Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылындағы оқу жүктемесі мен бжб тжб саны



бет1/9
Дата07.10.2023
өлшемі204,42 Kb.
#184073
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылындағы
оқу жүктемесі мен БЖБ ТЖБ саны
«Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына
6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
Әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағатты құрайды.
«Әліппе» пәнінің мазмұны (І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы):
1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары)
Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек – 1 мин.
Оқылымның ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-дан аспауы керек.


«Ана тілі» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына
6 сағаттан, барлығы ІІ жартыжылдықта 102 сағатты құрайды.
Оқылым ерекшелігі: көркем шығарма көлемі – 45-65 сөз, ғылымитанымдық мәтін көлемі – 20-30 сөз.
ІІ жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25-30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Жазылым ерекшелігі: 2-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: сөздік диктант – 4-5 сөз, диктант – 12-20 сөз, мазмұндама – 10-15 сөз, мәтінді көшіріп жазу – 10-20 сөз, шығармашылық мәтін – 3-4 сөйлем (10-15 сөз). Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.


Қазақ тілі Оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 2-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында – 136 сағатты;

  2. 3-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында – 136 сағатты;

  3. 4-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет