ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Утегенова А.С., Мади П.Ш.,
«ЭЛЕКТРОТЕХНИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
ПӘНІ БОЙЫНША
ЩЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Қарағанды 2020
Алғы сөз
Әдістемелік нұсқауларды әзірлеген: х.ғ.к., аға оқытушы Утегенова А.С., аға оқытушы Мади П.Ш.,
«Энергетикалық жүйелер» кафедрасының отырысында талқыланды
«____»______________20__ж. № _______ хаттама
Кафедра меңгерушісі______________________ «____»_______20__ж.
Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған «____»_________20__ ж. № _______ хаттама
Төраға ________________ «____»____________ 20__ ж.
Мазмұны
Кіріспе.....………………………………………………………………………4
Зертханалық жұмыс № 1
«Электротехниканың теориялық негіздері» курсы бойынша зертханалық тәжірибелерді орындау үшін Еlectronics Workbench (EWB) программалық қамтамасыздандыруды тәжірибелік қолдануға әдістемелік нұсқаулар.................…………………...5
Зертханалық жұмыс № 2
Электр тізбектерін есептеу барысында Кирхгоф заңдарын тікелей қолдану......................…………………………………………………………..9
Зертханалық жұмыс № 3
Тұрақты кернеу кезінде сызықты пассивті элементтері бар тізбектердің электрлік күйін зерттеу....................................................……………………19
Зертханалық жұмыс № 4
Кезекпе-кезек есептеу әдісін тәжірибелік тексеру…………………………………............................................................24
Зертханалық жұмыс № 5
Айнымалы тоқ тізбегінің элементтері…………………….......................................…………………….28
Зертханалық жұмыс № 6
R, L, C элементтерін тізбектеп қосу………….......................……………….38
Зертханалық жұмыс № 7
R, L, C элементтерін параллель қосу...............…………………….………...45
Зертханалық жұмыс № 8
Үш фазалы тізбектің жүктемесін жұлдызша түрінде қосу...............................................................................………………………..53
Зертханалық жұмыс № 9
Үш фазалы тізбектің жүктемесін үшбұрыш түрінде қосу..........................................................................................…………………63
Әдебиет...... ……………………………………………………………………69
Кіріспе
Электротехника курсында электрлік және магниттік құбылыстар және де оларды тәжірибелік мақсаттарда қолданулар зерттелінеді.
«Электротехниканың теориялық негіздері» пәнін зерделеу жұмыстарында электротехникалық құралдар мен қондырғыларды пайдаланатын техникалық бакалаврларды дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады.
«Электротехниканың теориялық негіздері» курсында дәрістерде алынатын теориялық білімдерді тәжірибелік түрде түсіндіріп, дәлелдейтін зертханалық жұмыстарға көп көңіл аударылады.
Ұсынылған зертханалық практикум студенттердің өз бетінше есептеу модельдерін құрып, нәтижесін талдап, ПЭВМ қолдана отырып зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Осыған байланысты студенттер зертханалық жұмыстарды орындай отырып, зерттеу түрінде әрбір сұрақтарды өз бетінше шешуді үйренеді. Программалық қамтамасыздандыру ретінде Electronics Workbench программасы қолданылады.
№ 1 зертханалық жұмыста студенттер Electronics Workbench программасымен берілген электр тізбектерінің элементерін зерттейді, өлшеу құралдарының параметрлерін таңдауды және электр схемаларын құруды үйренеді.
Зертханалық жұмыстарды орындау ережелері
1. Жұмысты орындау алдында оқытушы әрбір студентке жеке сұрақтар қойып, оның дайындығын тексереді. Зертханалық жұмысты орындауға жіберілген студент компьютердің алдына отырып, Electronics Workbench программасын қосып жұмысын бастайды.
2. Зертханалық жұмыстың соңында студент жасаған жұмысының нәтижесін оқытушыға көрсетеді.
3. Студент зерттеу нәтижесімен зертханалық жұмыстың есебін беріп, қорғауы керек. Әрбір студент жеке-жеке қорытынды жасауы қажет. Зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасамаған студент келесі жұмысты орындауға жіберілмейді.
4. Әр жұмыс бойынша есеп беру, әр студентке жеке болады және оның ішінде:
- кафедраның атауы, курсы, жұмыстың атауы, студенттің тегі мен тобы көрсетілген титулдық бет;
- жұмыстың мақсаты мен мазмұны;
- тәжірибелердің электрлік схемалары;
- есептеулердің нәтижелері бар кестелер және берілген элементтер;
- есептеу есептемелері;
- графиктер;
- қорытындылар болу керек.
Есеп беру қолжазба тәжірибе, А4 стандарт форматта орындалады. Электрлік схемаларды сызғанда МЕСТ-термен сәйкестендірілген шартты белгілерді қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |