Жұптық жұмыс
2-тапсырма
6-суретке назар аударыңдар. Суретке арнап PowerPoint-та
2 слайдтық презентация жобасын ұсыныңдар. Презентацияның 1- слайдына суретке берген атауларың мен суреттегі кейіпкерлердің есімін жазыңдар. 2ші слайдта жазғы демалысты сипаттайтын екі сурет кірістіріп, сақтаңдар.
|
Дескриптор
Берілген суретке арнап PowerPoint-та
2 слайдтық
презентация жобасын ұсынады.
Презентацияның 1слайдына суретке берген атаулары мен суреттегі кейіпкерлердің есімдерін жазады.
2-ші слайдта жазғы демалысты сипаттайтын екі сурет кірістіріп, сақтайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
Жұптағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырманы орындау деңгейіне қарай бір-бірін «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Жеке жұмыс: «Венн диаграммасы» әдісі
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға
берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
|
3-тапсырма
«Ыстық» пернелер не үшін қажет?
Word пен
PowerPoint программаларын Венн диаграммасы бойынша салыстыр.
Дескриптор:
Берілген сұраққа жауап береді.
Word және
PowerPoint программаларын Венн диаграммасы бойынша салыстырады.
Екеуінің айырмашылығы мен ұқсастығын жазады.
|
|