Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



бет3/3
Дата05.11.2016
өлшемі438,12 Kb.
#536
1   2   3

(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



Курс бойынша қамтылатын тақырыптар

1-тақырып Кіріспе

ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдай. Орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыс іс-қимылы. 1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы.

Исатай-Махамбет (1836-1838) бастаған ұлт- азаттық көтеріліс. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1847) . Хиуа,Қоқан хандығы езгісіне қарсы бас көтерулер. Жанқожа батыр көтерілісі(1856-1857). 1868 жылғы «Жаңа низам».Қазақ даласының «Соғыс отарынан» «жер отарына» айналуы. Қазақстанның рухани-мәдени тіршілігіндегі жағдайлар. Қазақ даласын, қазақтың тұрмыс-тіршілік, мінез-құлқын патша үкіметі тарапынан мақсатты түрде зерттеулерге кірісу. Миссионерлік саясат. Жалпы ағарту ісінің, орыс оқуының жандануы. Қазақ халқының әдебиеті, тілі, мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі Батыс Европа, орыс ғалымдары тарапынан зерттеле бастағаны. Қазақ тілінде баспасөздің пайда болуы, кітап басып шығару. ХІХ ғасыр әдебиетінің даму барысындағы күрделі өзгерістер, жаңа беталыс, бағыттар. Көркемдік ерекшеліктер. Әдебиеттің мазмұн, түр жағынан сан сапада, сан жанрда көрінуі.

ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі негізгі сарындар, саяси бағыттар мен әдеби-көркемдік ағымдар.

ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталуы, басылым жайы. Қазақ әдебиеті тарихында бұл дәуір әдебиетінің зерттелуі, бағаланып, ғылыми жүйеге түсуі.

Әдебиет тарихында ХІХ ғасыр шығармашылығын хатқа түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,Г.Потанин, Ильминский,В.Радлов, Ю. Лютшь, Ә.Диваев, М. Көпеев, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев,С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Қ,Сәтбаев, Ә.Дербісалин, М.Мырзахметов,М.Мағауин, С.Дәуітов, т.б. ғалымдар еңбектері.

ХІХ ғасыр әдебиетін әдебиеттану ғылымында бағалаудағы көркемдік-теориялық тұжырымдар. ХІХ ғасыр әдебиеттің түрлі атаулармен айғақтаумен бұл әдебиеттің әдеби үлгісі, көркемдік негіздерінен гөрі мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы бағаның басым болғаны. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік, т.б. атаулар әдебиет ерекшелігіне қатысты болғанымен, көркемдік-теориялық негіздерден гөрі сырт саясатқа орай айғақталғандығы. Әдебиеттану ғылымында шынды емес, «шын» дегенді айтуға мәжбүр болған кезеңдер. Түрлі саяси қаулы-қарарлардың көркем әдебиетке, әдеби мұраны бағалауға тигізген әсер-ықпалы.

ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы, ерекшелік, айырмашылығы. Алғашқы жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы көрінуі.

ХІХ ғасырдың соңына қарай шыққан қазақ тіліндегі баспасөз. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті» бетінде әдебиет материалдары, оларға қатысты алғашқы пікір, сыни ойлардың жариялануы.

ХІХ ғасырдың соңын ала Қазан, Петерборда өлең кітап, жеке жинақтардың басылып шығуы. Дулаттың «Өсиетнамасы», Шортанбайдың «Бала зары», түрлі қиссалар.

Әдебиеттің ішкі ісінде , көркемдік шеңберлерінде байқалған жаңару, өзгеріс, даму тенденциялары. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Дулат әкелген өлеңдегі өзгерістің Абаймен жалғастығы.Жаңа жанрлардың тууы. Европалық мәндегі жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуы. Мысал, сықақ, сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лириканың толысуы. Сал-серілер өнерінің шарықтауы. Айтыс мәнінің , мазмұнының тереңдеуі. Прозаның алғашқы нысандары. Әдеби сын. Публицистика. Көркем аударма. Тарихи жырдың тууы.

Зар заман ақындары – қазақ жазба әдебиетінің басы. Бұл туралы М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов тұжырымдары.

Қазақ қоғамындағы түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар, әлеуметшілік, азаматтық бағыт әкелгендігі. М.Әуезовтің ХІХ ғасыр әдебиетін тұтастай зар заман әдебиеті атауы. С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиеті тарихын:

1) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет;

2) ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиеті;

3) ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап просветительдің (мәдениетке үндеуші) әдебиет деп жүйеленуі.

ХІХ ғасыр әдебиетінің жанрлық, көркемдік негіздер жөнімен зерттелуі. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Т. Потанин, т.б. шығыстанушы зерттеушілер қазақ әдебиеті туралы.

М.Әуезов,А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы,Ә.Бөкейханов, т.б. қазақ әдебиеті тарихын жасауды қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланысты жанрлық классификация жасауы. Қазақ әдебиеті тарихының, қазақ әдебиеті теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың құрылым, ғылыми жүйесі. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдардың әдебиеттің тарихы, әдебиет теориясына қатысты еңбектері.

