Жаттығу. Компьютерлік желіні Setup бағдарламалық құралы арқылы баптау.
Setup бағдарламасы есептеу жүесінің базалық енгізу – шығару құрамына кіреді және алғашқы аппараттық конфигурациясын баптау үшін арналған. Баптаулардың басты мақсаты – жүйенің құрамын BIOS құралдарының көмегімен автоматты түрде анықталуын қамтамасыз ету. Қосымша тапсырма – бүкіл жүйенің баптауын оптимальдау және әсерін (эффективнось) жоғарлату.
Көп жағдайда Setup бағдарламасы блок питанияны қосқан кезде лезде Delete батырмасын басу арқылы шақырылады. Басқа жағдайда басқа батырмалар комбинациясы қолданылуы мүмкін – қажетті ақпарат компьютерді іске қосқан кезде монитор экранына шығады. CMOS микросхемеларын баптауларды біліксіз өзгерту компьютерлік жүйенің істен шығуына әкеп соғуы мүмкін.
Жаттығуды орындау реті:
Компьютерлік жүйені іске қосыңыз.
Экранда ақпарат пайда болған кезде Delete батырмасын басыңыз - Setup бағдарламасы іске қосылып, меню ашылады.
Ашылған терезеден жүелік сағатты және жүйелік күнтізбенің орнатылуын тексерініз. Бапталу параметрін таңдау курсовды басқару батырмалары арқылы, ал параметрлерді өзгерту PAGE UP/PAGE DOWN батырмалары арқылы орындалады.
Алдыңғы менюге ESС батырмасы арқылы қайта оралыңыз.
BIOS FEATURES SETUP (BIOS параметрлерін баптау) пунктін таңдаңыз. ENTER батырмасын басыңыз.
Ашылған терезеден компьютердің қосылуы қай дисктен басталатынын тексеріңіз. Іске қосу реті BOOT SEQUENCE пунктінда беріледі. PAGE UP және PAGE DOWN батырмалары арқылы компьютерге іске қосудың мүмкін варинттарын қарастырыңыз. С: (ол штатты жұмыс кезінде қолданылады) қатты дисктен іске қосу вариантыа ерекше көңіл бөліңіз, және А: (ол, егер қандай да бір себептер бойынша жүктеу қатты дисктен орындалмаса компьютердің жұмыс қабілеттілігін қайта қалпына келтіру кезінде қолданады) иілгіш дисктен іске қосу вариантына да көңіл аударыңыз.
Typemating Rate Setting пунктіна көңіл бөліңіз – егер ол қосылған (Enabled) болса, онда BIOS – ты бапту арқылы пернетақта үшін символдарды автоматты қайталау функцияларын баптауды басқаруға болады. Мұндай жағдайда қайталауға дейінгі милисекундта өлшенетін уақыт интервалын Typemeting Delay (қайталау алдында ұстап қалу) параметрін орнату арқылы анықталады, ал секундта өлшенетін қайталау жиілігі Typemeting Rate (қайтаау жиілігі) параметрін орнату арқылы анықталады.
ESC батырмасын басу арқылы алдыңғы менбге қайтп ораламыз.
SETUP программасымен жұмысты өзгертілген нәтижелерді сақтамай аяқтаймыз. Ол үшін ESC батырмасын басыңыз да сұраныс алған кезде өзгертулерді сақтамай шығуды Y (Yes/Ия) батырмасын басып растаймыз.