Ауаның қатыстылық ылғалдылығы – бұл берілген температурадағы абсолюттік тығыздылықтың қаныққан ылғалды ауа кезіндегі температурадағы максимальді ылғалдылықпен қатынасы.
= . (2.4)
(2.4) формуласында бірлік негізінде құралған. Егер формуланың (2.4) оң жағын бөлігін 100-ге көбейтсек, онда өлшемі % түрінде аламыз.
= · 100 , %. (2.5)
Ауаның қатысты ылғалдылығы = 0 бастап = 1 немесе 100% өлшем аралығына дейін өтуі мүмкін.
2. id – ылғалды ауаның диграммасы
Жоғарыда қарастырылған ылғалды ауаның өлшемдерін 1918 жылы профессор Л.К.Рамзин ұсынған id – диаграммасының көмегімен графикалық тұрғыда анықтайды.
Осы диаграмманың ордината осі бойынша құрғақ ауаның энтальпиясы i, кДж/кг өлшенеді, ал абцисса осі бойынша – ылғалдылықты сақтау d өлшемін орналастырады, г/кг . Диаграммада әртүрлі сызықтарды ыңғайлы орналастыру үшін оны координат осінде 1350 градустық бұрышта орналастырады. Осыған байланысты ординат нүктелері тік орналастырады.
Осыған байланысты id – диаграммасында ылғалдылықты сақтау сызығы тік, ал і энтальпиясы-түзу еңкейтіп орналастырады. (2.2 суретіне қара).
Суреті 2.2 - Диаграмма id
Сонымен қатар id – диаграммасында жоғары қарай еңкейген түзу тәріздес тұрақты температураның сызығы бейнеленген және қатысты ылғалдылықтың тұрақты сызықтары %-тік түрде бейнеленген.
Көбінесе id – диаграммасы 0,993 бар үшін салынады, яғни атмосфералық қысым үшін, бірақ ол негізіне жақын басқа да қысымдарды табу үшін қолдануға болады.
Есте сақтау керек, ылғалды ауаны салқындату және қыздыру үрдістері d = const кезінде өтеді,яғни тік тура сызығы арқылы. Мысалы, 2.2 суретінде 1-2 тік орналасқан ылғалды ауаны қыцздыру үрдісінің кескіні тіркелген,кері үрдіс 2-1 осы аунаны слқындату үрдісі болады. Ылғалды ауаны салқындату және қыздыру үрдістерінде ылғалдылығының құрамы өзгеріссіз қалады.Мысалы,ауаны жылтатын құрылғыда ауаны қыздыру немесе ауаны салқындататын құрылғыда ауаны салқындату барысы.
Есте сақтау керек, қандай да бір затты ыстық ауамен кептіру процесі ылғалды ауаның өзгермейтін энтальпиясында (жылу) i = const өтеді,яғни затты кептіру кезінде буланып кеткен ылғал қайтадан ауаға жылуны қайтарады, ал d ауаның ылғалдылығы өседі. Осы үрдіс 2.2 суретінде 2-3 кескінінен байқауға болады.Берілген жағдайдағы кептіру үрдісі тұрақты болып есептеледі,яғни қоршаған ортаға кеткен жылуды есептемеген жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |