Сергіту: «Ән шырқау» жаттығуы
|
Оқушы топтарына ел арасында кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.
Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторлардың әндерін ұсынған орынды («Армандастар», «Атамекен», «Өз елім» т.б.). /Бұл жаттығу оқушыларға психологиялық жағымды көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды/.
|
Сабақтың соңы
|
ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс
|
Қалыптастырушы бағалау
|
12 мин
Сабақты бекіту.
Рефлексия.
|
«Ой-толғаныс» әдісі
Бұл кезеңде күнделікті оқыту үдерісінде оқушы өзіндік толғаныс, дағды-машықтарын ұйымдастыру, өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарап, баға беруге үйренеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды салмақтап, салыстырып, түйіндеп өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалармен пікір алмастырады, үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын қорытынды кезең. Әртүрлі шығармашылықпен ой салыстыру болашақта қолданылатын мақсатты әрекеттерге жетелейді.
Орындаған жобаңның файлын компьютерде «Менің жобам» деген тақырыпта бума ашып, сақта. Жобаны аяқтағаннан соң, дәптеріңе төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, есебіңді жаз:
Мен таңдаған жобаның тақырыбы
Мен неге бұл тақырыпты таңдадым?
Жаңадан не білдім, не үйрендім?
Керекті ақпараттарды қалай іздеп таптым?
Ақпараттарды қалай сақтадым?
Ақпараттарды қалай тасымалдадым?
Қай нәрсе ұтымды шықты?
Нені орындай алмадым?
Менің жобаны орындаудан алған әсерім қандай?
|
Достарыңызбен бөлісу: |