ХІХ ғасыр әдебиетінің ХІХ ғасырдың І жартысындағы , ІІ жартысындағы әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдердің сол тұстағы айқындалу жөндері.Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы қаулы. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіндегі екі түрлі концепция. Алпысыншы жылдар әдебиеттану ғылымындағы күрделі зерттеулер.Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның басылым ісінің жандануы. Жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы жылдарда әдебиет мәселелерінің кең ауқымды зерттеулермен толығуы. Арнайы монографиялық еңбектер.Әдебиеттанудағы ақтаңдақтарды толықтыру жөндері. Сол орайда ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері.

ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеу, ғылыми жүйелеудің қазіргі көкейкесті жайлары. Әдеби жанрлардың саралау, көркемдік-саяси ағым, бағыттарды қарастыра, айқындай түсу. Әдеби мұраға көзқарасымызда уақыт әкелген оң өзгерістер. Кезінде Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиет үлгілеріне қатысты жасаған тұжырымдардың қазірде тұтастай ғылыми айналымға түсіп, бүгінгі ғылым жеткен өлшемдермен жалғасуы.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [14], [27].
2-тақырып ХІХ ғ. қазақ тарихы және әдебиет
ХІХ ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыстар кезеңі. Ішкі Бөкей ордасының құрылуы(1801). 1822,1868 жылдардағы реформалар. Хандық биліктің жойылуы. Жерге мемлекеттік меншік. Исатай-Махамбет, кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістер.Қоқан, Хиуа хандығы езгісіне қарсы бас көтерулер.Жанқожа батыр.Бекет батырдың жер аударылуы.Қазақстанның Ресей империясы қармағына тұтастай өтуі. Миссионерлік саясат. ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың әдебиетке әсері. Ел өмірінің шындығы түскен әдеби шығармалардың тууы.Қазақ поэзиясында қазақ қоғамы, ел тұрмысы, оқу-өнер, адамның мінез-құлық жайларын толғау. Ауызша және жазбаша әдебиет үлгілерінің қатар дамуы.

ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдеби дәстүрлермен сабақтастығы. ХІХ ғасырдағы жаңа әдебиет үлгілері.

Жаңа жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы көрінуі. ХІХ ғасырдағы нәзира дәстүрі. Әдебиеттегі діни-ағартушылық ағым.Әдебиеттегі жаңару,өзгеріс, даму тенденциялары.Қазақ өлеңінің жаңа түрлері.Сал-серілер өнернамасы. Айтыс өзгерістері. Проза нысандары.Көркем аударма. Тарихи жырлар.Қисса-дастан.Публицистика. Жаңа жазба әдеби тілдің дамуы.Кітаби тілдің дамуы. Кітаби тілдің қазақ тілін шұбарлауына алаңдаушылық.

Қазақ тіліндегі баспасөз.Кітап басып шығару.Ұлт мектептерінің ашылуы.Әдебиет үлгілерін жиыстырып жариялау.Зерттеу.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [14], [27].
3-тақырып ХІХ ғ. дәстүрлі айтыс өнері
ХІХ ғасырдағы айтыстың дәстүрлі сипаты.Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен ХІХ ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері.

ХІХ ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындық айтыс пен бірге жазба түрде де өрістеуі.Айтыстың түрлері.Жанрлық ерекшеліктері.Әлеуметтік сипаты.ХІХ ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай,Кемпірбай, Балта, Түбек, Сүйінбай, Нұрым,Қашаған, т.б. айтыстарының сөз қолданыс, өлең айшығы, көркемдік алымы.Әлеуметтік мәні.ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі.Жазба айтыс дәстүрінің дамуы.

ХІХ ғасыр айтыстарының жиналып зерттелу жайы.М.Әуезов,А.Байтұрсынов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың айтысты теориялық жағынан зерттеуі.

Айтыс өлең- ХІХ ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы.

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895).Ақынның өмірі. Өлеңдері мен айтыстарының әлеуметтік мәні.Орынбай,Кемпірбай, Шортанбай, Балта ақындармен айтысы. «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәулетімбетке», «Домбыра шыққан тықылдап», «Бәйтікке», «Ноғайбайға», «Ерденге» арнау өлеңдері.Шөженің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жырлауы.Ақын жөнінде Ш.Уәлихановтың айтқаны.

Кемпірбай ақын (1834-1895).Ақындық шеберлік қырлары. Өлердегі айтқан сөзі.Өлең өнеріне бағасы.Айтыстары.

Орынбай Кертағыұлы (1813-1895). Өмірі.Серәлі, Тоғжан,Шөже, Шортанбай ақындармен айтысы.Арнау өлеңдері.Олжабай батыр туралы жыры.Шоқан Уәлихановқа қазақ поэзиясы үлгілерін таныстыруы.

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895).Шығармашылық мұрасы.Майлықожа, Қатаған,Қаңтарбай,Уәзипамен айтыстары.Сұраншы, Саурық батырға арналған ерлік дастандары.Тезек төреге айтқаны.Арнаулары.Ақын өлеңдерінің әлеуметтік астары, қозғаған тіршілік иірімдері.Тіл кестесі.Сүйінбай жөнінде Жамбылдың, басқа да ақындардың айтқаны.Сүйінбай шығармаларының зерттелім,басылым жайы.Ақынның «Ақиық» жинағы.

Бақтыбай.Түбек ақындар.Айтыстары.Өлеңдері.Өмірбаян деректері.

Нұрым Жаршағұлұлы(1825-1896).Өмірі.Әдеби мұрасы.Жоқтау, естірту,тойбастар,қоштасу, салт өлеңдері мен айтыстары. Өзі туралы термелері.Арнаулары. «Тайсойған», «Бүйрек» толғауларындағы әлеуметтік астар.Нұрым мұрасының зерттелу, басылым жайы.

Қашаған Күржіманұлы(1840-1924).Өмірі. «Топан сел басқанда», «Есқали сопыға», «Адай қонысы», «Ізбасқа», т.б. өлең-толғаулары.Айтыстары.Арнаулары.Олардағы замана қалпы.Қашаған шығармаларының тіл шеберлігі.Қашаған ақын мұрасының зерттелуі, басылымы. «Топан» жинағы. «Алқаласа, әлеумет» жинағына енген шығармалары.

Марабай(1841-1898).Шығармашылығы.Өмірбаяны.Айтыстары. «Ер Тарғын» жырының Марабай нұсқасы. «Қобыланды» жырының Марабай нұсқасы.Марабайдың шығыстанушы ғалымдар назарына ілінуі.Марабайға Абайдың берген бағасы.

Сара Тастанбекқызы(1878-1616).Өмірі. «Күрек», «Тұзақ» толғаулары. Арнау өлеңдері мен көңіл-күй сезім жырлары. «Ел жақсыларына», «Бекіндім», «Қош бол, елім». «Тордағы тоты»(1860), «Ақын Сара»(1985) жинақтарына енген шығармаларын көркемдік, мазмұндық жақтан қарастыру.Сараның әдебиет тарихындағы орны.Біржанмен айтысы болған ба, жоқ па дегенді қозғайтын бұрын-соңды айтылған пікір-тұжырымдар.

Қалнияз,Серәлі,Қожабай, Сақау, Айсұлу,Ұлбике,Күдері,Сарыбай,т.б. ақындардың айтыстарына шолу.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [5], [20], [52].

4-тақырып ХІХ ғ. әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Әлеуметтік қайшылықтарға көзқарас баға; қоғамға сын.
Мәделі Жүсіпқожаұлы(1816-1888). Мәделінің мысал сөздері.Майлықожа,Құлыншақ ақындармен үндестік, туыстығы. «Қанайға», «Шәріпке», «Датқа-еке», «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес» өлеңдері.Мәделінің мысал сөздері. «Төренің түйесімен кеңесі», «Жолбарыс терісін киген есек». Мәделінің шығармашылық мұрасын зерттеу. Насихаттау.

ҚұлыншақКемелұлы(1831-1892).Өмірбаян деректері.Шығармаларының зерттелеуі. «Көлбайға», «Дүйсенбайға» арнаулары. Батырлық ерлік дәстүрді көтере жырлап, дәріптеген өлеңдері.Айтыстары. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып дамытуы.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1889). Өмірі. Ақындық мұрасы. Сүйінбай, Құлыншақ, Айман, Гүлханым ақындармен айтыстары.Мысалдары. Шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары,сол негізде туған нәзира шығармалары. «Нақылдар» жинағына енген шығармалары.Әдеби мұрасының зерттелуі.

Базар Оңдасұлы(1839-1911). Өмірі, мұрасы. Зерттелу, басылым жайы.

Адамгершілік, дүние, жаратылыс жайлы үгіт-насихат мәнді шығармалары.

«Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал-Сегіз» дастандары. Термелері.

Бұдабай Қабылұлы (1842-1912). Өмірі. Шығармаларының зерттелуі. Жоқтау, көңіл айту жанрларын жазба түрде дамытуы. «Қоңырат Қалгезге», «Қыпшақ Әлтембетке» арнаулары. Қарлығашпен айтысы.

Біржан сал (1831-1897). Өмірі. Біржанның «Жанбота» , «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» өлеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, тұжырымдар. Бұл айтыстың көркемдік сапасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [4], [5],[16], [17], [19], [78]. [14], [27]
5-тақырып ХІХғ. сал-серілер. Ән өлең. Өнерпаздық, сыршылдық ағым
Сал-серілер, әнші-ақындардың ХІХ ғасыр әдебиет тарихындағы орны.

Сал - серілер, әнші-лирик ақындар мұрасы. Олардың зерттелу, таралым, танылым жайы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Әрі ақындық, әрі сазгерлік, әрі орындаушылық өнер. Сал-серілік өнердің қазақ халқының рухани өмір, көркемдік таным- талғамындағы орны.

ХІХ ғасырдағы сал-серілік, әншілік дәстүр, әншілік дәстүр, әншілік мектептер жайлы академик А.Жұбановтың ғылыми-теориялық тұжырымдары. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілдері – сал-серілер шығармашылығы Е.Ысмайылов зерттеулерінде. М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Т. Әлімқұловтың Абай әндері жайлы пікірлері.

Сегіз сері Баһрамұлы (1818-1854). Өмірі мен шығармашылық мұрасы. Өлеңдері, қисса- дастандары. Исатай-Махамбет қозғалысына қатысы. «Орал тау», «Кеңінен жаяйыншы қанатымды», «Қашқын келбеті», «Горчаковқа» шығармаларындағы әлеуметтік үн.Сегіз серінің махаббат, ғашықтыққа байланысты толғау, дастандары, өлеңдері. Халық эпосын жырлауы. Түрлендіруі. Арнаулары. Сегіз сері мұрасының зерттеулері. Басылымы.

Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913). Өмірі. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Үш тоты», «Қараторғай», «Кербез сұлу», «Ақкөйлек», т.б. ән-өлеңдері. Ақынның сезім жырларының көркемдік мәні. Ақан сері өлеңдеріндегі әлеуметтік үн. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге» өлеңдері.

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929). Өмірбаян деректері. «Ақ сиса», «Сұрша қыз», «Қаулау», «Шолпан», т.б. ән-өлеңдері қазақ өнерінің үздіктері. Жаяу шығармаларындағы жан айқай. Қоғам мен адам ортасындағы аярлыққа ауыр үкім. Жаяу Мұса туралы көркем шығармалар. Ақын мұрасының зерттелуі, басылымы. Халқымыздың рухани өміріндегі Жаяу Мұса шығармаларының орны.

Әсет Найманбайұлы (1867-1923). Ырысжанмен айтысы. «Салиха- Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім», «Пушкин», «Француз» поэмалары. «Қоштасу», «Әсет» ән- өлеңдері. Аудармалары («Евгений Онегин»).

Мұхит, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Майра, Мәди, Иман Жүсіп әнші- ақындар өнерінен мәлімет.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [4], [5],[16], [17], [19], [78], [52]
6-тақырып Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері. Бостандық жыршысы
Махамбет Өтемісұлының өмірі (1803-1846). Исатай-Махамбет бастаған ұлт- азаттық көтерілістің тарихи, саяси бағалануы. Махамбет және хан Жәңгір. Махамбет поэзиясындағы азаматтық үн. Ақынның көтеріліс алдындағы , көтереіліс барысындағы, көтеріліс жеңілгеннен кейінгі толғауларындағы жеңіске үндеу, жеңіліс сарыны.

«Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі», «Жәңгірге айтқаны», «Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш құс».

Исатай батырдың тарихи тұлғасы мен Махамбет өлеңдеріндегі бейнесі. Батыр бейнесінің эпикалық жырлардағы кейіпкерлермен туыстастығы. Исатай бейнесінің жандылық, нақтылық сипаттары. Исатайға арнаулардың сөз айшығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1] [2], [19] ,[38], [40], [55]

7-тақырып Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия
Махамбет – жаугершілік заман күйін толғаған жауынгер жырау. Махамбет толғауларындағы жырдың дәстүрлі үлгілері. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулар үрдісі. Махамбет толғауларындағы дәстүрлі қолданыстар. Махамбеттің «Мені».

Махамбеттің жыраулығы жайлы Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, З.Қабдолов, М.Мағауин, т.б. пікірлері.

Махамбет – қазақ лирикасын жаңа сапаға көтерген сыршыл ақын. Махамбет өлеңдеріндегі замана сыры. Лирикалық қаһарманның жан күйігі, көңіл күйі. Ақын поэзиясының реалистік, романтикалық сипаты. Махамбеттің өлең құрылысы. Тіл кестесі. Махамбет өлеңдерінің жанрлық сипаты. Дүние заңдылықтарын толғау. Саяси үгіттік лирика. Тарих өлең. Арнаулар. Элегия. Жоқтау. Махамбет шығармаларының басылым жайы.

«Мұрат ақынның Ғұмар Қазыұғлына айтқаны» (1908). «Шайыр» (1910) жинақтары. Х.Досмұхамедұлының «Исатай - Махамбет» жинағы. Қ.Жұмалиев құрастырған кейінгі басылымдар (1939, 1948, 1951, 1958, 1962). Махамбет шығармаларының текстологиясы. Махамбет өлеңдерінің алғашқы нұсқалар негізіндегі соңғы басылымы (Арыс, 2001).

Махамбет өлеңдерін кейінгіге жеткізушілер. Қуан жырау, Кішкене Қобыланды, Мұрат ақын, Ығылман Шөреков.

Махамбеттің 1908, 1910, 1925 жылдардағы басылымындағы өлеңдеріне кейіннен табылып қосылған шығармалар.

Қ.Жұмалиевтің Махамбеттің кейіннен 23 өлеңін табуы. Ақын мұрасын жинақтаудағы Ғ.Зарипов, М.Тілеужанов, Б. Аманшин, Қ. Мырзағалиев еңбектері.

Махамбеттің әдеби мұрасының зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов, Р.Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, Ә.Қоңыратбаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, Ж.Тлепов, т.б. ғалымдардың махамбеттанудағы еңбектері. Махамбеттану мәселелері. Қазақ поэзиясындағы Махамбет дәстүрі.

ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы тарихи жырлар

Кенесары- Наурызбай туралы жырлар. Нысанбай ақын туралы М.Әуезов, С.Мұқанов пікірлері. Шортанбайдың «Ақжолтай – Ағыбай батыр» жыры. «Бекет батыр» жыры. Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жыры.

Ығылман Шөрековтің «Исатай - Махамбет», «Досқожа ақынның кенесарыға айтқаны» жыры. Тарихи жырдың жанрлық сипаты. ХІХ ғасырдағы тарихи жырлардың тарихи өлең, тарихи эпоспен туысатын тұсы, өзіндік ерекшелігі. «Кенесары - Наурызбай», «Исатай –Махамбет», «Бекет батыр» ,т.б. тарихи жырлардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны, ғылыми бағалануы, зерттелуі, басылым көруі. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов , Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Өмірәлиев, Е.Ысмайылов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов тарихи өлең, тарихи жыр туралы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2] ,[23] ,[52]
8-тақырып ХІХ ғ. қисса-дастандар
«Сал-сал», «Зарқұм», «Сейфүлмәлік», «Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Жүсіп-Зылиха», «Жұмжұма», «Зарқұм», т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандар (кітаби өлең) ХІХ ғасырдағы діни-ағартушылық бағыттың бір арнасы.

Қисса дастандардағы «Құран», «Мың бір түн», «Тотынама», «Шахнама» желілері.

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі. Қисса- дастандардың түрге бөлінуі. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов , Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаева, Р.Бердібай, М.Мырзахметов, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы, Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, З. Сейітжанұлы, У. Қалижанұлы, т.б. қисса-дастандар туралы.

Кітаби-дастаншыл ақындар. Ақылбек иби Сабал, Шәді Жәңгірұлы, Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайхисламұлы, Ораз молда, Мұса молда, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Кашафуддин бек Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ақмолда, т.б. ғұмырбаян деректері. Шығармашылық мұрасы.

ХІХ ғасырдағы қисса-дастандардың басылымы. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсүдің өзекті ғылыми мәселелері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16].
9-тақырып Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы
Зар заман – қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі ағым. Ресей империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Зар заман – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңнің әдебиеті. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны. Оның зар заманды 3 кезеңге бөлуі. Зар заман әдебиетінің негізгі сарын, көркемдік сипат жөніне зерттелу, бағалану жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдері – Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір,т.б. шығармашылық мұрасының әдебиет тарихындағы орны. Радлов, Алтынсарин, Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов , Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайылов, т.б. ғалымдар зар заман поэзиясы туралы. Зар заман ағымының көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттеу. А.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай, т.б. зерттеу еңбектері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16].
10-тақырып Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы
Шортанбай Қанайұлының өмірі (1818-1881). Шығармашылық мұрасы. Толғаулары, айтыстары. «Ағыбай батыр» дастаны.Ақынның 1880 жылғы «Бала зары» жинағы. «Зар заман», «Тар заман», т.б. толғауларындағы замана күйі. Ел мінезі. Отаршылдық саясатқа наразылық, қарсылық сарын. Шортанбай өлеңдеріндегі дін, иман жайы. Ақын толғауларының өлең құрылысы, тіл кестесі.

Шортанбай Қанайұлы шығармашылық мұрасының зар заман әдебиеті аясында зерттеліп, бағалануы. Шортанбай шығармашылығының зар заман ағымының туып, қалыптасуындағы орны жайлы М.Әуезов, С.Мұқанов, т.б. ғалымдардың тұжырымдары. Шортанбай ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16].
11-тақырып Дулат Бабатайұлының шығармашылығы
Өмірбаян деректері (1802-1874). Шығармашылық мұрасының сақөталуы, басылым, жариялану, зерттелу жайы. Дулат ақынның «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын» өлеңдеріндегі атақоныс, туған жер сарыны. Өлең, ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жоқ» өлеңдері. «Еспенбет» дастанындағы ерлік, елдік дәстүр. Мысалдары. Дулат және Абай поэзиясы. Дулат Бабатайұлы – Абайға шейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Қазақ поэзиясының дәстүрлі үлгілерін түлетіп түрлендірген, жаңа көкжиектерін көтерген суреткер. Х.Сүйіншәлиев және дулаттану ілімі. Дулаттың өлең өрімі, тіл кестесі жайлы Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова пікірлері.

Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [7], [8], [16], [17].


12-тақырып Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы
Мұраттың өмірбаяны (1843-1906). Ақынның әдеби мұрасының негізгі арналары. Арнау өлеңдері. Айтыстар. Эпикалық шығармалар. Толғаулар.

Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары. Батырлыққа, ерлікке, ізгілікке үндеуі. Мұрат ақынның «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандарындағы атамекен зары, елден, жерден айрылу сарыны. «Жалпыға айтқаны» толғауы, «Арғымақ сайлап не керек», «Жігітті көркем көрсетші», «Айшықты ала ту тіккен», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» өлеңдері. Жантолы қызбен айтысы. «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази» жырлары.

Мұрат – Махамбет және басқа да ақын-жыраулар мұрасын сақтап, кейінгіге жеткізуші.

Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасының басылым көру, көркемдік-теориялық жақтан негізделіп зерттелуіндегі Х.Досмұхаметұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Б.Омарұлы еңбектері.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16], [55], [58].

13-тақырып Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867).
Ақынның өмірбаян деректері. Исатай - Махамбет көтерілісіне қатысы. Өлеңдерінің зерттелуі, жариялануы. Шығармаларының мазмұн-мәні. Өжет те өткір, ащы мысқылға құрылған өлеңдері. Баймағамбет сұлтанның ханымы мен ханшаларына арнауы. «Баймағамбетке айтқаны». Шернияздың көтерілістен кейінгі шер, мұң өлеңдері. Исатайды іздеуі. Шернияз өлеңдерінің көркемдік өрімі, тіл кестесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16],

14-тақырып Алмажан Азаматқызы (1823-?).

