Топтастыру. «Социометрия» әдісі Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.
І топ: Ақ түс ІІ топ: Қызыл түс ІІІ топ: Жасыл түс Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау:Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі
қолданылады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде
білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Еліміздегі сәулет өнерінің туындылары
туралы не білесің?
Ойыңды ортаға сал.
Осы туындылар негізінде қандай ойын идеясын ұсынған болар едің? Ойлан.
Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.