Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



бет9/17
Дата03.11.2023
өлшемі90,46 Kb.
#189243
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
RD каталог аты – каталогты өшіру командасы; (Ескерту: MS-DOS – та тек бос каталогты өшіруге болады);
DEL файл аты - файлдарды өшіру командасы.
Жаттығулар
Ескерту: компьютерде “Сеанс MS-DOS ” режимі болмаса, жұмысты Far (NC) қабыршақ программасын пайдаланып орындауға болады.

  1. Far программасын қосыңыз. Түпкі С каталогына (дискіге) шығыңыз. Ол үшін панельдің мазмұнының жоғарғы жағындағы екі нүктеге “..курсор рамкасын қойып <ENTER> - ді жоғарғыда C:\ шыққанша басу қажет;

  2. Ctrl + O клавишаларын қатар басып Far – дың панельдерін экраннан жою. (Ctrl + O қайталап басса, панельдер орнына келеді).

  3. Төменде C:\> - жүйелік шақыру жолы көрінеді. Яғни, бұл жолда пайдаланушы MS-DOS командалардын тере алады;

  4. Экранға түпкі каталог С дискісінің мазмұнын шығару: C:\>DIR

  5. Экранды тазалау: C:\> CLS

  6. W кілтін пайдаланып экранға информацияны қысқа түрде бағаналап шығару: C:\> DIR/W

  7. P кілтін пайдаланып экранға информацияны үзіліс жасап экрандап шығару: C:\> DIR/P

  8. Экранға ағымдық датаны шығару: C:\>DATE <ENTER> , (тағы <ENTER> -ді басса C:\> шығады)

  9. Экранға ағымдық уақытты шығару: C:\> TIME <ENTER>

  10. С дискісінен D дискіге ауысу: C:\> D:

  11. А диск қойғышына дискатаны салыңыз;

  12. D дискісінен A дискіге ауысу: D:\> A:

  13. А дискісінде PAPKA1 каталогын құру: A:\> MD PAPKA1\ < ENTER >

  14. А дискісінде PAPKA2 каталогын құру: “команданы өзіңіз жазыңыз

  15. Экранға түпкі каталог A дискісінің мазмұнын шығару: A:\> DIR

  16. А дискісінде PAPKA1 каталогының ішінде CTL1 каталогын құру: A:\> MD PAPKA1\ CTL1 < ENTER >

  17. А дискісінде CTL1 каталогына өту: A:\> CD PAPKA1\ CTL1 < ENTER >

  18. А дискісінде CTL1 каталогының мазмұнын көру: A:\> PAPKA1\ CTL1> DIR < ENTER >

  19. Түпкі А каталогына (дискісіне) қайта өту: ..\> CD\ < ENTER >

  20. Экранға түпкі каталог A дискісінің мазмұнын шығару: A:\> DIR

  21. Қайта A дискісінен C дискіге ауысу: A:\> C:

  22. Ctrl + O клавишаларын басып Far – дың панельдерін қайта орнына келтіру.

Өздік жұмыс:

    1. Жоғарыдағы теориядағы командаларды пысықтап, қайталап орындаңыз;

    2. Жаттығуларды қайта пысықтап, командалардың тәртібін және командалық жолда сол команданың орындалған нәтижесін дәптерге жазыңыз;

    3. А дискісінде PAPKA2 каталогының ішінде өзіңіз бір каталог құрып командасын жазыңыз және орындаңыз; Ескерту! Каталогтың аты латын әріптерімен жазылатынын ұмытпаңыз!

    4. Сол PAPKA2 каталогының ішінде өзіңіз құрған каталогқа өту командасын жазыңыз және орындаңыз;

    5. Сол құрылған ішкі каталогтан PAPKA2 каталогынына өту командасын жазыңыз және орындаңыз;

    6. Жазылған командаларды мұғалімнің алдында қорғауға дайын болыңыз! Іске сәт!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет