Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылындағы оқу жүктемесі мен бжб тжб саны



бет5/9
Дата07.10.2023
өлшемі204,42 Kb.
#184073
1   2   3   4   5   6   7   8   9
59-кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Жаңарт ылған мазмұнд ағы Үлгілік оқу ж оспары бойынша

5-сынып

1

2

2

3

6-сынып

1

1

3

2

7-сынып

2

2

3

1

8-сынып

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Сынып

Төмендетілг ен оқу жүкте месімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

2

1

8-сынып

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.


«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін қамтиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:

  1. 5-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  2. 6-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  3. 7-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  4. 8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

  5. 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу қарастырылған (60-кесте).
60-кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

2

2

2

6-сынып

2

2

2

2

7-сынып

2

2

2

2

8-сынып

2

2

2

2

9-сынып

2

2

2

2

Сонымен, «Дүниежүзі» оқу пәні бойынша 5-9-сыныптарда бөлім үшін жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жартыжылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.


61-кесте. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

1

1

1

1

Сонымен, «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша 9-сыныпта бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
5-9-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»; «Адамзаттың рухани тәжірибесі».
6-сыныпта II «Адам бол» бөлімнің 9-10 тақырыбы «Басқа адамды сезін» деген атаумен берілген.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-9-сыныптарда аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағатты құрайды.


«Технология және өнер» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Музыка» – 5-6-сыныптар, «Көркем еңбек» – 5-9-сыныптар.
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;
6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;
7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;
9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Визуалды өнер»; «Сәндік- қолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті».

Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сағаттарды бөлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы бойынша өзгеруі мүмкін.


«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;

  2. 6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;

  3. 7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;

  4. 8-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;

  5. 9-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.


«Қазақ тілі» оқу пәні
10-11-сыныпта оқу процесі «ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы» және «ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген Ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады:
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

  • жаратылыстану-математикалық бағытта:

1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


63-кесте. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардағы «Қазақ тілі» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет