ауыстырылады.
1, 2, 5, 7-сыныптарға арналған жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларында қайталау сабақтары барлық оқу пәндерінде бірдей қарастырылмаған. Сондай-ақ әр тоқсанда бөлімдер бойынша және бөлімдердің ішінде сағат санын бөлу мұғалімнің қалауы бойынша өзгертіледі, сондықтан қайталау сабақтарын мұғалімнің өзі енгізуге құқығы бар.
Оқу жылы барысында каникул күндері белгіленді:
1-11 (12)-сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан
– 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптардағы қосымша каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.
«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек.
Осы мақсатта мектеп басшылары мен тәрбие жұмысын ұйымдастырушыларға көмек ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хат» әзірлеп, оған «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі» тарауын енгізді.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы» тарауы қосылған Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері әзірленіп, бекітілді. «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі аясында 2016 жылғы 1 қыркүйек – Білім күні «Мен елімнің патриотымын» атты Бірыңғай сабақ өткізу бойынша барлық аумақтарға әдістемелік құрал жіберілді. 2017 жылғы 1 қыркүйекте өтетін Бірыңғай сабақ бойынша әдістемелік ұсынымдар осы Әдістемелік- нұсқау хатта беріліп отыр. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2017 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының, ҚР Білім және ғылым министрлігі, өңірлік білім басқармалары өкілдері, еліміздің барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан педагогикалық жұртшылықтың қатысуымен білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру бойынша республикалық онлайн-конференция өткізді.
«Мәңгілік Ел» идеясы мектеп мазмұнына академиялық пәндер, зерттеушілік және сабақтан тыс іс-әрекет, қосымша білім, элективті курстар арқылы енеді.
Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сынып пәндері бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларының «Оқу процесін ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер» 3- бөлімінде «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде емес мектептер үшін), «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары енгізілген. Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасында оқыту мақсаттарының ішінде – Қазақстанның ресми емес рәміздерінің маңызын түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы).
Осындай жұмыстар негізгі және жоғары мектеп пәндерінің Үлгілік оқу бағдарламаларында да жалғасады.
Мектептердің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының тағы бір ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы:
«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бағдарламалық құжаттың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» 1- бөлімінде тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтеді.
Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Прагматизм
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Білімнің салтанат құруы
Мақалада құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігі баса айтылады.
Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Мемлекет Басшысы ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болғандығын атап өтті.
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.
Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды.
Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Мұндай жағдайда білім алушылармен апат қауіп-қатерінің азаюы мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау маңызды.
Сонымен қатар, Президент ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де бергеніне назар аударды.
Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.
«Сондықтан, – деп жазады Н.Ә. Назарбаев – әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі».
Достарыңызбен бөлісу: |