ЖобаматериалдарыЫ.АлтынсаринатындағыҰлттықбілімакадемиясыныңсайтындаорналастырылғанhttps://www.nao.kz). Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Біріншібағыт-«Қазақстандықпатриотизмменазаматтықтытәрбиелеу,құқықтықтәрбие»білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021-2022 оқу жылында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын,
«Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобаларын, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі географиясы») жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру қажет.
Білім алушылар арасында өлкетану білімін насихаттау және танымал ету келесі материалдарда:
«Жас қыран» (1-4-сыныптар), «Жасұлан» (5-10-сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген әдістемелік ұсынымдар