Өмірі туралы деректер. «Жетім қыз» поэмасы. Шығармаларындағы Исатай-Махамбет көтерілісінің ізі.

Әбубәкір Кердері (1861-1965). Өмірбаяны. Шығармашылық мұрасы. Зерттелуі. Басылым жайы. Ақынның оқытушылық қызметі. «Әдебиет қазақия» жинағы. Ақынның заман, дін, оқу, қазақ тұрмысы жайлыөлең-жыр, толғау-термелері. Айтыстары. Ақмолланың халықты орысша оқуға үндеуі. Әбубәкір - әдебиет тарихындағы діни-ағартушылық бағыт өкілі.

Ақмолла (Мұфтахаддин) (1831-1895) Мұхамедиярұлы – қазақ, башқұрт, татар әдебиетіндегі ірі тұлға. Өмірбаяны. Ақынның ағартушылық қызметі. Ақмолла шығармаларындағы замана ағымы, қазақ тұрмысы, оқу-өнер, адамның мінез-құлқы жайлары. «Ақмолланың түрмеде жатып жазғаны», «Өзіме», «Көктем», «Жаз», «Күз», «Топырақ», т.б. өлең – толғаулары. Ақмолла шығармаларының көркемдік сипаты.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16],

15 – тақырып ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет
ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісі. Оның әдебиеттің дамуына ықпалы. ХІХ ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбұрыс, бағыттар. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі ерекшеліктердің Абаймен жалғасуы. Жаңа жанрлардың тууы. Мысал, сықақ, сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лирика табиғатындағы еуропалық үрдіс, үлгі. Көркем аударма, көсемсөз.

ХІХ ғасырдағы ұлт оянушылығы және Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Олардың қазақтың жаңа жазба әдебиетінің, жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасуы, кітаби тілді ығыстыру, тіл тазалығы мәселесіндегі орны. Дінге көзқарасы. Дүниетаным негіздері.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16],

16-тақырып Шоқан Уәлиханов (1835-1865).

Өмірі. Шоқан өскен орта. Омбы кадет корпусындағы жылдар. Проф. И.Березинге хат.Омбы зиялыларымен арақатынасы. Шоқан Уәлихановтың Ресей география ғылымын дамытуға қосқан үлесі. Шоқан Уәлиханов – қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениетін, әдебиетін, тарихын зерттеуші. Әдебиет үлгілерін жинаушы. Ғалымның Тәтіқара, Шал ақын, Арыстанбай, Жанақ, т.б. ақын-жыраулар туралы мәліметтері. Едіге жырына назар аударуы.

«Манас» эпосына қатысты ғылыми тұжырымдары.

Шоқанның жолсапар, күнделік жазбалары.Хаттары. Олардың көркемдік құндылығы.

Шоқан Уәлихановтың саяси -әлеуметтік ұстанымдары. Қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін қорғауы.

Шоқан Уәлиханов жайлы зерттеу еңбектер. Әлкей Марғұлан жәнешоқантану ілімі. Шоқан Уәлихановтың қазақ тарихындағы орны.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16], [65]
17-тақырып Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі. Қазақ балаларына арнап бастауыш, қолөнер мектептерін, қазақ қыздарына арналған оқу орындарын ашуы. Оқулық, оқу-әдістемелік еңбектері. Ыбырайдың қазақ әдебиет үлгілерін жинап бастыруы.

Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы. «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. Ыбырай және миссионерлік саясат. Ислам негіздерін ұғындырған «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің қазақ қоғамындағы орны. Ыбырай Алтынсариннің әдеби шығармашылық мұрасы. Аудармалары. Өлеңдері. Көркем әңгімелері. Публицистикасы. Хаттары. Қазақ тіршілігін, тұрмыс-салтын көрсеткен этнографиялық жазбалары. Ыбырайдың қазақ тілінің тазалығы үшін жүргізген шаралары. Қазақтың жаңа жазба әдебиетін қалыптастырып дамытудағы, қазақтың жазба әдеби тілін жасаудағы тарихи еңбегі.

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының көркемдік ерекшелігі. Жанр, түр, стиль жасаудағы әдеби үлгі-үрдісі. Ыбырай мұрасының зерттелу, басылым жайы. Ыбырайтанудың өзекті мәселелері.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16], [38], [77].
18-тақырып Абай Құнанбайұлы (1845-1904).
Әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы.

Абай өлеңдерін хатқа түсіру. Ә.Бөкейхановтың Абай мұрасына қатысты қолжазбалары. Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлының Абай шығармаларын бастыруы. 1909 жылғы «Абай» жинағының құрылымы.

Абайдың 1922 жылғы Қазан, Ташкент басылымдары. 1933,1945,1955 жылғы жинақтары. М.Әуезовтің Абай өлеңдерін жинауы, толықтыруы. Абай қарасөздерінің басылымы.Абай шығармаларының кейінгі басылымдары.

Абайдың 1916 жылғы «Абай термесі» басылымы туралы тың деректер. Абай шығармаларының текстологиясы.

Абайтану ілімінің қалыптасып, дамуы және қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері.

Абай ақындығы туралы ХІХ ғасыр соңындағы, ХХ ғасыр басындағы тұжырымдар. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов Абай туралы. А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы. «Абай» журналы. 20 жылдардағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар. Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, І.Жансүгіров, Ғ.Сағди, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Ы.Мұстамбаев, Б.Кенжебаев, т.б. Абай туралы.

Қ.Жұбановтың отызыншы жылдары жазылған «Абай қазақ әдебиетінің классигі» мақаласының Абайтанудағы орны.

М.Әуезов және абайтану. С.Мұқановтың абайтанудағы зерттеулері. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін, жаңа түрін зерттеуі.

З.Ахметов – абайтанушы. З.Қабдоловтың Абай ақындығын зерттеуі. С.Қирабаев, Т.Кәкішев, М.Мырзахметов, А.Нұрқатов, Ш.Ысмағұлов, т.б. ғалымдардың абайтанудағы еңбектері.

Академик А.Жұбановтың Абайдың ән өлеңдері жайлы тұжырымдары. Тілші ғалымдар Қ.Өмірәлиев пен Р.Сыздықованың Абайдың тіл кестесін зерттеуі. Абайдың өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан зерттеуі, жетілдіру. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай шығармаларының жанрын, оның ақындық мәселесімен, Абай ақындығының арғы арналарымен сабақтастықта зерттеу міндеттері,т.б.

Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Европа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Осы орайдағы М.Әуезов, Ғ.Сағди, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, А. Нұрқатов,М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдардың пікір-түйіндері.

Абай поэзиясының жанрлық қырлары. Өлең құрылысы. Сөз өрнегі.

Абайдың әлеуметтік, көңіл-күй лирикасы. Абайдың поэмалары. Нәзира дәстүрі және Абай. Абайдың қарасөздері.Арнау өлеңдері. Абай шығармаларының сатиралық қыры. Абайдың ән өлеңдері. Шешендік толғам, афоризмдері. Абайдың орыс әдебиетінен аудармалары. Абай өлеңдеріндегі ұйқас, буын, ырғақ. Абай поэзиясындағы ғаруз ұйқасы үлгісіндегі өлеңдер.

Абай қазақ өлеңіне әкелді деген жаңалықтардың ортағасырлық, жыраулық поэзиямен байланыс, сабақтастығы.

Абайдың ән өлеңдерінің құрылым үлгісі. Абай поэзиясына орыс, батыс әдебиетінен енген үрдіс. Абайдың қазақ өлеңіне енгізген жаңалық, өзгешелігі туралы А.Байтұрсынов, Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, М.Әуезов,С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдардың пікірлері.

Абайдағы алты буынды, сегіз буынды өлеңдер туралы Қ.Жұмалиев тұжырымдары.

Абай және қазақтың жазба әдеби тілі. Абайдағы сөзжасам. Абайдың фразеологизмі. Абай өлеңдеріндегі сөздердің орын тәртібі. Сөз құбылту, сөз ойнату тәсілдері. Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеудегі Қ.Жұмалиев еңбегі. Абай поэзиясының тіл кестесін ғылыми негіздеудегі Р.Сыздықованың еңбегі.

Абайдың қарасөздері. Абайдағы дін, дүниетаным жайы. Абайдың қарасөздерге келу жайы. Абайдағы исламның ғылыми негіздерін ұғындыру.

Абай шығармаларындағы «Махаббатпен жаратқан адамзаттың», «Алланы сүю», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың «мені» мен «менікінің», жан мен тән жайлы өлеңдері мен қарасөздері. Абайдың 13,38 қарасөздеріндегі дін жайы. Абайдың дүниеге көзқарасына орта ғасырдағы түрік әдебиетінің ықпалы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16], [22], [23], [28], [29], [30], [54], [63], [67], [68]
19-тақырып Абайдың ақын шәкірттері

Ақылбай Абайұлы (1861-1904).Өмірі. Шығармалары. Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі. «Дағыстан» («Қисса Жүсіп»), «Зұлыс», «Жаррах батыр» поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп, жариялануы.

Мағауия Абайұлы (1870-1904).Өмірі. Шығармалары.«Медғат-Қасым» поэмасы. Шығармаларының басылым, зерттелу жайы.

Көкбай Жанатайұлы (1863-1927). Өмірбаяны. Абай және Көкбай. Көкбайдың «Абай – ақындардың ұстазы» деген естелігі. «Абайға», «Дүтбайға», «Мұсажанға», «Сараң байға», т.б. арнау өлеңдері. «Сабалақ» дастаны.

Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмірі. Қоғамдық қызметі. Әдеби мұрасы. «Қалың мал туралы», «Еңбек туралы», «Ғылым туралы» дейтін өлең толғаулары. «Тәуірбек ьолысқа», «Замандасқа», «Шәкірттеріме», «Шұғбанға» арнаулары. Адам ғұмырын сипаттауы. Әріптің шығармашылық өмірбаянындағы шығыс әсері. Әріп ақынның «Біржан - Сара» айтысына қатысы.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [2], [6], [12], [14], [16], [56], [57].
20-тақырып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелері, алдағы міндеттері
ХІХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасын дәстүрлі сипаттар жөнінен, мәтіннамалық тұрғыда зерттеуді жалғастыру. ХІХ ғасыр әдебиетінің жанрлық-стильдік ерекшеліктерін зерттеуді дамыту. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жаңа үрдіс, үлгілердің көркемдік табиғатын ғылыми – теориялық негіздеудің көкейтесті мәселелерін назарда ұстау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [14], [46], [55]
Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:


  1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы.2006

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық. Т.4. 19 ғасырдың бірінші жартысы (1800-1850). Алматы.2005.

3. Сатпаева Ш. Казахско – европейские литературные связи ХІХ и первой половины ХХ века.Т 2- Астана.2007.
Қосымша

4. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991

5.Әуезов М., Жолдыбаев М., Қоңыратбаев Ә. ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 8-класқа арналған оқулық.- Алматы, 1993

6. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, 1991

7. Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы,1991

8. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті.- Алматы,1932

9.Мұқанов С. Қазақтың 18-19 ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер.- Алматы, 1942

10.Ысмайылов Е. Ақындар. Алматы, 1956

11.Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. 1- том.Алматы, 1958

12. Жұмалиев Қ. 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті.- Алматы, 1967

13.Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. Т.2. – Алматы, 1960.

14.Тлепов Ж. Тарих және әдебиет.- Алматы, 2000

15.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. – Алматы. 1967.

16.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы. 1998.

17.Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетінің тарихының мәселелері. – Алматы, 1973

18.Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы,1989

19.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Жазушы, 1994

20.Қоңыратбаев Ә. Тарихи жырлар. Айтыс поэзиясы // Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991. Б. 261-287.

21.Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991

22.Әуезов М. Абайтанудан жарияланған материалдар.- Алматы, 1988

23.Әбілқасымов Б. Жанр толгау в казахской поэзий. – Алматы, 1989

24.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы.- Алматы,1973

25.Абай тағылымы.- Алматы, 1987

26. Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995.

27.Бекмаханов Е. Казахстан в 20-е 40-е годы ХІХ веках.- Алматы, 1991

28.Бектұров Ж. Художественно –композиционные особенности поэзий жырау и акынов./ автореферат дисс. На соис. Уч. степени к.ф.н./.- Алматы, 1990

29.Бөкейханов Ә. Шығармалар. –Алматы, 1994

30.Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен жазушылық қызметі.- Алматы,1957

31.Диваев Ә. Тарту.- 1992

32. Дүйсенбиев Ы. Эпос және ақындар мұрасы.- Алматы, 1987

33. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы, 1986

34.Кәкішев Т. Кер заманның кереғар ойлары. – Алматы, 1993

35.Қирабаев С. Әдебиеттегі ақтаңдақ беттері.- Алматы,1995

36.Марғұлан Ә. Шоқан және Манас.-Алматы, 1971

37. Мағауин М. Ғасырлар бедері.- Алматы, 1991

38. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1994

39.Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары.- Алматы,1982

40.Мырзахметов М. Отаршылдық дәуір әдебиеті. Жұлдыз, № 7, 1993

41. Мұқаметқанов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 3 томдық. Алматы, 1995

42. Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы.- Алматы, 1993

43. Сейфуллин С. Шығармалар. 6-том. – Алматы,1964

44.Сыздықова Р. Дулатты танып болдық па? // Қазақ әдебиеті, №52, 25.12.1992

45.Сыдиықова Қ. Ақын-жыраулар. Алматы,1974

46.Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы, 1995

47. Сәтбаева Ш. Шоқан Уәлиханов – филолог.- Алматы, 1995

48.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі.- Алматы,1964

49. Ахметов З. Лермонтов и Абай. – Алматы, 1953

50.Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы.- Алматы, 1994

51. Негимов С. Өлең өрімі.- Алматы,1980

52.Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.- Алматы,1991

53. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988.

54. Радлов В. Алтын сандық .- Алматы,1993

55. Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры.-Алматы,1991

56. Қалижанов Қ. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым.- Алматы,1998

57. Мұқаметқанов Қ. Абайдың ақын шәкірттері.- Алматы, 1995


Хрестоматия
58.Абай. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы,1986

59. Айтыс. 1,2,3 томдары.- Алматы,1964

60. Алдаспан.- Алматы, 1971

61. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.- Алматы,1989

62.Антология казахской поэзии.- М.,1958

63. Ай, заман-ай, заман-ай. 2 томдық.- Алматы,1991

64. Ақын Сара.- Алматы,1995

65.Бабатайұлы Дулат. Замана сазы.- Алматы,1991

66. Базар жырау шығармалары.- Алматы,1986

67. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. –Алматы,1986

68. Билер сөзі.-Алматы, 1991

69.Дастандар.-Алматы, 1998

70. Зар заман. Жыр- толғаулар.- Алматы,1993

71.Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай.- Алматы,1989

72. 18-19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары.- Алматы,1962

73. ХІХ ғасыр әдебиеті. Хрестоматия.- Алматы,1992

74. Радлов В. Алтын сандық.- Алматы,1993

75. Шортанбай. Шығармалар.- Алматы, 1993

76.Шоқан Уәлиханов. Таңдамалы.- Алматы,1985

77. Мұрат Мөңкеұлы. Шығармалары. Алматы, 2001

78. Ақан сері Қорамсаұлы. Шығармалары. –Алматы, 1963

79. Төле би. –Алматы, 1991



80. Хан Кене.- Алматы,1993
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет