Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!



Дата27.04.2018
өлшемі304,36 Kb.
#40276
Құрметті Егіндікөл ауданының тұрғындары!
2017 жыл қорытындысы өңірді әлеуметтік – экономикалық дамыту Стратегиясының екінші кезеңінің басталуын айқындайды. Оның негізі – қоғамдағы тұрақты азаматтық келісім, тұрлаулы экономикалық өсім, әлеуметтік салаларды кешенді жаңғырту.

Бүгінгі күні біздің алдымызда жарқын болашаққа жол ашылған – қазіргі заманғы бәсекеге қабылетті экономика қалыптастырылған, қоғамдық – саяси тұрақтылық қамтамасыз етілген, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Ұлт Көшбасшысы – ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздігіміздің жетістіктерін сақтау және нығайтуды біздің алдымызға негізгі міндет етіп қояды. Мемлекет Басшысының «Қазақстан 2050» Стратегиясы» Жолдауы және барлық мемлекеттік бағдарламалар соған бағытталған. Қазақстан халқы демократиялық өзгерістер тарапына тағы бір қадам жасады. Енді бізге бұдан да жақсы өмір сүру, экономиканың артуы, тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін бар күш-жігерімізді жұмсау қажет.

Өңірлердің әкімдері атқарылған жұмыстары туралы есеп бере отырып, азаматтардың сұрақтарына тікелей жауап беретін азаматтар жиыны диалогтың тиімді элементі болып отыр.
ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ
2017 жылғы қаңтар-ақпандағы есепті кездесулер өткізу барысында аудан әкімдігінің қаулысымен халықтың көтерген мәселелері және ұсыныстары бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жыл бойы кездесулерде айтылған мәселелер мен ұсыныстар жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша келесі жұмыстар атқарылды:



  1. Полтавское ауылындағы мәдени-демалыс орталығының ғимаратын күтіп-ұстау туралы мәселені шешу – Халықтың әлеуметтік салаға қажеттілігін қанағаттандыру үшін меншік иесімен тұрғын жайды жалға алу шарты жасалды.

  2. Днепропетров орта мектебіне блокты-модульді қазандық салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру - Облыстық бюджеттен 4 млн. 461 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінді. Қоржынкөл ауылындағы Днепропетров орта мектебінің блокты-модульді қазандықтың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

  3. Ушаков орта мектебінің ғимаратынан қазандықты шығару жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру - Қазандық ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Облыстық бюджеттен 16 млн. 295 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары аяқталды, қазандық іске қосылды.

  4. Днепропетров орта мектебі спорт залының жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру - Блокты-модульді қазандық салу 2018 жылға жоспарланған және орнату кезінде жөндеу жүргізу жоспарлануда.

  5. Егіндікөл ауылында арендалық тұрғын үй салу мәселесін шешу - 2017 жылы Егіндікөл ауылында Мектеп және Восточная көшелерінде 96 млн. 786 мың теңге сомасына 2 пәтерлі (5 позиция) тұрғын үй салынды. Ішкі әрлеу жұмыстары және оларға инженерлік жүйенің құрылысы 2018 жылға қалдырылды.

  6. Егіндікөл ауылының Жеңіс және Жамбыл көшелеріндегі көп пәтерлі тұрғын үйлерді орталық су құбырына қосу жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету - Жеңіс және Жамбыл көшелеріндегі көп пәтерлі тұрғын үйлерге су құбырын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 1 млн. 640 мың 700 теңге сомасында қаражат бөлінді. Жұмыстар атқарылды, 1 шілдедегі жағдайға үйлер орталық су құбырына қосылды.

Есепті жыл бойынша ауданның экономикалық ахуалы келесі беталыстармен сипатталады:


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2017 жылғы 1 желтоқсанға жалпы өнімнің көлемі 13 млрд. 167 млн. 400 мың теңгені құрады, ол өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 85,3%.

2017 жылы 323,6 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары себілді, оның ішінде: бидай – 316 мың га, арпа – 5,6 мың га, сұлы – 0,8 мың га, майлы дақылдар – 4,2 мың га.

75 га алқапқа картоп, 45 га көкөніс отырғызылды. 4,2 мың га азықтық жем-шөп себілді, оның ішінде біржылдық шөп – 4,2 мың га, өткен жылдардың көпжылдық шөбі – 8,5 мың га.

21,5 мың тонна шөп, 8,1 мың тонна сабан дайындалды.

27,2 мың га алқапта технологияларға сәйкес пар 100% өңделді.

Егістіктің тазалығын тексеру және арамшөптерге қарсы қорғау іс-шараларын жүргізу жоспарына сәйкес жүргізілген химиялық отаудың көлемі 241 мың га алқапты құрады (оның ішінде 209 мың га – қос жарнақтыларға, 32 мың га – қара сұлыға қарсы).

14,5 мың га алқапқа тыңайтқыштар себілді.

Жыл сайын шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, 2017 жылы 137 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, соның ішінде:


  • астық жинау комбайндары – 23, егістік кешендері - 8, тракторлар – 19, бүріккіштер – 5, тұқымсепкіштер - 81, фронталды жүк тиегіш – 1.

323,6 мың га астық шабылды және дестеленді.

302,5 мың тонна астық бастырылып, аудан бойынша астықтың орташа шығымдылығы 9,3 ц/га құрады.

2017 жылы 6 мың тоннаға арналған 2 жаңа астық қоймасы пайдалануға берілді.

2017 жылы Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 595 млн. 371 мың 388 теңге сомасына субсидия алды, соның ішінде ЖЖМ – 7 млн. 178 мың 400 теңге, тыңайтқыштар – 133 млн. 899 мың 500 теңге, тұқым – 24 млн. 279 мың 696 теңге, гербицидтер – 430 млн. 13 мың 793 теңге (2016 жылы субсидия сомасы 585 млн. 334 мың 582 теңгені құрады).


Мал шаруашылығы

Сүт өндірісі 4534,6 тонна немесе 100,1%, тірі салмақтағы ет - 1229,5 тонна немесе 101,5% құрады.

665,5 мың дана жұмыртқа алынды, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 100,1%.

2907 бас бұзау алынды немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 109,0%, торай - 5668 бас немесе 105,2%, қозы – 2427 бас немесе 115,5%, құлын 371 бас немесе 97,6%.

2017 жылғы 1 желтоқсанға құс пен малдың барлық түрінің саны:

ІҚМ – 8343 бас, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 105,4%, оның ішінде сиырлар – 4115 бас немесе 109,4%, шошқа – 4824 бас немесе 104,3%, қойлар – 8085 бас немесе 103,5%, жылқы 2554 бас немесе 100,2%, құстар – 18380 бас немесе 101,9%.

Нарықтық қатынас жағдайында мал шаруашылығы мақсатты селекциялық - асылдандыру жұмыстары негізінде дамуға тиіс. 2017 жылы 916 бас ІҚМ етті тұқымды ұрықпен жасанды түрде ұрықтандырылды, 1512 бас табиғи түрде ұрықтандырылды.

Мал шаруашылығы бойынша 31 млн. 555 мың теңге субсидия алынды.



(2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 71,4 млн. теңге субсидия алынды. Қағидаларда критерийлер мен талаптардың өзгеруіне байланысты 2017 жылы соманың мөлшері азайғандықтан, асыл тұқымды төл сатып алу да кеміді).

Аудан бойынша тұқымды өзгертуге 25 шаруашылық қатысуда, оларда 1943 бас сиырлар мен қашарлар, 49 тұқымдық бұқа бар, немесе саулық басына есептегенде 72% құрайды.

2017 жылы ауданда етті бағыттағы 3 АТК тіркелді.
2018 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:


  • егістік алқаптарын әртараптандыру аясында басымдық дақылдарға арналған алқапты ұлғайтуды қамтамасыз ету;

  • мал шаруашылығы саласында жалпы табындағы асыл тұқымды ірі қара малдың үлес салмағын арттыру жұмыстарын жалғастыру қажет (25% дейін);

  • Астана қаласына азық-түлік өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету;

  • 3 ауылдық тұтынушылық кооператив ашу – екеуі етті бағытта және біреуі сүт бағытында.



Ветеринария

2017 жылы бруцеллездің алдын алу және жою бойынша бруцеллезге 12 мың 569 бас ІҚМ тексерілді немесе жоспардың 100%, соның ішінде 34 бас оң әрекет көрсетті, 11 мың 149 бас ҰҚМ тексерілді, немесе жоспардың 100%, оң әрекет көрсеткендер – жоқ, шошқа – 1 мың 900 бас, немесе жоспардың 100%, оң әрекет көрсеткендер – жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бруцеллезге оң әрекет көрсеткен малдар етке өткізілді. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурудың төмендегені байқалады.

Туберкулезге қарсы 10 мың 500 бас ІҚМ, 3 мың бас шошқа тексерілді, жоспар 100% орындалды, оң әрекет көрсеткен малдар анықталған жоқ.

Құтыруға қарсы 6 мың 400 бас ІҚМ, 3 мың 400 бас ҰҚМ, 500 ит, 300 мысық егілді, жоспар 100% орындалды.

Түйнемеге қарсы 9 мың 300 бас ІҚМ, 9 мың 200 бас - ҰҚМ, 3 мың бас шошқа, 1 мың 500 бас жылқы егілді, немесе жоспар 100% орындалды.

ІҚМ қарасанына қарсы 7 мың 700 бас егілді, жылқы маңқасына 450 бас тексерілді.

500 бас малға ет қоректілері эхинокоокозінің гельминттерін жою жүргізілді.

2017 жылы Егіндікөл ауданына ІҚМ арналған 7 мың жиынтық сырға, ҰҚМ арналған 6 мың дана, шошқаға арналған 6 мың дана сырға бөлінді.

3 мың 94 бас ІҚМ немесе жылдық жоспардан 106%, 3 мың бас ҰҚМ немесе 100%, жылқы 950 бас немесе 100%, шошқа 3 мың бас немесе 100% ауыл шаруашылығы малдарына бірдейлендіру жүргізілді.

Аудан бюджетінен қаңғып жүрген иттер мен мысықтарды аулау және жою үшін 596 мың теңге бөлінді, қаражат 100% игерілді.

Кадастр бойынша сібір жарасының 6 ошағы тіркелген. 1 мал көміндісі анықталды, көмінді орындарын белгілеу жұмыстары жүргізілуде, болжам бойынша 1 көмінді анықталды.

2018 жылы бір сібір жарасы көміндісін заңдастыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.



Жер қатынастары

Егіндікөл ауданының жер қоры 543 мың 978 га құрайды, аудан жерлерінің құрылымында неғұрлым көп үлес салмағы ауылшаруашылығы маңызы бар жерлерге тиеді - 87%, бұл – 472 мың 119 га. Жердің бұл санаты 253 жерді пайдаланушыға ұсынылған, олардың 225-і шаруа қожалықтары, 27 – мемлекеттік емес заңды тұлғалар (ЖШС), 1 - мемлекеттік жер пайдаланушы – мемлекеттік сорт сынау учаскесі.

Ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлерді пайдалану едеуір жақсарды. Ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлердің санатында тыңайған жерлер жоқ, ол егістік алқабы мен парды ұлғайтуға ықпал етті.

Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы маңызы бар санаты мен елді мекендер жерлеріне құжаттамалық тексеріс жүргізілді, қайшылықтар анықталған жоқ.

2017 жылы жер учаскелерін сату-сатып алуға 11 шарт жасалды, жер учаскелерін сатудан 4 млн. 064 мың теңге түсті.
2018 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:
Жер қорынан 0,5 мың га егістікке жарамды және жайылымдық жер жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына қамту бойынша шаралар қабылдау, ол үшін ауыл шаруашылығы маңызы бар жер учаскелерін ұсыну бойынша конкурс өткізу.

Жер учаскелерін жалға беру құқығын сату бойынша аукцион өткізу, одан басқа жер учаскелерін жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылық мақсатындағы емес жерлер санатына түгендеу жүргізу жұмыстарын жалғастыру.

Жер заңнамалары нормаларын түсіндіру жұмыстарын жандандыру, жерді өздігінен басып алуға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізу.


ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі үй шаруашылығын ескере отырып, қолданыстағы бағалармен 744 млн. 800 мың теңгені, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандағы көлемнің 93,7% құрады.

Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі ү.ж. 1 желтоқсанға 93,7% құрады.

Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісіндегі ауданның үлесі 0,2% құрайды.

Өндіріс көлемін арттыру мақсатында 2018 жылы «Көркем Құм» ЖШС құм өндіру көлемін арттыру жоспарлануда.
БІЛІМ

Ауданның білім беру жүйесінде 9 жалпы білім беретін мектеп, 3 бала бақша және 6 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді.

Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін 9 мектептің 7-і шағын жиынтықты болып табылады, ол 77,8% құрайды.

2017-2018 оқу жылының басына мектептердегі оқушылар саны 967 оқушыны, мектепалды даярлық сыныптарында 106 баланы құрады.

Жыл сайын аудан мектептерін материалдық-техникалық жасақтау және ақпараттандыру үшін қаражат бөлінеді. 2017 жылы бөлінген сома 29 млн. 500 мың теңгені құрады.

Аудан мектептері үшін 7 млн. 331 мың теңге сомасына мультимедиялық жабдықтар, 701 мың теңге сомасына спорт мүліктері, АӘД кабинеттері үшін 981 мың теңге ссомасына 9 жиынтық көрнекі жабдықтар сатып алынды. Балаларды тасымалдау үшін 8 млн. 700 мың теңге сомасына «Газель» автомашинасы сатып алынды.

407 мың теңге сомасына № 2 Егіндікөл орта мектебіне өрт дабылын орнату және қызмет көрсету жұмыстарын жүргізді.

Егіндікөл ауылындағы мектептер үшін асхана жабдықтары мен ыдыс сатып алынды.

«Балапан» бағдарламасы есебінен шағын орталықтарды жасақтау үшін 1 млн. 100 мың теңге бөлінді - № 1 Егіндікөл орта мектебінің жанындағы шағын орталық үшін балалар алаңы сатып алынды.

2017 жылы 11 млн. 729 мың 800 теңге сомасына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алынды.

Алакөл орта мектеп-бақшасына күрделі жөндеу жүргізуге 2 млн. 200 мың теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Аудан бойынша 3 - 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқумен қамту 100 % құрайды.

1 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 70 % құрайды.

Оқытушылық құрам 148 мұғалімнен тұрады, жоғары санатты - 14 мұғалім, 1-санатты – 53, 2-санатты – 43 мұғалім, 38 мұғалімнің санаты жоқ.

Аудан бойынша ҰБТ орташа балл 80,8 құрады (2016 жылы – 82,7).

2018 жылы Алакөл орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.


ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі бағыттарының бірі мүгедектерге, сондай-ақ Егіндікөл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

2017 жылы аудан бюджетінен 448 алушыға 5 млн. 837 мың теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді.

Әлеуметтік көмек:



  • Жеңіс күні құрметіне ҰОС қатысушыларға теңестірілгендерге, фашизм тұтқындарына, Ауған соғысына, Чернобыль апатына қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне – 79 алушыға 578 мың 600 теңге сомасында;

  • қуғын – сүргінге ұшыраған азаматтарға – 13 алушыға 59 мың теңге сомасында;

  • ұзақ мерзім емделіп жүрген туберкулезбен ауыратындарға – 4 алушыға 136 мың 100 теңге сомасында;

  • онкологиялық аурумен ауыратындарға – 9 алушыға 306 мың 300 теңге сомасында;

  • өрттен зардап шеккен отбасыларына – 2 отбасына 226 мың 900 теңге сомасында;

  • барлық топтағы мүгедектерге, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушілерге, стационарлық емделуден кейінгілерге – 27 алушыға 1 млн. 642 мың 100 теңге сомасында;

  • ауылдық жерлерде тұратын, колледждерде ақылы негізде оқудың күндізгі бөлімінде оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасыларының студенттеріне – 9 адамға 1 млн. 381 мың теңге сомасында;

  • Қарттар мен мүгедектер күніне орай 287 алушыға 1 млн. 302 мың 400 теңге сомасында;

  • үшінші және одан көп бала туған аналарға, туу туралы куәліктің негізінде біржолғы жәрдемақы – 18 алушыға 204 мың 200 теңге сомасында төленді.

2018 жылға арналған аудан бюджетінде бұл мақсатқа 5 млн. 187 мың теңге қарастырылған.

2017 жылы үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 6 мүгедек балаға 341 мың теңге жалпы сомасына әлеуметтік көмек төленді.

Әзірленген ОЖБ (оңалтудың жеке бағдарламасы) сәйкес 2017 жылы бюджет қаражатының есебінен 2 млн. 420 мың 700 теңге сомасына 21 мүгедек гигиена құралдарымен қамтамасыз етілді.

3 мүгедек кресло-арба алды, 1 мүгедек бала мен 2-топтағы 1 мүгедек есту аппаратымен қамтамасыз етілді, 8 мүгедек санатарлық-шипажайлық ем алды.

2018 жылы бұл мақсатқа 1 млн. 562 мың теңге қарастырылды.

2017 жылы 8 әлеуметтік қызметкер ауданның 33 қарт азаматына жалғыз тұратын азаматтарға үйде қызмет көрсету түріндегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетті.

83 мың 100 теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

2018 жылы тұрғын үй көмегіне 324 мың теңге қарастырылды.

2017 жылы ауданда 208 жаңа жұмыс орны ашылды, олардың 36-сы тұрақты, 172 - уақытша және маусымдық.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 2,8%.

Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.

29 отбасы (66 алушы) 932 мың теңге сомасына мемлекеттік балалар жәрдемақысын алды.

13 отбасы (44 алушы) «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 млн. 764 мың теңге сомасына шартты ақшалай көмек алды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жәрдемақы – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) енгізіледі, ол аз қамтылған отбасыларына арналған қазіргі үш әлеуметтік төлемді біріктіруді қарастырады.

2018 жылға арналған аудан бюджетінде 31 отбасы немесе 109 алушыға жаңа форматтағы АӘК төлеу үшін 2 млн. 451 мың теңге қарастырылды.

2016 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету аясында ауданда психоневрологиялық аурулармен аурыатын 4 мүгедек балаға күндіз баратын «Жұлдыз» жартылай стационары ашылды. Жартылай стационардың жұмыс істеуі жөніндегі қызметтерді «Қазақ зағиптар қоғамы» Бұланды қоғамдық бірлестігі атқарады. 2017 жылы жартылай стационардың жұмыс істеуі үшін аудан бюджетінің қаражаты есебінен 928 мың теңге қарастырылды.

2018 жылға жартылай стационардың жұмыс істеуі үшін 2 млн. 161 мың теңге қарастырылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті

дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындау үшін жоспар 25 адамды құрады. Оқу оқығысы келетіндерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, комиссия құрылды. Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды дайындауда ниет білдірушілер болған жоқ.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жоспардағы 130 адамның орнына 141 адам жіберілді және олар оқуды аяқтады. Қысқа мерзімді оқытудан кейін 50 адам жұмысқа орналастырылды, тұрақты негізде жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «№ 12 Агротехникалық колледж» КММ, «Астрахан ауданының № 6 агротехникалық колледжі» КММ және «Ақмола оқыту-курстық комбинаты» ЖШС шарттар жасалды, 7 млн. 433 мың 800 теңге игерілді.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2 адамға 38 млн. 900 мың теңге сомасына микрокредит беру жоспарланған, соның ішінде: «Ақмола облысының ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 5 млн. 900 теңге, Аграрлық кредиттік корпорация арқылы – 33 млн.теңге.

«АШҚҚҚ» АҚ 6 адам жіберілді, соның ішінде 6 адам 1-кезеңнен өтті, 2 адам микрокредит алды: 1-еуі 3 млн.теңге мөлшерінде жүк – жолаушылар тасымалына және 1-еуі 2 млн. 900 мың теңге мөлшерінде қоғамдық монша ашуға.

Сондай-ақ «Егіндікөл-Финанс» кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы 3 адам 21 млн. 900 мың теңге сомасына кредит алды.



Үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жоспардағы 12 адамның орнына 15 адам жіберілді және аяқтады, барлығы тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды, 2 млн. 772 мың теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстарға 43 адам жіберілді және аяқтады, 30 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 9 адам өз еркімен тоқтатты, 4 адам жұмысқа орналастыруды күтуде, 3 млн. 782 мың 300 теңге игерілді.

Жастар тәжірибесіне жоспардағы 5 адамның орнына 7 адам жолданды, аяқтаған соң барлығы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 1 млн. 516 мың 300 теңге игерілді.

Еңбек ресурстыарының қозғалысын арттыру аясында Жұмыспен қамту орталығына 423 адам өтініш білдірді (жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркелгендер), соның ішінде жұмыссыз ретінде тіркелгені 90 адам, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылғандар – 424 адам, жұмысқа орналасытрылғаны – 327 адам.

Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру аясында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, кестеге сәйкес ауылдық округтерге сапарларға шықты. Аталған бағдарлама бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде аудандық комиссия құрылды. Ірі, орта және ұсақ ұйымдар мен кәсіпорындар арасында өзгеру және жұмыспен қамту орталығы ұсынған қызметтің жаңа форматы аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылы Егіндікөл ауданының аумағында екі жобаны іске асыру жоспарланған, онда Жұмыспен қамту орталығы арқылы «Егіндікөл ауылының жол-көше желісін ағымдағы жөндеу» жобасына 1 адам және «Егіндікөл ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйдің (5 позиция) құрылысы» жобасына 2 адам жіберілді.



2018 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

2018 жылға алдын ала бекітілген кешендік жоспарға сәйкес «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарламасы бойынша бірінші бағытта қысқа мерзімді оқытуға 54 адам жіберу, екінші бағыты бойынша Егіндікөл ауданынан «Бастау – бизнес» курсын оқытуға 63 адам жіберу, микрокредит алуға – 10 адам жоспарланған, үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 17 адам, жастар тәжірибесіне 8 адам, қоғамдық жұмыстарға 43 адам жіберу, мүмкіндіктері шектеулі 4 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.

2018 жылы «Егіндікөл ауданы аумақтарын дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары аясында 2 жоба бойынша жұмыс орындарын құру жоспарланған.

Сонымен қатар өтініш білдірген азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында, еліміздің тұрлаулы әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз еут үшін ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы бекітілді. Оның негізгі басымдығы алдағы төрт жылда инфекциялық емес негізгі ауруларды: миокардтың жіті инфарктын; ми қан айналымының жіті бұзылуын (инсульт); қатерлі жаңа ісіктерді; жарақаттарды; жүктілікті және босандыруды қамтитын және ел халқының демографиясына айтарлықтай ықпал ететін ауруларды емдеу бойынша медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделін әзірлеу және кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр. 

Ауданда медициналық көмекті емдеу – профилактикалық ұйымдары көрсетеді, ол 30 кереуетке арналған орталық аудандық аурухана, ауысымына 72 келушіге арналған емхана, 14 кереуетке арналған күндізгі стационар, 11-медициналық пункт.

Ауруларды ерте кезеңде анықтау үшін жыл сайын халықты жасы бойынша скринингтік тексеру өткізіледі. Аудан бойынша жалпы аурулар 195 адамға артты және 2017 жылы 794 адамды құрады (2016 ж.-599). Аурудың артуы негізінен балалар арасында жіті респираторлық вирустық инфекция және олардың асқынуларының 143 жағдайға артуымен байланысты, 2017 жылы - 306 бала (2006 жылы – 163 бала), сондай-ақ профилактикалық тексерулер мен ауруды бастапқы кезеңде анықтау.

Туу 100 баланы құрады.

Өлім 55 адамды құрады.

2017 жылы халықтың табиғи өсімі артты және 45 адамды құрады.

Елді мекендерге 38 сапарға шығу ұйымдастырылып, 1 мың 700 адам тексерілді.

Тәуліктік стационар бойынша 1 мың 60 ауру емделді.

Күндізгі стационар бойынша 809 ауру емделді.

1 ауруға жұмсалған дәрі - дәрмектің құны 2017 жылы 1 мың 445 теңгені құрады. 1 аурудың тамағының құны 427 теңгені құрады.

Флюjротексеру жоспары 100,8% jhsylfkls7

2017 жылы 2 дәрігер және 3 орта медициналық персонал қызметкері келді.

Егіндікөл орталық аудандық ауруханасының ғимараты, жатақхананың жылу жүйесіне және қазандыққа 908 мың теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

ОАА ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, онда жөндеу сомасы 218 млн.теңгені құрайды. ЖСҚ әзірлеу үшін 3 млн. 500 мың теңге жұмсалды.

443 мың 800 теңге сомасындағы ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізуге құжаттар тапсырылды. Мемлекеттік сапартамадан өткізілген соң барлық құжаттар пакеті күрделі жөндеу жүргізуге қаражат бөлу үшін облыстық денсаулық басқармасыныңа қарауына жолданады.


ЖОЛДАР

Аудандық маңызы бар жолдарды (107 шақырым) күтіп-ұстауды ШЖҚ «Егіндікөл Су Арнасы» МКК жүзеге асырады.

2017 жылы жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға 14 млн. 869 мың теңге бөлінді, соның ішінде:


  • қысқы кезеңде күтіп – ұстауға – 10 млн. 989 мың теңге;

  • жазғы кезеңде күтіп – ұстауға – 1 млн. теңге;

  • күзгі кезеңде күтіп – ұстауға (қырқу) – 678 мың 400 теңге;

  • көктемгі кезеңде күтіп – ұстауға – 94 мың 800 теңге;

  • Спиридоновка – Жалманқұлақ жолдарын ағымдағы жөндеуге - 2 млн. 106 мың 800 теңге.

Ұзындығы 137 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жолдарға ШЖҚ «Егіндікөл Су Арнасы» МКК қызмет көрсетеді. 2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Жібек Жолы Сандықтау» ЖШС қосалқы мердігермен шарт жасалды.
Егіндікөл аудандық электр желісі

Егіндікөл АЭЖ негізгі міндеті АЭЖ электр желісіне қосылған тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету болып, жіберілетін электр қуатының ГОСТ талаптары шектеуіндегі сапасын қамтамасыз ету, қызмет көрсету аясы бойынша электр қуатын іске асыру, электр қуатының толық көлемде тұтынылуын бақылау, АЭЖ қызмет көрсету аясы бойынша электр желісін болашақта дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Егіндікөл аудандық электр желісі «АРЭК» АҚ ААЭЖ құрылымдық бөлімшесі ретінде аудан шекарасы бойынша қуаты 0,4-10 Кв электр қондырғыларына, 35-110 мың Кв подстанцияға қызмет көрсетеді.

Барлығы 10 подстанция, 127 КТП, 400 шақырым желі бар. Жыл сайын көктемгі-жазғы-күзгі кезеңде баланстағы екі подстанция, 25 КТП, 50 шақырым желіге күрделі жөндеу жүргізіледі. Аталған шаралар жеке сектордағы 2000 абонентті, 150 заңды тұлғаны, соның ішінде 35 бюджеттік ұйымдарды электр қуатымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

АЭЖ жаңа тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға көмектеседі.

АЭЖ 47 адам жұмысқа орналасқан, 12 техника жұмыс істейді.

АЭЖ міндеттері жөндеу жүргізуден басқа, желілік-шеберхана учаскелері мен жедел-шығу бригадаларының жұмысын ұйымдастыру есебінен электр желілеріне жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету, тұтынушыларда электр қуатының болмау кезеңін барынша қысқарту.
Аудандық өндірістік телекоммуникация торабы

2017 жыл бойы Егіндікөл АӨТТ қызметі қызмет көрсету сапасын жақсарту мен көлемін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар ауылдағы телекоммуникация жүйесін жаңғырту, пайдалану мен дамыту бойынша жұмыстар атқарылды.

Қазіргі уақытта радио-қолжетімділік арқылы 302 абонент қосылған.

Жоспар бойынша Полтавское – Егіндікөл ауылдарының бағыты бойынша цифрлық радиорелейлік станция неғұрлым қуатты станцияға ауыстыру жұмыстары жүргізілді, ол Интернетті пайдаланушылар үшін жылдамдықты арттыруға ықпал етті.

2017 жылы Егіндікөл ауылында порттық сыйымдылық ұлғайтылды, 64 портқа АДSL ақы белгіленді.

Егіндікөл, Бауман ауылдарындағы желілік-кабельдік шаруашылықты ағымдағы жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар атқарылды.

Өткен жылмен салыстырғанда зақымдар мен тоқтап тұру саны азайды. Бақылау мерзімінде жойылған зақымдар саны артты.

Монтерлер қажетті құралдар, арнайы киім және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

2018 жылы ВПТС ағымдағы жөндеу жүргізу есебінен телекоммуникация желісін жетілдіру және дамыту жоспарлануда.

2017 жылы Егіндікөл-Бауман және Қоржынкөл ауылдары бағытындағы кабелдік байланыстырушы желіні цифрлық радио-релейлік станцияға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Аталған қондырғы Бауман ауылынан контейнерге дейін ЦРРЖ орналастырылған АМС орнатылды. Қазіргі кезеңде Бауман және Қоржынкөл ауылдарының абоненттерін Интернетке қолжетімділік қызметін қосу жұмыстары жүргізілуде.



АБАТТАНДЫРУ

Тазалық пен тиісті санитарлық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша көктемгі және күзгі айлық жарияланды.

Көктемгі айлықтың басталуына байланысты газетте елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі айлыққа белсене қатысу туралы «Егіндікөл ауданының тұрғындарына үндеу», «Бұл біздің ортақ ісіміз» атты 2 мақала жарияланды.

2017 жылғы сәуірде Егіндікөл ауданы бойынша «Ағаш отырғызу бойынша жалпы қазақстандық күн» акциясы өткізілді, оған 40 адам қатысты, соның ішінде жастар – 19 адам. Акция аясында 45 көшет (үйеңкі, жұпаргүл, қарақат, татар терегі, алма ағашы) отырғызылды, одан басқа «Аскоп» ЖШС 500 көшет отырғызды.

10 таза бейсенбі, 10 сенбілік ұйымдастырылды және өткізілді. 6 бірлік техника жұмылдырылды. Жеке үйлердің 40 қасбеті мен 4 қоғамдық ғимарат жөнделді, жаяу жүргіншілерге арналған жол, 20,7 п/м көшенің өтетін бөлігі абаттандырылды, 3 саябақ қалыпқа келтірілді – 1900 ш.м. (Ушаков а. – 1, Егіндікөл а. - 2), 480 дана ағаш пен көшеттер отырғызылды, 3 ш.м. гүлзар жасалды. Ақылы жұмыстарға 12 адам қамтылды. Сумен жабдықтау объектілері - 11 қоғамдық құдықтар абаттандырылды.

Жарықтандыру құралдары, соның ішінде тіреулер нормаға келтірілді – 102 дана (Қоржынкөл, Алакөл, Егіндікөл а.).

4 үйінді анықталды және жойылды. 257,3 тонна қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Егіндікөл ауылындағы мұсылмандар және христиандар зиратына аумағы 200 м. Бетон қоршаулар орнатылды, барлығы 400 метр (2018 жылғы көктемде қақпа орнату жұмыстары жалғастырылады).

Алакөл ауылында қирап қалған апатты 2 құрылыс анықталды және бұзылды.

Егіндікөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы абаттандыру және санитария нормаларының 6 бұзушылығын анықтады және жойылды.

204 мың 200 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды және төленді.

ЖЫЛУ БЕРУ

Жылумен жабдықтаудың 17 обектісі, соның ішінде: 10 білім беру объектісі (9 қазандық және Тоғанас ауылында пешпен жылыту), 12 денсаулық сақтау объектісі (ОАА және 11 ФАП), 3 әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объекті, сегіз пәтерлі 1 тұрғын үй 2017-2018 жылдардағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындалды.

Тұрғын үй-коммуналдық сала объектілері мен бюджеттік сала ұйымдарын 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау мақсатында қатты отын сатып алуға 43 млн. 622 мың 500 теңге бөлінді.

Жылу беру маусымына көмірге қажеттілік 4 мың 412 тоннаны құрады.

Барлық объектілер штаттық тәртіпте жұмыс істеуде.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ

Құрылыс жұмыстарының көлемі 222 млн. 600 мың теңгені құрады, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 34,6 %.

2017 жылы меншік иелері 9 объектіні, соның ішінде жалпы аумағы 564 ш.м. 4 жеке тұрғын үйді пайдалануға берді, ол өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 103,6 % құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 12 жер учаскелерін таңдау актілері берілді.

101 мекенжай анықтамалары берілді.

СЖТ (сәулет-жоспарлау тапсырмалары) берілді – 5 дана.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 19 рұқсат берілді.

2017 жылы Егіндікөл ауылында 96 млн. 800 мың теңге сомасына жалпы аумағы 856 ш.м. 2 пәтерлі бес қызметтік тұрғын үй салынды.



ИНВЕСТИЦИЯ

Экономиканы дамытуға 2 млрд. 637 млн. 600 мың теңге инвестиция салынды немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 57,5 %, соның ішінде республикалық бюджет 64 млн. 300 мың теңге, жергілікті бюджет - 72 млн. 800 мың теңге, меншікті қаражат – 2 млн. 84 мың 900 теңге, өзге де қарыз қаражат – 415 мың 600 теңге.

Бұдан әрі аудан экономикасының түрлі секторына инвестиция тарту, жаңа инвестициялық жобалар құру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
КӘСІПКЕРЛІК

Ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 562 субъектісі жұмыс істейді, ол өткен жылғы (540) кезеңге қарағанда 104,1 % құрайды, оның ішінде:

жеке кәсіпкерлер 266 адам немесе 2016 жылға (254) қарағанда 104 %,

шағын және орта кәсіпкерлік (заңды тұлғалар) – 43 немесе 2016 жылға (40) қарағанда 107 %,

шаруа (фермер) қожалықтары – 253, немесе 2016 жылға (246) қарағанда 102 %.

Бюджетке 129 млн. 554 мың теңге сомасында салық пен төлемдер түсті, ол өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 103,4 % құрайды (125 млн. 208 мың).

2018 жылы:


  • бизнес жүргізу үшін жағдайды бұдан әрі жақсарту, қолданыстағы бағдарламалар аясында қаржылық және қаржылық емес инструменттерді қолдануды жалғастыру;

  • тіркелгендердің жалпы санында тіркелген жеке кәсіпкерлер мен белсенділерді арттыру жұмыстары жүргізіледі.


Бизнестің жол картасы – 2020

Бизнесті қолдау және дамытудың «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасының «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша қаржылық лизинг шарттарының сыйақы ставкасын субсидиялау бөлігінде 5 жоба мақұлданды:

«Алтын Дән Шаруа» ЖШС комбайн, жабынды жаткалар, құрамында тұқымсепкіш және пневматикалық бункері бар егістік кешенін, тіркемелі соқа сатып алды. Жобаның жалпы құны 329 млн. 108 мың теңгені құрады, оның ішінде қарыз сомасы 178 млн. 302 мың теңгені құрайды.

«Сарымсақты» ЖШС трактор, пневматикалық модельді тұқымсепкіш сатып алды. Жобаның жалпы құны 157 млн. 500 мың теңгені құрады, оның ішінде қарыз сомасы 125 млн. 500 мың теңгені құрайды.

«Гея» ШҚ комбайн, жатка, майдалағыш сатып алды. Жобаның жалпы құны 39 млн. теңгені құрады, оның ішінде қарыз сомасы 31 млн. 200 мың теңгені құрайды.

ЖК «Кулагин С.В.» - негізгі құралдар сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жөндеу. Жобаның жалпы құны 73 млн. 859 мың теңгені құрады, оның ішінде қарыз сомасы 28 млн. теңгені құрайды.

«Аскоп» ЖШС комбайндар, соқалар, тырмалар, егістік кешендерін, өздігінен жүретін бүріккіштер сатып алды. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 200 мың теңгені құрады, оның ішінде қарыз сомасы 600 млн. теңге.
БӨЛШЕК САУДА

Егіндікөл ауданы бойынша бөлшек тауар айналымының мөлшері 873 млн. 200 мың теңгені құрады (өткен жылы 711 млн. 400 мың теңге) немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 112,9 %.


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Мәдениет саласын дамыту мәдениет мекемелері арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні ауданда келесі мәдениет мекемелері жұмыс істейді – 3 клуб және 9 кітапхана.

2017 жылы Егіндікөл ауданының мәдениет мекемелері 868 іс-шара өткізді. Оларға 25 мың 747 адам қатысты.

Іс-шаралар түрлі нысанда өткізілді: дөңгелек үстелдер; кітап-фото-көрмелері, тақырыптық сөрелер; бейнеэкскурсиялар; шолулар, әңгімелесулер, кездесулер, тұсаукесерлер, акциялар, мерейтой жолдары, флаерлер, ақпараттық парақтар, буклеттер; концерттер, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талқылау, «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы, Универсиада – 2017, мемлекеттік және кәсіптік мерекелер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл және т.б.

Бүгінгі күні Егіндікөл орталықтандырылған кітапхана жүйесінде (бұдан әрі – ОКЖ) 9 кітапхана бар, олардың 1-аудандық, 8 кітапхана-филиалдар. Соның ішінде 3 модельді кітапхана: Армавир, Бауман, Ұзынкөл ауылдық кітапханалары.

Егіндікөл ОКЖ кітапханалары 100 % телефондандырылған, компьютерлендірілген, Интернет жүйесіне қосылған.

ОКЖ барлық кітапханалары Контакт және Фейсбук әлеуметтік желілерінде парақшаларын ашқан. Әлеуметтік желілердегі парақшалар күн сайын ақпарат және фотосуреттермен толықтырылады.

Тілдерді оқыту орталығында 14 топ мемлекеттік тілді үйренеді, тыңдаушылар 120 адам (65 мемлекеттік және 55 азаматтық қызметшілер, қазақтар – 46, басқа ұлттар -74). Үлгерім 73 %-дан 91 % дейін құрайды. Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесінің артуы байқалады. Бұл көрсеткіш 2012 жылғы 52 %-дан 2017 жылы 64 % дейін артты. Іс қағаздарын жүргізу екі тілде жүргізіледі. Құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,7 % құрайды.

2017 жылы Шнетбаева Сапура Ілиясқызы Көкшетау қаласында өткен «Оралхан Бөкей» конкурсында 1-орын алып, бағалы сыйлықпен марапатталды. 2017 жылғы 28 қыркүйекте Шымкент қаласында өткен республикалық конкурсқа жолдама алды.


ЖАСТАР САЯСАТЫ

Егіндікөл ауданында тұратын жастар саны 1 мың 406 адам, ол аудан халқының жалпы санының 23 % құрайды. Оқушы жастар саны – 641 адам, соның ішінде ТжәнеКО – 442 адам, мектептерде – 199 адам.

Қазіргі уақытта «Жалпы медицина, стоматология» мамандығы бойынша 2 адам аудан әкімінің шәкіртақысы бойынша білім алуда, одан басқа «Жалпы медицина» мамандығы бойынша Медицина академиясында және «Биотехнология» мамандығы бойынша Агротехникалық университетте 2 адам облыс әкімінің шәкіртақысы бойынша оқиды.

Есепті кезеңде қоғамдық – саяси 44 іс-шара өткізілді, жастармен жалпы қамту 2489 адамды құрады.

2017 жылы Орталыққа жастардың 205 өкілі өтініш білдірді. 122 адам жұмысқа орналастырылды, 5 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 10 адам – қоғамдық жұмыстарға жолданды, 6 адам «Ақмола облысы Егіндікөл ауданының халқын жұмыспен қамту орталығы» КММ есепте тұр.
ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ АХУАЛ

Қазіргі уақытта ауданда қоғамдық-саяси ахуалды талдау, әлеуметтік шиеленіс ошағын уақытында анықтау, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институтармен ынтымақтастығын дамыту жұмыстары құрылған, аудан тұрғындарын хабардар ету жүйесі қалыптасқан.

Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде тұрақты қоғамдық-саяси ахуал сақталуда. Тұрғындар мемлекет саясатын белсене қолдайды.

Аудан бойынша әлеуметтік маңызды 955 іс-шара өткізілді, 32 мың 510 адам қамтылды, соның ішінде мемлекет Басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2 мың 922 адам қамтылған 63 іс-шара өткізілді.

5 институционалды реформаны іске асырудың «100 нақты қадамы» ұлт жоспарында «Мәңгілік Ел» патриоттық актінің жобасы дайындалды. Осы идеяны іске асыру аясында ауданда іс-шаралар келесі бағыттар бойынша өткізілді: мәдени мұра, Ұлы дала дәстүрлері, патриоттық тәрбие және т.б.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ҚР мемлекет Басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес ауданның елді мекендерінде келесі бағдарламалар бойынша 2 мың 922 адам қамтылған 63 іс-шара өткізілді:



«Туған жер» - 1497 адам қамтылған 12 іс-шара (Полтавское ауылындағы «Ауылым, сені жақсы көремін» мерекесі, спорттық жарыстар, құнан және аламан бәйге, аудан ұжымдарының қатысуымен концерт, Қазақстан журналистері Одағының мүшесі, ҚР құрметті журналисі Владислав Михайлович Холиннің фотокөрмесі, ОКЖ «Таза аудан» экологиялық акциясын өткізді, «Қаралы ана» ескерткішінің 20 жылдығына орай ол туралы ақпараттары бар буклеттер таратылды, «Тарих – біздің мамандығымыз» фотокөрмесіне эксурсия, ЖРО – абаттандыру бойынша сенбіліктер; «Жасыл Ел» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, «Біз Қазақстанның болашағын жақтаймыз» флешмоб және т.б.);

«Рухани жаңғыру» - 840 адам қамтылған 32 іс-шара (сынып сағаттары, кездесулер, әңгімелесулер, бокстан Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы, 2010 жылғы Қорғаныс күштері арасындағы әлем чемпионатының және 2011 жылғы Азия чемпионатының финалға қатысушысы, 2014 жылғы Азия ойындарының Чемпионы, Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесінің екі дүркін чемпионы, Лондондағы ХХХ-Олимпиадалық ойындарға қатысушы, Германия, Чехия, Венгрия, Қытай және Ресейдегі «А» класы халықаралық турнирлерінің жеңімпазы – біздің атақты жерлесіміз, Целиноград облысы, Краснознамен ауданы, Жалманқұлақ ауылының тумасы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Ілияс Сүлейменовтің жүлдесіне облыстық турнир);

«Латын графикасына көшіру» - 840 адам қамтылған 32 іс-шара (латын әліпбиінің үлгісімен танысу және талқылау бойынша ақпараттық сағаттар, дөңгелек үстелдер өткізілді);

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» - 45 адам қамтылған 2 іс-шара (дөңгелек үстел, танымдық сағат өткізілді);

«Тәрбие және білім» - 40 адамды қамтыған 1 іс-шара;

«Рухани қазына» - 60 адамды қамтыған 1 іс-шара;

«Ақпарат толқыны» - 20 адамды қамтыған 1 іс-шара.

«Киелі география» арнайы жобасы бойынша ауданның тарихи орындары жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағында орналасқан 5 тарихи және мәдениет ескерткіштерінің ішінде Жалманқұлақ ауылындағы Сұфы ежелгі кесенесі ерекшеленеді. Ауыл тұрғыны Алиякбаров Аманжол атаның айтуыншаХІХ-ғасырда осы киелі жерге Солтүстік Қазақстаннның барлық өңірінен адамдар келген. Олар зиратқа түнеген, көпшілігі дертіне шипа іздеп келген (Сұфы кесенесі киелі объектілер географиясына енгзілген – ауызша).

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында қазан айында Буревестник ауылынан Жұмай ауылына (Қорғалжын ауданы) қарай 25 шақырым қашықтықа орналасқан төбеге бардық. Оның жанында жасанды көл бар.

Төбе толық суретке түсірілді. Суреттер зерттеу үшін Ақмола облысының өлкетану мұражайына жолданды.

«Атамекен» шағын бағдарламасы аясында 942 мың 500 теңге сомасына 7 қайырымдылық іс-шара өткізілді. Қарттар мен мүгедектерге 897 мың 500 теңге сомасында, 1 ауру балаға 45 мың теңге материалдық қолдау көрсетілді.

«Ақпарат толқыны» шағын бағдарламасы бойынша «Алтын астық» аудандық газеітнде 19 мақала жарияланды.

Егіндікөл ауданы әкімінің ресми сайтында «Рухани жаңғыру» арнайы айдары құрылған, онда 6 мақала бар.

Бөлімнің сайтында 10 мақала орналастырылған. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде (facebook, vk, twitter, instagramm) мақалалар тұрақты жарияланады.

Тақырыптық баннерлермен визуалды рәсімдеу бойыншша жұмыстар атқарылды. Билборд құрылғыларында 3 баннер орнатылған.



2018 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

  • Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша «Рухани қазына» шағын бағдарламасы аясында «Ауыл күні» жобасы құрылсын және Ұзынкөл ауылында өткізілсін.



ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ

2017 жылы 108 аудандық бұқаралық – спорттық-бұқаралық іс-шаралары өткізілді. Олардың ішінде 45 аудандық жарыс және ауылдық округтердегі дене шынықтрыу ұжымдары арасындағы 63 спорттық - бұқаралық іс-шара. Оларға 6 мың 776 адам қатысты, оның ішінде 4 мың 439 – оқушы.

Ауданда 1 мың 717 адам дене шынықтыру және спортпен белсене айналысады, ол аудан халқының жалпы санынан 27,9 % құрайды, немесе 2016 жылға қарағанда 0,2% артық. Олардың ішінде спорт түрлері бойынша спорт секцияларында – 1 мың 250 адам, 467 – спорттық-сауықтыру бағытындағы топтарда.

Спорт бойынша 7 баннер дайындалды. Жыл ішінде 42 спортшы облыстық жарыстардың жүлдегерлері болды, 16-шайбалы хоккейден, 10-шорт-трек және конькимен жүгіру спортынан, 16-бокстан. Одан басқа, бокстан 1 спортшы республикалық, 3 спортшы – халықаралық жарыстардың жүлдегерлері болды.

Полтавское ауылында «Сарымсақты» ЖШС қаражаты есебінен 150 орынға арналған, трибунасы, жеңіл атлетикалық жүгіру жолдары, футбол, волейбол алаңдары және киініп-шешінетін орындары бар стадион салынды. Егіндікөл ауылындағы № 12 Агротехникалық колледжде облыстық бюджет қаражаты есебінен 2 млн. 200 мың теңге сомасына аумағы 15х6,6 м. – 99,7 ш.м. спорт залы пайдалануға берілді. 2 хоккей корты құйылды.

2018 жылға арналған міндеттер мен жоспарлар:

Ұзынкөл ауылында таза ауадағы спорт алаңын салу және Егіндікөл ауылындағы орталық стадионды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.

Спорттың волейбол, баскетбол, футбол сияқты ойындық түрлерін; шайбалы хоккей, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғымен жүгіру сияқты қысқы спорт түрлерін, еркін күрес, бокс, спорттың ұлттық және халықтық түрлері: қазақша күрес, тоғыз құмалақ, асық, армрестлинг, тас көтеру спортын дамыту және жария ету.

КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыстың деңгейі 17,5 % төмендеді және 66 қылмысты құрады (2016ж.-80).

2017 жылғы 1 желтоқсанға қылмыстың ашылу пайызы 88,5% (2016ж. – 92%) құрады.

2018 жылға арналған кейбір міндеттерге тоқталғым келеді:



  1. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша келген мемлекеттік қызметшілер мен мамандарды арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Егіндікөл ауылында 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үй құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Осы жобаны қаржыландыру үшін жоғары тұрған органдарға ұсыну жоспарлануда.

Өздеріңізге белгілі, 2017 жылы 5 тұрғын үйдің құрылысы басталған, оларды аяқтау және пайдалануға беру үстіміздегі жылға жоспарланды.

  1. Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу және блокты-модульді қазандық салу, жобалар мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін 2018 жылға жоспарлануда.

  2. Жоба сараптамадан өткен соң, орталық аудандық ауруханаға жөндеу жүргізу жоспарлануда.

  3. Облыстық бюджеттен Днепропетров орта мектебіне блокты-модульді қазандық сатып алу үшін 29 млн. 523 мың теңге және Алакөл мектеп-бақшасына күрделі жөндеу жүргізу үшін 68 млн. 736 мың теңге бөлінді.

Соған байланысты барлық дайындық іс-шараларын уақтылы жүргізіп, жобаны мерзімінде іске асыру қажет.

  1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Жантеке – Егіндікөл – Новочеркасское жолдарын жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

  2. Су тасқыны салдарынан су шайған жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 15 млн.теңге бөлінді.

  3. Өздеріңіз білетіндей, ауылдарды қолдау мақсатында жыл сайын Ауыл күні өткізіледі. 2016 жылы - Егіндікөл ауылы, 2017 жылы - Полтавское ауылы күні өткізілді. Үстіміздегі жылы Ауыл күнін Ұзынкөл ауылында өткізу жоспарлануда. Біз қазір дайындық жұмыстаырмен айналысудамыз - іс-шаралар жоспары әзірленуде, демалыс орталығын жөндеуге 16 млн.теңге бөлінді. Жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен ауылды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.


Құрметті егіндікөлдіктер!


Біздің барлық жетістіктеріміздің тұрақты саяси жағдайдың арқасында екені сөзсіз. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға қатысты барлық мәселелерде біз аудан тұрғындарының қолдауы мен түсіністігіне сенеміз. Біз барлық алға қойылған міндеттерді бірлік пен ынтымақтастықта ғана шеше аламыз.

Алға қойылған мақсаттың толық орындалмағанын мойындау қажет. Алайда, бірлескен күш-жігеріміздің арқасында, бізl34 ауданның халқының әл-ауқаты жақсарған, облыстағы дамыған аудандардың бірі болатынына сенімдімін. Сіз бен біздің мүддеміз, туған ауданымызға деген махаббатымыз алдағы міндеттерді жеңе алады деп үміттенемін.

Мен сіздерді аудан үшін маңызды барлық мәселелердің назардан тыс қалмайтынына және өз шешімін табатынына сендіремін.

Бізге, егіндікөлдіктерге алға қадам жасап, ертеңгі күнге сеніммен қарау керек және барлық міндеттерге қол жеткізу жолындағы жұмыстарға белсене қатысу қажет!






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет