Әдістемелік нұСҚАУ



бет7/24
Дата30.10.2022
өлшемі89,56 Kb.
#155679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
МУ практика 4 курс каз
алғыс айту тәрбие сағаты, Химиядан оқулықтар тізімі
Ғылыми-зерттеу жұмысы:

  • диплом жұмысының тақырыбы бойынша жұмыс жасау;

  • оқу-тәрбие үдерісі бойынша алғашқы диагностика жасау;

  • диплом жұмысының практикалық бөлімінде қолдану үшін қажетті материалдарды жинау.

  • диплом жұмысының тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына сай студент-практикант практикалық дағдыларын қолдана отырып сабақ жүргізу.




  1. СТУДЕНТТІҢ ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ӨНДІРІСТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БОЙЫНША


5.1 Практика соңында студенттер келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Портфолиода болуы тиіс:

  1. Педагогикалық практика күнделігі.

  2. Пән мұғалімі (тәрбиеші) қол қойған өткізілген сабақтардың жоспар-конспектісі.

  3. Өзінің өткізілген сабақтарына талдау жасау (екеуден кем емес).

  4. Қатысқан сабақтарына педагогикалық талдау жасау (үшеуден кем емес).

  5. Пән бойынша өткізілген сыныптан тыс сабағының талдауы (өз сабағына).

  6. Өткізілген тәрбие шараларының жоспары (сценарий) (екеуден кем емес).

  7. Пән бойынша өткізілген сыныптан тыс 1 сабақтың жоспары

  8. Пән бойынша өткізілген сыныптан тыс іс-шараның жоспары

  9. Пән бойынша қатысқан бір сыныптан тыс сабағының немесе тәрбие шарасының талдауы.

  10. Көрнекіліктер, СББҚ.

11. Бір оқушыға мінездеме және оған жасалған диагностикалық материалдар.
12. Сынып ұжымына мінездеме және оған жасалған диагностикалық материалдар.
13. Фото және бейнематериалдар (міндетті), көрнекіліктер мен презентациялар (егер болса). (Қолдау хат бойынша барған студенттерге міндетті түрде.)
5.2 Есеп құжаттарын ресімдеу талаптары
Барлық құжаттар мұқаба парағы түссіз, титул парағы бар пластикалық скоросшивательде (тезтікпе) тапсырылады. Титул парағын басып шығарып, мұқият түрде көк сиялы қаламмен толтыру керек.
Барлық аты-жөнді толық жазып, күні мен қол қойылуы тиіс.
Барлық құжаттар қатаң түрде үлгіге сәйкес толтырылады. Компьютерде теріліп (14 rt, Times New Roman, жоларалық интервал, ені теңестірілген, азат жол - 1,25 см, өрісі: сол жағы - 3 см, оң - 1 см, жоғарғы және төменгі -2 см), А-4 қағазына шығарылып жеке файлдарға салынады және электрондық нысанда (компакт-дискіде, флэш картада) тапсырылады. Студент-практиканттар өткізген шаралар бейнежазбаларға тіркеледі және электронды нұсқада тапсырылады.
Құжаттарды ресімдеу барысында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда қайта қарау және түзету үшін қайтарылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет