Тубулин ақуызының полимеризациялануы арқылы бөліну жіпшесінің қалыптасыуы толық аяқталды. Оның құрамына 3 түрлі микротүтікшелер кіреді:
1) кинетохарлық-центромера айналысындағы ерекше ақуыз кешені- кинетохарлардан басталатын және хроматидаларды байланыстыратын микротүтікшелер;
2) полярлық-бір диплосомадан басталып, бөліну жіпшесінің ортасына қарай бағытталған және қарама-қарсы полюс микротүтікшелерімен жанасатын микротүтікшелер;
3) астралық-диплосомалардан жасуша беттеріне бағытталған микротүтікшелер.
в) Анафазада-хроматидалар конденсацияланған күйде болып, бір-бірінен байланысын толық үзіп, бөлінуші жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай тартыла бастайды. Бұл кезде олар центромералық учаскелерімен тиесілі полюске, ал теломерлік учаскелерімен жасуша экваторына қарай бағытталған болады.
Бір-бірінен ажырасқан хромосомалардың қозғалып жылжуы бірнеше факторларға негізделінеді:
а) бөліну жіпшесінің микротүтікшелер ұзындығының өзгеруіне:
- кинетохорлық микротүтікшелердің қысқаруына;
- полярлық микротүтікшелердің ұзаруына;
б) ақуыз-транслокаторлар әсерлеріне:
- олардың кейбіреулері хромосомаларды кинетохорлық микротүтікшелер бойымен жылжытады;
- екінші біреулері полярлық микротүтікшелерді қарама-қарса бағыттарға жылжытады.
г)
Достарыңызбен бөлісу: |