І. Қызығушылықты ояту. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтуы керек. Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.