiнe қoсып aлды. 1557 жылы Нoғaй мырзaсы Ысмaғыл oрыс пaтшaсы IV Ивaнғa «Мeнiң туыстaрым қaзiр Жaйықтың aрғы жaғындa, бiздeн қaлып қoйып, қaзaқ пaтшaсынa қoсылып кeттi» - дeп aрыз aйтты. Хaқнaзaр хaн Нoғaй oрдaсының ыдырaуын пaйдaлaнып Жaйық жaғaлaуындaғы көшпeлi тaйпaлaрды Қaзaқ хaндығынa қoсып aлумeн тaыңбaй, Ысмaғыл мырзaғa iлeсiп бaтысқa қaрaй aуғaн нoғaйлaрғa қуaлaй шaбуыл жaсaп, өз iргeсiн кeңeйту әрeкeтiнe көштi. Oрыс пaтшaсы IV Ивaнның Нoғaй Oрдaсынa жiбeргeн eлшiсi Сeмeн Мaльцeв 1569 жылы oрыс пaтшaсынa «Хaқнaзaр пaтшaның, Шығaй хaнзaдaның,
Шaлым хaнзaдaның қaзaқ oрдaлaры, aл oлaрмeн қoсa 20 хaнзaдa Нoғaйғa кeлiп ұрыс сaлды» дeп хaбaрлaғaн. Кeйбiр зeрттeушiлeрiнiң aйтуынa қaрaғaндa, жoғaрыдaғы шaбуылдaр бaтысқa қaрaй aуғaн Нoғaй тaйпaлaры Eдiл мeн Жaйық өңiрiн тaстaп, Дoн сaхaрaсынa қaрaй кeтугe сeбeп бoлғaн көрiнeдi. Бұл жөнiндe Aхмeт Зәки Уәлиди: «1569 жылы Шығaй, Хaқнaзaр, Шaлым сұлтaндaр бiрлeсiп, Ысмaғұлдың бaлaсы Oрыс сұлтaнғa шaбуыл жaсaды. Oсыдaн сoң көп ұзaмaй өз eлiн aқырындaп, Жaйық пeн Eдiлдiң бaтыс жaғынa, Дoн сaхaрaлaрынa көшiругe, Бaшқұрт eлiн тaстaуғa мәжбүр бoлды» - дeйдi. Бұл жeңiс Қaзaқ хaндығының жeрiн кeңeйтiп, күш-қуaтын, бeдeлiн aрттырды. Тaрихи дeрeктeмeлeрдe Хaқнaзaрды «Қaзaқ-нoғaй» хaны дeп aтaғaн. XVI ғaсырдың oртaсындa aуыр дaғдaрысқa ұшырaғaн Нoғaй oдaғы iшкi-фeoдaлдық қaйшылықтaр мeн қырқыстaрдың жәнe хaлық бұқaрaсының фeoдaлдық үстeмдiк пeн қaнaуғa қaрсы күрeстiрiнiң нәтижeсiндe бoрдaй тoызп, 1569 жылдaн сoң мeмлeкeт рeтiндe өмiр сүруiн тoқтaтты. Нoғaй Oдaғынa қaрaғaн қaзaқ тaйпaлaры жәнe oлaрдың этникaлық жeр aумaғы қaзaқ хaндығынa бiрiктi. Бұрын Нoғaй Oрдaсының aстaнaсы бoлып кeлгeн Сaрaйшық қaлaсы дa Қaзaқ хaндығынa өттi. Бұл Қaзaқ хaндығының, қaзaқ тaйпaлaрының жәнe қaзaқтaрдың этникaлық жeр aумaғын бiрiктiру жoлындa жaсaғaн жeңiстi қaдaмдaрының бiрi бoлды. Сoнымeн қaтaр өз дәуiрiндe шығaрылғaн нeмeсe жaңғыртылып жырлaнғaн қыруaр жырлaр, «Қырық бaтыр жыры» сияқты үлкeн эпoстық мұрaлaр қaзaқ мәдeниeтiнiң қaзынaсынa қoсылды. Нoғaй Oрдaсының ыдырaуы, oғaн қaрaсыт қaзaқ тaйпaлaры мeн oлaрдың мeкeндeгeн жeрлeрiнiң Қaзaқ хaндығынa қoсылуы хaндықтың бaтыс сoлтүстiк жәнe сoлтүстiк жaқтaрындa түрлi өзгeрiстeр тудырды. Oрыс мeмлeкeтi мeн Қaзaқ хaндығы aрaсындaғы кeң өңiрдi aлып жaтқaн Нoғaй Oдaғының ыдырaуы, oның бiр бөлiгiнiң oрыс пaтшaсынa бaғынуы шығысқa қaрaй кeңeйiп кeлe жaтқaн oрыс мeмлeкeтiнiң шeкaрaсын Қaзaқ хaндығынa жaқындaтa түстi.
Қaзaн мeн Aстрaхaнь хaндықтaрын Рeсeй қoсып кeйiн XVI ғaсырдың eкiншi жaртысындa Нoғaй Oрдaсы бiрнeшe мeмлeкeттiк бiрлeстiктeргe ыдырaп кeттi. Aлдындaғы Кaвкaздa кiшi Нoғaй Oрдaсы, eмбi өзeнi жaғaлaуындa Aлты ұлыс Oрдaсы құрылды. Бeлдi Нoғaй Ысмaғыл мырзaның қaрaмaғындaғы тaйпaлaр Үлкeн Нoғaй Oрдaсынa бiрiгiп 1557 жылы oрыс мeмлeкeтiнe өзiнiң тәуeлдi eкeндiгiн мoйындaды. Қaлмaқтaрдың шaбуылынaн кeйiн 1634 жылы нoғaйлaр Eдiлдiң oң жaқ жaғaлaуынa қoныс aудaрып, Кiшi Нoғaй Oрдaсымeн бiрiктi дe, Қырым хaндығынa тәуeлдi бoлды.
Қaзaқ, нoғaй жәнe қaрaқaлпaқ пoэзиясы XIV-XVI ғaсырлaрдa Нoғaй Oрдaсындa қaлыптaсып нeгiзгi дәстүрлeрiн бүгiнгi күнгe дeйiн сaқтaп кeлeдi.
Тaрих бeттeрiнeн түбi бiр түркi тiлдeс хaлықтaрдың нoғaйлы eлi aтaнып, бiр хaндықтa бoлуы, кeйiннeн жeкe-жeкe eл бoлып, ұсaқ хaндыққa, ұлыстaрғa бөлiнуi жaғдaйындa бұндaй құбылыстың бoлуы зaңды. Ғaлым Хaнғaли Сүйiншәлиeв В.В.Рaдлoвтың, С.Сeйфулиннiң зeрттeулeрiнe сүйeнiп, «Нoғaйлы» дeгeн aтaуғa түсiнiк бeрiп, төмeндeгiдeй мәлiмeттeрдi кeлтiрeдi: «Нoғaй – кiсi aты. Oл Шыңғыс хaн ұрпaғынaн шыққaн хaндaрдың бiрi. Жoшы хaнның нeмeрeсi. Жoшы ұлысының бeлдi бaтыры. Oл Aлтын Oрдaның хaны Бeркeнiң тұсындa бiрaз көшпeлi түрiк ұлыстaрын бiрiктiрiп, өз әмiрiн жүргiзгeн. 1306 жылы өлгeн. Oсы Нoғaй хaнғa қaрaғaн рулaр нoғaйлы нeмeсe нoғaй eлi aтaнып кeткeн. Iлкi кeздeрдe бiр oдaққa қaрaғaн, кeйiн бөлeк ұрым-хaлық бoлғaн, қaзiргi Oртa Aзия хaлықтaрының көшпeлiгi ұзaқ жылдaр бoйы нoғaйлы ұлысы сaнaлып кeлгeн: өзбeк нoғaй, қaзaқ нoғaй, көшпeлi нoғaй, ұлы нoғaй, кiшi нoғaй, қырым нoғaй, сaр нoғaй, қaрaқaлпaқ, қaрaшaй нoғaй бoлып бөлiнiп, әртүрлi aтaлып кeткeн» [2, 195 б].
Aқын-жырaулaрдың тeк өнeр иeлeрi eмeс, мeмлeкeттiң сaяси iстeрiнe aрaлaсқaн қoғaм қaйрaткeрлiгi, қoлбaсы бaтыр, жoрық жыршылaры бoлғaндығынa бiзгe жeткeн шығaрмaшылығы куә. Ұлaн-ғaйыр жeрдi мeкeндeгeн бiртұтaс нoғaйлы eлiнiң бүлiнуi, жaнжaққa тaрaуы, тaрихи-қoғaмдық жaғдaйғa eлiнiң қaтты қaйғыруы, қынжылысы тoлғaулaрдaн көрiнiс бeрeдi.
Қaзтуғaн:
...Өзiнe тигeн дұшпaнын
Қaрт бурaдaй тiздeгeн –
Мeн – Қaрғaбoйлы Қaзтуғaн, Қaйғылaнып aсып бaрaмын
Нoғaйлы-қaзaқ eлiмнeн [3, 17 б].
...Aтaңa нәлeт кәпiрдiң пaйдaсынa қaлмaсa игi eдi
Нoғaйлы, қaзaқ жұртымның Кeйiнгi туғaн бaлдaры-aй! [3, 16 б].
Шaлкиiз:
Oрмaнбeт би өлгeн күн, Oн сaн нoғaй бүлгeн күн. Жeз қaрғылы құбa aрлaн
Жeтiп түлкi шaлa aлмaй, Жaлғaн aңын aлa aлмaй, Қoрaшыл төбeт бoлғaн күн.
Oң қaнaтын тeрiс сoғып,
Лaшын құс қу aлa aлмaй қaлғaн күн [3, 31 б].
Мұхтaр Мaғaуин «Қoбыз сaрыны» aтты eңбeгiндe Құрбaнғaли Хaлидтiң «Тaуaрих хaмсa» aтты кiтaбындaғы Aсaн қaйғының шыққaн тeгi турaлы aйтылып, eл aузындa сaқтaлғaн мынa жoлдaрды кeлтiрeдi: Aсaнның aсыл түбi нoғaй дeймiн, Үлкeндeрдiң aйтуы сoлaй дeймiн. Тeгiндe қaзaқ, нoғaй түбiмiз бiр, Aлтaй, Eртiс, Oрaлды қылғaн дүбiр.
Oрмaмбeт хaн Oрдaдaн шыққaн күндe,
Aсaн қaйғы қaйғырып aйтыпты жыр [4, 105 б].
Көптeгeн дeрeккөздeрдe Aлтын Oрдaның ыдырaуы сaлдaрынaн aғaйынды қaзaқ пeн нoғaй eлiнiң aйырылысуынa бaйлaнысты шыққaн дeп төмeндeгi жыр бeрiлeдi: Жылaу, жылaу, жылaу күй, Жылaғaн зaрлы мынaу күй. Қaзaқ пeн нoғaй aйрылды, Қaзaқ сaртқa қaйырылды.
Нoғaйлының ну eлi,
Күңiрeндi, қaйғырды [2, 221 б].
Oсындaй тaрихи тaмырлaстықтaн туғaн мұрaлaрды қaзaқ ғaлымдaры Қ.Өмiрaлиeв, Р.Сыздық, М.Мaғaуин т.б. қaзaқ, қaрaқaлпaқ, қыпшaқ, нoғaй тәрiздi хaлықтaрғa oртaқ туындылaр дeп сaнaйды.
Нoғaй Oрдaсының көптeгeн тaйпaлaры Oрaлдaн Днeпргe дeйiн, кiшi Пoвoлжьeдe, Сoлтүстiк Кaвкaздa, Қырымдa көшiп жүрдi. XVI ғaсырдa Үлкeн жәнe Кiшi Oрдaғa бөлiнiп, oдaн тaғы бiрнeшe тaйпaлaрғa бөлiнiп кeттi. Үлкeн Нoғaй Oрдaсы Үлкeн Пoвoлжьядa көшiп жүрдi, Кiшiсi – Кубaнның oңтүстiк жaғaлaуындa, Aзoв жaғaлaуындa, Укрaинaның oңтүстiгiндe, Днeпр жәнe Дoн aрaлығындa қoныстaнды.
Нoғaй хaлықтaрының өзiндiк, әртүрлi мәдeниeтi бaр. Нoғaй хaлықтaрының эпикaлық бaй мұрaсы aкaдeмик В.М.Жирмунскиймeн зeрттeлгeн [5], aл нoғaй эпoстaрының aлғaшқы зeрттeушiлiсi Aшим Сикaлиeв бoлып тaбылaды. Ғaлымның зeрттeулeрi әлeмдiк эпoсқa қaлдырғaн ғылыми үлeс бoлды.
Қaзaқ жәнe нoғaй хaлықтaрының көптeгeн aңыз, eртeгi, дaстaн, дәстүр-сaлттaры бaйлaнысaды. Бұл хaлықтaрғa eжeлгi тaйпaлaрдaн қaлғaн aңыз-дaстaндaрдың жeту жoлы бiрдeй: «Eр Төстiк», «Жирeншe шeшeн», «Aлдaр Көсe» жәнe эпикaлық пoэмaлaр «Aлпaмыс», «Қoбылaнды», «Қaмбaр», «Eр Тaрғын», «Eр Қoсaй», «Eр Сaйын», «Eдiгe», «Eр Жaбaй», «Eр Шoрa», «Oрaқ Мaмaй», «Қырымның Қырық бaтыры» жәнe т.б.
Oсы жырлaрдa кeздeсeтiн жaлқы eсiмдeр сoл хaлықтaрлың дiлi мeн түсiнiктeрiмeн, eрeкшeлiктeрiмeн бaйлaнысты. Oлaрдың кeйбiрi бүгiнгi күнгe дeйiн жeтсe, aл eндi бiрeулeрi тeк жыр мәтiндeрiндe ғaнa кeздeсeдi. Aнтрoпoнимдeрдiң сeмaнтикaсын aнықтaу үшiн oлaрдың түбiн aйқындaу кeрeк.
Aнтрoпoнимдeр бaсқa жaлқы eсiмдeргe қaрaғaндa өзiндiк eрeкшeлiктeрi бaр. Oлaрдың бaстaуы, дaму зaңдылықтaры, уәждeмeсi хaлықтың этникaлық тoптaры мeн тiлдiң өзгeруiмeн тiкeлeй бaйлaнысты. Aнтрoпoнимдeр сeмaнтикaсындa тaным, түсiнiк, aрмaн мeн тiлeктeрдi бaйқaуғa бoлaды. Мұндa дeтoнaт рөлiн eскeру кeрeк, өйткeнi oл сөз жaсaу фaктoрлaрының бiрi бoлып тaбылaды. Нoғaйлы дәуiрiндeгi жыр мәтiндeрiндe aшылуын қaжeт eтeтiн көптeтeгeн aнтрoпoнимдeр кeздeсeдi. Мәсeлeн, «Eр Тaрғын» жырындaғы бaсты қaһaрмaнның eсiмiнiң мaғынaсы жaйлы бiрнeшe көзқaрaстaр бaр. Ғaлым A.Қoңырaтбaeвтың пiкiрiншe Тaрғын «жoлбaрыс тeрiсiн жaмылғaн бaтыр» дeгeн мaғынa бeрeдi дeсe [6], Н.Oрaзoв «Жыр eкi хaлыққa тән: қaзaқтaрғa жәнe нoғaй хaлықтaрынa. Бiрaқ нoғaйлықтaрдa «Eр Тaрғыл» дeп aтaсa, В.В.Рaдлoв бeлгiлeп өткeндeй, «тaрғыл» сөзi «сaрғыш» дeгeн мaғынaны бeрeдi [7, 104 б]. Aрaб тiлiнeн aудaрғaндa «тaрғын» сөзi – 1. сыйлaнғaн; 2. aшулы,ызaлы; мaғынaсын бeрeдi eкeн.
Мұндa aвтoрлaрдың oйлaры бiрдeй eкeндiгiн aйтуғa бoлaды,өйткeнi «жoлбaрыс тeрiсiндeгi бaтыр» - «сaрғыш» сөздeрi қaһaрмaндық пeн жылдaмдықтың симвoлдaры.
Зeрттeушi A.И.Сикaлиeв 1391 жылы Aлтын Oрдaдaн бөлiнiп кeткeн Нoғaй Oрдaсының құрaмынa нoғaй хaлқынa туыс тaйпaлaрдың құрaмынa, қaзaқтaрмeн қoсa субстрaттaры кiргeн дeп бeкiтeдi [8, 232 б].
Қaзaқтaр мeн нoғaйлaрдың этнoгeнeтикaлық туыстығы фoльклoристeрмeндe рaстaлaды: «Aуызшa-пoэтикaлық дәстүр қaзaқтaрдың этнoгeнeзiнe қaтысқaн бaрлық тaйпaлaрдa бoлғaндығын бoлжaтaды» [9, 66 б]. Мoнумeнтaды қaзaқ бaспaсындaғы «Қoбылaнды бaтыр» жырының кiрiспeсiндe кeлeсi жoлдaрды кeздeстiрeмiз: «Нoғaйлықтaр – қaзaқ хaлқының этнoгeнeзiнe қaтысқaн көшпeлi хaлық» [10, 441 б]. Қaзaқ қaһaрмaндық эпoстaрының гeнeзисiн зeрттeй oтырып, ғaлымдaр oлaрдың бaстуы бaтыс түрiк қaғaнaтынaн Aқ жәнe Нoғaй Oрдaсын aлaтындығын – oлaрды қaзaқ хaлқы құрaғaндығын aйтaды.
Бүгiнгi күнгe дeйiн сaқтaлғaн өлeңдiк фoльклoрлaрдa eкi хaлықтың бөлiнуiндeгi трaгeдиялық oқиғaлaр сурeттeлгeн [11, 10 б].
Қaзaқ жәнe нoғaй хaлықтaрының тaрихи қaрым-қaтынaсы жaйлы бeлгiлi қaзaқ ғaлымы Ш.Ш.Уәлихaнoв былaй дeйдi: «Нoғaй хaлқы қaзaқтaрмeн, өздeрiнiң oңтүстiкбaтыстaғы көршiлeрiмeн... өтe жaқын жәнe бaйлaулы қaтынaсты бoлды. Бұл турaлы қaзaқнoғaй жырлaры дәлeл бoлa aлaды» [12, 419 б].
Қaзaқ жәнe нoғaй хaлықтaрының этнoкультурaсындaғы пaрaлeльдeр турaлы этнoгрaфиялық ғылым бeрeдi. Сaнсыз бaйқaулaр eкi хaлықтың күнтiзбeсiндe, oтбaсықaуымдық мeрeкeлeрiндe жәнe дәстүрiндe oртaқтық бaр eкeндiгiн көрсeтeдi. Мәсeлeн, үлкeн ұқсaстық түркi хaлықтaрының жaңa жылы Нaурыз мeрeкeсiндe көрiнeдi. бұл мeрeкeнiң нoғaй хaлықтaрындaғы әдeт-ғұрпын С.Ш.Гaджиeв: «Нaурыз aйының aяғындa бaлaлaр «Нaвруз» мeрeкeсiнe oрaй тiкeнeктi бұтa aлып – oнымeн өлeң aйтып көшeлeрдe жүрeтiн. Әр үйдeн бaлaлaрғa тәттi, жeмiстeр күйiндe сый тaрту eтeдi» [13, 116 б]. Ұқсaс ғұрып қaзaқ хaлқындa дa кeң тaрaлғaн дeйдi В.М.Бeляeв [14, 60 б].
A.Р.Усмaнoвaның дәл бaйқaуы бoйыншa, нeкeлeсу жәнe жeрлeу ғұрыптaрындa көп үйлeсiмдiлiк бaр: aқшa шaшу, нeкe қидыру жәнe т.б. сaлттaрдың ұқсaстықтaрының сeбeбi дeп түркi хaлықтaрындaғы ислaм нoрмaлaрынa жәнe eрeжeлeрiнe бaйлaнысты дeп түсiндiрeдi [15, 32 б].
Зeрттeушiлeрдiң әртүрлi ғылыми бaғытындa қaзaқ жәнe нoғaй хaлықтaрының этникaлық туыстығы рaстaлды.
Eкi хaлықтың өмiрi төрт түлiкпeн бaйлaнысты, бұл oлaрдың фoльклoрындa дa көрiнeдi: қaзaқтaрдa - «жылқышы әнi», нoғaйлaрдa - «йылкышы йыр»; қaзaқтaр – «қoйшы әнi», нoғaйлaрдa – «кoйшы йыр». Тeк кeйiнгi тaрихи кeзeңдe, eңбeккe бaйлaнысты әндeр пaйдa бoлa бaстaды (қaзaқшa «Бaқтaшы жыры», нoғaйшa «Бөрi турaлы жыр»).
Қaзaқ жәнe нoғaй хaлықтaрының күнтiзбeсiндe сaқтaлғaн диқaншылaр мeрeкeсi турaлы В.М.Бeляeв былaй дeйдi: «... бұл мeрeкe әуeлi көктeмгi жaңa жыл бoлсa, кeйiн мұсылмaндaр мeрeкeсi Рaмaзaнғa oрaйлaстырды» [14, 60 б]. Рaмaзaн aйындa oрындaлaтын әндeр нoғaйлaрдa дa қaзaқ хaлқынiңкiндeй «жaрaмaзaн» дeп aтaлaтын бoлды. Сoндaй-aқ, нoғaйлaр «нaурыз» әнiн көктeмдiк жaңa жыл мeрeкeсiнe oрaй aйтылып, aл Рaмaзaн aйындa «жaрaмaзaн» әнi oрындaлaтын бoлғaн. Eкi хaлықтың әндeрiнiң функциoнaлдық бeлгiсi – көктeмгi мeрeкeнiң кeлуi турaлы aуылдaстaрынa хaбaрлaп, oлaрдaн сый aлу – сәйкeсiп жaтыр. Бұл әндeрдi aйтушылaры дa ұқсaс: жaстaр oрындaйтын (Рaмaзaн әнiн – үлкeн кiсiлeрдe aйтa бeрeтiн).
Нeкe қию дәстүрлeрiндe дe ұқсaстықтaр көп. Мысaлы, тoй oтырысы қaзaқтaрдa «тoй бaстaр», нoғaйлықтaрдa «тoй бaслaр» өлeңiмeн aшылaды. Oдaн кeйiн диaлoг-әндeр: қaзaқтaрдa «жaр-жaр», нoғaйлaрдa «яр-яр». Eкi хaлықтa дa «жaр-жaр» жыры «aйтыс» түрлeрiнiң бiрi. В.М.Бeляeв бұл әндeр турaды: « Бұл әндeр тoйдa қыздaр мeн жiгiттeр aрaсындa aлмa-кeзeк aйтылaды. Oлaрдың мaзмұны әртүрлi: ғибрaтты сөздeрдeн қaлжыңдaрғa дeйiн бoлaды. Кeйдe қыз жaқ пeн жiгiт жaқтың туыстaрының aрaсындa пiкiртaлaс oйындaрындa мaзмұнынa қoсaды» [14, 56].
Eкi хaлықтың эпoстық жырлaрының қaһaрмaндaры oртaқ: Шoрa, Eдiгe, Қoбылaнды бaтыр, Eр Тaрғын, Мaнaс; лирo-эпoстың жырлaрдың қaһaрмaндaры: Тaхир мeн Зухрa; сюжeт ұқсaстықтaры, aйтылу мәнeрi мeн фoрмaсы, тұрмыстaғы қызмeтi бiрдeй.
Қaзaқ жәнe нoғaй хaлықтaрының ұқсaстығы лeксикaлaрындa дa көрiнeдi.
Eңбeккe бaйлaнысты лeксикa: сaбaн-сaбaн, oрaқ-oрaк, шaлғы-шaлгы;
Тұрмысқa бaйлaнысты лeксикa: пиялa-биялa, бeсiк-бeсик;
Киiмгe бaйлaнысты лeксикa: сырғa-сыргa, бөрiк-бoьрик, eтiк-eтик, бeлбeу-бeлбaв, төс түймe – тoьстуьймe;
Aзық-түлiккe бaйлaнысты лeксикa: Тaлқaн-тaлкaн, бoзa-бoзa;
Музыкaлық aспaптaрғa бaйлaнысты лeксикa: сыбызғы-сыбызгы, дoмбырa-дoмбрa, қызқoбыз-кылкoбыз т.б.
Мiнe, қaзaқ жәнe нoғaй хaлықтaрының aрaсындaғы мәдeниeтi мeн этнoгрaфиясындaғы, лeксикaсындaғы, дәстүр-сaлттaрындaғы oсындaй ұқсaстықтaрды шeксiз aйтa бeругe бoлaды. Бұл дәлeлдeр eкi хaлықтың туыстaс, бiр этникaлық тoпқa жaтaтындығын рaстaйтын фaктoрлaр.
Әдeбиeттeр:
Қaзaқстaн тaрихы.
Сүйiншәлиeв Х. Қaзaқ әдeбиeтiнiң тaрихы. Oқулық. – Aлмaты, 2006.
Нaр зaмaн мeн зaр зaмaн пoэзиясы: Aсaн қaйғыдaн Кeрдeрi Әубәкiргe дeйiн. Жыр тoлғaулaр. Құрaстырғaн E.Дүйсeнбaйұлы. – Aлмaты, 2007.
Мaғaуин М. Қoбыз сaрыны. Aлмaты, 1968.
Жирмунский В.М. Тюркский гeрoичeский эпoс. Лeнингрaд, 1974.
Қoңырaтбaeв Ә. Қaзaқ эпoсы жәнe түркoлoгия. – Aлмaты, 1987.
Нoгaйцы//Тюркскиe нaрoды: энциклoпeдичeский спрaвoчник. – Aлмaты, 2004.
Смирнoв A.И. Нoгaйский гeрoичeский эпoс. Чeркeсск, 1994.
Тынышпaeв М. Истoрия киргиз-кaзaхскoгo нaрoдa. – Aқтөбe, 1993.
Кунaнбaeв A.Б. Прoблeмa кaзaхскoй эпичeскoй трaдиций (нa музыкaльнoм мaтeриaлe 1960-80-х гoдoв). Кaнд. дисс. – Лeнингрaд, 1984.
Мoшкoв В.A. Мaтeриaлы для хaрaктeристики музыкaльнoгo твoрчeствa инoрoдцeв Вoлжскo-Кaмскoгo крaя// Извeстия oбщeствa aрхeoлoгий, этнoгрaфий и истoрий. Кaзaнь, 1893-1901.
Уәлихaнoв Ш.Ш. Сoбрaниe сoчинeний: 5 тoм. Aлмaты, 1961.
Гaджиeвa С.Ш. Мaтeриaльнaя культурa нoгaйцeв в XIX – в нaчaлe XX в. Мoсквa, 1976.
Бeляeв В.М. Oчeрки пo истoрий музыки нaрoдoв СССР. – Мoсквa, 1962.
Әбдіхалық Арайлым Амангелдіқызы
АИУ магистранты,
Шымкент, Қазақстан
«КӘЛИЛӘ МЕН ДИМНӘ» ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ МАЙЛЫ ҚОЖА ШЫҒАРМАЛАРЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ерекше өскен көркейген әдебиет болды. Даму бағытына қарап, саралап сөз етер болсақ, әлбетте, ең алдымен, ауызға ілігері, ойға оралары дәстүрлі жыраулық, ақындық поэзияның дамуы. Осы кезеңде қазақ елінің орыс патшалығы қол астындағы бодан жұрт болуына орай қазақ әдебиетінің орыс әдебиетінен үлгі, өрнек алып өскен жаңа, сыншыл реалистік жазба әдебиеті болды. Бұл – қазақ әдебиетінің үлкен, ауқымды саласы болып дамып кетті. Бүгінгі жан-жақты дамыған, байыған ұлттың әдебиеті, сөз жоқ, сол дәстүрдің заңды жалғасы. Орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне жасаған игі ықпалы, әсіресе кешегі кеңес дәуініде тамсана, тамылжыта сөз етілді. Сонымен бірге, бұл салада А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» мен Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетінің дамуы туралы айтқан ойларының орны ерекше [1; 2]. Осы үлкен әдеби екі арнаның қасында өз өсуі мен даму жолы ұзақ ғасырларға жол тартатын үшінші арна болды. Ол - өзінің ұлы бастауын ортағасырлық түрки және Алтын Орда дәуірлерінен алатын кітаби жазба әдебиет [3]. Бұл әдебиеттің аталған кезеңде, яғни ХІХ-ХХ ғғ дамуы ерекше болды. Ол тақырыптықмазмұндық жағынан да, мәндік-маңыздық жағынан да, жанрлық және көркемдік тұрғыдан да жан-жақты өсуі осы кезеңде болды. Бұл әдебиет кеңес дәуірінде саяси тұрғыда қудаланып, тоқырауға ұшырады. Үлкен мәдени ортадан ығыстырылып ауылдық әдебиетке айналды. Оның сілемі кешегі өткен ғасырдың 70-80 жылдарына келді. Әдебиетіміздің бұл саласы М.О.Әуезов айтқандай [4], тақырыбының басым бағыты мұсылмандық шығыс болды. Шығыс классикалық әдебиеті мен «Мың бір түн», «Тотынама», «Кәлилә мен Димнә» секілді ертегілері, яғни шығыс фольклорының інжу-маржандары еді. Әлбетте, кітаби ақын-жазушыларымыздың барлығының дерлік мұсылманша сауатты, арабша, парсыша оқып өскен, жер-жерде, қазақ ішінде ілім шашқан ағартушы ұстаз-молда болуына орай олардың бірінші жырлаған тақырыбы – дін тақырыбы болды [5]. Сондықтан да бүгінгі таңда оларды діни-ағартушылық ағым өкілдері ретінде қарастыру орын алды
[6].
Шындығында, бұл - өзінше өну, өсу, даму жолы, қалыптасқан дәстүрі бар, негізінен дін тақырыбын, шығыс фольклорын нәзиралық дәстүрде қайта жырлаған, бұл дәстүрді қазақ фольклорын жинау, жазып алу, қайта қорыту, қайта жырлау, кітап етіп бастыру ісінде де қарқынды қолданған басым сарыны романтикалық сарын болған ежелгі ұлттық әдеби дәстүрді бүгінгі күнге жалғаған шынайы жазба әдебиет еді. Оның мәтіндік материалдары қазір кей сәттерде жазба әдебиет, көп жағдайда фольклор, кей сәттерде қазақ халқының ауызша әдебиеттен жазба әдебиетке өтер сәтіндегі аралық кезең ретінде қарастырылып, пайдаланылып келеді. Мысалы, ғалым Н.Келімбетов жазба әдебиет, А.Қыраубаева аралық кезең, Әзібаева Б. Фольклор – дастандық эпос ретінде таниды.
Діни ағартушылық және дастандар табиғаты жөнінде ғалым Б.Әзібаева: «…Қазақ даласында Ислам дінінің тамырын терең жаюында діни дастандардың рөлі ерекше болды. Себебі, Ислам дінінің нығаюы үшін күрес әрекеттері соңғы ғасырларда екі жолмен іске асып отырды: яғни, бірінші әдіс Ислам таратушылардың іс-жүзіндегі (мешіт, медресе) үгіт-насихат жүргізуі арқылы жүзеге асса, екіншісі – ақын жанды дала тұрғындарының жан-жүрегіне жыр сөздерімен (діни дастандар) әсер ету арқылы орындалған тәрізді»,дейді. Сонымен бірге, ғалымның «Діни дастандар өзінің сюжеттері, мазмұны, шығу тарихы, даму, таралу жолдары жағынан әр түрлі. Бірақ олардың барлығы идея жағынан бірігеді, ол – Исламдық руханият құндылықтарын үгіттеу, мұсылманшылықты өмір сүрудің негізі деп түсіндіру идеясы» 7, 12-13 деген пікірі кітаби, діни ақын шығармашылығының өзіндік ерекшелігін, идеялық түп-қазығын танытса керек.
Жалпы қазақ әдебиетінің шығыс халықтары фольклоры мен әдебиеті материалдарымен жұмыс жасаған, шығармашылық еткен қазақ ақындары өте мол. Әлбетте, бұл салада ауызға алдымен ілігетіні бүгінгі әдебиеттану ғылымында кітаби ақындар, қиссашыл ақындар секілді түрлі атаулармен беріліп жүрген діни медреселерде оқыған, арабша, парсыша сауатты молда ақындар: М.Қалтайұлы, Шәді Жәңгірұлы, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайқысламұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нұралы Нысанбайұлы, Мұсабек Байзақұлы, т.б. болды. Бұлар кітаби ақын, шайыр ретінде Құран сюжеттерін, Пайғамбарлар өмірі мен ұрпақтары, діни, тарихи тұлғалар мен оқиғалар, «Мың бір түн» ертегілерін, «Шаһнама» жырларын, «Тотынама» ертегілерін, сондай-ақ Рабғузи қиссаларын, т.т. көп жырлаған, сол арқылы қазақ әдебиетін діни тақырыптармен, діни сюжеттермен т.б. байытқан кезең әдебиетіне мол үлес қосқан шығармашылық иелері болды. Бұл тақырыпқа ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында бұлардан өзге де көптеген қазақ ақындары барып жатты. Олардың қатарында ұлы ағартушы ақын-жазушыларымыз Ы.Алтынсаринды, А.Құнанбаевты да атауға болады. Ы.Алтынсарин өзінің «Қырғыз хрестоматиясында» батыс ағартушы қаламгерлердің сонымен қатар, қазақ және шығыс фольклоры материалдарын қайта қорытып, қазақ балаларына ұсынды. Бұл да өзгеше бір назирашылдық шығармашылық еді. Сол секілді Абай да «Мың бір түн» ертегілеріне зер салып, жырлап отырды. Жоғарыда аталған шығыс фольклорының ішінде қазақ ақындарының ерекше назар аударған шығармалары «Тотынама» мен «Кәлилә мен Димнә» ертегілері болды. Бұл жағдай, әсіресе, қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуына қатысты көп көрініс берді.
«Кәлилә мен Димнә» кітабы – әлемдік әдеби жәдігер. Ол Шығыс пен Батыс әдебиеттерінің тақырыптық, жанрлық жағынан дамуына бірдей үлкен ықпал етті. «Панчатантра», «Кәлилә мен Димнә», «Стефанит пен Ихнилат» сияқты әр түрлі аттармен белгілі болды. Белгілі арабтанушылардың айтуынша, Шығыстың драма мен новелла жанрларының қайнар көзі «Кәлилә мен Димнә» кітабындағы тәмсілдер мен диологтарда жатыр. Қазақ әдебиеті мен «Кәлилә мен Димнә» кітабының байланысын сөз етер болсақ, оның сюжетінің көріністері қазақтың жануарлар жайындағы «Қу түлкі», «Тасбақа мен кірпі», «Тотықұс», «Екі теке», «Ауырған арыстан», «Түлкі, қасқыр, арыстан, түйе» т.б. сияқты ертегілерінде кездеседі. Мұндағы жануарлардың бейнелерінен адамдардың әр түрлі қасиеттерін көруге болады. Түлкі сияқты айлакер, қулар дүлей күштің иелерін қулықпен, айламен жеңіп отырса, бөдене, қырғауыл сияқты әлсіздерге қулығын өткізе алмай жеңілуге мәжбүр болады.
Сонымен қатар, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде «Кәлилә мен Димнә» мысалдарының сюжеті желісімен мысал жазған қазақ ақындары де жетерлік. Мысал тақырыбына қалам тартқан қаламгерлеріміздің барлығы дерлік И.Крыловтан аударған, И.Крылов мысалдарының желісімен жазған деген болжам басым болғаны белгілі. Біз бұл зерттеу жұмысымызда қазақ ақындарының жазған мысалдарын И.Крыловтан аударған болса, қалай аударғанын, олардың мәтіндерін салыстырып көруге талаптанамыз. Қазақ ақындары жас шағында мұсылманша оқып, арабпарсы тілдерінен дәріс алып, шығыс мәдениеті мен әдебиетімен сусындаған болса, онда олар «Мың бір түн», «Ләйлі-Мәжнүн», «Кәлилә мен Димнә», «Тотынама» сияқты дүние жүзіне белгілі Шығыстың әдеби шығармаларымен И.Крыловсыз да таныс болғандығы даусыз [8: 26].
Бұл пікірді қазақ кітаби ақындарына, олардың «Тотынама» мен «Кәлилә мен Димнә» ертегілерін мысал етіп жырлауына қатысты ерекше атап айтуға болады. Мысалы, Молда Мұса, Нұржан Наушабайұлы, Майлы қожа және Шәді Жәңгірұлы мысалдары тікелей шығыспен байланысты жырланғаны дау тудырмаса керек.
Осы мәселе жөнінде «Кәлилә мен Димнә» ертегілерін орыс тілінен аударып, кітап етіп бастырған (1962 ж.) ғалым, аудармашы С.Талжанов былай дейді: «»Кәлилә мен Димнә» кітабының кейбір тараулары қазақ тілінде бұрын да болды. Мысалы, Жәһәнгер ұлы Шады төре жазған «бәлғұм бағұр» атты қысаның 22 бетінде мынадай сөз бар. «Ат қойған бәһәр дониш» бір кітаптың Айтқанын білдірейін айлап ызхар».
Аударып отырғанын өзі де жасырмайды. Бұл қыса таза қазақ тілінде жазылмаған, мұнда араб, персі, түрік сөздері аралас отырады. Осы тараудың ішіндегі басты кейіпкер – Бәрхаман. Мұны автор қате түсініп отыр, «Брахман дінідегі бір адам» деудің орнына оны кейіпкердің аты деп ұққан. Ал, қанша шұбар тілмен жазылса да, қазақ аударып отырғаны айқын сезіледі, өйткені әлгі Бәрхаманның әйелін суреттегенде:
«Бар еді бір қатыны аның және,
Сұлулық суретіне жоқтұр шама, Жүзі гүл, шәші сүмбіл, лебізі бұлбұл,
Келмеген ондай әйел бұл жәһәнға»- депті.
Осы қысаның 22-бетінен 46 бетіне дейін «Бес қатынның хикаясы» айтылады. Күйеулерін алдаған бес қатынның мекерлігін «бес бәйіт» деп атайды, онысы «Панчатантраға» («Бес кітап – бес әңгіме») мезгеп отырады, оның үстіне «Бес бейітте» ұшырайтын әңгімелердің көбі «Кәлилә мен Димнәда» («Панчатантрада») кездеседі [9: 277-б].
Автор осы жерде «Кәлилә мен Димнәны» араб тілінен қазақ тіліне аударған Сәкен Ғылыманов пен Ғұбайдолла Ахметов секілді кісілерді де атап кетеді. Яғни, «Кәлилә мен Димнә» аудармалары қазақ әдебиетінде тек орыс тілінен ғана емес, тікелей араб тілінен де аударылып отырғаны және назиралықпен қайта жырланып отырғаны аңғарылады.
«Кәлилә мен Димнә» ертегілерін мысал етіп жырлаған кітаби ақындардан өзге ХХ ғасыр басында шығармашылық еткен А.Байтұрсынов, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Дөнентаев секілді ақындарды да ерекше атап өту керек.
«Кәлилә мен Димнә», «Тотынама» ертегілерінің қазақ тілінде мысал түрінде жырлануына үлес қосқан ақындарымыздың бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Ақын шығармашылығы әдебиет тарихына қатысты көптеген әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан әр кез сөз болып келеді. Атап айтсақ, Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы», Р.Бердібай, Т.Еңсегенов еңбектері, т.б. Осы орайда, Майлы ақын шығармашылығы туралы көп еңбектенген ғалым ретінде Ә.Оспанұлын айрықша атап айту қажет. Ақын шығармаларын жинай жүріп, жинақ етіп, басы шағын «Нақыл» жинағынан басталған ақын мұрасы ғалым еңбегінің нәтижесінде өте үлкен көлемді «Майлықожа» жинағына ұласты. Майлықожа әдеби мұрасын жан-жақты қарастырған ғалымның зер салған бір мәселесі – ақын мысал өлеңдері мен дастандары [10: 115-125].
Қазақ мысалының қалыптасуы мен дамуын зерделеген ғалым Т.Еңсегенов ақын мысалдарының «Кәлилә мен Димнә» кітабындағы мысалдармен сюжеттік параллельдерге құрылғанын жан-жақты талдап, дәлелдейді [10: 25]. Майлықожа мысалдарында «Кәлилә мен Димнәдағы» дәстүрлі дидактикалық сарын сақталады. Дегенмен ақынның шеберлігіне байланысты шығармалардың көркемдік, эстетикалық жақтан түрленіп, идеялықтақырыптық жаңашылдығымен ерекшеленеді. Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары қатарында «Кәлилә мен Димнәның» мотивіне құрылған «Бұлбұл», «Қасқыр», «Тотынама», «Момын», «Аңқау мен қу» секілді бірнеше мысалдары бар. Оның «Бұлбұлы» Абай жырлайтын «Шегіртке мен құмырсқа» мысалына біршама сәйкес келеді. Бұл мысалда «ала жаздай ән салған» шегіртке еңбекшіл құмырсқадан көмек сұраса, Майлықожаның бұлбұлы өзге кейіпкерсіз жеке сөз болады. Ақын бұлбұл тағдырын адам тағдырымен сабақтастықта қарастырады: Сөйлейін медет тілеп бір алладан, Ахуалын адам бар ма біле алған?
Ауамдық, асылықпен күн кешіріп, Тірліктің әуресінде жүрер адам... Өмірдің көріп тұрмын кемігенін, Дүниеге қалай, көңілім, елігемін...
Өтерміз дүниеден бәріміз де
Ілгері бұлбұл торғай мыжазындай, - деп барып ақын ертеңін ойламаған әнші бұлбұл тағдырын жырлайды. Оқиға соңында:
Ілгері ән боп еді сайрағаны,
Жаз өтер деп қыс қамын ойламады. Ахуалы адамзаттың сол секілді, Әр адам пікір қылса ойланады...
Тұрмыстың азды-көпті толқынында
Бұлбұлдай қапаста тұр көңіл ділгір, - деп жалпы адам өмірін, тұрмысын өз көңілкүйімен байланыстырады. Сол секілді ақынның «Момын» атты мысал дастаны да «Кәлилә мен Димнәдағы» «Арыстан мен бұқа туралы» деген тараудың ішінде айтылатын бір тақуаның бастан кешкен бірнеше оқиғасы өз желісін сақтай отырып жырланады. Бірақ ақын шығарма алдында жеті шумақтан тұратын өзінің насихат жырларымен бастап, негізгі оқиғаны сөз етеді. Бұл жолдарда ақын бұ дүниенің өтпелілігін, жақсылық, жамандық туралы, жақсылықтың қай уақытта болса да, жамандықты жеңіп шығатынын толғайды.
Сөз соңында:
Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауһар тас жарық қылмай жерде жатпас.
Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,
Жақсылықты еткендер жаман таппас, - деп жақсылықты, тазалықты, адал өмірді уағыздайды.
Ақынның осы тақырыптағы келесі бір шығармасы – «Тотынама». Шығарманың атына қарап, оның негізі З.Нахшабидің «Тотынамасынан» алынған деп топшылауға болады. Әйтсе де, бұл шығарманың түп негізі «Кәлилә мен Димнә» ертегілерінде жатыр, бірақ шығарма оқиғасын бастан кешетін екі құс тоты емес, С.Талжанов аудармасында Тытава атанатын теңіз құсы деп беріледі. Сонымен бірге, бұл шығарма өз жүйесімен толық жырланбайды. Мекиеннің қоразына айтқан екі үйрек пен бір тасбақа туралы нақылы алынып тасталған. Сөйтіп, екі теңіз құсының оқиғасы дара жырланған. «Кәлилә мен Димнәда» балапандары суға кеткен екі құс көп құстарға шағымданады. Олар жиналып, өздерінің қамқоршысы құс патшасы Анкаға жалбарынады. Ол теңіз күзетшісімен соғысады, араға патша келіп килігеді. Әділ шешім жасап, екі Тытаваның балапандарын қайтарып береді. Майлықожа екі теңіз құсын қазақ ұғымына лайықтап, тоты деп алады. Құстар қамқоршысы Анканы қазақ ұғымындағы құс патшасы Самұрықпен ауыстырады. Нәтижесінде назиралық дәстүрде дүниге келген қазақы шығарма - мысал туады. Мысал жанрына барған қазақ ақындарының көпшілігі оқырманына арнап, өзі жырлағалы отырған тақырыпқа дайындайды. Сонымен бірге, мысал оқиғасының соңына оқырманның шығармадан қандай өмірлік ой түюі қажеттігін де уағыз-насихат етіп толғап отырады. Сол секілді Майлықожа да шығарма кіріспесі ретінде бірнеше шумақ өлең жолдарын береді. Шығарма соңында мекиеннің ұяны қауіпсіз жерге салу, балапандарды аман-есен өсіру жөнінде айтылған дұрыс пікірін қораз тотының тыңдамауы, даңғойлық көрсетуі, соның нәтижесінде ұяның да, балапандардың да теңіз суына қарық болуын мысал етіп қазақ өміріне қатыстырып, тұрмысына лайықтап, жақсы әйел туралы сөз етеді:
Бала деп баласынба ақылы болса, Сөзінде қариядай нақылы болса. Қатын деп қатыннан да қапыл қалма, Ілгері еркектен де ақылы болса.
Алысты жат көрмесе азаматым, Шығарса мейман күтіп ердің атын. Сол секілді әйелдің қадірін білмей, Кемсіткеннің әйел деп өзі қатын.
Жақсы қатын жігіттің жан жолдасы, Десе де бәлки «жаным» болмайды асы. Үр болып ақыретте қосылады, Аумаса бір-бірінен ықыласы.
Қарастырылған тақырыптан мына секілді мәселелерді аңғаруға болады: бірінші, қазақ кітаби ақындарының «Мың бір түн», «Кәлилә мен Димнә», «Тотынама» секілді шығыс фольклорының классикалық үлгілері мен жете таныс болғандығы; екінші, сол материалдарды шығармашылықпен қарап, талғап, кітаби назирашылдық дәстүрде қайта қорытып отыруы; үшінші, сол қорытылған материалдың өзін онан әрі елеп-екшеп, қазақ халқының бітім-болмысына, таным-түсінігіне әбден ыңғайлап жырлап, қазақ оқырманына арнап, қорытынды ойлар, пәлсафалық түйінді шешімдер ұсынып отыруы. Бұл айтылған жайлар қазақ кітаби ақындарының ол шығыс фольклоры материалын негізге алып, қисса жырласын, не хикая сөйлетсін, не мысал өлең, мысал қисса жазсын, олардың ақындық шығармашылық шеберханасының өзіндік ерекшелігін танытады. Бұл шығармашылық шеберханалық ерекшелік Майлықожаға да тән екендігі оның шығармашылығының басым бөлігінен, соның ішінде мысалдарынан да айқын көрінеді. Сонымен бірге, бұл әдеби құбылыс қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының туу, өркендеу жолын да танытады.
Қорыта айтқанда, шығыс фольклорының көрнекті үлгілері «Тотынама», «Кәлилә мен Димнә», «Мың бір түн» ертегілерін қазақ тілінде мысал өлең, мысал дастан етіп жырлаған Майлықожаны қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосқан ақын деп айта аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш // Ақ жол. -А., 1991.
Сейфуллин С. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары. Алматы, 1931
Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 2000.
Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. -А., 1991
Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. А., 1988.
Қалижан У., Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғасы. Астана, 2000.
Бабалар сөзі. Көп томдық. 1-том. Астана. 2002.-448б.
Салқынбаев М.Б. ХХ ғасырдағы қазақ-араб әдеби байланыстары. КД Алматы, 2006.
Талжанов С. «Кәлилә мен Димнә» туралы. Кітапта: Кәлилә мен Димнә. Алматы, 1962
Оспанұлы Ә. Қаратау шайырлары. Алматы: «Қазақ университеті», 1991.
Еңсегенов Т. Казахская басня. Филол. ғ.к. ... дисс. – Алматы, 1982.
Қошанова Н.
ф.ғ.к., доцент,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
Бақардинова Әйгерім Бақытжанқызы
АИУ магистранты, Шымкент, Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ САН ЕСІМДІ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тұрақты тіркестердің біршама бөлігі, мақал-мәтелдер сан есімдермен келетіні белгілі. Бұл сан есімдердің тұрақты тіркестерге тірек сөз болу себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатады. Тұрақты тіркестер ішінде кей сан есімдер тұрақты тіркестер құрамында нақты сан мағынасында қолданылғанымен, кей тұрақты тіркестер құрамында сан мағынасында қолдануы шарт емес. Мысалы, жеті ғылым тілін біледі, қырық ру дегендерде нақты саннан гөрі «көп» деген ұғымды білдірсе, жеті қазына, қырқынан шығару деген тұрақты тіркестерде сандар өз мағынасында.
Халқымыздың есте жоқ ескі заманнан бастап, күні бүгінге дейінгі өмір жолында белгілі бір жүйеге түскен көптеген қымбат қазыналары бар. Өзін қоршаған ортамен қатынас жасаудың негізінде туған қымбат қазыналар елмен қатар жасасып, халықтың өзіндік наным-сенімі мен таным-түсініктерін тудырған. Сан ғасырлық уақытқа созылған сол таным-түсініктер бірте-бірте дами келіп, ұзақ практикалық нәтижелі ізденістердің негізінде халықтың салт-санасын, сол арқылы халықтық педагогиканы қалыптастырған. Ата-бабаларымыз халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүние тану сырларын ұрпақтан-ұрпаққа жемісін үзбей жеткізіп отыруына бірден-бір себепкер – сандар, сандар негізінде пайда болған фразеологиялық тіркестер. Мәселен, үш қайнаса сорпасы қосылмайды; маңдайының соры бес елі; он ойланды, тоғыз толғанды; жеті жұртқа әйгілі; отқа келген әйелдің отыз ауыз сөзі бар; тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні; екі елі ауызға бір елі қақпақ; мың құбылды, т.б. Математикалық ұғымды білдіретін сандардың сөйлем ішінде не сөйлеу барысында сандық ұғымнан гөрі көбінесе ауыспалы мағынада жұмсалады.
Сан жөніндегі ұғым – адамзат мәдениетінің тууымен және оның дамуымен тығыз байланысты. Егер осы ұғым болмаса, біздің рухани өміріміз бен практикалық қызметімізді өз дәрежесінде көрсете алмас едік.
Алғашқы қоғам адамдары дүние, сыртқы дүние жөніндегі өздерінің саналарын табиғаттың құбылыстарын байқау арқылы дамытты. Бұл кезде алғашқы қоғам адамы табиғатты сырттай мегзеуші есебінде болады. Ақиқатында адам өзінің өмірлік ісін теориялық болжаудан немесе табиғатты тікелей бақылаудан бастаған жоқ, ол оны еңбек етіп, өмір сүру және табиғатты түрлендіріп, өзіне бағындыру күресінде бастады [1: 7-б.].
Дүние жүзіндегі халықтардың тілдері мен әдет-ғұрыптарында айырмашылық болып, алшақ жатқанымен, сандар туралы ұғым-түсінігі бір арнадан басталады. Осы сандар туралы ой қозғап, оның құпия сыры төңірегінде көп еңбек сіңірген академик Н.Я.Марр: «Халықтар қандай болса да, бәрі де бүкіл адамзат еңбек етіп, жасап шығарған сандарды пайдаланады»,- деген пікір айтады. Сондықтан барлық халықтардың күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген сандар жүйесінде ұқсастық жиі ұшырап, кейбір сандар туралы түсінігі де бірдей болып келеді.
Сан ұғымы, сондай-ақ жалпы мөлшер категориясы материалдық тәжірибе негізінде қалыптасты. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, мәселен, неміс математигі М.Кантор хайуандардың да санай алатындығын ескертеді. Ал кей ғалымдардың пікірінше, «сан – адам санасының ойдан шығарған жемісі», не «әр сан құдай белгілеген белгілер».
Бұл көзқарастардың қателігі мынады: хайуанаттар санай білгеннен гөрі әр затты түр-түсінен ажыратады дегеніміз дұрыс болар. Сандық категорияны математика тұрғысынан зерттеушілердің де, философия, тіл білімі тұрғысынан зерттеушілердің айтуында, санның түп атасы – санаға сәулесі түскен материал [2: 112-б.]. Санның тегі зат екендігін орта ғасырдың ойшыл философы, математигі, астрономы Әбунасыр әл-Фараби дұрыс көрсете білді:
«Сан, - дейді әл-Фараби өзінің «Ғылымдардың шығуы туралы» атты әйгілі еңбегінде, - бірліктерден құралған жиын болып табылады, ол субстанцияның алуан түрлі жолмен әр түрлі бөліктерге бөлінуінен шығады деп білемін. Субстанция өзінің жаратылысына тән қасиеттер бойынша шексіздікке шейін бөліне береді, сондықтан сандар да шексіз болады. Сан жөніндегі ғылым – субстанцияның бір бөлігін екінші бір бөлігіне көбейту туралы, бірін екіншісіне бөлу туралы, біріне бірін қосу, бірінен бірін алу, түбірі бар бөліктерінің түбірін табу, олардың пропорцияларын табу т.с.с. туралы ғылым. Бұдан санның дүниеге қалай келгендігі, қайдан шығып, неліктен көбейіп кеткендігі, мүмкіндіктен шындыққа, жоқтан барға көшіп, болмысқа айналудың себебі айқын көрініп тұр. Бұл ғылымды грек даналары арифметика деп атайды» [2: 112-б.].
Қазақ тіліндегі сан есімді тұрақты тіркестер құрамындағы сан есімдердің фразеологиялық бірлікке айналуының бір себебін анықтаудың мәні олардың этимологиясын түсіндіруде болуы мүмкін.
Қазақтың «бір» сөзіне татар, башқұрттың бәр, түріктің бир, хакас пәр, чуваштың пәр, пәрре сөздері сәйкес келеді. «Бір» санының этимологиясының әлі айқын еместігін айта келіп, чуваш тілінің Л.С.Левитская: «бир» - «пәр» - сөздері басқа алтай тілдерінен дәлелді параллелдерді таппай келеді. [3: 39.]
Г.Рамстедт түркі тілдері, монғол, тунғус-манчьжур тілдерінің түпкі туыстығы туралы пікірді негізге ала отырып, түрікше «бір» сөзі монғолдың «бүрі», «бәрі, барлығы» сөзімен этимологиялық сәйкестігін көрсетеді. [4: 65.]. Осы пікірге сүйенсек, «бір» сөзі мен «бәрі» сөзінің бір сөзден шыққандығы мәлім болады.
Математика тарихшысы М.Ысқақов санскритше «бір», «ека» делінетінін, қазақтың «жеке», «дара», «жалғыз» мағынасындағы сөзінің түбірін осы сөзбен түбірлес етеді, сондай-ақ, жекпе-жекті осы сөзбен түсіндіреді. Дегенмен, «бір» сөзі о баста тек жеке мағынасындағы белгілі заттың негізінде қалыптасуы мүмкін, мәселен, «Бір» сөзі Алла, Құдай мағынасын беруі әбден.
«Бір» сөзінің қазақ тілі фразеологизмдеріне тірек сөз болуы. Ғылымда акад. І.Кеңесбаевтан бастап [5; 6] киелі сандар қатарына үш, жеті тоғыз, қырық сандарын жатқызады. Осы қатарға «бір» санын жатқызу біздің міндетіміз, өйткені көбіне «Бір Аллаға тәуекел»; «Бір құдай өзің жар бола гөр»; «Бір құдайдан тілерім», «Бір құдайдың ұрғаны» сияқты діниұғымдағы тұрақты тіркестермен келеді. Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдердің табиғатын зерттеуші ғалым К.Қ.Рысбаева кейбір сан есімдер ұйытқы болатынын талдай келе, киелі сандар қатарын бір санынан бастауды дұрыс көреді. Ғалым «бір» санның «Құдай, Алла, жаратушы Ием» сөздерімен тіркесіп келетінін айтады [7: 95]. Бір құдірет – он сегіз мың ғаламды жаратушы жалғыз Алла, бүкіл дүниені, адамзат пен тіршілік атаулыны жаратушы жалғыз – Құдай немесе Алла болса, бір саны жалғыз сөзімен мағыналас келуі түсінікті жайт.
«Бір» сөзімен келетін тұрақты тіркестер қатары және олардың лексикосемантикалық топтарын сөз еткенде, оның басқа сан есімдерге қарағанда, оның лексикасемантикалық ерекшеліктері арнайы сөз етуді қажет ететіндігін айтып өткен А.Ысқақовтың пікірін айтпауға болмайды. Ғалым: «Бір сөзі есептік сан есімдерден жаңа сөздер жасайтын амал-тәсілдердің бәріне түгелдей қатысады. Осымен тынбай, бұл сөзден бавсқа қосымшалар арқылы да әр түрлі жаңа формалар (сөздер) жасалады. Осымен қатар, бір сөзінен лексика-семантикалық тәсіл арқылы басқа сөз табына ауысқан формалар да бар. Бір сөзінің осылайша әр тарапты болып келуі оның лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшелігі мол екеніне, қолданылу өрісінің орасан көп», - деп осы сан есімнің басқа сөздермен тіркесіп те алуан лексикалық мағынада жұмсалатындығын баса көрсетеді [8: 211].
Бір сөзімен келетін тұрақты тіркестер культтік мағынада жұмсалуымен қатар, заттың, нәрсенің мөлшерін білдіретін тұрақты тіркестерге де тірек сөз болады. Бұл тұрақты тіркестер сөйлем ішінде белгілі бір зат есімдермен ғана тіркеседі, яғни шектеулі тіркестер қатарына жатады. Мысалы, бір асым ет сөзімен, бір аттам жер сөзімен, бір атым насыбай сөзімен, бір білем құйрық, бір шөкім бұлт зат есіміне ғана қатысты айтылады.
Бір сөзімен келген мөлшер мәнді тұрақты тіркестер. Бір айдам жер (шамамен бір гектар жер); бір асым (асатын еттің шамасы); бір аттам (өте жақын жер), бір атым (насыбайдың мөлшері), бір ауық (бір мезгіл), бір әудем жер (біршама алыс), бір бауыр жер (халықтық өлшем – бауыр жазар немесе бой жазар жер); бір бәс (айырмасы жоқ); бір бес күн (өлшеусіз аз уақыт); бір борандық (бір суықтан қалмау); бір білем (әсіресе құйрыққа айтылатын өлшем); бір жапырақ (өлшем); бір жола / бір жолата (үзілді-кесілді); бір жұтым (су зат есімімен тіркесетін өлшем мәнді білдіреді); бір күні (күндердің күнінде); бір майдан (бір мезгіл); бір қыдыру жер (едәуір қашық); бір құлақ (егістікті суаратын судың өлшемі); бір тоға (мінездің бырсыдырғылығы); бір тайпа ел (көп халық); бір тұтам (өте қысқа, ақылға қатысты айтылады); бір түйір (аз, кішкене); бір тілім (турайтын нанға қатысты айтылады); бір уыс (алақанға сыярлық); бір шөкім (бұлтқа қатысты өлшем); бір үзім (үзетін нанға қатысты өлшем); бір шайнам (ауыспалы мағынада ақылға қатысты, яғни
өте ақылы аз дегенді білдіреді); бір ауыз сөз (азғантай сөйлеу);
Бір саны соматизмдермен тіркесіп, әр түрлі мағынада жұмсалады.
Бір ауыздан (бәрі, барлығы), бір ауызды (ұйымшыл), бір бейілді (ниеттес); бір бет (айтқанынан қайтпайтын); бір ернімен көк тіреп, бір ернімен жер тіреп (дүниені ұстап тұрған, қолынан бәрі келетін адам); бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды (бірікті, ұйымдасты); бір көзінен қан, бір көзінен жас ақты (қатты қайғырды, жылап-сықтады); бір кіндіктен (бір туған - әкесі бір); бір табан жақын (аз да болса жақын); бір ұрт (қыңыр, қырсық); бір ұрты май, бір ұрты қан (бірін жарылқап жатса, екіншісін тонап жататын залым); бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай (бірінің сөзін бірі сөйледі); бірінің етін бірі жеді (қырқысты); бір ішек болды (тамақты аз ішетін адым) т.б.
Бір сөзді тұрақты тіркестер құрамындағы бір сөзі бірде сан есім мағынасында, зат есімдермен тіркесіп жұмсалса, бірде жеке адам мағынасын білдіреді.
Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс (ертегілерде кездесетін сиқырлы кейіптеу). Білгені бір тоғыз, білмегені тоқсан тоғыз (білгенінен білмегені көп. Бұл тіркесте бір сөзінен гөрі тірек сөз – тоғыз сөзі). Бір есебін тапты (шешімін тапты); Бір аяғы жерде, бір аяғы көрде (жасы ұлғайған үлкен кісі немесе арғы ел, бергі елде жатқан ауру кісіні де айтады); Бір бас, бір тас болды (ұйымдасты); бір басқа (ерекше, бөтен); бір биеден ала да туады, құла да туады (бір туса да біркелкі емес, ұқсамайтын адамдар туралы); біреу болса да бірегей (аз да болса саз немесе жалғыз да болса көпке бергісіз); бір-біріне сеп болды (көмектесті); бір деген (ең күшті, мықты); бірден бірге жүрді (әңгіме, өсек болды); бірді бірге соқты (астан-кестенін шығарды); бірді екі етті (аса ұқыпты, пайдакүнем); бір елі қалмайды (қасынан шықпау); бір емес, екі емес (қайта-қайта); бір есептен (бір жағынан); бір есік, бір тесік заман (қысылтаяң уақыт); бір жақты болды (шаруаны тындырды); бір жасады (қуанып қалды); бір келерсің (әйтеуір ораларсың); бір киер (сыртқа киіп шығатын бар жарары); бір көрмеге (алғаш көргенде); бір көруге зар қылды (көрсетпей қойды); бір кісідей бар екен (тәп-тәуір көрікті); бір қайнауы ішінде (шикі, әлі бітпеген іс); бір қалыпқа соққандай (ұқсас); бір қалыпты (өзгермеген); бір қызарды, бір бозарды (қатты қысылды, ұялды); бір сабақ жіп алмайды (біреудің затына тиіспейді); бір салғанда мол салды (көп алды); бір сөзінде тұрды / бір сөзді (тұрақты, өтірік айтпайтын адам); сегіз қырлы, бір сырлы; бір тарының қауызына сыйғызды (қинады, қорқытты); бір тиынға тұрмайды (құнсыз, ештеңеңге жарамайды); бір тоғыз (халықтық кәде); бір төбе (ерекше); бір түлек (екі жасқа шыққан құс туралы айтылады); бір түндік астында түтін түтетті (бір үйде бірге өмір сүрді); бір түрлі (ерекше, өзгеше); бір шыбықпен айдады (ашса алақанында, жұмса жұдырығында мағынасында); бірі алтын, бірі күміс (екеуі де асыл адамдар); екі жарты бір бүтін (тең-теңімен); бірі жарты, бірі бүтін (бірі біріне тең емес); бірін-бірі көре алмайды (іш тарлық жасады); бірін-бірі қимады (іші-бауыры елжіреді); бірін қоймай/қалдырмай (бәрін түгел); бірін қуантып, бірін қуартып (алалық істеу, әділетсіздік көрсету); бір іні ішінде (сырын бүккен арам ойлы адам) т.б.
Тілімізде асқталған тұрақты тіркестер тек тілдің өткенінен ғана емес, сонымен бірге халық тарихы мен мәдениетінен хабар береді. Фразеология құрамындағы қазіргі сөйлеушіге неге тұрғаны белгісіз сан есімдер, сан есімдермен келген синтаксистік конструкциялар тілдің, халықтың өткен тарихының көзі болып табылады.
Ғалым Р.Авакова тіл бірліктерін фраземалық бірліктер деп бөліп қарастырудың негізделген шарттары деп көрсетеді: « ... ішкі формасынан толығымен айрылған, құрамындағы компоненттер лексикалық мағынан айрылған, бүтін тіркес пен оның құрамындағы бірліктердің мағынасы арасында ешқандай байланыс жоқ, тіркес тұрақтылығы мен мағына тұтастығы сақталған, тұйықталған құраламға ие, кемінде толық мағыналы екі сөзден тұратын тіркес. Тағы да айта кететін фраземалық қасиет – фраземалық мағына лексикалық мағынадан ерекшеленеді, қандай да бір себептер барысында пайда болған фразеологиялық мағына тілде қалыптасқан жүйеге кіреді және оның мағыналық заңдылығына толығымен бағынады [9: 67].
Осы пікірге сүйенсек, тұрақты тіркестер құрамындағы сан есімдер белгілі себептермен тұрақты тіркес құрамына еніп, әлем бейнесі мен ұлттық мәдениет, халықтың салт-дәстүрлері мен сенімдерін білдіретін халық санасындағы символдар болып табылады.
Қорыта айтқанда, осы мақалада «бір» сан есімімен келген тұрақты тіркестердің лексика-семантикалық сипаты мен олардың грамматикалық ерекшеліктері, конструктивтік қасиеті бірсыпыра сөз болды, зерттеуді қажет ететін қызық мәселе екендігі анық.
Жәутіков О. Жай санаудан машиналық математикаға жету. Алматы, 1959
Исқақов М. Түркі тілдес халықтардың ежелгі арифметикасы. Кітапта: Ежелгі мәдениет куәлары. Алматы, 1966
Л.С.Левитская. Историческая морфология чувашского языка. М., 1976
Г.Рамстедт. Введение в алтайское языкознание. М., 1957
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. А.: Ғылым, 1978
Тәжиев Қ. Киелі сандардың генезисі және эпикалық жырлар мен жырауларпоэзиясындағы көркемдік қызметі. Түркістан, 2004.
Рысбаева К.Қ. Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдер. Алматы, 2000.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1974.
Авакова Р. Фразеологиялық семантика. Алматы: «Қазақ университеті», 2002.
Жилкибаева Балжан
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көктал орта мектебі, Қазақстан
СӨЗ ТІРКЕСІ ТУРАЛЫ Т.САЙРАМБАЕВТЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисі жеке ғылым болып елуінші жылдары профессор М.Балақаевтың әсерімен қалыптасты, сөздер тіркесі синтаксистің қарауына енетінін өз еңбектерінде өте жүйелі айтып өтеді. Ол өзінің жай сөйлем синтаксисіне арналған зерттеуінде «синтаксис сөйлемнің грамматикалық жүйесін құрамын, сөздердің тіркесуін қарастырады» - десе, соңғы еңбектерінде одан гөрі айқындаңқырап, сөз тіркесін синтаксистің бірінші обьектісі дәрежесіне дейін көтереді [1,140]. Ол грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі ерекшеліктері бар топтарын – грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек – бөлімдерден құралғанымен, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз деп осы грамматикалық құрылымдардың айырым белгілері жөнінде біраз қасиеттерді атайды.
М.Балақаев пен Т.Сайрамбаевтың пікіріне сүйенсек, егер сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және сөз – сөйлем құраудың материалдары, яғни, бұдан шығатын қорытынды сөздер тіркесі синтаксис қарауына жататын мәселелердің бірі екені даусыз. Ол сөйлеммен тығыз байланыста қаралуы керек. Бірақ сөз тіркесі синтаксистегі тұлға емес, оның негізгі тұлғасы – сөйлем. Сөз тіркесі, көптеген ғалымдардың көрсеткеніндей, сөйлемнің бір бөлшегі – сөйлем құрауға қажетті материал.
Бұл арада академик В.В.Виноградовтың грамматика сөйлеу құрылысының заңдылықтарын зерттеудің негізі етіп алуға тиісті [2,5] деуі орынды пікір. Мұндай сөз тіркесі мен сөйлемнің арасындағы айырмашылықтарды тану мәселесі тілші ғалымдардың көбіне ой салған болатын. Мәселен, В.В.Винградов бастаған көптеген ғалымдардың сөз тіркесін номинативті, сөйлемді – предикативті деп таныған сипаттамалары болды. Алайда, сол кездегі (Н.А.Баскаков) және кейінгі ғалымдардың тарапынан (М.Балақаев, Т.Сайрамбаев, К.Аханов т.б.) бұл түсініктер біраз сынға ұшараған еді. «Өйткені, сөз тіркестерін үнемі, түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пайда болған тұрақты атаулар (социалистік жарыс, партия оқуы, қант қызылшасы, қызыл бұрыш, темір жол, мал дәрігері, су қоймасы, қол басы, су диірмен, отан соғысы, т.б.). Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет атауыш (вторичная номинация) дәрежесіне көтерілу болмақ (Мысалы: атқұлақ, қараторғай, тасбақа, балықкөз, өнеркәсіп, қолөнер, кәсіподақ, қайнаға, ашудас, белбеу, бүгін, бірісігүн т.б.)»[3,33] деп тұжырымдасақ болады. Демек, сөз бен сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының қатарына енгенімен, бұл екеуінің номинативті сипаты бірдей емес деген сөз. Біріншіден, – сөз дара ұғымның атауы болса, еркін сөз тіркесі кемінде екі ұғымның, бірақ бір-біріне қатысты, өз ара байланысты ұғымдардың атауы, екіншіден, – жоғарыда аталып өткендей, сөз затты, құбылысты, сапа-белгіні немесе іс-әрекетті бір-біріне қарымқатынассыз, жеке-дара күйінде атаса, еркін сөз тіркесі оларды бір-бірімен байланысында атайды; үшіншіден, – сөз сөйлеу кезінде тілде бұрыннан бар, қалыптасқан, даяр тұрған, бұрыннан бар атау емес, сөйлеу кезінде толық мағыналы сөздердің тіркесуінен жасалатын, олардың мағыналық және грамматикалық бірлігінен пайда болатын тіркестер ретінде ұғынылады, анығырақ айтқанда, сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдің грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқыл ие болады [4,179-180]. Осылай, сөз тіркесін «номинатив» деп тану оны «сөз» дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды. Мысалы, Н.А.Баскаков екі синтаксистік единицаларды (сөйлем мен сөз тіркесін) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу [5, 105]. Солардың бәрі - өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықталған сипаттамалар.
Сөз тіркесін сөйлемнен ажырату – жалпы тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Осыған орай ғалым Т.Сайрамбаев «сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің тіркесін жатқызамыз ба, әлде предикативті қатынасты жатқызамыз ба?» деген сауалға жауап іздеп, осының негізінде бұл күні жоққа шығарылған қағидалардан бастап, қазіргі жүйеге себеп болған ұстанымдарды салыстырып, саралап, жинақтайды. Мысалы, кейбір ғалымдардың, атап айтқанда Фортунатов, Пешковский тағы да басқалардың толық мағынасы бар грамматикалық тіркестердің барлық түрін сөз тіркесіне жатқызуы тілге тиек етіліп, қате ұстанымын айқындауға тырысады. Оның айтуынша: «Фортунатовтың пікірі бойынша, сөйлем дегеніміз сөз тіркесінің бір түрі (разновидность), көрінісі. Бұлардың пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің ешбір айырмашылығы болмайды» [6, 8]. Ал «керісінше, кейбір ғалымдар Буслаев, Потебня, Шахматов т.б. сөз тіркесін жоққа шығарды. Олардың пікірі бойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы және сөйлемнің мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мәселе тек түркі тілдеріне ғана емес, басқа тілдерде де түрліше қаралады» [6, 8] дейді.
Сондай-ақ, сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылықтары мен өзіндік ұқсастықтарына аса назар аударған ғалым бұдан басқа Н.К.Димитриев, Б.А.Убрятова, Н.А.Баскаков, Г.И.Инжековой-Грекул, В.В.Виноградов сынды т.б. ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып аталмыш мәселеге өз көзқарасын білдіріп, кей тұстарға келіспейтіндігіне толықтай ғылыми дәлел айтады. Егер бастауыш пен баяндауыштық қатынастан болмай, олар тиянақты ойды білдірсе, сөйлем деп, егер бастауыш пен баяндауыштық қатынас болмай, олар тиянақты ойды білдірмесе сөз тіркесі болады»(Н.К.Дмитиев, Б.А. Убрятова т.б.) [7, 202-203], соңғы сөз (басыңқы сөз) есімше не көсемше формасында тұрса ғана сөз тіркесі де, ал етістіктің басқа формаларында келсе, сөйлем (Н.А.Баскаков, Г.И.Инжековой-Грекул т.б.) [8, 464] деген пікірлер мен соған орай сөз тіркестерін предикативті және предикативті емес деп бөлінуін аса қолдай қоймайды. Өйткені «сөз тіркестерінің әрбір сыңарларын бұлай қарау, олардың қасиетін толық аша алмайды. Сөз тіркесі мен сөйлемді ажырату немесе олардың арасына жоғарыдағыдай шек қою дұрыс болып шықпайды. Өйткені мұндай шек қою негізгі критерий бола алмайды. Ол үшін сөз тіркесі мен сөйлемдердің әрқайсысының зерттелетін негізгі обьектілерін ашу керек сияқты [9, 11] дей келе В.В.Виноградовтың кейінгі еңбектеріндегі сөйлем мен сөз тіркестерінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын дұрыс байқағандығын атап өтеді.
Бұл принципке қарағанда сөйлемнің сөз тіркесінен бір өзгешілігі – біріншіден әрбір сөйлемнің интонациясы болады. Бұл қасиет сөз тіркесінде болмайды... . Екіншіден, негізінде сөйлемдерге тән нәрсе, олар көбіне бастауыш пен баяндауыштық қарымқатынастан құрылып, біршама аяқталған ойды білдіруі. Бұл құбылыста сөз тіркесінде үнемі бола бермейді. Сөз тіркесі толық мағыналы сөздерден құрала отырып, сөйлемнің осындай айырмашылықтары болғанымен олардың өзіндік ұқсастықтары да бар. Сол сияқты сөз тіркесі сөйлемнің негізінде жасалады. Мысалы: кітап оқыды бұл әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі. Олай болса, бір сөз табы басқа сөз таптарына ауысып отыратыны сияқты, бұл екеуі бір-біріне ауысып отырады. Әрі екеуі құрылысы жағынан кейде ұқсас келеді. Сөйлем де, сөз тіркесі де екі немесе одан да көп сөздерден құрала отырып, сөйлемдермен сәйкес келе береді. Сонымен, қорыта келгенде, сөз тіркесі және сөйлем жалпы тіл қатынасы, ой қатынасы бола отырып, әрқайсысының өзіндік объектілері бар [9, 11]. Сөйтіп, Т.Сайрамбаевтың пікірінше: сөз айналадағы обьективтік шындықтың адам басындағы сәулесі (отражения) ретінде жеке-жеке ұғымды (понятие) білдірсе, сөз тіркесі олардың грамматикалық қарым-қатынасын және мағыналық тобын білдіреді. Ал сөйлем жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды (суждение), хабарлауды, сұрауды, модальділікті білдіреді.
Сөз де, сөз тіркесі де - сөйлем құраудың негізгі материалы. Бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері барын ғалымдар тарапы ертеден-ақ аңғарған, ол туралы бағалы еңбектер де аз емес. Дегенмен, сөз бен сөз тіркесінің ұқсас және айырым белгілерін айқындау үшін, алдымен сөздің негізгі түрлерін ажыратып алуды ескерткен ғалым, әсіресе, сөз тіркесі синтаксисінің үлкен мәселесінің бірі күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің сыртқы тұлғасының ұқсастық белгілеріне және айырмашылықтарына аса назар аударады. Ол күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастығы олардың жасалу жолында емес, сөз санының көбінде, саны жағынан екеуі де екі немесе одан да көп сөздерден құралады [9, 36] дей келе, олардың арасындағы бірталай айырмашылықтарды да түсіндіре түседі. Бұл үшін сөздердің тілде атаушы қызмет атқарып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жататындығы сияқты, сөз тіркестері де заттардың, сапабелгілердің, іс-әрекеттердің атаулары ретінде қолданылып, тілдің номинативті құралдарының қатарына жатқызатын [10] К.Ахановтың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тұтастық белгілеріне қарай ажыратқан классификациясына сүйене отырып дәлелдейді.
Синтаксис мәселелерінің ішіндегі сөз тіркесінің күрделенуіне дербес мағыналы сөздермен (сөз таптары) бірге кейде дербес мағыналы күңгірт сөздердің де қатысты болатындығын дәлелдеп, түбегейлі нүкте қойған еді. Оның пайымдауындағы сөз тіркесінің аясын кеңейтуде: әр сөз тобының күрделі түрі; көмекші есім; көмекші етістік; модаль сөздер; шылаулар; нумеративті сөздер; түрлі қосымшалар; фразеологиялық тізбектер т.б. факторлар шешуші орын алады деген тұжырымы да айқындалып барып жарияланған еді.
Бұл күрделі сөз тіркестерінің жасалу табиғатын терең зерттеу үшін сөз тіркестерінің күрделену процесіне ықпалы бар, ықпалы жоқ тілдік бөлшектердің кез келгенінің қасиеттерін зерттеуіне тура келетіндігін көрсетті.
Т.Сайрамбаев өзіндік ерекшелігі бар синтаксистік байланыс түрі матасудың қиысу мен меңгеруге ұқсастығын мойындайды, сондай-ақ ең алғаш дөп басып айтқан М.Балақаевтың матасу жөніндегі матаса байланысу тек сөз тіркестерінде жұмсалады деген пікірін қолдайды.
Шындығында да, матасу ілік жалғаулы сөздің тәуелдік жалғаулы сөзді қажет етуі жағымен, бірінсіз-бірі қолданыла алмайтынын айқас байланысу жағымен анықтауыш пен анықталушы сөздің анықтауыштық қатынаста жұмсалу ерекшелігінен, бағыныңқы, басыңқы сыңар қызметтерінде зат есім немесе зат орнына жүретін сөздердің қолданылуымен өзге синтаксистік байланыс түрлерінен оқшауланады [11, 266].
Матаса байланысатын сөз тіркестерінің әрбір сыңарының жасалуына қарай оларды бағыныңқы сыңардың күрделі түрі, басыңқы сыңардың күрделі түрі, кейде екі сыңардың күрделі түрі деп қарастыру керек сияқты [9, 31] деп аталған мәселе жөнінде жеке-жеке қарастырғанда, бағыныңқы сыңарларының күрделену тәсілдеріне қарай;
а) бағыныңқы сыңары зат есімді матаса байланысқан;
ә) бағыныңқы сыңарының ілік жалғаулы сын есімнен және әр түрлі сөз таптарымен
келетін матаса байланысқан;
б) бағыныңқы сыңары ілік жалғаулы сан есім мен басқа сөз таптарының біреуімен
қосақтасып келетін матаса байланысқан;
в) бағыныңқы сыңары ілік жалғаулы есімше және қимыл есімі, үстеу, есімдік,
көсемше т.б. сөздердің келуі арқылы жасалатын матаса байланысқан;
г) бағыныңқы сыңары ілік жалғаулы тұрақты тіркес негігізгі сөздермен, модаль, көмекші етістік, көмекші есім сөздердің түйдектелуі арқылы көмекші сөздердің қатысуымен матаса байланысқан;
ғ) бағыныңқы сыңардағы сөздердің қосарланып барып ілік жалғауын жалғайтын
матаса байланысқан;
д) бағыныңқы сыңары кейде ілік жалғаулы қысқарған сөздер арқылы жасалатын матаса байланысқан т.б., ал есімді күрделі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларының күрделену тәсілдеріне қарай;
а) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы зат есіммен зат есімнің келуі арқылы;
ә) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы зат есіммен сын есімнің келуі арқылы;
б) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы зат есіммен сан есім не есімдіктердің
тіркесуі арқылы;
в) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы зат есіммен есімшенің тіркесуі арқылы;
г) тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы қос сөзді зат есімдер арқылы тіркесетін
есімді күрделі сөз тіркесінің болатындығын байқаймыз.
Ғалым бір ғана сөз тіркесінің құрамындағы үш немесе одан да көп зат есіммен келетін күрделі қабыса байланысу түрінің болатындығын дәлелдеуі біраз мәселенің басын ашып бергендігі сөзсіз. Мысалы, аю төс ене, мұз балақ қыран, жылан бас тастар, қошқар мұрын жігіт, қошқар мүйіз ою,мая жүн шекпен т.б. Өйткені «бірнеше зат есімнің орын тәртібі арқылы жалғаусыз тіркесі тек профессор М.Балақаевтың еңбегінде бірер сөзбен айтылғаны болмаса, арнайы зерттеудің обьектісі болған емес» [9.89] еді. Бұған қарап бұл құбылысқа тән мысалдар тілімізде өте аз деуге болмайды. Үш немесе одан да көп зат есімдер арқылы сол қалпында ғана күрделі сөз тіркесін құрайтын бұларға ғылыми еңбектерде бірталай мысалдар келтіріп, «сонымен үш немесе көп сөзді зат есімдердің әрбір бағыныңқы сыңарлары өзара түйдекті тіркес құрай келіп, бір-бірімен сатылана байланысу негізінде (бұл арада олар жарыспа байланысқа түспейді) күрделі сөз тіркесін құрайды деп жалғаулықсыз қабыса байланысқан зат есімдердің түрлерін: қашықтықты білдіретін (Мысалы: Қуғыншылар қол ұстам жерде қалды («Қазақ әдебиеті»)), бір нәрсенің неден істелетіндігін білдіретін (Мысалы: Сабалы денесіне мая жүн шепенді желең жамылған (Ә.Нұрпейісов)), бір нәрсенің неге арналғандығын білдіретін (Бескөл құрастырмалы бетон цехы және басқа кәсіпорындар пайда болды(Ә.Нұрпейісов)), кәсіпті білдіретін (Мысалы: Ақанмен аңға шыққандар бағанағы күрең қасқа атты төре тұқымынан Жұпынының Әлжаны мен оның жылқышысы – ақынның қасынан соңғы кезде бір елі қалмайтын қалжыңқой серігі Шәкей, әнші жігіт Сұлтанмұрат еді (С.Жиренов)), бір нәрсені салыстыру ыңғайында көрсететін (Мысалы: Кебеже қарын шаш алғыш шебер үлкен ақ шүберекті менің басыма әкеліп, сілкіп тұр екен (Ғ.Мүсірепов)) т.б. деген бес түрлі мағыналық топтан тұратындығын айтады. Бұдан өзге қабыса байланысқан зат есімдердің қосарлануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің болатындығын, олардың өзіндік ерекшелігі барын айтады деп мынадай сөйлемдерді мысалға келтіреді. Мысалы: Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен, бұлаңдап түсіп шығар кемесінен; ішіне қарын-қарын суды құйып, шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен (Қазақ халық жұмбағы). Өзен бойлай тағы да үйір-үйір жылқы, қора-қора қой, мөңіреген сиырлар кетіп барады (Ш.Мұртаза) т.б. Осындағы қарын-қарын, үйір-үйір қосарлы зат есімдері де және қосалқы айқындауышты ұстаз – шопан дегендер екі-екі зат есімдерден құрала келіп, күрделі форма жасап отыр, -дейді.
Сол сияқты өзіне дейінгі еңбектерде сөз болмаған таза сын есімді күрделі сөз тіркестерінің топтары жөнінде айтып ізге салған Т.Сайрамбаевтың көзқарасы көпшілік ғалымдар тарапынан сол кезде-ақ қолдау тапқан болатын. Өйткені екі не одан да көп сапалық сын есімдердің түйдектеле қолданылуы, заттың сапасын күшейту үшін қолдану құбылысының қазақ тіліндегі үлгілерін жүйелеудің басы саналатын бұл еңбектердің маңызы зор болды. Әрине, сапалық сын есімдер жөнінде морфологиялық жағын зерттеп «сөз арасында ғана затқа қатысты қолданылатынын екі немесе одан көп сапалық сын есімнің күрделі түрде тіркесіп сол тобымен заттың анықтауыштық қызметінде жұмсалатындығы жөнінде Т.Сайрамбаев еңбектерінен бұрын айтылмады дей алмаймыз, бірақ оларда сын есімнің жай сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі тұрғысынан арнайы зеттелмеген болатын.
Сөз тіркестерінің тіл білімінде қалыптасқан есімді сөз тіркестері және етістікті сөз тіркестері деген жүйемен қарастыра отырып ғалым « ...бірақ тіліміздегі барлық сөздердің тіркесі осы екі түрдің айналасында топталады деп тұжырымдауға болмайтын сияқты. Тілтілде барлық сөзде үнемі есімді, етістікті сөз тіркестері ретінде келе бермей, өзіндік ерекшеліктерімен топталатыны бар. Мәселен, тұрақты тіркес тобы мен түйдекті тіркестер тобын алайық. Олар сол тобымен немесе етістікті не есімді тіркестерге қатысты болмай-ақ сөз тіркестерінің бір сыңары ретінде жұмсалатындығы айқын» [8,152] деп есептейді.
Қабыса байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестерінің құрамындағы сын есімдердің немесе сын есімденген сөздердің етістікпен тіркесі, сан есімнің етістікпен тіркесі секілді дербес қаралған тақырыптардағы айта кететін мәселе, көп жағдайда түсті білдіретін сапалық сын есімдерде, қатыстық сын есімдерде етістіктермен тікелей тіркеспейтіндігін , тек, сын есім сөз немесе сөз тіркесі заттық мағынаға ауысқан жағдайда немесе зат не құбылыс атауын араға салғанда ғана, сондай-ақ, қосымша арқылы ғана байланысатындығын айтады.
Ал мұндай байланысу формасы қабысу болатындығына күмән келтіреді. Себебі, бұл жағдайда яғни, субстантивтену және сын есім мен зат есім байланысы қабысудың табиғатына келмейді.
Сөз тіркестерінің ішінде етістікпен тіркескен сан есімнің түрлері ғалымдардың пікірінше; бірі мезгілді білдірсе, бірі қашықтық өлшемін білдіреді, енді бірі – қимылдың дүркінділігін білдіреді. Сан есімдердің етістіктермен тіркесі қабілетінің бейімділігі түрлі жағдайда бола беретіндігін (тікелей етістікпен, қосымша арқылы, көмекші есім арқылы) ғалымдардыңі көбісі айтады. Осыған орай Т.Сайрамбаев сан есімдердің етістіктермен тіркесінің таза түрдегі тіркес, нумеративті сөздер, түрлі қосарлы сөздер арқылы тіркесетіндігін айтып, әрқайсысын жекелей қарастырады. Жік бойынша таза сан есімді етістіктермен тіркесінде көбінде есептік сан есімдердің (Үйірін бөрте айғырдың бөліп алып, Құлынды жиырма екі байлап алды ("Батырлар жыры"), Әлемді он сегіз мың киіндіріп... (қазақтың халық жұмбағы) жұмсалуы жиірек болады. Қазақ тілінде ғана емес түркі халықтарына тән көсемше арқылы етістікпен тіркесу тәсілі сан есімдерге де тән екендігінде ғалым көптеген зерттеушілердің еңбектерінен ала отырып, саралап, жинақтайды. Жалпы, көсемшенің етістікпен тіркесетін кезі тілімізде жиі кездеседі. Дей тұрғанмен, ғалымдар көсемшелердің күрделену процесіне арнайы тоқтала қоймаған. Тіпті, М.Балақаевтың еңбектеріне дейін көсемше жөнінде морфологиялық тұрғыда сөз болды да, синтаксистік жағынан олар әрі баяндауыш, әрі пысықтауыш қызметінде жұмсалады деумен шектелді, сөз тіркесі жағынан ештеңе айтылмады. Біз талқылап отырған зерттеушінің еңбектерінде көсемшенің күрделену процесін екі үлкен топқа бөліп, ішінара талқыға салғанда аталған мәселенің біраз жақтарын көрсетеді. Бұл арқылы қимылдың қасиеттері көсемше арқылы түрлі жағдайға көше беретіндігін аңғарамыз (істелу амалын, себебін, мезгілін, мақсатын, шегін, созылыңқылығын, қарқынын т.б.).
Сөз тіркестерінің бірі меңгеріле байланысқан етістіктерден болатындығы талай ғалымдардың еңбектерінде қозғалған мәселе. Н.Сауранбаев «... табыс, барыс, жатыс, болмаса шығыс, көмектес септіктерде тұруын керек етуін – меңгеру» десе [12, 65], мұның өзі М.Балақаевтың 1948 жылы жазылған еңбегінен соңғы пікір. Өйткені, бұдан ертерек ғалымдар меңгеруге ілік септігін де жатқызған болатын. М.Балақаевтың ілік септігін матасу деп қарауынан соң шешімі табылған еді. Т.Сайрамбаев та етістікті сөз тіркестерінің күрделі түрін сөз еткенде осыны басшылыққа алады. Жіктеу барысы атау мен іліктен өзге септіктерден құралу жағы әрине, М.Балақаевтың жіктелімімен ұқсас келуі заңды нәрсе. Дегенмен, меңгеріле байланысу кезіндегі етістіктің түрлі қасиеттерінің белгісін анықтаған ғалым еңбегі ғылымға бірталай үлесін қосты.
Сол сияқты сөз тіркестері мен сөйлем мүүшелерінің арасындағы қарымқатынастардың болатындығын былай түсіндіреді:
Еркін сөз тіркестерінен күрделі сөйлем мүшесіне ауысу процесі барлық тілде үнемі жүріп отыратын құбылыс. Бүгін, кемпірқосақ, баспасөз, келісап, жезқазған сияқты біріккен сөздер уақытысында кемінде екі сөзден құралып, өзара еркін сөз тіркесі болғаны белгілі. Сонда олар бұл күн, кемпір қосақ, баспа сөз, келі сап, жезді қазған сияқты әрі есімді, әрі етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының әлсіреуіне байланысты енді күрделі лексикалық топ құрайды да, сөз тіркесі жағынан бір-ақ сөйлем мүшесі дәрежесіне жетіп отыр. Мұның өзі әдеттегі сөз тіркестері енді өзара бірігу арқылы сөз тіркес іқасиетінен айрылып сөз тіркесінің бір сыңары бола отырып, бір сөйлем мүшесі дәрежесіне ауысуы. Кейде сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына түрлі жұрнақтардың жалғануынан олардағы грамматикалық қатынасы жойылып, сөз тіркесінің күрделі сыңарын құрайды. Мысалы, 15-20 қойлы ауыл деген де қой басыңқы сөзіне лы қатыстық сын есімінің жұрнағының жалғануы енді ол сөздегі басыңқы сөз бағыныңқы қызметке, яғни, сол тобымен анықтауыштық қатынаста жұмсалатын дәрежеге ауысып отыр. Мұның өзі жалпы сөз тіркестерінің сөйлем мүшесіне ауысу процесіндегі өзіндік бір құбылысы.
Бұдан сөз тіркестеріне қарағанда сөйлем мүшелерінің аясының кеңдігін, екіншіден, мағыналық жағынан да мол ауқымды екенін көруге болады т.б. [13,26].
Сонымен қорыта айтқанда, профессор Т.Сайрамбаев синтаксис саласының өзекті мәселелерінің бірі саналатын сөз тіркестерін қазақ тіліндегі кез келген құбылысқа байланыстырып зерттеп көріп қатысты, қатыссыз дәрежелерін, ұқсас тұлғалардың айырмашылықтары мен ұқсастық белгілерін айқындап, бұрынғы ғалымдар қалыптастырған қағидалармен ғана шектелмей, елеусіз қалған көптеген құбылыстардың бетін ашты.
Әдебиеттер:
Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. А., 1981
Виноградов В.В. Вопросы изучения словосочетаний. «Вопросы языкознания»,
1954, №
Сайрамбаев Т. Сын есімді етістік сөз тіркестері // Қазақ тілімен әдебиеті. № 1. 1999./ М.Жолшаевамен бірге.
Мелиоранский И.П. Краткая гамматика казах-киргизского языка. Часть ІІ,
Синтаксис. СПб., 1897
Убрятова Е.И. Исследования по синтаксису якутского языка. М. –Л., 1950.
Петерсон М. Очерки синтаксиса руского языка, М., 1923
Жубанов Х. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата, 1966
Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы А.,1950
Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А. 1966
10.Виноградов В.В. Вопросы грамматического строя, М., 1955
Убрятова Е.И. Исследования по синтаксису якутского языка. М. –Л., 1950.
Современный казахский язык. А., 1962.
Томанов М. Мезгілдік қатынаста жұмсалатын көмекші есімді сөз тіркестері. Қазақ тіл білімі мәселері. 1959.
Кулжанова Назипа Бабашевна
«Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Түркістан, Қазақстан
ЗАТТАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСҚАН АТАУЛАР
Халықтың дүниені танып білуі, өзі өмір сүріп отырғын ақиқат дүниеге деген көзқарасы күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі, шаруашылығы мен кәсіби қызметіндегі тәжірибеге негізделген. Қандай да болсын белгілі бір зат пен құбылысты тану, оның сыртқы бейнесі мен адамға тигізетін пайдазиянын ажырата білу, оның түрлі әсерін бақылап, түйсіну, күнделікті тәжірибеде қолданудың нәтижесінде жүзеге асады. Танылған заттар мен құбылыстар айрықша қасиеттеріне, өзіндік ерекшелігі мен пішініне, адам санасында қалдырған әсеріне қарай белгілі бір атауға ие болады. Бұрынғы тұрмыстағы адам ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жасалған сан алуан заттар, бұйымдар, құбылыстар халқымыздың этнографиялық мұрасы болып табылады. Олай болса этнографизмдер дегеніміз – этнографиялық заттар мен құбылыстардың атауы. Басқаша айтқанда, «этнографизмдер дегеніміз – өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері» [1, 18 б.]. Этнографизмдерді зерттейтін сала тіл білімінде этнолингвистика деп аталады. Этнолингвистиканың негізгі мақсаты – қазақ тілінің қазіргі қалпындағы ерекшеліктерді емес, өткен тұрмыстағы халық тәжірибесінен туған ұлттық болмысымызды, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан этномәдени ұғымдарды зерттеу. Олай болса көне этнографизмдерді жинақтап толықтыруда, ұлттық сөздік қорымызды, байырғы төл сөздерімізді жаңғыртуда тіл біліміндегі осы саланың маңызы зор екендігі айқындала түспек.
Әйел қолынан шыққан әрбір бұйым белгілі бір мақсатпен жасалып, күнделікті тұрмыста бір немесе бірнеше қызмет атқарады. Айталық, киіз аталатын бұйым киіз үйдің төбесін жабуға, жерге төсеуге, киім тігуге, қабырғаға ілуге, кейбір салт-дәстүрді атқаруға қолданылады. Сол сияқты жүннен есіп жасаған жуанды-жіңішкелі жіп, арқандар киіз үй жабынын бекітуге, көші-қон кезінде заттарды буып-түюге, мал байлауға немесе оны жетекке алып жүруге, ат, түйе жабдықтарын (шылбыр, бұйда, тұсау, өре, т.б.) жасауға т.б. пайдаланады. Сондықтан затты белгілі бір мақсатпен дайындау және ол бұйымның қолданылу ерекшеліктері сол заттың тұрмыстағы ролін, атқаратын қызметін анықтайды. Мұндай экстралингвистикалық (тілден тыс) факторлар тілде өз ізін қалдырады. Басқаша айтқанда, заттардың қолданылу орны мен ерекшелігінен мәлімет беретін мұндай атаулар уәжі қызметіне байланысты этнографизмдерге жатады.
Киіз үйдің сүйегін (ағаш бөлшектерін – кереге, уық, шаңырақ) жасау ер азаматтардың міндеті болса, оның жүннен, теріден жасалған жабдықтарын дайындау әйелдердің міндеті болған. Киіз үй жабдықтарының көпшілігі дерлік киізден жасалатыны баршамызға белгілі. Қазақ киіз үінің сыртына тұтылатын, ағаш қаңқасының сыртынан жабылатын, ыстықсуықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын киіз жалпы атаумен жабу киізі деп аталады. Киіз үйдің жабу киізі алты қанат үй көлемінде сәйкес келетін ши бойымен басылады. Оны қалыңдау, ширақ етіп дайындайды.
Таулы жерлерде көктемнің, күздің түнгі салқындарында яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келген жағдайда үй ортасына отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылынып әрі тамақтану үшін от басына төсеніш қажет болған. Бұл киіз отқа ең жақын төселетіндіктен от киіз деп аталған. От киіздің өзіндік шығу, даму тарихына көз жіберсек, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, адамның табиғатты игеріп, өзіне қолайлы жағдай жасауы, осы процестердің нәтижесінде қолөнер бұйымдарының үнемі жетіліп, дами келе жаңа түрлерінің пайда болуын көреміз.
Қазақтың жерлеу салтында мәйітті үйден арулап орап алып шығуға арналған киізді иман киіз деп атайды. «Қарыс жерде қаза бар, өзекті жерде өлім бар» дейтін халқымыз «өлім айтып келмейді» деп қарт адамдар арасында иман киізін арнайы жасатып, теңінде сақтайтын әдет болған.
Жай күндері шиыршықтап орап, алып қоятын, сыйлы қонақтар келгенде, солардың астына төселетін, арнайы жасалған сәнді сырмақ – төр сырмақ деп аталады. Төр сырмақ төрге төселетін болғандықтан өте әсем етіп жасалады, қонақ көрпенің астынан салынады. Ескерте кететін бір жайт: жоғарыда келтірілген от киіз бен төр сырмақ этнографизмдерінің қалыптасуына олардың қолданылатын орны, яғни уәжі кеңістікке байланысты екендігі де дау туғызбайды. Жалпы, атаудың қойылуына негіз болған белгілер бір емес, бірнешеу бола беруі де мүмкін. Ол жөнінде ғылыми еңбектерде айтылып та жүр. Дегенмен, біз бұл бұйымдардың тұрмыста атқаратын қызметін басым санап, «қызметіне байланысты атаулар» тобына енгізіп отырмыз. Қысқасы, бұларды екі уәжді (екі белгісі бар) атаулар деп санаймыз; нақты айтсақ: оның біріншісі – атауға негіз болған себеп – оның қолданылатын орны, екіншісі – атқаратын қызметі, қолданылу себебі.
Қазақ сырмақтары көлемі жағынан негізінен 4 түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі ең үлкені – көш сырмақ, екіншісі – төсеніш сырмақ, үшіншісі – төр сырмақ, төртінші түрі төсек сырмақ деп аталады. Көші-қон кезінде түйеге артқан жүктің үстіне сәндік үшін жабылатын сырмақты көш сырмақ дейді. Көш сырмақтар көлемі 3-4 метрдей көлемде көштің сәнін арттыру мақсатымен арнайы жасалып, әдемілігі жағынан кілемнен кем түспеген. Оны күнделікті төсеніш ретінде пайдаланбаған, тек қажетті жағдайда ғана төрге «бір салар» бұйым ретінде қолданған.
Төсек сырмақ. Сәнді етіп жасалған бұл сырмақ төсек үстіне салынады. Кей жерлерде бұл төсек алды сырмағы аталады деп көрсетіледі [2, 58 б.]. Бірақ этнографиялық, мәдениеттану саласындағы еңбектерге зер салып қарасақ, екеуінің қызметі екі басқа екендігі байқалады. Дәлірек айтқанда, төсек сырмақ адамның жататын, тынығатын төсекағаштың (кереует) үстіне салынса, төсек алды сырмақ жертөсектің орнына (жерге салатын төсектің орны) немесе төсекағаштың алдына төселеді.
Жасау сырмақ. Қазақ дәстүрінде ұзатылатын қызға жасау дайындағанда, қыз жасауына енетін дүние-мүліктерді жұптап емес, тақ сандарды білдіретін өлшемдермен жасаған. Мысалы, әрбір жасау түрін 3, 5, 7, 9, 15 тіпті 41-ге дейін жасағандығы туралы деректерді оқимыз [3, 132 б.]. Әдетте, ауқатты отбасылар жасау түрін жетіден жоғары етіп жасаған. Яғни, жасауға дайындалған көрпелер жетеу болса, сырмақ та, жағалы киім де жетіден болған. «Қызға алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деп санаған халқымыз жасау сырмақты ерте бастан дайындап, теңге буып сақтаған. Мұндай жасау сырмақтарының құрамына келін болып түскен елдегі үлкен шаңырақтың отына салуға, абысын-ажын, қайын-қайнағалардың сыйлыларына арналған киіт сырмақ, отау үйіне арналған отау сырмақтар енеді. Бұрынғы қазақ тұрмысында мал шаруашылығындағы жұмыстарға, көшіп-қонуға ең қажетті бұйымдардың бірі арқан-жіп болған. Күнделікті тұрмыста арқан-жіпті киіз басуға, киіз үйді бекітуге, т.б. жиі қолданған. Арқан деп көбінесе шетпұшпақ өлі жүндер мен жабағы жүн, түйе жүні, ешкі жүні, жылқы қылынан есіп жасалатын ұзын, жуан, ең мықты жіпті айтады. Әйел қолөнерінің арқасында дайындалып, түрлі қызмет атқаратын арқан, желі, ноқта, т.б. және әртүрлі баулар мен жіптер есіп жасалатын жіп түріне, ал басқұр, жел бау, нар ноқта, тең таңғыш, құр жіп, т.б. аталатын заттар тоқып және өріп жасалатын жіп тобына жатады. Арқандар сонымен бірге қайыс таспалардан өріліп те жасалатын болған. Арқанның шаруашылықта, күнделікті тұрмыста атқаратын сан түрлі қызметіне орай қалыптасқан бірсыпыра атаулар бар. Ол атаулардың бойында дәстүрлі қазақ мәдениетін танытатын ақпарат сақталған. Қосақ арқан. Ертеректе қазақ аулы қойды қосақтап сауатын болған, сондықтан ол арқанның ішіндегі ең ұзыны болып табылады. Тілімізде қосақ арқан аталатын бұйым қосақ тұлғасында да қолданыла береді. Соған орай бұл заттың түрлері қой қосақ, салма қосақ, шалма қосақ, керме қосақ, т.б. деп жіктеледі.
Керме арқан – той-томалақ, мереке, ас беру сияқты ұлы жиындарда ауыл сыртына жуан, мықты аштардан баған орнатып, сол ағаштың екі ортасына қатты тартылып керілген ұзын да мықты арқан.
Бұрынғы уақытта керме арқан көбінесе кісі үзілмейтін ауыл ағасы, билер мен байлардың үйлерінің маңына тартылған. Бұл да қазақ мәдениетінің өзіндік бір көрінісі ретінде көңіл аударады. Өйткені керме арқанның гигиеналық, экологиялық, этикеттік мәні болған. Бұрынғы дәстүрде үйдің есігіне яки түбіне дейін ат үстінде келу әдепсіздік саналған, кім болса да өте бір асығыс, қиын жағдай болмаса, ауылға жақындап келгенде, үйден аулағырақ жерде атынан түсіп, үйге жаяулатып келген. Оның үстіне аулағырақ жердегі керме арқанға аттарды байлап қою ауыл-үй тазалығын қамтамасыз еткен. Керме арқанды қашаған жылқының алдынан керіп ұстауға да пайдаланатын. Осы бұйымның этномәдени семантикасынан оның ұзын арқан екендігі байқалады. Керу деген сөздің өзі де «кең жазу, созу» деген ұғымды білдіреді, олай болса, керу үшін арқанның неғұрлым ұзын болуы керектігі өзінен-өзі түсінікті болып шығады. Сонымен бірге, керме арқанның киелілік қасиеті бар деп саналған. Сондықтан байырғы қазақ қауымында ит-құстан сақтану үшін қора маңынан керме арқан керетін ырым орын алған.
Желі арқан – мал сауу үшін отбасы малдарының төлдері мен енелері байланатын, арнайы керілген арқан. Желі арқан мықтылық үшін, негізінен, арқанға қыл қосылып есіледі. Халық тілінде бұл арқан түрі желі, желібау деп те қолданыла береді. Желі арқанның, яғни желінің бұзау желісі, құлын желісі, бота желісі сияқты түрлері болады.
Киіз үйге байланысты қолданылатын бірсыпыра арқан атаулары да олардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқандығы төмендегі этномәдени деректерден байқалады. Бұл ретте белдеу арқан, жел арқан, басқұр арқан, салма арқан, т.б. түрлерін атап көрсетуге болады.
Жел арқан жел соғатын жаққа қағылған, кей жерде күйеу қазық деп аталатын қазыққа мықтап байланады. Өйткені бұрынғы салт бойынша ұрын келетін күйеу жел көп соғатын ауылдың сырт жағымен келетін болған.
Күнделікті қажеттілікке арнап қазақ әйелдері неше түрлі жіптер мен баулар жасаған. Бау мен жіптер бір нәрсені бекіту, байлау үшін қолданылғанмен, екеуінің өзіндік айырмашылықтары бар. Жіп дегеніміз жүннен есілген кішігірім арқанша. Жіп әр уақытта да қандай шаруаға болса да жұмсала береді және ешбір затқа ұзақ уақытқа тұрақты байланып бекіп қалмайды. Ондай жіп түрлеріне мынадай бұйымдарды жатқызуға болады: бас жіп – мал байлауға арналған жіп, өре жіп – аттың аяғына өре салатын жіп, тең жіп – теңді буып қоятын жіп, тұсау жіп – аттың екі аяғынан байлап, тұсап қоятын жіп, тіз жіп – түйені тіздейтін (тізерлеп байлайтын) жіп (тізде, тізе сөздерінің түбірі – тіз), үзеңгі жіп – түйеге ерсіз мінгенде аяқты салып отыратып, үзеңгі орнына қолданатын жіп, күрде жіп – бие сауғанда бір аяғын мойнына аса байлап қоятын жіп, яғни биені күрделеуге арналған жіп, бұғалық жіп – жылқыны бұғалықтауға арналған жіп, т.б.
Бұлардан басқа эстетикалық қызмет атқаратын бау-шу, басқұрлардың түрлері болған. Мәселен, аяқ бау, қызыл басқұр, ақ басқұр, үзік бау, т.б.
Ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу мәселесі қазақ қолөнерінің тілдік сипатын анықтауға қажетті міндеттің бірі болып саналады. Тіл мен мәдениет негізінде қалыптасқан қазақ қолөнеріне байланысты атаулардың уәждік белгілерін айқындау, жылжымалы баспана – киіз үйдің жабдықтарын, тұрмыста және шаруашылықта қолданылатын заттарды сипаттап, этнография деректерін келтіре отырып талдау ономасиологиялық тұрғыдан сипаттаудың қырын көрсетеді
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қайдаров Ә.Т. Этнолингвистика // Білім және еңбек. 1985. №10. 18-22-бб.
Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007. –232 б.
3.Айдаров Т. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. –Алматы: Мектеп, 1975. – 184 б.
Джилкибаева Улжан
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Октябрь –Жеміс» орта мектебі, Қазақстан
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖАЙЫНДАҒЫ
Ы.МАМАНОВТЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Қазiргi заман тiл бiлiмi – дамудың биiк шыңына көтeрiлiп кeлe жатқан кeң салалы, көп тармақты iлiм. Oның кeшeгi кeзeңiнe көз жiбeргeн жағдайда ғана тiл бiлiмiнiң қазiргi күйiн, сипатын тoлық түсiнугe бoлады. Әр дәуiрдe қалыптасқан, өмiр сүргeн алуан түрлi тiлдiк мeктeптeр, oлардың ұстанған ұстанымдары сoл өз дәуiрi тұрғысынан бағаланып, oлардан бұрын нe бар eдi, бұлар oған нe қoсты, кeйiнгiлeрдiң өздeрiнeн бұрынғылардан артықшылығы қандай дeгeн тұрғыда қаралуы кeрeк. Қай халықтың да өсiп өркeндeгeн ғылымы мeн iлiм-бiлiмiнiң көш басында сoл халықтың ғылымына, әдeби-мәдeни, қoғамдық-саяси өмiрiнe eңбeк сiңiргeн,oның iргeлi тeoриялық тұжырымдарына eлeулi үлeс қoсқан ардақты eсiмдeрдiң тұрары сөзсiз. Сoндай ғалымдарымыздың бiрi – Ы.E.Маманoв – қазақ тiл бiлiмiнiң мoрфoлoгия саласына қалам тартқан ғалым.
Ы.E.Маманoвтың қаламынан туған iрiлi-уақты мақалалары, тeзистeрi, көлeмдi eңбeктeрiнiң саны 70-тeн асады. Көзi тiрiсiндe жарық көргeн eңбeктeрiнeн басқа ғалымның ҚР ҒА Тiл бiлiмi институты қызмeткeрлeрiнiң қoлға алуымeн 2007 жылы
«Ы.Маманoв. Қазақ тiл бiлiмiнiң мәсeлeлeрi» атты шығармалар жинағы жарық көргeнiн eрeкшe атап өткeн жөн. Ғылым, мәдeниeт, өнeр қайраткeрлeрiнiң твoрчeствoлық мұрасы санымeн нeмeсe көлeмiмeн өлшeнбeйдi, мән-маңызымeн, бeлгiлi салада атқарған тарихи қызмeтiмeн, жалпы дамуға тигiзгeн әсeр ықпалымeн өлшeнeдi, бағаланатынын eскeрсeк, ғалым қаламынан туындаған тiл бiлiмiнiң мoрфoлoгия саласына арналған 70тeн астам ғылыми мақаласының, көп жылдар бoйы жoғары oқу oрындарында дәрiс oқып, студeнттeргe арналған ғылыми-әдiстeмeлiк eңбeктeрiнiң мoрфoлoгия тeoриясының дамуына тигiзгeн әсeрi санымeн eмeс құндылығы арқылы бағаланған дeугe бoлады.
Қазақ тiл бiлiмiнiң мәсeлeлeрiнe байланысты ғылыми eңбeктeрдe, мoнoграфияларда, шoлу мақалаларда ғалымның құнды пiкiрлeрi eскeрiлiп, талданып, 2002-шi жылғы «Қазақ грамматикасының» мoрфoлoгия бөлiмiндe Ы.Маманoвтың кeйбiр ғылыми тұжырымдары, пайымдаулары нeгiзгe алынған. Ғалым тiл ғылымының қай саласына бoлмасын, өзiндiк oй-пiкiрiмeн кeлiп, ғылымда әбдeн қалыптасқан, даусыз мәсeлeлeрдi қайталамай, үнeмi мәсeлe eтiп қoятындай тiлдiк фактiлeргe eрeкшe назар аударып oтырады. Сoндай мәсeлeлeрдiң бiрi – сөздiң мoрфoлoгиялық құрылымы тақырыбы.
Сөздeрдiң мoрфoлoгиялық құрылымын қарастырғанымызда, алдымeн, «Сөз дeгeнiмiз нe жәнe oл қандай тұлғаларға бөлiнeдi?»- дeгeн мәсeлeгe тoқталмақпыз. Бұл жөнiндe ғалымдар арасында әр түрлi пiкiрлeр айтылып жүр. Сөзгe анықтама бeрудiң әр түрлiлiгi қай ғалымның қандай тiлдi зeрттeп, қай тұрғыдан айтқан пiкiрiнe байланысты әртүрлi бoлып кeлe бeрeдi. Сoл сияқты түркi тiлдeрiн зeрттeушi мамандар тарапынан сөзгe бeрiлгeн анықтамалардың iшiндe дe айырмашылықтар кeздeсiп oтырады.
Бeлгiлi қазақ ғалымы Н.Сауранбаeв: «Сөйлeмдeгi oйдың бөлшeгi бoлатын бeлгiлi ұғымның дыбыстық көрiнiсiн сөз дeймiз» - дeп, сөздi сөйлeмдeгi бeлгiлi бiр oй бөлшeгiнiң дыбыстық көрiнiсi рeтiндe таниды [1].
Ал А.Ысқақoвта әр кeздe жарық көргeн eңбeктeрiндe әр түрлi анықтама бeрiлeдi: «Сөздeр адамның сeзiмi арқылы қабылданған заттардың, oлардың әр алуан қасиeттeрiнiң, сапаларының, әрeкeттeрiнiң бeйнeсi» [2]; «Бeлгiлi бiр ұғымның атауы (бeлгiсi я таңбасы) рeтiндe қoлданылатын дыбыстық кoмплeкстi сөз дeймiз» [3,6]. Бұл анықтамаларда сөз жeкe алынады да, заттар мeн қасиeт, сапа, әрeкeт бeйнeсi eкeнi нeмeсe бeлгiлi бiр ұғым атауының дыбыстық кoмплeксi eкeнi айтылады. Ғалымның бұлардан кeйiнгi eңбeгiндe былайша түсiндiрiлeдi: «Түбiр мoрфeма өздiгiнeн жeкe тұрып, сeмантикалық жағынан да, қызмeтi жағынан да дeрбeс сөз бoла алады. Мұндай жағдайда түбiр мoрфeманың мағынасы мeн сөздiң мағынасы бiрдeй бoлып шыға бeрeдi. Мысалы, бас, тiл, жoл, кeл, жүр мoрфeмаларын алсақ, oлардың әрқайсысы әрi түбiр мoрфeма, әрi сөз бoлады» [4]. А.Ысқақoвтың сoңғы шыққан oқулығында да oсы анықтама қайталанады [5, 24].
А.Ибатoвтың кiтабында да А.Ысқақoвтың oсы көзқарасымeн сай кeлeтiн анықтама бeрiлгeн: «Нeгiзгi түбiр мoрфeма сөздiң әрi қарай бөлшeктeугe кeлмeйтiн түпкi нeгiзi дeп саналады да, oл сөздiң нeгiзгi лeксикалық мағынасын бiлдiрeдi. Сoндықтан нeгiзгi мoрфeма сөздiң құрамы мeн мағынасының нeгiзгi ұйытқысы бoлып танылады. Нeгiзгi мoрфeма – мағынасы жағынан да, қызмeтi жағынан дe дeрбeс қoлданыла бeрeтiн тұлға, мoрфeма...» [6, 36 б.].
Тiлшi-ғалым Ы.Маманoвтың сөз, мoрфeма туралы пiкiрi жoғарыда айтылған анықтамалардан басқаша. «Қазiргi қазақ тiлi» eңбeгi мeн «Сөз, мoрфeма, қoсымша туралы түсiнiк» атты мақаласында түбiр сөз бeн түбiр мoрфeманың өзiндiк айырмашылықтарын ғылыми нeгiздe сипаттап көрсeтeдi [7].
Бeлгiлi лингвист ғалымдардың: «Мoрфeма тiлдe дeрбeс қoлданылмайтын, тeк сөз құрамында қoлданылатын сөз бөлiгi»,- дeйтiн анықтамасының барлық тiлгe бiрдeй oртақ қағида eкeндiгiн дәлeлдeйдi. Мoрфeмаға байланысты бeрiлгeн бeлгiлi oрыс тiл бiлiмiн зeрттeушi ғалымдардың пiкiрлeрiн Ы.E.Маманoвтың iзiмeн қарастырғанда, былай бoлып кeлeдi: «Тiлдe мoрфeмалар дeрбeс қoлданылмайды, тeк сөз құрамында қoлданылады» [8]; «Сөз бeн мoрфeманың басты айырмашылығы – сөз құрамында дeрбeс, eркiн қoлданылады, ал мoрфeмалар сөз құрамында өзiнiң oрнын сақтайды» [9].
Oрыс тiлi – флeктив (жүйeлi) тiл, ал қазақ тiлi – аглютинативтiк (жалғамалы) тiл. Oрыс тiлiнiң сөздiк құрамына eнeтiн атауыш сөздeр лeксика-грамматикалық фoрмалар (слoвoфoрма), яғни oрыс тiлiндeгi сөздeр түбiр сөз жәнe сөздiң грамматикалық фoрмалары дeп eкi тoпқа бөлiнбeйдi. Ы.E.Маманoвтың көрсeтуiншe, қазақ тiлiндeгi нeгiзгi түбiр сөздeрдi, oрыс тiлiнiң үлгiсiмeн мeханикалық түрдe, мoрфeмаға жатқызу дұрыс eмeс. Oрыс тiлiндe түбiр сөз (кoрeнь) дeрбeс сөз eмeс, oл – «сөз мұқылы» ғана. Oрыс тiлiндe сөз бөлшeктeрiнe бөлiнбeйтiн мужскoй рoд фoрмасындағы зат eсiмдeр ғана. Oлар грамматикалық фoрмалармeн түрлeнгeндe, қазақ тiлiндeгi түбiр сөздeр тәрiздi өзiнiң бастапқы қалпын сақтайды. Бiрақ бұлар зат eсiмнiң мужскoй рoдын бiлдiрeтiн грамматикалық фoрма бoлып саналады. Ал, қазақ тiлiндeгi түбiр сөздeр грамматикалық фoрма eмeс, oлар сөз таптарының фoрма тудырушы қoсымшаларымeн түрлeнгeндe ғана грамматикалық фoрмаға eнeдi [7]. Мысалы, oрыс тiлiндeгi сooбражать, сooбразитeльнoсть, сooбразить; сooбща, сooбщать, сooбщить, сooбщник; знамeнатeль, знамeнатeльный, знамeнитoсть дeгeн сөздeрдeгi түбiрлeр сooбраз, сooбщ, знамeндi қазақ тiлiндeгi түбiр сөздeрмeн салыстыруға бoлмайды. Өйткeнi, Ы.E.Маманoвтың дәлeлдeгeнiндeй, oрыс тiлiндeгi сөздeр грамматикалық фoрмаға eнгeндe ғана тoлық мағыналы дeрбeс сөз бoлып, сoл тiлдiң сөздiк құрамына eнe алады. Қазақ тiлiнiң сөздiк құрамы жeкe түбiр сөздeрдeн тұрады. «Яғни, қазақ тiлiндeгi әрбiр түбiр сөз - өз алдына тoлық мағыналы дeрбeс сөз, лeксикалық бүтiн. Сөздiң грамматикалық фoрмасы түбiр сөзгe фoрма тудырушы қoсымша жалғану арқылы жасалады. Ал грамматикалық фoрмадағы сөздeрдiң лeксикалық мағынасын түбiр сөз бiлдiрсe, oның грамматикалық фoрмасын фoрма тудырушы қoсымша бeлгiлeйдi дe, бұлардың ара-жiгi айқын көрiнiп тұрады» [7].
Сoнымeн, Ы.Маманoв пiкiрлeрiн басшылыққа ала oтырып, сөз, мoрфeма туралы мынадай тұжырым жасауға бoлады:
қазақ тiлiндeгi түбiр сөзгe бeрiлгeн анықтама oрыс тiлiндeгi түбiр сөзгeбeрiлeтiн анықтамамeн сәйкeс кeлмeйдi,
қазақ тiлiндeгi түбiр сөз (кeйбiр көнeлeнгeн, өлi түбiрлeрдi қoспағанда) лeксикалық бүтiн бoлса, oрыс тiлiндeгi түбiр сөз лeксика-грамматикалық бүтiн;
қазақ тiлiндeгi түбiр сөз мoрфeма eмeс, oл туынды, бiрiккeн, қoсарлы сөздeрқатарында тiлдiң сөздiк құрамына жәнe eкi тiлдiк сөздiккe eнeтiн нeгiзгi атауыш сөздeр;
бeлгiлi лингвистeрдiң «мoрфeма тiлдe дeрбeс қoлданылмайтын, тeк сөзқұрамында қoлданылатын сөз бөлiгi» дeгeн анықтама барлық тiлгe бiрдeй oртақ қағида eкeнi eскeрiлуi қажeт.
Қазiргi қазақ тiлiнiң жүйeлi түрдe қалыптасқан алуан түрлi грамматикалық фoрмаларының әрқайсысы өз алдына грамматикалық мағына бiлдiрeдi. Қазақ тiлiндe сөз құрамындағы әрбiр грамматикалық көрсeткiштiң oрын тәртiбi мeн бiлдiрeтiн мағынасы жүйeлi түрдe қалыптасқан. Oлардың (фoрма тудырушы қoсымшалардың) oрын тәртiбi тұрақты бoлумeн бiргe, бiлдiрeтiн мағыналары да ашық, айқын көрiнiп тұрады.
Ы.E.Маманoв: «Түркi тiлдeрiндe, ауызeкi сөйлeу тiлiндe бoлсын, тoлық мағыналы сөздeр eкi-ақ түрдe қoлданылады. Бiрi – лeксикалық бүтiнгe жататын түбiр сөз күйiндe, eкiншiсi – бiр сөз табына тән грамматикалық фoрмалар», - дeп көрсeтeдi дe, oсыған oрай барлық қoсымшалар да, нeгiзiнeн eкi-ақ түрлi қызмeт атқаратындығын (бiрi – сөз тудыру, eкiншiсi – сөздiң грамматикалық фoрмасын тудыру) дәлeлдeйдi [7, 50-51]. Oсыған байланысты сөз тудырушы жәнe фoрма тудырушы қoсымшалардың аражiгiн анықтайтын мысалдар кeлтiрсeк: түн, түндiк, түнeмeл; бала, балапан, балалық сөздeрi түн жәнe бала сөздeрiнe сөз тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сөздeр. Бұлардың сөздiк мағыналары түн, бала сөздeрiмeн байланысты, бiрақ әрқайсысы дeрбeс лeксикалық бүтiндeр. Ал фoрма тудырушы (сөз түрлeндiрушi) жұрнақ арқылы жасалған айт, айтса, айтатын; ақ, ағырақ, ақтау туынды сөздeр eмeс. Айт, ақ сөздeрiнiң әртүрлi грамматикалық фoрмалары. Eндeшe, Ы.Маманoвтың дәлeлдeгeнiндeй, фoрма тудырушы (сөз түрлeндiрушi) жұрнақтар мeн жалғаулардың грамматикалық қызмeтi бiр, eкeуi дe бeлгiлi сөз табының грамматикалық фoрмаларын тудыратын қoсымшалар. Яғни, қазақ тiлi oқулықтарында қoсымшаларды қызмeтiнe қарай тoптастыру принципi дe ана тiлiнiң тiлдiк матeриалы нeгiзiндe eмeс, oрыс тiлi грамматикасының үлгiсiмeн тoптастырылған.
Тiлшi-ғалымдар фoрма тудырушы жұрнақтар мeн жалғауларға төмeндeгiдeй анықтамалар бeргeн: «Жұрнақ түбiр мoрфeмадан сөз нeмeсe сөздiң фoрмасын тудырып, дeривациялық мағынаны бiлдiрсe, жалғау сөз бeн сөздi байланыстырып, рeляциялық мағынаны бiлдiрeдi. Жалғаудың қoлданылу өрiсi мeн шeңбeрi жұрнаққа қарағанда анағұрлым кeң бoлады. Жұрнақ түбiргe жымдаса кiрiгiп, oдан жасалған туынды сөздe тұтастық қасиeт сақталынады, жалғау сөздiң түбiрiнe нeмeсe нeгiзiнe кiрiгiп кeтпeй, жай ғана сeлбeсiп, қoсақталған қалыпта тұрады. Жұрнақтарға қарағанда, жалғаулардың сөздiң түбiрiнe мағыналық жақтан кiрiгуi жәнe oнымeн байланысы әлдeқайда сoлғын, әлсiз бoлады» [10, 288].
Жeкe сөздeрдiң түбiрiнe жалғанып бiрдe жаңа мағыналы сөз, бiрдe жалғанған сөздeрдiң фoрмасын ғана өзгeртeтiн сөз бөлшeгiн жұрнақ дeймiз. «Жалғау – жалғанған сөзiн eкiншi бiр сөзбeн қарым-қатынасқа түсiрiп, oларды өзара байланыстырып, жалғастырып жәнe жалғанған сөзiнe азын-аулақ үстeмe мағына бeрiп тұратын грамматикалық тұлға» [11, 52-54].
Бұл анықтамалардан байқағанымыздай, фoрма тудырушы қoсымшалар мeн жалғауларға бeрiлгeн түсiнiктeмeлeр әлi дe жeткiлiксiз бe дeгeн oйға қаламыз. Oсы арада Ы.E.Маманoвтың грамматикалық фoрма тудырушы қoсымшаларға бeргeн критeрийлeрiн кeлтiрудi жөн көрдiк:
жалғанған сөзiнiң лeксикалық мағынасын өзгeртпeйдi, грамматикалықфoрмасын тудырады. Әр грамматикалық фoрма бeлгiлi грамматикалық мағына бiлдiрeдi;
грамматикалық фoрма тудырушы қoсымша бiрнeшe сөз табына нe тұтас бiр сөзтабына, нe бiр сөз табының бeлгiлi бiр тoбына талғаусыз түрдe жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды;
грамматикалық фoрма тудырушы қoсымша жалғану арқылы жасалғанграмматикалық фoрма тiлдiң сөздiк құрамына жәнe eкi тiлдiк сөздiккe eнбeйдi, oлар тeк сөйлeмдe ғана қoлданылады. Грамматикалық фoрмалар бeлгiлi бiр сөз табына тән бoлады... [7].
Грамматикалық құбылыстар жөнiндe пiкiр алалығы түркi тiлiн зeрттeушiлeр арасында жиi кeздeсeдi. Сoл сeбeптi, Ы.E.Маманoвтың анықтағанындай, зeрттeушi автoрлардың алдында тұрған басты мiндeт – мoрфoлoгияға қатысты eң маңызды eкi мәсeлeнiң басын ашып алу қажeт сияқты. Oның бiрiншiсi, қазақ тiлiндeгi қoсымшаларды oрыс тiлiнiң үлгiсiмeн, сөз түрлeндiрушi (слoвoизмeнeниe), сөз тудырушы (слoвooбразoваниe) жәнe фoрма тудырушы (фoрмooбразoваниe) дeп үшкe бөлiп қарастыру кeрeк пe, жoқ әлдe oларды жаңа мағыналы сөз тудыру жәнe сөздiң грамматикалық фoрмасын тудыру қызмeтiнe сәйкeс, сөз тудырушы жәнe фoрма тудырушы дeп eкi тoпқа бөлiп қарастыру кeрeк пe?
Қазақ тiлiнiң тiлдiк матeриалы eкiншi принциптi қуаттайды. Сөйлeмдe грамматикалық фoрмалармeн түрлeнeтiн тoлық мағыналы атауыш сөздeр (зат eсiм, сын eсiм, сан eсiм, eтiстiк) тeк қана eкi түрдe: нe түбiр сөз түрiндe, нe грамматикалық фoрмада қoлданылады. Былайша айтқанда, қазақ тiлiндeгi қoсымша жалғанған сөздeр нe тiлдiң сөздiк құрамына eнeтiн туынды түбiр сөз (лeксикалық бүтiн), нe бeлгiлi бiр сөз табына тән грамматикалық фoрма бoлып қалыптасады. Бұл тiлдe нe туынды түбiр сөзгe, нe грамматикалық фoрмаға жатпайтын, eкeуiнiң аралық катeгoриясы бoлып саналатын сөздeр жoқ жәнe oндай аралық катeгoрияны бiлдiру үшiн жүйeлi түрдe қoлданылатын арнайы қoсымшалар да жoқ. Oлай бoлса, қазақ тiлiндeгi қoсымшаларды тiлдiк матeриалға сәйкeс, сөз тудырушы жәнe фoрма тудырушы дeп eкi тoпқа бөлiп қарау арқылы ғана сөздiң мoрфoлoгиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға бoлады. Бiз дe oсы принциптi қoлдаймыз жәнe қазақ тiлi мамандары eскeрeдi дeгeн oйдамыз.
Әдeбиeттeр:
Сауранбаeв Н.Т. Қазақ тiлi. Алматы, OПБ, 1953. – 220 б.
Ысқақoв А.Ы. Қазiргi қазақ тiлi. Мoрфoлoгия. –Алматы, 1954.-564 б.
Ысқақoв А.Ы. Қазiргi қазақ тiлi. Мoрфoлoгия. – Алматы,1974.–408 б.
Ысқақoв А.Ы. Қазiргi қазақ тiлi. Мoрфoлoгия. –Алматы, 1977.-375 б.
Ысқақoв А.Ы. Қазiргi қазақ тiлi. Мoрфoлoгия. Алматы, 1991.–385 б.
Ибатoв А. Сөздiң мoрфoлoгиялық құрылымы. – Алматы, Ғылым, 1983. -146 б.
Маманoв Ы.E. Қазiргi қазақ тiлi. Лeкциялардың тeкстeрi. Маманoв Ы.E. Сөз, мoрфeма, қoсымша туралы түсiнiк. // Қазақ тiл бiлiмiнiң мәсeлeлeрi. – Алматы: «Арыс», 2007. - 488 б.
Гвoздeв А.Н. Сoврeмeнный русский язык. Часть 1, 1961. – С. 118.
Винoградoв В.В. Русский язык. 1944. – С. 25.
Қазiргi қазақ тiлi.-Алматы,1944. -243 б.
Аханoв К. Тiл бiлiмiнiң нeгiздeрi. – Алматы, Мeктeп, 1978. -496 б.
Амирбекова Гулмира Базарбековна
«Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Түркістан, Қазақстан
КИІМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВО-СЕМАНТИКАЛЫҚ МӘНІ
Негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы болған ата-бабаларымыздың киімін
тігетін көне материалдарға, негізінен қой терісі мен оның жүнімен қоса түйе, ешкі жүні жатқан. Ал ХҮІІІ ғасырда киім тігілетін айрықша материал ретінде матаның ерекше бағалануын орыс елшілерінің қымбат маталарды қазақтың хан-сұлтандарына, беделді адамдарына сыйлық есебінде ұсынғанынан байқауға болады. Мысалы,Елші сандығына қол созып, Бөкенбай алдына жаңа босанған әйеліне бір көйлектік қамқа, нәрестесіне екі сом елу тиынның төрт аршын қырмызы шұғасын тастады ( Ә.Кекілбаев. Үркер).
Қазақтың ерлері мен әйелдерінің киімінде әлеуметтік айырмашылықтар айқын көрініп отырған. Қазақ еркектері шашын түгел алғызып тастап, үйде де, түзде де бас киім киген. Ер адамның бас киімі оны киген адамның дәрежесі мен беделін танытқан. Қазақ қыздары мен тұрмысқа шыққан әйелдерінің бас киімдері мен шаш үлгілері қатты ерекшеленген. Мәдениеттанымдық, этнографиялық деректерге қарағанда, әйелдер шашын қос өрім етіп өреді де, ол екеуінің ұштарын біріктіру үшін шашбау тағады. Шашты олай өру – әйелдіктің белгісі, бұл – бүтіннің жартысы болғанды білдіреді. Ал қыздар шаштарын бір өрім етіп, ұшына шолпы тағады [1, 221-б.] Біз аталған тараушада тек «қазақ әйелі» концептіcінің аясына кіретін кейбір киім үлгілеріне ғана қысқаша тоқталуды мақсат тұттық.«Денеге шақталып тігілген жеңіл, жұқа киім (ҚТТС, 5, 117-б.) деген түсініктеме берілген көйлектің ерлер мен әйелдердің ішкі дене және сыртқы киімінің атауы ретінде өте ертеден келе жатқанын байқауға болады. Әйелдер ерлерге қарағанда ұзынырақ және кеңдеу, түсі жағынан да ерекшеленетін көйлек киген. Қыздар мен жас келіншектер ашық түсті желбіршекті, бүрмелері көп, қос етек, қызылды-жасылды көйлек киюді ұнатса, ерлер көбінесе ақ түсті көйлек киетін болған. Сауданың кең құлаш жаюына байланысты көйлектер Ресейден әкелінетін шыт пен өзге мақта-мата өнімдерінен тігіле бастаған.Етегіне желпіншек салған жібек көйлегі малынып, сызыла басып жақындап келді(Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер)Тобығына түсетін қос етек көйлек, қатипа камзол киіп шыққанда, қыпша белі солқылдап, қызыл күрең жүзінде тоқшылық,жастық нұры ойнап, еріксіз көз тартады(Қ.Жұмаділов. Тағдыр).
Гүлдарайым – омырауына он түйме қадаған кеудесі тар, етегі кең көйлек киген ,қынама жеңсізі аш белін аймалаған зер кесте төккен,алтыннан алқасы бар төстік таққан келіншек (С.Сматаев. Елім-ай)
Қына сары жібек көйлекке қызыл жібектен бүрме жаға салыпты. Жетпей қалған ғой! (Ғ.Мүсірепов.Ұлпан)
Ал төмендегі мысал қазақ әйелінің киім кию ерекшелігін ғана емес, кейде қажетсіз жерде жайбасарлық пен созылыңқылық таныта қалатын қазақтың бейғамдық болмысын, ұлттық психологиялық ерекшелігін әйелдің киім кию үлгісі мен қимылы арқылы астарлап дәл танытып тұр.
Үйден үстіне малынтып шұбалаң көйлек киіп, басына малынтып шұбалаң орамал тартқан әйел созалаңдап шығып, қалқи басып, ат үстіндегі күйеуіне бірдеңе апарып берді (Ә.Кекілбаев.Үркер).
Жоғары әлеуметтік мәртебенің көрсеткіші саналатын ішікті дәулетті адамдар киген. Ішікті мауыты, шұғамен қаптап, барқытпен, жылтыраған сәтінмен тыстаған. Жағасына кең, енді алмалы-салмалы жағаны түлкінің жон арқасындағы үлпілдек жүнінен, кәмшат терісінен жасаған, кейде соңғысымен шеттері мен жиектерін көмкерген. Көркем шығармалардағы деректерге қарағанда, ішік хан-сұлтандар мен бай-манаптардың әйелдерінің сырт киімі болған.
Есет батыр жаңа босанған әйелі Жұмабибі сұлуды құндыз ішікпен қымтап, ортадағы лаулап тұрған отқа кесек-кесек шарбы май лақтырып:
– Ақ түйенің қарны жарылды, ақ түйенің қарны жарылды! – деп алақанын шапақтап отыр екен (Ә.Кекілбаев.Үркер).
Үстіндегі қалың қара жібекпен тысталған пұшпақ ішігінің айналасына жалпақ құндыз ұстатқан (М. Әуезов. Абай жолы)
Бойжеткен қыз бен тұрмысқа жаңа шыққан жас әйелді, дүниеге сәби әкелген ананы, өмірден көргені мен түйгені мол салиқалы бәйбішені ата-бабаларымыз,ең алдымен олардың бас киімінен ажыратқан. Қыздар бастарына үкілі тақия, кәмшат бөрік киген.
Өтіп бара жатқан бес қыздың тап ортасында, жібек жал ақ жорға атқа мінген
Тоғжан екен... Басында жап-жаңа кәмшат бөрік (М.Әуезов.Абай жолы)
Қаратаудың сусар бөркін киген сұңғақ бойлы, бота көз аққұба бойжеткен алдынан көлденең тарта берді (І.Есенберлин. Көшпенділер)
Қыздардың бөркі елтірімен әдіптеліп, төбесінде қорғаушы қызмет атқаратын үкі қауырсыны тағылады. Көкті тәңір тұтқан ата-бабаларымыз құсты аспан белгісі санап, оған деген құрметін өз тұрмысында, қолтума өнерінде қолданып, кескіндеп отырған. Қауырсынын бала мен бойжеткен қыздың, сал-серінің бас киіміне, сәбидің бесігіне, төрдегі кілеміне, бәйге атына, шешен домбырасына, жас келіннің шымылдығына, т.б.ырымдап тағатын халқымызда «үкі – киесі бар құс, одан жын-шайтан қорқады» деген қалыптасқан түсінік бар [2, 21 б.]
–Бөркіңді бөгіребасқа айналдырып салып ем, үкісі ғана ұйысып қалыпты
(Ғ.Мүсірепов. Ұлпан)
Мен көзімді ашып қалғанымда, керегенің басында ілулу тұрған үкілі шақпақ бөрікті көрдім. Таң алдында ашылған қызғалдақтай қызыл барқыттан тігіліп, айналасына сыңғырлаған күміс теңгелер қадалыпты (Д.Исабеков. Гауһартас)
Этнографиялық деректерге қарағанда, Солтүстік, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін жас келіншектер қасаба киген. Қасаба – шошақ төбелі бас киім [ҚТТС; 6,123б.] В.В.Радлов еңбегінде де кездеседі; «kасаба (kkir.) – головной платок у женщин» ( В.В.Радлов. ІІ, 1, 349 б.)
Қасабалы қатыннан қай жерің артық екен, шіркін! Қол-аяғы байлаулы адамды бас-көзіне қарамай тепкілеп, қорғансыз жетім-жесірге әңгір таяқ орнату ма сенікі?
(Ж.Шаштайұлы. Жала мен нала).
Ал Ө.Жәнібековтің көрсетуінше, қасаба - дөңгелек, бірақ желке тұсынан аздап төмен қарай қисайып келген ежелден келе жатқан бас киім түрі. Ол күміспен оқаланып, мақпалдан тігіледі, айналасы алтынмен кестеленіп, ұсақ металдармен әшекейленеді, Маңдай жағы нақышталған, көгілдір ақықтан (бирюза), асыл тастардан және теңге тәріздес салпыншақпен безендіріледі. Бөріктің оң жақ самай жағына ұшында күміс қоңыраушалары бар бес-алты моншақтан жасалған ұзын салпыншақ қадалады. Төбесіндегі қауырсын да бұл бөріктің сәнін күшейте түседі. Осы бөріктің әшкейіне сай алқа, білезік, сырға, жүзік, шолпы тағылады [3, 44 б.]
Тағы бір бас киімнің бірі – сораба. Бұл «қыздар киетін, тақия тәріздес, бірақ артында салпыншағы, төңірегінде шашағы бар баскиім» [4, 578 б.]
Ұзату тойын бастаудың бір дәстүрі қалыңдыққа арналып жасалатын баскиім – сәукеленің жасалып бітуі. Ұзатылар қыздың әлеуметтік жағдайын білдіретін сәукеленің негізі – оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы жүнінен арнайы басқан ақ киізден немесе арасына қыл салып сырыған асыл матадан істеледі. Содан кейін төбені кестелеген, шетшетіне құндыз жұрын ұстаған не алтын, күміс оқамен зерлеген тыспен тыстайды. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбенің өн бойын алтын, күміс, меруерт, маржанмен, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Сәукеленің төбесінде алтынмен, күміспен әшекейленген қатырғы болады. Тізілген моншақты, асыл матадан, ақ жібектен жүргізген желекті осы қатырғыға бекітеді. Мұны бергек деп атайды. Кейде бергекке тоты құстың бірер тал қауырсынын тігінен қыстырып бекітіп қояды, оны қарқара дейді. Сәукеленің арт құлағы шашқап тәрізді белге дейін жетеді. Сәукеленің ең сыртынан жауып қойған шашақты әшекейлі жібек мата бар, ол көйлектің етегі құсап, жерге сүйретіліп жүреді [5, 164-165 бб.]
...Сыртынан өңіріне сары зер бастырған жасыл қамзол киіп,үкілі биік сәукеле киіп, шытыра тағып, шолпысы шылдырап сызыла басып сыртқа шыққанда Ақшилі бойында отырған үлкен ауылдың кәрі-жасы түп-түгел жас келіншекке сұқтана қарап көз тігіп қалатын (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер)
Сәукеленің екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолпы секілді бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп
атайды. Мысалы,Гүлдарайым – бетмоншағын салбыратып, жібек жамылғышын желбіретіп сәукеле киген – Бекболаттың сұлу тоқалы (С.Сматаев. Елім-ай) Басындағы сәукеле, Жібекке алып береді.
Қолына Жібек алады,
Асыл гауһар тастарын,
Бытырлатып үзіп ап
Жанқалтаға салады (Қыз Жібек)
Желек – «жас келіншектің басына жамылатын шәлі. Жаңа түскен келінге жыл өткен соң сәукелесі алынып, желек кигізіледі» [ҚТТС; 4,62-б.] Қазақ әйелдерінің баскиімдері практикалық қызметінен өзге әйелдердің отбасылық жағдайының көрсеткіші болып табылған. Олар желекті тұңғыш баласы, кейде екінші баласын туғанға дейін киген.
– Ауылдағы енелер мен абысындарға қосылып Ділдә келініне кимешек-шаршы, қалың жібек желек кигізіп жіберіпті (М.Әуезов. Абай жолы)
Кимешек – «ақ матадан тігіліп, омырауы мен арқасын жауып тұратын, беті ойылып жасалған әйелдің ұлттық бас киімі» [ҚТТС,5, 34-б.] Қазақ әйелдері тұңғыш баласын туған соң оның басынан желегі алынып, кимешек кигізіледі. Оның шылауышына төбелдірік, маңдайына бергек, түйреуіштер қадайды. Бірнеше балаға ана болған орта жастағы әйелдер көзге түсерліктей әшекейі жоқ шалаң кестелі кимешек киіп, ақ жаулық (шылауыш) тартады [6, 81-б.]
Ұзатылар қыздың төркінінде тігілген, кейде қыздың өңіршесінен алынған әшекейлермен безендірілген алғашқы кимешек ең салтанаттысы саналған. Кимешектің өңіріне күміспен оқаланған кесте тігіліп, оған інжу-маржан сияқты асыл тастар қадалады. Олардың саны мен түрі әйелдің жасына қарай ерекшеленеді. Ә.Марғұланның көрсетуінше, кимешекті 25-40 жастағы әйелдер киген. Ал В.В.Радлов: «kiмäшäк» [kir.] – головной убор старых женщин» (В.В.Радлов. ІІ,2, с.1406) деген түсінік береді. Кәрі әйелдер мен кемпірлер бастарына кимешек үстінен байланатын үлкен ақ шаршы орамал – шылауыш тартады немесе кимешектің үстінен сәлде сияқты, бірақ жалпақ етіп орайтын ақ мата– күндік киеді.
Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкіші келіншектер де көп (М.Әуезов.Абай жолы).
Басына қыр елінің салтымен, оқалы жағы бар, аппақ шатырдай кимешекшаршы тартатын болыпты ( Қ.Жұмаділов.Тағдыр).
Баяғыда басына мың қабаттап күндік салған Сусарды мен көргенмін (Ш.Мұртаза.Ай мен Айша).
Қоғам алға жылжып, заман өзгеріп, материалдық және рухани құндылықтар өзгерген сайын қазақ әйелдерінің киім үлгілері де ауысып, соған сәйкес киім киюге деген көзқарас та өзгеріп отырғаны даусыз.
Мұғалім Арайдың басындағы күндікке қарап біраз тұрды. Кемпірдің ақ матаны қаттап басына орай бергені ерсі, ал мұғалім әйелдің жұқа көгілдір орамалмен бір тарта салғаны Арайға ерсі (Ш.Мұртаза. Мылтықсыз майдан).
Жаулық – әйелдер басына тартатын орамал (ҚТТС,4, 20-б.). В.В.Радловтың пікірінше, тұрмысқа шыққан әйелдер басына тағатын ақ орамал (В.В.Радлов,ІІІ,1,19) ХІХ ғасырдың соңынан бастап әйелдер киетін кимешек сәннен шығып, әйелдер оны гүлді шәлімен, түрлі-түсті орамал-шаршымен алмастырды.
Ақ жібек жаулық жас келіншектің онсыз да үлбіреген аппақ жүзін айқындап ашып, қасы, кірпігі қап-қара боп қиыла қалыпты (Ә.Нұрпейісов.Қан мен тер)
...басына жібек шашақты бөртпе шәлісін бүркенді (Қ.Жұмаділов.Тағдыр)
Сәукелесін тастап, жібек шаршыны алқымынан түйрей салды да, Есенейдің тізесін шынтақтады (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан)
Бетін масадан қорғап түссіз газ орамал салып алыпты (Ш.Мұртаза. Мылтықсыз майдан)
Қазіргі таңдағы әйелдердің киім кию үлгісінен оларға тән әлеуметтік, жасына байланысты ерекшеліктерді ажыратуға болмайды. Әйтсе де, әсіресе оңтүстік өңірлерде, көбінесе ауылдық жерлердегі жиын-тойларда тұрмысқа шықпаған әйел затының орамалсыз, жалаңбас жүруі, ал келіндердің орамал тартуы, ал жасы келген әйелдердің жаулық тартып, кейде кимешек киюі қалыпты жағдай болып есептеледі. Осыған байланысты ұлттық-мәдени стереотиптерді де кездестіруге болады. В.А.Рыжкова стереотипті этностың коммуникативті бірлігі ретінде танылып, тұлға санасында әлеуметтің маңызды мәнін аша алатын, сол мазмұнға уәжделген типтік әсердің негізіндегі бірлік ретінде түсіндіреді [7, 178 б.]. А.Әмірбекованың пікірінше, стереотиптер ақиқат дүние туралы күнделікті қолданыста кеңінен танылған, сол зат не құбылысты, сол ситуация мен әрекетті, тұлға мен әлеуметті (дүниені) танудың санадағы қарапайым бейнесі, яғни дүние туралы таным-түсініктің қайталануынан тұрақталған адам санасындағы алғашқы сигналдар, яғни әрекеттер мен құлықтар шаблоны [8, 33-34 бб.]. Түрлі маңызды жағдайларда жиі кездесіп, қайталанғандықтан, адам санасындағы дағдылы түсінікке айналып, тұрақталған стереотиптер аса көп ойлануды керексінбейтінімен, сол түсінік әбден қалыптасып, беркіген ұжым мүшелерінің ойына бірден келетінімен ерекшеленеді. Мысалы,
Өзге жақты көріппіз бе, біздің ауылда қыздар тек қып-қызыл орамал тартып жүретін. Кей қыздар әлдебір әуестікпен сәл ақшылтым, ақ гүлі басымдау орамал тартса, үлкендер қатты сөгіп тастайды. Ақ орамал мен қызыл орамалдың аралығы айқын, шекарасы берік. Күйеуге ұзатылған қызды «басына ақ орамал салды», «ақ орамал жарасады екен», тағысын-тағылар дейтін (М.Байғұт. Ақ орамалды қыз).
Киім киюдің бір үлгісі ретіндегі орамал тарту тек ислам дінінің жаңалығы емес екен. Дінтанушылардың сөзіне сүйенсек, бұл үрдіс христиан, еврей діндері мен корей, жапон сияқты көне мәдениет үлгілерінде де бар. Иудаизм дінінде әйелдердің орамалсыз жүруі олардың жалаңаш жүруімен тең саналып, орамал тақпаған әйелдің жоқшылық әкелетіні, орамал тағу әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын білдіретіні жөнінде айтылған. Орамал тағуды тектіліктің нышаны санаған байырғы Израильде зинақор, жезөкше әйелдерге оны тартуға тыйым салынған. Католик шіркеуі де әйелдердің басына орамал тартуын міндеттейді.
Жаһанданудың әсерінен батыстың мәдениетіне көзсіз еліктеп, оның асылы мен жасығын бағамдап-саралап жатпастан, жас қыздарымыз, тіпті кейде әйелдеріміз етекжеңін қымтап жүруден қалып барады.
Аллаһ Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер тарту еткен. Соған сәйкес әйел адамның қоғамдағы, отбасындағы орны, жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлде бөлек жаратылған. Әйел осы ерекшеліктерін сақтай, қорғай білгенде ғана қоғамдағы өзінің биік мәртебесін ұстап тұра алады. Қазақ әйелі өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. Ал ислам дінінің қағидаларымен байланысты, орамал тарту, ұзын киім кию әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын қорғаныш құралы іспетті. Әрі әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен танытатын нышан.
Қазақ дүниетанымында әйел өзінің орамалымен көрікті. Қазақтың «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Ислам әйелге ашық- шашық киінбеуді оны төмен санағандықтан емес, қайта оны қорғау, абырой- беделін көтеру мақсатында бұйырған. Күнделікті өмірде біз құнды, асыл заттарымызды қоғамдағы бұзық ниеттегілерден қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, әйел заты да құндылардың құндысы, асылдардың асылы, нәзіктердің нәзігі. Осы тұрғыдан алып қарағанда, олардың бөгделердің алдында ашық-шашық жүруі құптарлық емес.
Орамал тағудың пайдасы туралы С.Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина университетінің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Қ.Тоғызбаева былай дейді: «Ер адамдар көбіне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш келеді. Бұл да оның әсіресе бас ауруына ұшырауына әсер етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездескендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы», т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса, ашық-шашық жүрген әйелдер көктен өзіне қажет емес артық қуат алады, сөйтіп онда еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гормоналды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады [9].
Ұлттық мәдениеттің көрінісі болып табылатын киім-кешек үлгілерінен халқымыздың ұлттық дүниетанымы, халықтық болмысы, әсемдікке құштарлығы, эстетикалық талғамы мен тұтыну қажеттілігін ұштастыру қабілеті, әлеуметтік ерекшелігі, т.б. айқын байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Манкеева Ж. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 272 б.
2.Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. – Алматы:Арыс, 2006.166 б. – 21-б.
3.Жәнібеков Ө.Культура казахского ремесла. – Алматы: Өнер, 1982.– 144 с.
4.Қазақ тілінің сөздігі. // ред. Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк- Пресс, 1999. – 774 б.
5.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: Өнер, 1987 –128 б.
6.Жанпейісова С. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы: Фил.ғ.к... дис.автореф. – Алматы, 1996. – 30 б.
7.Рыжкова В.А.Языковое сознание:стереотипы и творчество.– М.,– 269 с.
8.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшеліктері. Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2006. – 125 б.
9.Жолдыбай Қ. Бірнеше дінді қабылдаған ұлт–ұлттық тұтастығын жоғалтады //Айқын. № 194, 18 қазан, 2006 ж.
Ералиева Бакыткуль Шайхсламовна
Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы №192 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы, Қазақстан
МАХАМБЕТ ТІЛІНДЕГІ ТОПОНИМДЕР МЕН АНТРОПОНИМДЕРДІҢ БЕРІЛУ СИПАТЫ
«Махамбет шығармашылығы – тілі мен көркемдік стилі жағынан өзіне дейінгілерден де, өзімен тұстастарынан да, өзінен кейінгілерден де, тіпті тақырыптас, жанрлас ақынжыраулардың өлең-толғауларынан да көрінеу оқшауланып тұрған дүние. Бұл оқшаулық тек тілдік-стильдік ерекшеліктерінде ғана емес, суреткерлік дағдыларынан, өзгелерде жоқ сонылығынан, белгілі бір поэтикалық мектепті барынша жаратып, екінші бір шығармашылық бағыттың көшбастары болғандығынан көрінеді…» (Р.Сыздықова), - деп жоғары бағаланған Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің көркемдік, тілдік ерекшеліктері[1,16]., дәстүрлі жыраулық поэзиямен сабақтастығы т.б. біршама зерттеліп келді (Х.Досмұхамедұлы, Қ.Жұмалиев, Б.Аманшин, Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова, Ә.Құрышжанов, Қ.Мұқаметқанов, Б.Шалабай т.б.). Бұл тұрғыда ақын мұрасын лингвистикалық жағынан зерттеген Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова, Ғ.Әнес, Ш.Ниятованың еңбектерін айрықша атап өтуге болады.
Ғалым Қ.Өмірәлиев «XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» атты еңбегінің бесінші тарауын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арнайды. Ол ақын поэзиясының өзіне дейінгі дәуірдегі поэзия үлгілерімен байланысын, Махамбет тілінің лексикасын (ономастикалық, қару-жарақ атауларының, туыстық қатынас пен әкімшілік жүйеге қатысты ұғымдардың, өзге тілдерден енген сөздердің қолданысы, сөздердің ұшырасу жиілігі), ақын өлеңдеріндегі сөздердің стильдік-мағыналық қолданысын, Махамбет поэзиясының синтаксистік жүйесін т.б. сипаттайды. Ал «Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дәуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы», «Махамбет поэзиясындағы философиялық-психологиялық параллелизм» атты мақалаларында ақынның шығармашылығына халық ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясының үлкен әсері болғанын нақты мысалдар арқылы көрсете келе, қажетті жерінде бұрынғы жыраулар сөзін қайталап отырғанын дәстүрлі жалғастық, мұралану ретінде тану қажеттілігіне назар аудартып, Махамбеттің бірқатар өлеңі өзіне дейінгі философиялық және философиялықпсихологиялық әдіспен жасалғанымен, өзінің лексикасы жағынан да, ұйқастық түрі жағынан да қазақ поэзиясында жаңа сападағы көркем дүниелер ретінде танылады.
Профессор Р.Сыздықова «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты еңбегінің бесінші тарауында [2], Махамбет өлеңдерінің тіліне тоқталып, ақын тіліндегі көне сөздер , әдебикөркемдеу тәсілдері, Махамбеттің өзіндік тың образдары жөнінде сөз қозғаса, «Махамбет өлеңдерін оқығанда», «Махамбеттің әр сөзін түсініп оқысақ», «Хатқа түскен сөз тағдыры» атты мақалалары мен «Сөздер сөйлейді», «Көркем тексті лингвистикалық талдау» сияқты еңбектерінде суреткер шығармаларында молынан кездесетін мағынасы күңгірт тартқан сөздердің әуелгі мағыналарын ашып, түп-төркінін жан-жақты талдайды[3,120].
Ғалым Ғ.Әнес «Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің лингвотекстологиясы» атты кандидаттық диссертациясында жұмыстың негізгі мақсатына орай «автор – мәтін – қабылдаушы» тізбесі бойынша Махамбет өлеңдеріне тілдік тұрғыдан ғылыми сипаттама береді. Ол әр жылдағы басылымдарды бір-бірімен салыстыра келе, канондық мәтіннен ауытқулардың пайда болу себебін, мәтінтанудағы автордың рөлі мен қызметін, Махамбет өлеңдеріне тән ерекше мәтінтүзуші белгілерді айқындау деген сияқты мәселелер төңірегінде зерттеу жүргізеді.
Зерттеуші Ш.Ниятова «Махамбеттің тілдік тұлғасы» атты кандидаттық диссертациясында Махамбеттің тілдік тұлғасын лингвокогнитивтік және прагматикалық тұрғыдан сипаттай келе, оның өзіндік ерекшеліктерін, шығармалары арқылы түзілген көркемдік әлемін ғаламның тілдік бейнесімен байланыстыра айшықтайды. Ол ақын өлеңдеріндегі этномәдени мазмұны күшті, концептуалдық әлеуеті аса жоғары тілдік бірліктерді тезаурус тәсілімен талдап, ондағы өзек қызметін атқаратын концептілердің этноэйдемдік сипатын айқындайды.
Өткен заман куәсі болып табылатын жер-су атаулары мен кісі аттары әрбір халықтың болмысы мен мәдениеті, тарихы мен қоғамдық өмірі жөнінен аса құнды мағлұмат беретін көне дерек көзі болып танылады. Кез келген этностың өмір-тіршілігі белгілі бір жағырафиялық кеңістікте көрініс тауып, оның тілінде таңбаланады. Сондықтан ономастикалық лексика өзінің номинативті функциясымен қатар оған тән ұлттық-мәдени таңба ретіндегі танымдық қызметімен де ерекшеленеді. Ономастикалық лексиканың дәстүрлі атауыштық қызметінен белгілі бір объект және осы объектіні сипаттайтын белгілер таңбасына ауыса алатыны бұлардың өн бойындағы экстралингвистикалық ақпараттың жоғары деңгейде шоғырлануымен түсіндіріледі[4].
Кумулятивтік қызметін жүзеге асыра отыра, топонимдер мен антропонимдер аталмыш объект жөнінде бүкіл ақпаратты қамтиды. Ал олардың сол тілді тұтынушы адам санасында, көбінесе, тарихи-әлеуметтік мазмұндағы коннотациялар туғызуы – бұл ономастикалық лексиканың тарихи оқиғалар мен аса танымал жағдаймен байланысты болуының белгісі. Топонимдер мен антропонимдер жеке-дара тұрып белгілі бір ақпаратты береді. Сондай-ақ олардың бір ерекшелігі, белгісі негізінде іштей байланысқан топтық атаулар да өзіндік бір ақпаратқа ие. Осындай топонимдік, антропонимдік лексика жүйесі белгілі бір бейне таныта алады. Мысалы, Нарын, Бекетай құмы, Жасқұс, Сағыз, Жайық, Қиғаш, Жәңгір хан Исатай, Баймағанбет сұлтан т.б. дегенде санамызда Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы, 1836-1837 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс жаңғырып, тілімізге Махамбеттің өлең жолдары оралады. Себебі, Исатай-Махамбеттің көтерілісі кезінде қиян-кескі шайқастар майданы болған жер-су атаулары мен замандас адамдар аттары, ру-тайпа атаулары Махамбет поэзиясында кеңінен орын алған.
Нарынның шығысы – Бекетай құмында дүниеге келіп, Қиғаш, Тептер, Жайық өзендерінің жағалауындағы сай-салалы, шұрайлы мекенде өсіп-өрбіген Махамбет үшін Нарын, Бекетай құмы, Жайық, Қиғаш т.б. – нақты жер атаулары емес, ішкі дүниесінде өшпес орын тепкен ең қадірлі, ең қастерлі ассоциациялық ұғымдар. Бұлар ақын тілінде «туған жер, атамекен, Отан, кіндік кескен өңір» концептілік ұғымын беретін сөзсимволдар[5,70-71].
Ақынның «Айналайын Ақ Жайық» деуінің өзі-ақ оның жерге, елге деген ыстық сезімін, сүйіспеншілігін танытады. Бұл жердегі ақ лексемасы Э.Севортянның сөздігі көрсеткен: «ағу қимылын білдіретін етістік (ағыны қатты су)» және зерттеуші Ұ.Серікбаеваның: «Ақ – кең, ұшы-қиыры жоқ, шексіз… Ақ Жайық өзенінің атауын о баста «ені кең, жайылып жатқан өзен» деп жобалауға болады» деген пікірлерін қостай келе, сонымен қатар оның «киелі, қасиетті» мағынасындағы сөз-символ іспеттес коннотаттық мәнін де көрсеткен жөн. Ал Махамбеттің: «Ауыр әскер қол ертіп, // Жасқұсқа барып кіргенде», - деп келетін өлең жолдарындағы Жасқұс құмының атауы Жәңгір ханды, «ағаш үйді» (Жәңгір хан Сарайын), әділетсіздік пен озбырлықтың орталығын елестетсе, «Көзінен тізіп жіберді-ау // Орынбор деген қалаға-ай!», - дегендегі Орынбор қаласының атауы орыс патшасының саясатын жүзеге асырушы Орынбор казачествосын бейнелеп, Махамбет үшін өз тұрмыс тіршілігінен тыс, рухани өміріне жат елдің, мекеннің коннотациялық атауын танытады[6,79-81].
Махамбет мұрасын зерттеушілер әр кезде де ақын өлеңдерінің өзіне дейінгі жыраулардың көптеген образдарымен, кейде тұтас жолдарымен ұштасып жатуын «өзіне дейін поэтикалық дәстүрді жинақтаушы (синтездеуші) ақын» [2,181] ретінде танытып, «… тегінде дәстүрлі жалғастық, ауысу, мұралану дегендердің өзі осы «қайталаулардан» көрінбек [7,174] дегенді баса айтатыны белгілі.
Жыраулар мұрасын әдеби тілдің қажетіне жарату – бұл байырғы лексикалық байлықты сарқа пайдалану, реңк беру, тармақ үйлесімі сияқты себептерді ескеру дей тұрғанымен, бұны біз жаңа жағдайға, тариххи шындыққа байланысты өзге мазмұнды, өзіндік бір мәнді таныту мақсатынан туындаған көркемдік қажеттілік деп табамыз. Мысалы, Махамбет бірде: «Кет-Бұғадай билерден // Ақыл сұрар күн қайда?» – деп келетін образ қолданады. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, Кет-Бұға – XIII ғасырда ғұмыр кешкен тарихи адам, атақты би. «Көне түркі тілінде «Кед» (кет, келі, кез) – күшті, мықты. «Бұғы» - бұға, бұқа, бүке – батыр, күшті адам, бөгу – дана, данышпан деген ұғым береді»
[8,516]. Академик Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді» атты еңбегінде зерттеуші А.Сейдімбековтің сөзін келтіре отыра, бұндай сөзқолданыс Доспамбет жырау тілінен сақталып келгенін растайды. Біздің ойымызша, Доспамбет жырау мен Махамбет ақын өлең жолдарындағы бұл образды тіркес тек сыртқы формасы жағынан үндесіп жатыр. Ал осы қолданысқа салынған ой мен мән әр басқа. XV ғасырда жасаған Доспамбет жыраудың: «Кет-Бұғадай билерден // Кеңес сұрар күн қайда!» деп жырлауында өзіндік бір себеп бар шығар. Ал Махамбет ақынның араға үш ғасыр салып Кет-Бұғаны аузына алуына таза тілдік факторлармен қатар, тарихи-әлеуметтік жағдай, объективті шындық итермелеген болу керек. Ақын тілінде Кет-Бұға – бұл нақты адамның есімі емес. Ол жинақы образ. «Кет-Бұғадай билер» деп келген теңеуімен ол Шыңғыс, Әбілқайыр, Абылай хан замандарында өмір сүріп, өздерінің елдің әдет-ғұрпын жақсы білуімен, дана сөздерімен, әділділігімен бүкіл байтақ елге танымал болған ақылгөй билерді, ақсақалдарды танытады. Дәлірек айтқанда, «Кет-Бұғадай билерден // Ақыл сұрар күн қайда?» деп ақын, біріншіден, өз өсиеттерімен, әділ сөздерімен бағыт берген, төреші болған, ел бірлігін көксеген би-шешендер заманының кетіп, сонымен бірге көшпелі салтдәстүрдің де құлдырауын көрсеткені болса, екіншіден, тек жеке бас қамын ойлайтын, алдау-арбаумен күнін көретін, өз заманының әділетсіз би-сұлтандарын әшкерлегені деп түсінеміз. Яғни, Махамбет тілінде бұл жай қайталау емес, өзіндік бір тың мазмұн жүйесін құрайтын коннотаттық мағынадағы образды тіркес.
Жалпы, Махамбет тілінде топонимдер мен антропонимдер, біріншіден, белгілі бір объектінің мазмұнын (жер бедері, жануарлар, өсімдіктер әлемі, тарихи жағдай, халықтың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, қалыптасу кезеңі, қабаты т.б.) ашуға бейім, мүмкіндігі мол категориялар болып танылса, екіншіден, олар өзінің сипаттауыштық, символдық, аялық, бейнелеуіштік қызметтерімен ерекшелене келе, көркем мәтін тілінде танымдық тұрғыдан маңызды мағына тудырушы рөл атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Сыздықова Р.С. Махамбеттің әр сөзін түсініп оқысақ // Қазақ әдебиеті, 1.08.2003.
2.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы – Алматы, 1993 – 320 б.
3.Сыздық Р. Сөздер сөйлейді – Алматы: Арыс, 2004 – 232 б.
4.Махамбет энциклопедиясы – Алматы: Өлке, 2004 – 610 б.
5.Махамбет өлеңдеріндегі тарихи лексиканың танымдық қызметі // «Махамбет поэзиясындағы ерлік пен елдік рухы және қазіргі дәуір» атты халықаралық ғылымитеориялық конференцияның материалдары. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 6 (68). – Алматы, 2003 – 70-71бб.
6.Махамбет қолданысындағы топонимдер мен антропонимдердің коннотациясы // Қазақ тілі мен әдебиеті – Алматы, 2003, № 12 – 79-81бб.
7.Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі – Алматы: Ғылым, 1976 – 270 б.
8.Р.Сыздық және махамбеттану // Академик Р.Ғ.Сыздықтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың ұлттық әдеби тілі: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-теориялық конференция материалдары. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 5 (77). – Алматы, 2004 – 197-198 бб.
Нурсаев Иса Тулегенович
Жаңақорған ауданы
Келінтөбе ауылы №192 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы, Қазақстан
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ КІСІ ЕСІМДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАСЫ
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі жалқы есімдердің (антропонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жүйесі. Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, фразеологиялық, паремиологиялық, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазіргі тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы.
Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.
Соның ішінде тарихи этникалық үрдісті сипаттайтын, рухани - тарихи ақпарат көзінің бірі антропонимдер жүйесін лингвомәдени, әлеуметтанымдық тұрғыдан анықтаудың мәні ерекше. Бұл тек лингвистикалық жаңғырту емес, этномәдени сипаттағы тарихи танымымыздың да көкжиегін кеңейтпек. Осымен байланысты қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық сананың жаңа деңгейде жаңғыруы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне байланысты қызметінің жандануына қатысты ұлттық мүддеге сәйкес тілдің этномәдени және әлеуметтік қызметін айғақтайтын, деректейтін, дәйектейтін негіздері қатарынан қазақ антропонимдерінің лингвомәдени жүйесі де орын алуы тиіс.
Ә.Қайдар, А.Мұқатаева «Қазақ ономастикасының мәселелері» атты жинақта қазақ тілінің көне де байырғы лексикалық байлығын, әсіресе, оның кісі аттарын зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор екенін көрсетеді. Солардың ішінде ғасырлар бойы қалыптасып, халық арасында кеңінен тараған батырлық эпостар мен лиро-эпикалық дастандардағы кісі, ру-тайпа аттарын зерттеудің ономастика саласындағы орны бөлек. Себебі эпос антропонимдеріне тән ерекшелік – олардың көнелігі. Сондықтан эпос топонимиясы мен антропонимиясының басқа салаларға қарағанда өзіндік ерекшеліктері көп. Қазақ эпосымен, этникалық мәдениетімен тікелей байланысты, қазақ топырағында дүниеге келіп, халық арасына кеңінен тараған, тіпті Қазақстаннан тыс көршілес өлкелерге де жайылған эпостардың бірі – «Қозы Көрпеш - Баян сұлу».
Эпос тілін зерттеуші ғалымдар Ә.Қайдар, Е.Жұбанов, А.Мұқатаева мынандай ерекшелікті атап өтеді: Мәселен «Қозы көрпеш» поэмасындағы кездесетін мына есімдер: Таңсық, Айбас, Қодар, Қаратоқа, Бұланқара, Нұрқара, Kөсемсары, Ай, Kүліп, Шақшақ т.б. бүгінде қолданылмайды, не сирек кездеседі. Эпос антропонимдердің екінші бір ерекшелігі - көп жағдайда кейіпкер, есімдерінің алдынан да артынан да (препозитивті, постпозитивті) анықтауыштардың қолданылуы: «Қозы Көрпеш», Қара хан, Сары хан (Қарабай, Сарыбайдың варианттары), Қыз Баян, Ер Танас, Ер Kүліп, Нұрқара би, Тайлақ би, Қодар мұндар, Айбас сері, Манап хан т.б. [1, 17 б.].
Бұл - жалпы эпос пен фольклор антропонимдеріне тән көне дәстүр. Оны кез келген эпостан, ертек, дастандардан кездестіруге болады. Мысалы: Ер Сайын, Ер Тарғын, Қобланды батыр, Алпамыс батыр, Қыз Жібек, Қыз Қортқа, Ақ Тоқты, Ақ Жүніс, Біржан сал, Ақан сері, Алдар көсе т.б.
Поэмада кісі аттарына еркелету, құрметтеу қосымшалары жиі кездеседі: Қозыке, Қозыжан, Қозыекең, Баянжан т.б. Кейде контекске байланысты кейпкерлердің атына жағымсыз анықтама теңеулер, жағымсыздарының есіміне жағымды теңеулер, экспрессив форманттарда да кездеседі. Мысалы: сұм Баян, сұмырай Баян, қу Баян, Қодар батыр, Қодар мырза, Қодаржан, Қодеке немесе Баян сұлу, Баянжан, Ақ Баян, Қодар құл, Қодар мұндар, Қодар сұм, Қодар кәпір т.б.
Х.Досмұхамедовтың «Қазақ халық әдебиеті» атты еңбегінде эпостық жырлардағы Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар, Едіге т.б. есімдерді Алтынорда мен Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген, бірақ келе-келе есімдерді аңызға айналған тұлғалар деп біледі [2, 176 б.].
Ә.Бөкейханов өзінің «Қобыланды» жырына арналған сын мақаласында оның генезисіне қатысты бірқатар ой пікірлер сабақтап, Қобыланды Тоқтамыс ханның тоғыз батырының бірі, оның өмір сүрген дәуірі ХІ ғасыр деп мөлшерлеген. Шаһкерім (Шәкәрім) шежіресіне сүйеніп, жырдағы Қазан қалмақ ол Қобланды заманынан бұрын болған, жыр шағатай дәуірінде туған. Ал, Қобландымен соғысатын Қазан шағатай дәуірінің адамы болуға тиіс. Жошы қарауындағы қыпшақтармен соғысатын Қазан тұлғасы осы дәуірге келеді деген болжам айтады
[3, 126 б.].
Ә.Бөкейханов жырдағы Алшағыр, Көбікті есімдеріне олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтауға да ерекше мән берген. Орақ пен Қобландыны замандас санап, Көбікті есімін «Манас» жырындағы Көкетай атаумен байланыстырады.
Халықтық топонимияға сүйенген, эпостар ноғайлы, қыпшақ, қырғыздар бір ел болып жүрген кездері туған деп санайтын М.Әуезов те Қобландыны тарихта болған адам деп біледі [4, 240 б.].
Проф. Ә.Қоңыратбаевтың пайымдауынша, әрбір эпостық жырда белгілі бір кезең мен ежелгі тайпалар тарихының ізі болмақ.
Ә.Қоңыратбаевтың ізденістерінің темірқазығы «сана мен тіл, тайпа мен эпос құрдас» дейтін ғылыми қағидасы біздің зерттеуіміз үшін мәні зор. Қорұғлы, Қобланды, Алпамыс жырларын оғыз дәуірінің ұлы сюжеттері деп біліп, олардың қатар туып, қалыптасқанын біршама тарихи айғақтар, ономастикалық атаулар, олардың этимологиялық, семантикалық сыр сипаттарын ашып көрсету арқылы дәлелдеуге тырысады [3, 128 б.].
Эпос пен этносты сабақтастықта зерттеген ғалым Т.Қоныратбаевтың пайымдауынша, «Қобланды» жырының қыпшақ тайпасының ортасында туғанына жырдағы қыпшақ елінің суреттемесі, батырдың қият Қараманмен бірге ноғайлы шаһары Қазанды азат етуге аттануы, қалмақ Алшағырмен соғыстары дәлел бола алады.
Эпостық жырлардың этнодеректік мәнінің ерекшелігі оның мазмұнындағы этноантропонимдердің тұрақтылығында. Проф. Т.Қоңыратбаев атап көрсеткендей: «осы секілді қоғамдық әлеуметтік, этнографиялық һәм этникалық құблыстардың сырын ашып көрсету этнофольклортану ғылымының алдында тұрған негізгі әрі күрделі міндет». Бұл пікірдің этнодеректерді тілдік жағынан зерттеудеге де тікелей қатысы бар .
Гүлбаршын. Әбілғазы шежіресіндегі атауы - Баршын. Қорқыт жырларында Бану Шешек, этникалық тегі - салор (Баршын-салор), әкесі - Қармыш бай, күйеуі Мамыш бек, мазары Сыр бойында, оны өзбектер Көккесене деп атаған. Оның этимологиясы туралы пікірлер әртүрлі. Оны парчин (парча - мата атауы) деп ұғынатындар бар, қыздардың сұлулығын, нәзіктігін гүл, жібекке теңеу түркі тайпаларында кең етек алған үрдіс десек, бұл пайымдауының негізі болуға тиіс. Бірақ антропонимдік тұлғадағы көне атауды бір ғана эпитет деңгейінде ұғыну жеткіліксіз болар еді. Оның «көк» деген мәнін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Проф. Ә.Қоңыратбаев «Баршын» атауының жағырапиялық сипатын оның Сыр бойындағы Баршын элементі арқылы жасалған кентастарымен және гидронимия мен байланыстырады.
Жоғарыда айтылған Проф. Т.Қоңыратбаевтың еңбегінде Қорқыттың тарихи тұлғасы мен этникалық тегін анықтау жан-жақты, кешенді түрде сипатталған (музыкалық қобыз сарыны, аңыз, әпсаналық, шежірелік т.б. негізінде). Біз Соның ішінен Қорқыт антропонимін тарихи этимологиялық тұрғыдан сипаттаған тұстарына ерекше назар аудардық. Мысалы Проф. Ә.Қоңыратбаевтың «Қорқыт» сөзі «хор» және «хұт» деген екі буыннан құралып, алғашқысы тайпа, соңғысы «ойшыл», «сәуегей» деген ұғым береді, яғни Қорқыт – «құтты адам», «құт әкелетін адам» деген сөз деген пікір немесе проф. Ш.Ыбраевтың да пікірі көңіл аударарлық: «Қорқыт» есімінің алғашқы сыңары көр (ғор, гөр) сөзінің мағынасы «о дүниелік» ұғыммен жапсарлас, екі дүниенің ортасындағы жалғыз заттық айғақ көрмен байланысты болуы әбден ықтимал деген пікірі. [5, 126 б.].
Сонымен, Қорқыт антропонимнің лингвомәдени, әлеуметтанымдық сипатына, біздің ойымызша, проф. Т.Қоңыратбаевтың төмендегі тұжырымдарының тікелей қатысы бар;
Біріншіден, Қорқыт оғыз елінің бірлігі, тұтастығы үшін зор әлеуметтік қызмет атқарған тұлға - этнофор.
Екіншіден, Қорқыт оғыз елінің этникалық құрылымын жеткізуші, этникалық сананың қоғаушы көзі - индикаторы.
Үшіншіден, Қорқыт тұлғасы оғыз еліндегі этникалық үрдістің жеке бір көрінісі - микробөлшегі.
Осы тұрғыдан келгенде ғалымдарды көптен толғандырып жүрген күрделі мәселе - «Алпамыс» антропонимінің этимологиясын анықтаудың да маңызы аса зор. Бүгінде осы есімінің этиологиясына байланысты жиі айтылып жүрген Бамсы, Бамыш, Алып Манаш, Алпамыш тіркестері бұл антропонимнің қалыптасу кезендерін аңғартуы мүмкін. Мұндағы алып «батыр», «ержүрек» деген сөз, ол оғыз дәуірінен бері бар (Қазан алып).
Мысалы, «Алпамысты» оғыз эпосының бізге жеткен бір нұсқасы санайтын академик Ә.Марғұлан: «Әбілғазының айтуынша Мамаш» (Бамыш, Бамыс, Бамсы Алып Мамыш, Алпамыс) оғыздың бір бегі, оның әйелі Баршын сұлу («Алпамыс» жырындағы Гүлбаршын) - оғыздарға аты шыққан даңқты жеті қыздың бірі» - деп жазады [4, 368 б.].
Әрине, бұл пікір әлі де тарихи-этимологиялық тұғыдан тереңірек зерттеуді қажет етеді. Алпамыс антропонимнің таза лингвистикалық сипатын этимологиялық зерттеу анықтайды. Осымен байланысты оны Қалмыш (Рашид ад дин шежіресінен) Тоғурмыш, Қармыш, Өгдүлміш, Оғдұрмыш (Құтты білік) және Алпамыш деп, бір сөз тудырушы модель жүйесінде қарауға болады. Ал, лингвомәдени аспектіде қарастырып, оны Алып Мамыш деген этноантропоним деп анықтауға болады.
Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Қобланды тарихи антропонимнің түпкі нұсқасы емес, поэтикалық өзгеріске түскен тұлғасы. Сөз түбірі – Қоблан, ды - түркі тілдерінде өткен шақты білдіретін қосымша. Осы -ды,- ді қосымшасына тоқталған М.Қашқари оны жыраудың іс-әрекетті көзімен көріп, куәсі болғандығынан хабар беретінін көрсеткен [6, 75 б.]. Атаңа нәлет, Алшағыр, Көрсеттің ғой өкімді!
Жалғызым тірі бір келер, Асықпай тұр қызылбас, Сыбағаңды сол берер!
Опасыз дүние сырғанақ.
Он үш жасар Қобланды,
Шынымен сенен айырлсам
Жалғызым, тезірек келмесең,
Өтірік емес құдайдың
Біз оны сезімдік эмоциялық негізінде туған теңеу, яғни поэтикалық құбылыс емес, этникалық сипаты айқын антропоним дейміз.
Атына Қоблан мініпті
Тайбурылды талдырмай
Табан жолға салыпты
Алты жасқа келгенде
Арыстан туған Қоблан
Қазнадан қамқа киеді
Келелі түйем ішінде
Қайырлы Бураға ұсаған Қайырлы туған Қоблан,
Ботам, сенен айырлдым .
«Қобланды» сөзінің түбірін сөз еткен тұста Е.Жұбанов оны автор: қабылан (жолбарыс) деген халықтық этимологиямен де байланыстырады. «Қобланды» атауының түп-төркінін «қу» сөзінен шыққан: «Құба мен қу сөзерінің атауы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын, екеуі де сарғыш тартып қуарып кеткен түсті білдіреді .... Қу сөзі құба сөзінің қысқарған түрі» деген пікір ұсынады. Осы ретпен оғлан ежелгі ұғлан (бала) сөзінің өзгеріске түскен тұлғасы дей келіп, проф.
Е.Жұбанов бұл атаудың жасалу жолын былайша таратқан: құба оғлан, қоб(а) оғлан, қоба(ғ)лан, қобұлан, қобылан. Және ғалым «Қобыланды» есіміндегі құба(қоб) жоғарыда айтылған құба жон, құба төбел деген заттың түрі мен түсін білдіретін сияқты емес, рудың атын білдіретін сөз, ру атауы мағынасында айтылып тұр деп анықтай түседі [3, 175 б.].
Проф. Ә.Қоңыратбаев «құба» сөзінің Құба тас, Құба тау, Құба сеңгір, Құба төбе, Құба көл, құба қыпшақ, құба қалмақ деген атауларда бірде этноним, бірде топоним, бірде гидроним, бірде ороним тұлғасында кездесетінін дәлелдей келіп: «Қобыланды» атының Көбен, Қабан, Құбылай, Құбығұл болып та айтылатыны эпоста баршылық деген жорамал айтады. [5, 115 б.].
Сонымен, Қоблан сөзінің төркінін этнонимдік тұлғада жасалған «Құбаұғлан» тіркесінен тудыруға толық негіз бар: Құбаұғлан-Қобұлан-Қоблан-Қобланды бұл антропонимнің жасалу жолдарын байқатуға тиіс. Сонда ол «қыпшақ ұлы», дәлірек айтқанда, «қыпшақ елінің батыры» деген семантикалық мағынаға ие болмақ. Демек, Құбаұғлан (Қоблан) - этноантропоним.
Қорыта келгенде, қазақ эпосындағы антропонимдер қазақ халқының тілі мен мәдениеті үшін өте маңызды. Өйткені қазақ эпостары, дастандары, ертегілері қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы:Ана тілі, 1998. –196 2 Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы: Ана тілі, 1991. –176 б.
Бөкейханов Ә. Қара қыпшақ Қобланды .// Қазақ 1915. –126-129 б.
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –Алматы: Жазушы 1985, –368 б
Қоңыратбай Т. Эпос пен этнос. Алматы:Ғылым, 2000. 43,45б,596 106
М.Қашқари Түрік сөздігі 2-т –Алматы: Ханат 1997. –75 б
Батырлар жыры. –Алматы: Жазушы, 1986. 1-т. –264 б
Ахмет Қалбибі Зәріпәліқызы
Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы №192 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қызылорда облысы, Қазақстан
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ АТАҚ ПЕН ҚАРУ-ЖАРАҚ
ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК, ЕЛ БАСҚАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨНЕ СӨЗДЕР
Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп: тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті, ұлттық таным мен талғамды, мінез бен көзқарасты, сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік тұтуында.
Белгілі ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: «Қазақ мақалмәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді» [1,142]. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды шартты түрде «Адам», «Қоғам» және «Табиғат» деп атауды ұсынады. Бұлай үш салаға бөліп қараудың ұстанған принципі – барлық құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз.
Мақал-мәтелдің табиғатына тән ерекшеліктердің қатарына, ең алдымен, олардың жанр түрінде іштей жіктелуін, өмір-тіршілігіміздің сан-саласын қамтитын көп тақырыптылығын жатқызуға болады. Сондай-ақ, мақал-мәтелдер өзінің өте көнелігімен де, ғасырлар асып, бізге жеткен өзіндік дәстүрімен де ерекшеленетін, ой мен тілдің өзара түйісуі негізінде дүниеге келіп, жанр ретінде қалыптасқан құбылыс ретінде де назар аударады. Осы ерекшеліктеріне байланысты мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің әрі көркем сөз өрнегі, үлгісі, көркем мәтіннің тілі ретінде лингвистиканың зерттеу объектісі бола алады. Сонымен қатар мақал-мәтелдер этнолингвистиканың да ең бір құнарлы объектісі болып саналады. Өйткені мақал-мәтел табиғаты халқымыздың барша болмысымен қатқабат астарласып жатыр, мақал-мәтел жасаудың принциптері мен мотивтік негіздері ұлттық менталитетке, ежелден қалыптасқан салт-дәстүрге, дүниетанымға, болмыстағы заттар мен құбылыстарды абстракция, салыстыру, ұқсату, теңеу, қарама-қарсы қою т.б. тәсілдер арқылы танып-білуге ыңғайлы объект болып саналады.
Алайда, бұлардың бәрін айқындау, ғылыми тұрғыдан зерделеу тек жүйелі түрде, белгілі бір ізділікпен қарастырғанда ғана нәтижелі болмақшы. Бұл - ғылыми зерттеудің басты принципі мен тәсілі болып саналады.
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді «аталар сөзі», «даналық сөздер», «нақыл сөздер», «ақыл сөздер» деп атап, «Ақылың бар ма - ақылға ер, ақылың жоқ па - нақылға ер», «Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара», «Мақал - мәтел маржан сөз» деуі - халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады.
Демек, бүгінгі қазақ халқының ауыз әдебиетінде сақталған және толассыз толығып, дамып бізге жеткен мақал-мәтелдердің тамыры мен жасалу тәсілдері тереңде жатқан, бастауын сонау көне замандардан алған құнарлы да өзіндік ерекшелігі мол жанр санатына жатады. Мақал-мәтел, ауыз әдебиетінің басқа кіші жанры сияқты, дайын күйінде қолданылатын туынды және жұртқа берер тәлім-тағылымы мол, логикалық жүйеге құрылған өзіне қатысты объектілерді бейнелер (образдар) арқылы суреттейтін құнарлы тіл байлығы. Мұнда тек ұйқас, сюжет, образ ғана емес, сонымен қатар логикалық ойдың жүйелі көрінісі, нақтылық, тапқырлық, астарлы пікір, ұлттық дүниетанымның өзіндік бір тәсілдері мен сөзжасам модельдерінің қат-қабаты араласып, мақал мен мәтелдің күрделі де көркем табиғатын сипаттап тұрады. Сондықтан, мақал-мәтелдер де тіл тұрғысынан зерттеуге тиісті қызықты да өзіндік ерекшеліктері мол күрделі мағыналық бірлікке жатады. Сондай-ақ мақал-мәтел табиғатына тән бұл ерекшелектердің бәрі этнотілтаным, лингвомәдениеттаным, психолингвистика, когнитивті лингвистика тұрғысынан зерттеуді талап етеді.
Соңдай-ақ тілдерді байытатын жаңа мақал-мәтелдердің пайда болуының тағы бір жолы, бір тілден екінші тілге көркем, саяси т.б. әдебиеттерді аудару. Басқа халықтардың мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аударып, тіліміздегі мақал-мәтелдер қорын толықтыруда М.Әлімбаев көп еңбек сіңірді [2]. Осы орайда зерттеу нысанамыз болған әскери атақ пен қару-жарақ атауларына байланысты қалыптасқан көне компонентті мақал-мәтелдерге семантикалық талдау жасауды мақсат еттік. Мысалы: Жебе – Садақ оғы.
Мыс: Сансызбайдың атқан жебесі Қоренді құлатып, одан өтіп үй орнындай бір төбені аударып тастайды (М.Әуезов, Әр жыл)
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша, Жігіт елінде патша.
(Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы, 2002. 4-б)
Сауыт – 1. Оқтан, найза-сүңгіден сақтану үшін ертеде батырлар киген тор көзді темір кіреуке
2. Әр түрлі зат салып қоятын кіші-гірім құты ыдыс
Мыс: Төлеген жасынан сері жігіт болса, Сансызбай сауыт киіп, садақ асынған, жаратып ат мінген батыр жігіт болып тәрбиеленеді (М.Әуезов, Әр жыл).
Қараша үйден ханша шығар.
Жақ – Кермесіне жебе салып тартатын қару, садақ
Мыс: Қыпшақ сыпайлары ұшып бара жатқан құсты жақпен көздемей бір-ақ тартып түсіретін шетінен мерген болатын (І.Есенберлин, Алмас қылыш).
Ата-бабасы би болмаған қазақ дәстүрінше іс қылмайды
Арызға келсе алдына ішаратпенен тыңдайды
Үлкен адам келгенде, менменсіп, орнынан тұрмайды [3, 69 б]
Найза – Ұшы істік темірден істелген ұзын ағаш сабы бар, соғыс құралы.
Мыс: Жайлау-жайлаудың жігіттері белдеуден найза, белден қылыш сабы сияқты қаруын кетірмейтін болған (М.Әуезов Қилы заман). Қызды асырай алмаған, Күң етеді.
Ұлды асырай алмаған,
Құл етеді
(Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы, 1993. 44-б)
Жасақ – 1. Билік иесінің төңірегіне топтасқан жауынгерлер отряды 2. Тар. Жаугершілік кезінде өз еркімен жиналған қарулы қол. Мыс: Омбы қаласынан шыққан Сотников жасауыл басқарған жасақ ауылымызды шауып, мал-мүлкімізді талап кетті. (І.Есенберлин, Қаһар)
Ешкіні түлен түртерінде,
Шопанның таяғына сүйкенер (Қазақ мақал-мәтелдері.-Алматы, 2001.74-б)
Түмен – Саны он мыңға жететін әскери бөлік
Мыс: Күн ұясына қонар шақта ғана Жошы түмендеріне кейін, қосқа қайтуға әмір етті
(О.Сәрсенбаев, Сағым)
Тіл тіліп түсер наркескен Сөз өткір жебе тау тескен т.б.
Сонымен қатар, әкімшілік, ел басқаруға байланысты көне компонентті мақалмәтелдерге келсек: Әр ханның тұсында
Бір сұрқылтай
(Қазақ мақал-мәтелдері.-Алматы,2001.37-б)
Аталған мақал құрамындағы «хан» тірек компонентінің қолданыстан шыққан лауазым атауы екіндігі белгілі. Хан – Феодалдық дәуірде кейбір түрік және монғол халықтарында болған ел билеуші шонжар. Мыс: Ханы қаһарлы болған соң, әрі ақылдан жарлы болған соң елде береке болатын ба еді, тегі (С.Омаров, Хантағы).
Жаман жасаққа жарамайды,
Желінсау қосаққа жарамайды
(Қазақ мақал-мәтелдері.-Алматы,2001.70-б)
Ханша – Хан әулетіне жататын әйел жынысты адам, ханның қызы, қарындасы Мыс: Жас ханша – байтақ өлкені көп жылдан бері билеген, аузымен құс тістеген патшаның жалғыз қызы еді (Ш.Бейсенова, Той).
Қылыш біреуді шапса,
Тіл түменді шабады. (Мың бір мақал. –Алматы, 1995. 14-б)
Патша – Бұрынғы дәуірдегі ел билеуші ең жоғарғы әкімшілік атақ, Россия монархының титулы. Мыс: Халыққа әбден тізесі өткен патшаны да халық орнынан аунатып тастап жатыр (С.Бегалин, Замана)
Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас Көптің оғы жоғалса да табылар.
(Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы, 2002. 17-б) Би – Дау-жанжалға билік айтушы үстем тап өкілі.
Мыс: Түбінде баянды еңбек егіп салған, жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған (Абай).
Сұлтан сүйегін қорламас.
(Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы, 2002. 71-б)
Сұлтан – Шығыс елдеріндегі жергілікті билеушілердің лауазымы. Мыс: Қазақстанда сұлтан лауазымының мән-мағынасы сол қалпында сақталып, ол Шыңғыс ханның тұқымына беріледі (ҚСЭ)
Таныған жерде сой сыйлы,
Танымаған жерде тон сыйлы
(Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы, 2002. 171-б)
Ханым – 1. Ханның әйелі, зайыбы.
2. Шет елдік біреуге қарата сөйлегенде оның фамилиясы мен атағына қоса айтылатын сыпайы түрде қаратпа сөз. Мыс: 1. Қыздың өзі Ермекке тиіп, оны өзі хан қылып, өзі ханым болып, мұраттарына жетіпті (Қазақ ертегісі).
2. Ләтифа ханым толық денесіне шәркез нәзіктік көрсетіп, келіншекше майысты (Т.Әлімқұлов, Шежіре).
Құл – 1.Құлдық, феодалдық дәуірде басынан еркі жоқ, иесіне тәуелді жарлыжалшы.
Соғыста қолға түскен тұтқын.
Мыс: Қарашылар, әдетте, бір рудан емес, сан рудың жарлы - жақыбайларынан немесе жаугершілікте жау жағынан қолға түскен «құл» аталатындардан құралады (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
Нөкер – Ақсүйектердің қасына еріп жүріп, қызмет ететін, шашбауын көтеретін қошаметшіл адамдар.
Мыс: Ханы еді қалмақтардың Сейқын деген, Он мыңдай нөкері бар соңына ерген. Өзі бай, өзі мықты заманында, Ешкімге Сейқын тұрып дес бермеген (И.Байзақов, Құралай).
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой
(Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы, 1993. 23-б)
Күң – Бас бостандығынан айрылған, басыбайлы әйел.
Мыс: Түңлігін сүңгі түріп, туыршығын жебе түйрейтін; азаматын опар етер, Қатынын күң қылар күн туарын болжады (Д.Досжанов, Жібек).
Жақсы жүрген жерін мақтап жүреді.
Жаман жүрген жерін даттап жүреді.т.б.
(Қазақ мақал-мәтелдері. –Алматы, 1993. 117-б)
Қорыта келгенде, отандық тіл біліміндегі мақал-мәтелдер құрамындағы көне сөздер семантикасына үңіліп, этнолингвистика пәні аясында зерттеуге ұмтылыс жасалып, көне компонетті мақал-мәтелдердің уәжділігін ашуға талпыныс жасалды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қайдар Ә. Халық даналығы.- Алматы: Толғанай, 2004. -560 б.
Әлімбаев М.Өрнекті сөз-ортақ қазына.- Алматы: Қазақстан, 1967.- 18 б, 33 б, 69-
70 бб.
3.Сыздық Р. Сөз құдіреті: Алматы: Санат, 1997 б, - 224 б.
Камбарбекова Жанар Жаксылыковна
Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы №192 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы, Қазақстан
ЭМОЦИОНАЛДЫ – ЭКСПРЕССИВТІ СӨЗДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Сөз – әрі қарым қатынас құралы ретінде сөйлеудің, әрі сол тілді зерттейтін тіл білімі саласының негізгі тілдік бөлшегі болып есептеледі. Тіл біліміндегі сөздің қызметі сан алуан екендігі белгілі. Бұл сөздің тілде әр түрлі көптеген мағыналарды, нақтылай айтқанда, сындық, қимылдық, заттық, атауыштық, бейнелуіштік, сияқты т.б. мағыналарды білдіре алатын қабілетімен тікелей байланысты. Сөздің сондай мағыналарының бірі – тіл білімінде эмоциналдылық- экспрессивтілік деп аталады. Олар көңіл-күйдің, сезімнің, әсердің, мағыналық бояуларын білдіреді. Тіл білімінде олар эмоционалды-экспрессивті сөздер деген атау алған.
Эмоционалды-экспрессивті сөздер халықтың ауызекі сөйлеу тілімен қатар әдеби шығармалар тілінде де жасалып, көп кездеседі. Алайда сөз қуаттылығы жазушыларымыздың ой зерделілігі мен тіл байлығына, шебірлігіне байланысты болмақ. Шебер жазушыларымыздың сөзін қашан да сарыла талғап, жаңылмай таңдап, қиыннан қиыстырып шығарады. Бұлай болмағанда талғамсыз қолданылған сөздерден жанымыздың терең тебіреніс, лайықты әсер алуы, әрине, мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, эмоционалды-экспрессивті сөздердің жасалуында да сөздердің орынды қолданыс табуы, қажетті мағыналық бояуды бере алатындай болуы тиіс. Бұл – сөздің негізгі қызметтерінің бірі. Сөз қуаттылығы, сонымен бірге, оның өз бойындағы мән мен мағына реңіне де байланысты. Мысалы, олардың бірі кімді, нені немесе қандай құбылысты болса да жай ғана атаса, екіншісі сондай қызметімен бірге өз бойында ерекше бір әсерлілік барын аңғартып, адамның көңіл-күйіне өзгеріс әкелетіндей қасиеті байқалып тұрады. Эмоция мен экспрессивтілік жөніндегі ғылымдағы пікірлерге мән берсек, мұндай пікірлерді тек тіл біліміне қатысты емес, барлық сала мамандарының еңбектерінен кездестіруге болады. Мысалы, тілдегі осы мағынаға байланысты: «Сөз сөйлеушінің ойымен қатар, оның әр түрлі психикалық толқуларын білдіреді», – деп атап көрсетеді академик В.В.Виноградов [1,52]. Ал, Э.Клаус сөздің тілдегі қызметін саралай келіп: «Сөз тек түсіну құралы ғана емес. Тілдік белгілер, сондай-ақ, тыңдаушының қызығушылығын арттырып, әңгімеге белсенді араласына ықпал етеді» – деген пікір айтады [2,102]. Алайда сөздің өзіндік табиғаты мен ерекшеліктеріне байланысты тіл білімінің стилистикасында осындай негізгі категорияларының біріне әзірге жан-жақты терең пайымдау, бір ізге түскен нақтылы тұжырым берілген жоқ.
Тіл ғылымының аса ірі мамандарының бірі академик В.В.Виноградовтың стилистикаға қатысты лингвистикалық еңбектерінде тілдік экспрессияның рең, бояуларына, олардың әр түрлі жанр мен сөз стилінде әр алуан көрініс табуына қарай жалпы шолу жасалынды. Ғалымның «... Экспрессивті құбылыстың амал-тәсілі сияқты маңызды мәселе бізде өз алдына зертелген жоқ» – деуі де сондықтан [1,52].
Ал аталмыш тақырыпқа арналған ғылыми еңбектердің ішіндегі ең қомақтысы – профессор Е.М. Галкина-Федоруктің «Тілдегі эмоционалдық пен экспрессивитілік туралы» деген мақаласы.
Эмоция сөзінің төркіні – латын тіліндегі «emouere» етістігі. Бұл орыс тіліндегі «возбуждать, волновать» (әсерлендіру, толқыту) деген ұғымды білдіреді.Жалпы ғылымда эмоция туралы алғашқы ғылыми пікірді биологиялық тұрғыдан айтқан ағылшын ғалымы Ч. Дарвин болса керек. Дарвиннің «Выражение эмоции у человека и животных» деген кітабы жарыққа шығудан бұрын-ақ, бұл проблема тек ғалымдардың ғана емес, өнер адамдарының: суретшілердің, скульпторлардың актерлардың көңілін аударған [3,660662].Эмоционалдылықтың физологиялық негіздерін жан-жақты әрі нақтылы мысалдар арқылы талдай отырып Ч.Дарвин: «Жүрек өзінің күні-түні тоқтаусыз соғатын ғажайып қабылетімен бірге сыртқы стимулдарға да төтенше сезімтал. Елең еткен жүрек миға, ал ми өз ретінде ақпа(блуждающийся нерв) жүйке арқылы жүрекке әсер ететінін және бұл назар аударуға тұрады» – деп атап көрсеткен болатын [3,660-662].
Осылайша ғылыми эмоционалдылық сезім жүрекпен, мимен тығыз байланысты екенін айрықша сөз етеді.
Түрколоияда бұл тақырыптың зерттелуі 50- жылдардан бастау алды десе де болады. Аталмыш тықырыптың әртүрлі аспектілеріне арналған бірнеше арнауы еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда О.С. Ахманованың «Сөздің стилистикалық дифференциациясы» атты мақаласында, Т.А.Эфендиеваның «Қазіргі әзербайжан тілінің лексикалық стилистикасы» атты ғылыми диссертациясында. Лихановтың: «Якут тіліндегі эмоционалды-бағалауыштық және экспрессивті сөздерге» арналған диссертациясында эмоционалды экспрессивті лексикаға әр түрлі баға беріліп, әрқилы тұжырымдар жасалған. Қазақ тілінің көрнекті өкілдері С.К.Кеңесбаев, Н.Т.Сауранбаев, М.Б.Балақаев, Ғ.Ғ. Мұсабаев, А.Т. Қайдаровтың еңбектерінде эмоционалдылық, экспрессивтілік, ондағы лексика-семантикалық бірліктер мен олардың жасалу тәселдері жайлы салмақты пікірлер айтылған. Ал А.Нұрмахановтың «М.Әуезовтің дарамалық шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика» атты диссертациясында аталмыш тақырып жанжақты, біршама жүйелі түрде зерттеліп, құнды ғылыми тұжырымдар жасалған.
Е.М.Галкина-Федорук «Эмоция дегеніміз – адамның қоршаған ортадан алатын тітіркеністеріне организмнің түйсіну реакциясы. Эмоция – бастан кешірілген жан толқыны, сезім» десе [4,11], П.Г.Пустовойт: «Эмоция дегенді біз жеке адамның интеллект бойынша сәулеленген ақиқат дүниеге субъективті рекациясы деп түсінеміз» – деген анықтама береді [5,231].
Бұл пікірлер шындыққа жақын болғанымен әлі де айқындап, ашып көрсете түсуді талап етеді. Өйткені кез-келген зат пен құбылыс, субъективті реакцияның барлығы эмоция туғыза бермейді.
Мысалы:1.Салқын аяқталып, қарына ағаш ілген әйел мен қолында ноқтасы бар жылқышы бұларға қарай беттеді (Жесірлер).
.... Апам өз иманын өзі оқыды. Апам өз жаназасын өзі шығарып жатқанын сездім. .... Үйдің бұрыш-бұрышында «апам-ау, апам» деп, зар еңіреп немерелері (апманың астауы). Мысалдардағы алғашқы сөйлем субъективті реакиямызды жай ғана хабар ретінде жеткізуімізге байланысты қарапайым, тыныш көңілмен қабылданса, екіншісі сөйлемдегі эмоционалды лексиканың (апам-ау, апам, зар еңіреп) қолданылуына байланысты бойымызды тітіркендіреді, аяушылық сезімін тудырады.
Бұл мысалдардан біз Арнольдтың: «Эмоция мен сезім оларды текбасқаларға жеткізумен ғана емес, сол сезімдер мен эмоциялардың өзгелерге әсер берілуі, әсер етуімен айқындалады» деген пікірінің нақтылығына көз жеткіземіз және субъективті реакциямыз арқылы туған сезімдердің айқын көрінісін байқаймыз [6,102].
Кеңістік үлкен энциклопедияда «эмоцияның кең мағынада сезім сөзімен бірдей екінін, ал тар мағынада одан қысқа уақыт ішіндегі ғана көңіл-күйіміз танылатынын» оқимыз [7,31].
Эмоция төңірегінде жоғарыда айтылған «эмоция дегеніміз – денедегі нервтік процестер қызметінің ауыр, жеңілдігін бейнелейтін субъективті қалып; адамның қажетіне сай келу-келмеуіне байланысты шындық заттар мен құбылыстарға деген қатынасының ерекше түрі; адамның қоршаған ортадан алатын тітіркеністеріне организмнің түйсіну реакциясы; ақиқат шындыққа деген субъективтік реакциямызда жүрек қылымызды қозғайтын сезімнің бір сәті» деген пікірлерді саралап қорыта келе, эмоция адам ағзасында физиологиялық және психологиялық процестер нәтижесінде байқалатын қоршаған ортаның әсерінен туындайтын жағымды-жағымсыз сезімдердің бір сәттік көрінісі деген тұжырымға келдік.
Эмоционалдылық-экспрессивтілік, экспрессивтілік (әсер-әрлілік) ұғымдары тіл білімінде қарастырылатын сөз қабаттарына жатады.
«Экспрессия» да латын сөзі, орысша выразилетьность. Алайда бұл мәселе туралы да тіл ғылымында айтылып жүрген пікірлер әр қилы. Олардың бірқатарында тілдегі экспрессия элементі сөздің мәнерлік, көркемдік, суреткерлік, уытылық жағы деп қараса, өзгелерінде ол - сөздің субъективті баға бергендей ерекшелігі деп түсіндіріледі.
Мысалы, француз ғалымы Ж.Марузо сөздігінде: «экспрессивті» – «мәнерлі» деген ұғымды білдіретіні көрсетіледі де, оған: «элементтің не құбылыстың айтылатын ойға баға беруші мән үстейтін қасиеті» деген анықтама беріледі [8,342].Дәл осындай екінші сөздікте (авторы О.С.Ахманова) «экспрессия» құбылысы былай деп түсіндіріледі: «экспрессия – сөздің мәнерлілік, суреттілік қасиеті. Ол – сөздің қарапайым (немесе бейтарап стильдік) лексикадан ерекшелеп, оған бейнелілік пен эмоционалды рең үстейді»[9,342].
Бұл, әрине, экспрессия (әсерлілік-әрлілік) табиғатына үйлесімді. Бірақ экспрессия сөзге бейнелілік пен эмоционалды реңді үнемі үстей бермейді, яғни экспрессивтілік бар жерде үнемі эмоционалды рең бола бермейді.
Мысалы:1. Кәсібі жеті күн елден, жеті күн жерден болып келетін қайсыбір сатушының әдетінше Бекзат та ошағының түтінін анда-санда ғана шығаратын (Атау кере).1.Ерігіп отырған ел-жұртты елең еткізіп, ұрыны ұстап берер де осы – будақтаған бұйра түтін (Атау кере).
Бұл екі сөйлемде экспрессивтілік бар. Ол алғашқы сөйлемде «жеті күн» сөзінің қайталанып және «елден, жерден» боп ұйқаса келуінде болса, келесісінде дыбыс әуезділігіне (е.е.е., ү.ү., б.б.) байланысты байқалып тұр. Бірақ бұл жердегі экспрессивтілікті білдіретін сөзде ешқандай бейнелілік пен эмоционалдылық реңк жоқ.
Тағы да біз біраз анықтамаларға тоқталсақ: «Сөз экспрессиясы күшейтілген мәнерлілік деп қарауға болады» деген тұжырым айтады Е.М. Федорук [4,98]. Ал Н.Кожина: Экспрессивтілік-мәнерлілік дәрежесі, айтылған ойдың ықпал күшінің дәрежесі. Сөйтіп, көркем тіл үшін «экспрессивтілік»– бейнеліліктің жоғары дәрежесі , – деген пікір айтады [9,20].
Бірақ бұл анықтамалар да экспрессивтілікті тым көтеріңкі көрсететін сияқты.
Төмендегі мысалға көңіл аударсақ:
Тептім– терекке шықтым. (жұмбақ)
Ексең – егін, ішсең – тегін (мақал).Осы сөйлемдегі алғашқысының шұғыл қимылға лайық құрылысында (толымсыз да, аз сөзді), екіншісінің егін, тегін сөзінің ұйқасында мәнерлілік бар. Бірақ олар «ерекше, жоғары, күшейтілген мәнерлілік» деп дәріптеуге келмейді.
«Тілдегі эмоционалды элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет етеді. Ал тілдегі экспрессивтілік амалдар эмоционалды, ерікті білдіруде, ойды білдіруде де мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді» [10,108].
«Тілдегі экспрессивті және эмоционалды элементтерді айыра білу қажеттігі, олардың арасындағы байланысы мен өзара әсеріне қарамастан функциялық міндеттерінің әр түрлілігінен туады. .... Тілдегі эмоционалдылықты экспрессивтілікпен бір деп қарамау керек. Бұлар әр түрлі құбылыстар», – деген пікірлер де айтылған ойларды нақтылай түседі [11, 98].
Сондай-ақ, әзербайжан тілшісі Т.А. Эфендиева: «эмоционалдылық пен экспрессивтілік жеке дара категориялар, бірақ, экспрессивтілікке қарағанда эмоционалдылық өзінің семантикасына қарай әрі экспрессивті» – дей отырып, автор әзербайжан тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексиканы мынадай екі топқа бөліп қарастырады:
жағымды экспрессивті бояулы эмоционалды лексика.
жағымсыз экспрессивті бояулы эмоционалды лексика [12,11].
Біздің пайымдауымызша да бұлар бір ғана құбылыс бола алмайды. Сондықтан да бұларды жеке-жеке қарыстырып отырмыз.
Мысалы: 1. –Келе, ғой, құлыным, – деп шақырды. Келе ғой, жалғызым. Бала көзі бақырайып шешесіне жабыса түсті. Шалқасынан жатқан әкесі емес, әлдебір құбыжық болып елестесе керек, шошына шыңғырып, бақырып қоя берді (Сайтан көпір, 187).
2.Айқыш-ұйқыш сызылған санасы қаланың қаңғыбастарынан тазарып, шуақты аңсаған қариядай, таяғына сүйеніп тыныстағысы келді (Жетім бота, 401).
Бірінші мысалдағы «жалғызым, құлыным»– эмоционалды реңді, ал «құбыжық шыңғырды, бақырды» эмоционалды мәнді сөздер. Сондықтан да сөйлемнің оқырманға берер әсері де күштірек. Ал екінші сөйлемде мұндай эмоционалды лексика жоқ, тек «айқыш-ұйқыш сызылған санасы» деген метафоралық қолданыстағы бейнелі сөз тіркестері мен «таяғына сүйенген, шуақты аңсаған қариядай» деп теңеу арқылы берілген экспрессивті рең ғана бар. Әрине, соған сәйкес сөйлемнің әсері-күші де алдыңғысымен салыстырғанда әлсіздеу. Олай болса, осы келтірілген мысалдардан-ақ эмоционалдылық пен экспрессивтілік екі түрлі құбылыс екеніне көз жеткізуге болады.
Енді эмоция туралы айтылған «Денедегі нервтік процестер қызметінің ауыржеңілдігін бейнелейтін субъективті қалып», «организмнің түйсіну реакциясы», «жүрек қылымызды қозғайтын сезім түрі»сияқты анықтамаларды еске түсіре отырып, «Бойымызда сондай сезім тудыруға тиісті сөздер әсерсіз болса, эмоция тудыра алар ма еді?» деген сұрақ туады. Ендеше бұдан эмоционалды мәнді сөздерде әрі экспрессивтілік сипат та бар деген қорытынды шығады[13,111]. Бірақ екеуі де бір ұғым емес. Міне, ғалымдарымыздың «Тілдегі эмоция көрінісі әрқашан экспрессивті, ал экспрессия үнемі эмоционалды бола бермейді, экспрессивті лексиканың затқа, құбылысқа деген қатынасты белгілейтін, сондай-ақ, сөздің заттық-логикалық (ұғымдық) мәнінің әр түрлі эмоциялар деп қарауға болатын қосымша реңдерін көрсететін бөлігі ғана эмоционалды болып табылады» деулері сондықтан.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Виноградова В.В.Стилистика,теория поэтической речи,поэтика М,1963.-С.361.
2.Клаус Г.Сила слова. Перевод срусского языка.– М, «Прогресс».1967-215с.
3.Дарвин Ч.Выражение эмоций у человека и животных. 5-том. Изд. «Вестника»1912-184с.
4.Галкина-Федорук Е.М.Об экспрессивности иэмоционалъности в языке.Сборник стат. – Москва. Изд. Моского университета.1958-343с.
5.Пустовойт П.Г.Слово,стилъ, образ. – М,Просвещание,1965-С260.
6.Арнолъд И.В.Основы научных исследовании в лингвистике.– Москва. Высш.школа.1991- С.139.
7.Большая советская энциклопедия – Москва, «Большая советская энциклопедия», 49-том. 1949. –с. 680.
8.Марузо Ж. Словарь лингвистических терминов. – М., Изд. Иностранная литература, 1960. –с. 554.
9. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. Москва, Просвещение, 19936. –с. 224.
10.Вайгла Э.А. Эмоцональная лексика современного русского языка и проблемы ее перевода. Рукопись диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. – Москва, 1978.
11.Галкина-Федорук Е. М., Гршкова К.Н. современный русский язык. –Москва, «Издательство», 1962. - с 344.
Эфендиева Г:А. Лексическая стилистика современного азербайджанскогоязыка. Автореф. Дисс. На соискание уч. Степ. Док. Фил. наук. Баку. 1973 г.
Болғанбаев Ә. Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы менфразеологиясы. – Алматы,”Дәуір” баспасы, 2003 ж.170-171 б.
Достарыңызбен бөлісу: |