Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет3/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)

6.Сананың ашықтығы
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің іргелі еңбегінің «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынады.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажет.
Екінші, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.
Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беруге мүмкіндік береді. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады.
Үшіншіден, Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.
Төртіншіден, Елбасы жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет деп санайды. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.
Бағдарламалық құжат авторы Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды ұсынады.
Бесіншіден, «Мемлекет басшысы ұсынып отырған тағы бір жоба Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.
Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.
Алтыншыдан, Н.Ә. Назарбаев ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту үшін
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды ұсынды.
Мемлекет Басшысы, қорытындылай келе, екі дәуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отырғандығына сенім білдіреді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару қажет.
2017 жылы Қазақстан Республикасы ЭКСПО халықаралық көрмесін қабылдаған барлық кеңестен кейінгі елдер арасында бірінші мемлекет болып отыр. Адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар азамат пен патриотты қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында шын мәнінде ғаламшарлық ауқымдағы оқиғаға арналған іс-шараларды кеңінен өткізу керек.
Тәрбие жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу керек.
Сынып сағаттарын өткізу кезінде тәрбиенің жаңа технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынылады. Ресурс ретінде отандық әдебиеттерді, кинематографты, публицистиканы, поэзияны, өзінің өмірлік жағдаяты туралы шығармаларды қолдану ұсынылады.
Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, тәрбиешілер мен ата-аналарға көмек ретінде білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне әдіснамалық қолдау көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, Академияның сайтында орналастырылды (www.nao.kz).
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге әдістемелік ұсынымдама

Мазмұны
Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.


Сабақтың мақсаты және кешенді міндеттері.
Сабақтың ресурстық картасы.
Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар:
1- концентрі: 1-4-сыныптар,
2- концентрі: 5-7-сыныптар,
3-концентрі: 8-9-сыныптар.
Қосымша.
Сабақта жұмыс істеу үшін инновациялық тәсілдердің «қоржыны» Глоссарий.

Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.


«Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.


Таңдау негіздемесі.
- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ жеті берік негізі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмді түсінуге арналған мемлекет орнатудың белгілері:
Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік;
Бейбітшілік пен келісім;
Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият;
Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім;
Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы;
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге» көшетін ұлттық сана-сезімді жаңарту бағдарламасын ұсынды.
«Туған жер» бағдарламасы:
біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіруге;
екіншіден, елдің басқа өңірлеріне қоныстанған бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері және жастардың жәрдемдесуімен кіші отанын қолдауға (аймақты жасылдандыру, мектептерді компьютерлендіруге көмек көрсету, жергілікті мұражайлар мен галереялардың көркемөнер қорларын қолдау және т. б.);
үшіншіден, демеушілік көмекті қоса алғанда кіші отанына көмектесетін түрлі қолдау және әлеуметтік құрмет нысандарын іздеуге;
төртіншіден, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы халықтың жалпыұлттық киелілік санасын нығайтуға, киелі жерлердің мәдени және рухани мұрасы «бірыңғай өріс, бір тізбек» құрылған кезде;
бесіншіден, «отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілінде: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз тілдерінде естілсін деп «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға бағытталған. «... Бұл үлкен аудармашылық жұмыс және біздің мәдени жетістіктерімізді жетілдірудің арнайы әдістері - кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық шығармалар, ғылыми жаңалықтар және т. б.»;
алтыншыдан, «Қазақстанның 100 жаңа адамы» жобасын іске асыру арқылы қоғамның назары біздің замандастарымыздың тарихына бағытталатын болады - «бұл осы қарқынды жылдары табысқа қол жеткізген түрлі аймақтардағы, әртүрлі жастағы және түрлі ұлттағы 100 нақты адамның тарихы болып табылады.
Сабақтың мақсаты және кешендік міндеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет