Әдістемесі бөлім тарау


тарау 34. Сынақтарды салу және безендіру



бет5/20
Дата21.04.2017
өлшемі4,15 Mb.
#14465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

9 тарау
34. Сынақтарды салу және безендіру
184. Инспектурадан алынған сортсынау жұмыстарын өткізу туралы жоспарына, сорттық технологиясының сынауына және ұрықтардың көбеюіне сәйкес әр сортсынау участокта сынау өткізу схемасы құрастырылады және ауыспалы егіс далаларында егістік егіледі. Схемада көлемін сақтап ауыспалы егіс даланың шекаралары әр жағының мөлшері керсетіліп беріледі, мемлекеттік сортсынау участоктың топырақ картасына сәйкес негізгі топырақ айырмашылықтары, тұрақты құнарсыз жерлер, еңістің бағыты, осы және келесі екі жылдың сынақтары керсетіледі (түрлі түстермен немесе штрихпен). Осымен бірге негізгі жер айдаудың бағытын, дала егістікті қорғайтын орман алқаптарын және тұрақты суландырылатын каналдарын көрсетеді. Сынау өткізу схемасы екі дана мөлшерінде кұрылады, оның біреуі инспектураның бастығымен бекітілгеннен кейін мемлекеттік сортсынау станцияға, мемлекеттік сортынау участокқа жіберіледі, ал екіншісі - инспектурада сақгалынады.

Егіс басталуына дейін шартқа сәйкес сұрыпталған тұқымдарды есепке алуымен бірге сорттар мен будандардың рендомизациясын өткізеді. Осымен бірге әр сорт делянканың нөмірі белгіленген егіс ведомостін дайындайды.

35. Сеялканы егіске дайындау
185. СН-16П және СН-16ПМ сеялкалар ірі, орташа, кішкентай ұрықтарды егуіне арналған пластмассадан жасалған, кезекпен себетін шарғылардан тұрады. Кішкентай ұрықтарды егуіне арналған шарғылармен қолданғанда, ұрықтық қорабтың шығу тесіктердің жартысын арнайы сыналармен жаптырады. Ұрықтарды себу тереңдігін жалпы реттеуін өткізу үшін реттеуіштің винтін бұрап кіргізеді немесе бұрап шығарады, ал жекеше реттеуін - штангалардың серіппелерін қысуымен өткізеді.

Ұрықтарды қатарларда ретімен орналастыру үшін сеялканы алдын ала тексеруден өткізеді. Себу аппараттарының шарғылары мен жылжымалы түптерінің араларындағы саңылауларын реттейды. Осы үшін жылжымалы түптердің рычагын тарақшаның жоғарғы жерінде орналастырады. Саңылаудың көлемін қуыс бұрғымен тексереді және жылжымалы донышкаларын жөнге салатын винттармен реттейді. Бірдей саңылауды орнатқаннан кейін контргайкаларды бұрап бекітеді және түрендердің егістіктерінің тегістігін тексереді (кез келген дақыл бойынша). Сеялканы жайылым тақтаның оң жақ құбырда орналасқан тіреуішке көтереді, түрендердің астарына брезент жаяды, сеялкаға ұрықтар салады (жәшіктің тең жартысына дейін), саптың бір екі айналымдармен аппараттарды ұрықтармен толтырады, ұрық шашатын жолдарға қаптарды кигізіп сапты 7-10 рет айналдырады. Әр түреннен алынған дән таразбен өлшенеді, түреннің орташа себуі (граммдармен) және пайызбен берілген әр түреннің орташа себуі есептеледі. Үйлеспеуі 5 пайыздан жоғары болмау керек. Керек жағдайларда саңылаулардың алдын ала реттеуін өткізеді.

СН-16П және СН-16ПМ сеялкалармен егілетін ұрықтар саны себу аппараттарының валының айналымдарының сандарына сәйкес болады. Өзгеріс берілістер қабы мен (ӨБҚ) себу аппараттарының валымен және ӨБҚ валының жұлдыздарының өзара ауыстыру көмегімен, қозғалғыш дөңгелектен себу аппаратына беріліс қатынастың өзгеруіне байланысты себу аппаратының айналымдарының саны өзгереді. № 1 қалыпта себу білігінде 18 тісті жұлдыз, ал, ӨБҚ білігінде - 8 тісті жұлдыз орналасады. № 2 қалыпта жұлдыздардың орындарын ауыстырады.

СН-16П және СН-16ПМ сеялкалардың себу білікті айналдыратын саптың бір айналымы қозғалтқыш дөңгелектің екі немесе үш айналымына сәйкес. Әр нақтылы жағдайда завод-дайындаушымен сеялкаға қосылған нұсқауы бойынша бұл байланысты тексеру қажет.

ӨБҚ сол жақ рычагы А және Б қалыптарда болады, ал оң жағы - 20 қалыптарда. Сондықтан ӨБҚ 40 беріліс қатынастарды өткізеді және тұра сондай мөлшеріндегі қатынастарды жұлдыздар орындарын ауыстырғанда өткізеді, қорытып айтқанда 80 беріліс қатынастарды өткізеді.

ӨБҚ оң жақ рычагын бір қалыптан екінші қалыпқа аударғанда беріліс қатынас өзгереді, онымен бірге себілетін ұрықтардың саны да 5 пайызға өзгереді. Сондықтан сеялка 2,5 пайызға тең себу мелшерін өткізеді.

Себу нормасын анықтау үшін әр сорт бойынша сеялканың қондырғысын өткізеді. Осындай жағдайда келесі ретпен жұмыс істеу керек. 1000 ұрықтардың массасы және әр сорт бойынша олардың егіс жарамдылығы себу мелшерін кг/га есептейді. Мысалы, үш сорттар бойынша 240, 236,5,202,8 кг/га немесе 2400,2365,2028 г/100 шаршы м егу керек. 13 түрендер және 15 см қатар аралығы бар СН-16 ПМ сеялканың егістік жері 0,15 м х 13 = 1,95 м. 100 шаршы метр жер келемі бар делянканың ұзындығы 100 : 1,95 = 51,28 м. Қозғалғыш дөңгелектің тербеліс радиусы 24 см болса, онда сеялка бір айналымында 2 х 3,14 х 0,24 = 1,51м жол етеді.

100 шаршы метр делянкада қозғалғыш дөңгелек 51,28 : 1,51 = 34 ай-налымдар жасайды, бұл айналымдар саптың 34 : 3 = 11,3 айналымдарына сәйкес болып келеді (саптың 1 айналымы қозғалғыш дөңгелектің 3 айналымына сәйкес болған жағдайда).

Екі ӨБҚ рычагтары бір қалыпта болғанда (мысалы, 1,Б-10 қалыпта 0,250 беріліс қатынаспен) әр сорт бойынша саппен 11,3 айналымдар жасап, барлық сорттардың себуін өткізеді. Саптың 11,3 айналымынан себілген, әр сорт бойынша таразымен өлшенген ұрықтардың мөлшерін «Саптың 11,3 айналымынан себілген ұрықтар» дала журналының графасына жазады. Мысалы үш сорттар бойынша егістік 1500, 1580, 1640 г. тең болса десек. Бұл егістік 1,Б-10 қалыптан (беріліс қатынас 0,250) алынғанын білгенде де, пропорция бойынша беріліс қатынаспен бірге осыған тиісті ӨБҚ рычагтардың қалыптарын табады және олар арқылы 2400, 2365, 2028г/100 шаршы м егістіктің мөлшерін өткізеді. Сеялкамен пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетілген беріліс қатынастардың таблицасымен қолданады.

Бірінші сорт үшін (2400 х 0,25) : 1500 = 0,40 бар немесе 1,Б.- 20 қалпы, екінші сорт үшін (2365 х 0,25) : 1580 = 0,347 немесе 1,Б - 18 қалпы, үшінші сорт үшін (2028 х 0,25): 1640 = 0,309 бар немесе 1,Б - 15. Тиісті сорттар ұрықтарының себуін өткізетін ӨБҚ рычагтарының қалыптарын «ӨБҚ рычагтарының қалыптары» дала журналының графасына жазылады.

Орталық тарату аппараты бар ССФК-7, СКС-6-10, СН-ІОЦ, СТ-1, келесіде СН-16Ц сеялкалар ұрықтардың керекті санын делянканың керекті ұзындығына себеді және себу мөлшерін талап етпейді. Осындай сеялкалармен қолданғанда, егістік ұзындығын және егістік жерін есепке алып, әр сорт бойынша осы кеңістікке сәйкес керекті себу мөлшерін есептейді және алдын ала әр делянка үшін ұрықтардың керекті санын өлшеп береді.

Мемлекеттік сортсынау участоктарда маркасы, құрылысы, моди-фикациясы жағынан басқа сеялкалар қолданылады. Сондықтан сеялкамен қолданбастан бұрын шығарушы-заводтың Техникалық сипаттамасымен және пайдалану жөніндегі нұсқауымен танысу қажет.



Участоктың сынақтарға бөлінгенге дейін сеялканы дайындау және ұрықтардың өсу қабілеттілігін тексеру жүмыстарын аяқтау керек.

36. Тәжірибе жүргізілетін участоктарды бөлу
186. Егіске кіріспес бұрын тәжрибе участоктарының алдын ала жасалған орналастыру схемасы бойынша участокты дайындайды. Бұл жұмыс жүргізілгенде топырақты зерттеу жұмыстарының қортындылары ескерілуі тиіс. Делянкалар жер бетінің тегістігіне, сол жерде егілген алғы дақылдың ерекшелігіне қарай орналастырылады. Егістік даланы қорғау үшін ағаш отырғызған жерлерде делянкаларды ағаш жолақтарына көлденең егеді. Делянкаменен ағаш жолақтарының ара қашықтығы 15 метрден кем болмауы тиіс. Тәжірибе делянкалар біркелкі рельефті жерге орналастырылған болады.

Тәжірибе қортындыларын шығарғанда әр түрлі болып шыққан жер ерекшеліктері міндетті түрде ескеріледі және керекті түзетулер, анықтамалар жасалынады.

Делянкалар тік бұрышты болу керек. Шағын бедердің кедір-бұдырлылықтарын тұрақты құнарсыз жерге кіргізбесе, онда уақытша сынақтан шығарылған құнарсыз жерге кіргізіп, есепке алынбайтын делянка ретінде егеді.

Участокты сынақтарға бөлу процесі түзу сызық салу жолымен басталуы ыңғайлы. Бір жақты өлшегенінен кейін қазықшалар жерге шегеленеді. Перпендикуляр жақтан участоктың қысқаша жақтарын өлшейді. Тік бұрыштар дұрыс жасалынса, онда участоктың қарама қарсы жақтары бірдей болуы керек.

Тік бұрыштарды эккер арқылы немесе тік бұрышты үшбұрыш арқылы (жақтардың ара қатысы 3:4:5 тең) қойдырады. Осындай үшбұрышты баумен және жер өлшейтін таспамен салуға болады. Даланың дұрыс бөлгендігін тікбұрыштың жақтарын ұқыпты өлшеуімен тексереді. Болат рулеткамен немесе жер өлшейтін баумен участокты бөледі.

Сынаққа арналған участоктың бұрыштарына қазық қақтырылады. Әр қабаттың барлық шеткі сызықтарын түзу жағынан тексереді және шотпен немесе қол планетпен борозданы салады. Әр қабаттың шекаралары бекітілген уақытта, әр қайталаудың шекарасын қойдырады. Осымен бірге әр қорғалатын делянканың кеңістігі есепке алынады. Әр қабаттың екі жағынан бойлық сызық бойынша делянканың алдынғы жақтарын өлшейді және қайталаудың нөмірі, делянканың нөмірі, сорттың аты қазыққа жазылып шегеленеді. Участоктарды бөлгенде жіңішке тақта немесе қазық үшін ойылған жерлері бар рейка түріндегі шаблон қолданады.

Жеміс-жүзім мемлекеттік сортсынау участоктың кеңістігін кварталдарға бөлуін және жеке дақылдар немесе сорттар тобы бойынша сынақтар орналастыруын, мемлекеттік сортсынау участоктың кеңістігін ұйымдастыру жобасына сәйкес өткізеді. Келесі сынақты тиісті кварталда, бұрын себілген сынақ қасында егеді. Әр сынақтың шеткі делянкалар бойы бір қорғалатын қатар егіледі. Сынақтан шығарылған құнарсыз жерде есепке алынбайтын өсімдіктер егіледі.

37. Сынақтарды егу (отырғызу)
187. Егістен кейін түзелмейтін қателер болмау үшін агрономдар және мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі міндетті түрде сынақ егуін ұқыпты ұйымдастыруын өткізулері керек. Осы үшін егіс бригадасының мүшелерін егіс техникасының бүкіл құралдарымен немесе отырғызылған өсімдіктермен алдын ала таныстырады. Сынақтар егу (отырғызу) техникасына кіреді:

1) егістің алдында егістік мөлшерін өткізу үшін сеялканың ӨБҚ рычагтарының керекті қалпын анықтау;

2) далаға шықпас бұрын әр сыналатын сорт бойынша ұрықтарды немесе көшет материалдарды алдын ала дайындау. Әр қапқа сорттың аты, делянканың нөмірі ішкі және сыртқы этикеткаларына жазылып жабыстырылады. Соңғы қайталаудың делянкасында егіс жақсы болу үшін ұрықтардың керекті мөлшерін өлшейді;

3) егуіне (отырғызуына) бір сағат бұрын ұрықтар салынған қаптарды егуіне сәйкес ретімен таратып салуы;

4) жүру бағытын, сеялканың қосуы мен сөнуін есепке алуымен трактор өткен жолды бороздкамен белгілеу;

5) ұрықтарды топырақтың астына кіргізу тереңдігін анықтау үшін шеткі қорғайтын делянканың егуін бастау (сынақ ішіндегі есепке алынбайтын делянкаларды барлық сорттарды егіп біткеннен кейін немесе сынақ өткізу процесінде егеді);

6) әр сорт бойынша керекті ұрықтар мөлшерін егуінің ұқыпты бақылауын өткізу.

Себудің фактілік мөлшері есептік мөлшерінен 5% жоғары болмау керек.

188. Өсімдік сорттарының ұсақ ұрықтары және ұрықтардың нашар сусымалылығы бойынша себудің фактілік мөлшері есептік мөлшерінен 10 % жоғары болмау керек. Себудің фактілік мөлшерін есептегенде, егілген кеңістік сынакта қабылданған кеңістіктен біршама үлкен болатындығын есте сақтау керек, себебі делянканың шекараларынан 1 метрге жуық жерде сеялканы қосып сөндіреді. Әр сорт бойынша барлық қайталауларда егілген кеңістік өлшенеді.

1) атжал қалдырмау үшін тракторшының және егушінің бірлескен жұмыстары арқасында сеялканың тоқтатуын болдырмау. Егістің уақытында сеялканы амалсыз тоқтатылуы қажет болғанда сөндіріп, 50-60 сантиметр артқа қарай жылжытады және керек уақытында тағы қосады;



2) Әр егістен кейін тұқымдық жәшікті тазалау. Реттеу рычагпен жылжымалы донышкаларды ашып, аспалы қақпақты бұрап қойып, егіс білік және қопсыттар айналғанынан кейін ұрықтарды қабылдау тартпаға жинастырады. Егілген ұрықтар мөлшерін және олардың қалдықтарын дала журналының тиісті графаларына кіргізеді;

3) Бір күннің ішінде сынақ егуін (отырғызуын) өткізу. Егер бір күнде барлық сорттар бойынша егуін өткізуіне мүмкіншілік болмаған жағдайда, онда барлық қайталаулардың немесе қайталаулардың бүкіл топтарын егуін екінші күні өткізуіне болады;

4) егер бір күннің ішінде дәнді дақылдарының сорттарын егуіне мүмкіндік болмаса, онда әр блоктың ішіне стандарт сортын қосып 13-15 сорттары бар блоктарға бөледі. Блоктарды қайталауларда және сорттарды блоктар ішінде рендомизация әдіспен орналастырады. Келесі күні бүкіл блоктың егуін өткізеді. Егістің метеорологиялық жағдайы кенет өзгеріп тұрса, онда түрлі уақытта егілген сорттарының блоктарын өзіндік сынақпен қарастыруға болады;

5) қатараралық егістігіне ерте пісетін сортты егеді; осымен бірге экскурсия ету үшін шекаралық қазықтар бойындағы ені 1 метр жоддарды егілмеген түрде қалдырады. Осы жолдарда әр қашанда арам шөптер болмау керек. Қатараралық алқаптарында культиваторлау кезде отамалы дақылдар бойынша алмаспайтын қатар аралықтарды алдырады.

Трактор сеялкасьщен егіс жүргізілетін болса, онда қатарларды түзу сақтау үшін егістің алдында тракторды рульмен басқаруын ретке келтіреді.

189. Тұтас қатарлап себетін және кең қатарлы пунктир әдістермен егілетін дақылдар арқылы бір шаршы метрге себілген шығымды дәндіктердің (ұрықтардың) мөлшерін есептеп шығарады. Осы үшін сорт бойынша себудің фактілік мөлшерін 1000 дәндіктердің (ұрықтардың) массасына бөледі және ұрықтардың себу жарамдылығына көбейтеді. Сонымен қатар осы Методиканың 24-қосымшасында берілген таблицаны қолдануға болады.

Мемлекеттік сортсынау участокта көктеу толық шыққаннан кейін барлық егістіктердің күйін зерттейді. Егер бір ақау табылса оны дала журналына және жылдық есеп беруіне кіргізеді. Барлық кемістіктер ақау актімен толтырылады, делянкада қазықтармен белгіленеді және тиісті жер көлемі есептен алынады.

Сынақтарды өндіріс жағдайларында қолданылатын егу әдісімен өткізеді.

38. Тәжірибені безендіру
190. Егістен кейін екі апта ішінде әр сынақты дайындайды. Сынақтың қасына сортсынаудың түрі, оның алдында себілген сорт және сорттар саны жазылған үлкен табличка қойылады (дақылға байланысты 1-2 м. биіктікте).

Әр делянкада сынақтың барлық қайталауларда ақ бояумен боялған қара лакпен жазылған этикеткалары егіс қазықтарының орындарына салынады. Этикеткада делянканың нөмірі, қайталаудың нөмірі мен сорттың аты беріледі. Әр делянкада этикеткаларды бірінен бірі қатар жолмен қойдырады және жазуларын оқуына ыңғайлы болсын деп еңкейтіп тұрғызады.

Тұтас қатарлап себетін және кең қатарлы егілетін өсімдіктерден толық көктеу шыққанда, соңғы қорғаныштарды делянканың есеп жақтан 20 смантиметр жолмен бөледі. Қол планетпен және шотпен бау бойынша түзу жолын салады.

Кең қатарлы егіс дақылдары делянкасының есеп жағын бороздамен немесе баумен жинау алдында белгілейді.

Экскурсия жасау және мемлекеттік сортсынау станциялардың, мемлекеттік сортсынау участоктардың адамдары делянкаларды көруге келгенде, егістікті таптамау үшін арнайы егілмеген жолдар қалдырады. Делянка аралық жолдарының қопсытуы жүргізілмейді, арам шөппен күресу үшін гербицидтер қолданады.

10 тарау
39. Өсіп-өну кезеңіндегі бақылаулар мен есептеулер
191. Өсіп-өну кезеңінде мемлекеттік сортсынау станцияларда және мемлекеттік сортсынау участоктарда өсімдіктер сорттары мен будандарының дамуына және өсуіне назар аударады және кейбір фазалар мен олардың қасиеттерін есепке алады.

192. Фенологиялық бақылауларын жүйелі түрде екі қайталауларда барлық сорттар бойынша өткізеді. Бүкіл делянка өсімдіктерінің 10-15 % осы фаза басталса, бұл кезенді фазаның жаңа басталуы деп атайды, ал өсімдіктердің 75 пайызында осы фаза басталса бұл кезеңді фазаның толық жетілуі деп санайды. Егер фазаның басталуын анықтау қиын болса, онда екі делянканың үш жерінен 15-20 өсімдіктерін алып, олар бойынша фазалары басталғандарын анықтайды. Қортындыларын қосып фазаға кірген өсімдіктер пайызын шығарады.

Күздік дақылдар және көпжылдық өсімдіктер бойынша күздік вегетацияның біту мерзімін «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау методиканың» 2 және 3 басылымдарында көрсетілген орташа температураның белгілі бір шектен өткен күні бойынша анықтайды.

Орташа тәуліктік температураның белгілі бір шектен өткен күнін келесі формула бойынша анықтайды:


осында ŋ - белгілі шектен жоғары (күзде) немесе төмен (көктемде) температурасымен декада ортасынан бастап керек күнге дейін күндер саны;

t0 - керекті күннің температурасы;

t1 - жеті бойы белгілі шегінен жоғары (күзде) немесе төмен (көктемде) орташа температурасы;

t2 - жеті бойы белгілі шектен төмен (күзде) немесе жоғары (көктемде) орташа температурасы;

10 (11) - жетісінің күндер саны.

1 мысал. Қазан айының үшінші жетісінің орташа температурасы 36 °С болса, қараша айының бірінші жетісінің орташа температурасы 1,3 ° C болады. Орташа тәуліктік температураның 0 ° С өту мерзімін табу керек.

Орташа тәуліктік температураның 0°С өту мерзімі - 2 қараша (25 қазан + 8 күн).



2-мысал. Сәуір айының екінші жетісінің орташа температурасы 4,1°С болса, сәуір айының үшінші жетісінін орташа температурасы -6,8°С. Орташа тәуліктік температураның 5°С өту мерзімін табу керек.



Орташа тәуліктік температураның 5°С өту мерзімі -18 сәуір (15 сәуір + З күн),

Келесі ережелермен қолданғанда фенологиялық бақылаулар

дәлдігі жоғарыланады:



1) әр дақыл бойынша сорттар мен будандар даму фазаларын бақылауы мен тіркеуін бір маман өткізсе;

2) құрғақ аудандарда бақылауларды күннің бірінші жартысында өткізсе, ал ылғалды аудандарда -күннің екінші жартысында;

3) бақылауды ортасында бір күн жіберіп өткізсе;

4) бақылауды басқа сорттармен, әсіресе стандартпен салыстырып өткізсе;

5) салыстыру фазаның басталуын анықтайтын көрсеткіштер «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау методиканың» белгілі басылымдарында берілген.

193. Біржылдық нәтижелерді есептеу. Дәнді себу мен оның көктеп шығу кезеңіне дәнді сепкен күн қоса есептелінеді. Вегетацияның соңғы кезеңіне толық пісу фазасы тіркелінген күні де кіреді. Бөлек кезеңдердің ұзақгығын анықтағанда осы Методиканың 25 - қосымшасында берілген таблицаны пайдалану керек. Осы кезеңнің соңғы күннің рет нөмірінен келесі кезеңнің соңғы күннің рет нөмірін алдырады; осымен бірге бірінші кезең үшін егіс алдындағы күннің рет нөмірін алдырады, ал соңғы кезең үшін пісу мерзіміне сәйкес күннің рет нөмірінен алдырады. Өсіп өну кезеңнің басталуын төменде көрсетілген мысалда сияқты толық өскіндер шықкан күннен бастап есептейді.

Мысал. Күздік бидай бойынша келесі мерзімдер тіркелген: 7 мамыр егісі, 21 мамыр толық өскіндері, 4 маусым- түптену басы, 30 маусым- толық масақтану, 4 тамыз- балауыз пісу. (осы Методиканың 26-қосымшасында).

Жаздық дақылдардың өсіп өну кезеңнің ұзақтығын шығарғандай күздік ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп өну кезеңінің ұзақтығын да сөйтіп келесі ережелерге сүйеніп шығарады:

1) өсімдіктердің күзде өсіп өну кезеңіне вегетация аяқталғанын тіркейтін күн кіреді, көктем-жаздық вегетацияның бірінші кезеңіне вегетация басталуын тіркейтін күн кіреді;

2) егер егіс кәбиса жылы өткізілсе, онда вегетация кезеңдердің ұзақтығын әдетте шығарған әдіспен шығарады; ал егер кәбиса жылы жинау өткізілсе онда күндер таблицасында 1 наурыз күннен бастап бірге үлкейту керек.

Егер есімдіктердің өсіп өну кезеңі қыста аяқталмаса, онда күздік өсіп өну кезеңнің ұзақтығын бөлек есептемейды.

194. Көпжылдық нәтижелерді өңдеу. Даму фазалар бойынша орташа көпжылдық мерзімдерді барлық жылдар бойынша есептейді. Ыңғайлы болу үшін анықтауын алғашқы айдың бірінші күнінен бастап есептейді. Осымен бірге әр жыл сайын айдың бірінші күннен бастап фаза басталғанына дейін күндер санын бекітеді. Осыдан кейін күндер жалпы санын есептеп орташа мөлшерін шығарады. Егер осы мөлшер 30 немесе 31 күннен жоғары болмаса, онда ол фазаның ортаңғы мерзімі болып саналады. Ал егер 30 немесе 31 күннен жоғары болса, онда келесі ай фазасының орташа мерзімін алады (осы Методиканың 27-қосымшасында).

35 күннен 31 күнді алдыртсақ балауыз пісудің 4/8 орташа мерзімін аламыз. Басқа фазалар бойынша да орташа мерзімдерді осылай шығарады.

195. Өсімдіктердің жиілігін есепке алу сорттар мен будандарды дұрыс бағалау және сипаттау үшін маңызды болып саналады. Өйткені осы көрсеткіш өнім мөлшерін анықтайды. Сортсынауда міндетті түрде қоректену алаңы бір уақытта пісетін сорттар үшін бірдей болу керек. Бір қалындықта егу үшін жоғары сапалы ұрықтарменен (егіс стандарттың 1-2 кл.) пайдаланады және егу мөлшерін дұрыс алады.

Кең қатарлап және жаппай егілетін дақылдарда өскіндер шығу қалындығын 1 шаршы метр жерде орналасқан өсімдіктерді 1 шаршы метр жерде егілген шығымды ұрықтарға бөліп және алынған мөлшерді 100 көбейтіп шығарады. Жинаудың алдында өсімдіктердің тұру қалыңдығын қайта анықтауы арқылы егістердің өсіп өну кезеңде пайда болған сиреуін бағалайды және сорттармен будандардың қолайсыз жағдайларына қарсы тұра алатындығын сипаттайды. Көпжылдық шабындық жайылым өсімдіктерде қалыңдықты бірінші жылы есепке алады: бүркемесіз егістерде - толық өскіндер шыққаннан кейін, ал бүркеме астындағы егістерде - қыстың алдында. Екі қайталаудың белгіленген алаңдарда өсімдіктер қалыңдығын есепке алады, ал егіс мөлшері бар сынақтарда - сынақтың барлық қайталауларда. Алаңдарды алдын ала дайындалған шаблон арқылы бөледі. Eгiс тәсіліне қарай сыналатын алаң ішіне екі тұтас егілетін қатарлар немесе бір кең қатарлап егілетін қатар, немесе суыртпақтап сепкенде екі баулар қатары орналасады. Делянкалардың шеткі қатарларына сыналатын алаңдарды орналастырмайды.

Жаппай егілетін дақылдардың сыналатын алаңдары конкурсты сынауда 1/12 м2 тең болады, дәнді ірі бұршақты дақылдар бойынша - 1/6 м2, ал кең қатарлап себілетін дақылдар бойынша - 1/3 м2 тең болады.

Белгіленген алаңның ұзындығын келесі формула бойынша анықтайды:

1/12 м2 сыналатын алаңда

10000

12хРхМ
1/6 м2 сыналатын алаңда



10000

6хРхМ
1/3 м2 сыналатын алаңда

10000

3хРхМ

осында Р- қатарлар саны (2 немесе 1);

М- қатар аралықтың ені, см.

Күріш және дәнді дақылдар сынақтарында сыналатын алаңдарды салдырады. Делянканың төрт қайталауына үш алаңдарды салады, ал алты қайталауында екі алаңдарын салдырады. Сыналатын алаңдарды бір сызық бойынша ярустың барлық сорттарында қиғаш сызық бойымен салады.

Толық өскіндер шыққанда алаңдарды төрт қазықшалармен белгілеп қояды. Сыналатын бауларды алғанда дұрыс бағытта жүру үшін осы алаңдарға бір ұзын қазықшаны қақтырады. Жинау алдында өсімдіктер қалыңдығын бұрынғы сыналатын алаңдарда есептейды. Толық өскіндер шыққан соң өсімдіктерді бірінші рет есептейды.



196. Жинаудың алдында сыналатын аландардан өсімдіктерді алады және бауға жинап лабораториялық анализға жібереді (бау тәрізді үлгі). Осы өсімдіктерді және түзетулерді делянканың өнім есебіне кіргізбейды. Егер құрғақ топырақ қазып алған өсімдіктердің бөлуін қиындатса, онда жібіту үшін тамыр жүйені жер кесегімен бірге суға салады. Қүрғақ аудандарда сынама үлгі алу жинау алдында, таңертең өткізеді. Eгiс жарамсыз саналса бөлек алаңдарда оларды ауыстырмайды.

Отамалы дақылдар сорттарының егілу жиілігін дақылдардың методикалық нұсқаулары бойынша анықтайды.



197. Сорттардың қолайсыз жағдайларға төзімділігін өсіп өну кезеңде барлық сорттар үшін егістер жағдайлары бойынша баллдармен бағалайды. Қатты зақымдарға ұшырамаған егістерді 5 баллмен бағалайды. Ал кейбір ғана өсімдіктер қалған және солуына жақын егістерді 1 баллмен бағалайды. Егістердің және өсімдіктердің аралық жағдайын 4, 3, 2 баллдармен бағалайды. Керек жағдайда сорттар бағалауын 0, 5 баллға дейін өткізеді. Орташа бағалауын ондық белгімен қойдырады.

Құрғақшылық кезеңде с



ыналатын егістерді күн сайын күтіп баптайды. Егер сорттар арасында дифференциация табылса егістердің көзбен шолу бағасын береді. Осымен бірге зақымға ұшырап кеткен өсімдіктердің сыртқы белгілерін сипаттайды: жапырақтардың жоғары жактарының жиналуы, күндізгі уақыттарда олардың солуы, тургордың түнде калпына келуі, жапырақтардың, сабақтардың, гүл шоғырылардың, түйіннің сарғаюы және құрғап қалуы ж. т. б. Бөлек сорттар зақымнан кейін қалай өз қалпына келетінін бақылап белгілейді.

Егер егістер зақымға тегіс ұшырамаса онда бөлшек есепті өткізеді. Осы үшін делянканы тік бұрыштарға бөледі. Делянканы орташа баллмен бағалайды.

Сорттардың қысқа және аязға төзімділігін бағалау әдістері «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау методикасының» тиісті басылымдарында берілген. «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау методикасының» тиісті басылымдарында берілген шкалалар бойынша өсімдіктердің және егістердің жалпы жағдайын баллдармен бағалайды.

198. Сорттардың жапырылуға, төгілуге, дән (ұрықтар) көктеуіне және бастыруға төзімділігін бағалау. Өсімдіктердің жапырылу себептері түрлі болады: сорттардың гентикалық қасиеттері, егіс қалындағаннан жарық жетіспейтіні, қатты жаңбырлар мен желдер, ылғалдылық артығы, біржақты азот қоректендіруі және басқалар.

Будандардың және сорттардың жапырылуға төзімділігі жинауға дейін баллдармен бағаланады. Бағалауды сорттар жапырылған күннен бастап немесе келесі күннен бастап өткізеді, ал содан кейін 5-10 күннен кейін өткізеді.

Жапырылмайтын сорттарды 5 баллмен бағалайды; жапырылған, бірақ қайта тұрып және қатты жапырылып қалмағандарды - 4; жапырылуы орташа дәрежедегі сорттарын - 3; қатты жапырылған, көліктермен жинағанда қиыншшылық тудыртатындарды - 2; жинауға дейін қатты жапырылған көліктермен жинауға жарамсыз болған сорттарын - 1. Керекті жағдайда бағалауды 0,5 баллға дейін өткізеді.

Әр сорт бойынша жапырылу мерзімімен бірге өсімдіктер өсіп өну фазасы, сорт жапырылуы қандай метеорологиялық жағдайларда және егін сабағының қалындығында (сиреген, орташа, қалыңдаған) өтті, жапырылғаннан кейін қалай өз қалпына келді, жапырылу түрі (тамыр, сабақты ж. т. б.) мен өзгешелігі (тұтас, дақтарменен, өсімдіктердің түрлі еңкеюімен ж. т.б.) де анықталады. Сорттардың жапырылуға төзімділігін бағалауына ерекше назар аударады. Осымен бірге суару жағдайларының сорт жапырылу дәрежесіне тигізген әсерін толық сипаттайды. Алдыңғы бақылауларды және бағаларды, сорттың жапырылған күйдің ұзақтығын, механизацияланған жинауға жарамдылығын есепке алып, сорттардың жапырылуға төзімділігінің соңғы бағалауын жинау алдында өткізеді.

Жеке дақылдар сорттарының (жүгері, салалы зығыр ж.т.б.) жапырылуға төзімділігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау методикасының» тиісті басылымдарында берілген.

Сорттар мен будандардың төгілуге бейімділігін пісіп жетіскеннен бастап бақылайды. Жаңадан пісіп келе жатқанда жаңбырлы ауа райы ыстық болып немесе суыққа айналып кезектессе сорттар төзімділігінің айырмашылығын айқын көруге болады.

Сорттар төгілуін бақылауын сыналатын, бауларды бастырмай жатып өткізеді. Қортындыларды сорттарын баллдармен бағалайтын маманға жібереді: төгілмейтін сортқа - 5 баллын қояды, қатты төгілмейтін сортқа - 4, орташа төгілетін сортқа - 3, орташадан жоғары төгілетін сортқа - 2 және қатты төгілетін сортқа - 1. Егер ең, нақтылы есеп керек болса төгілген дәнді таразыға тартып өлшейді. Осы үшін екі кайталауға ені '/4 шаршы метр төрт сыналатын алаңдарды қойдырады (мөлшері 50x50 см. рамка қиғаш сызық бойымен қойылады). Осы алаңдардан төгілген дәнді жинайды.

199. Дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық және майлы дақылдарының сорттары далада және валкаларда көктеу төзімділігін баллдармен бағалайды: 5 - өсіп шықпайтын, 4 - қатты өсіп шықпайтын, 3 - орташа өсіп шығатын, 2 - орташадан жоғары өсіп шығатын, 1 - қатты өсіп шығатын.

Осымен бірге дәнді және майлы дақылдарының сорттарын астық бастыру жағынан бағалайды: 5 - астық бастыру үздік болса, 4 - жақсы, 3 - орташа, 2 - орташадан төмен, 1 - төмен.

Арпа сорттарының жапырылу мен сынғақтығын бағалайды: 5 баллмен - жапырылу мен сынғақтығы байқалмайтын сорттарын, 1 баллмен - осы белгілердің қатты байқалуын. 4,3,2 баллдарменен осы екеуінің арасындағы жағдайды бағалайды.

Көрсетілген белгілерді сыналатын сорттарда оларды анықтау жағдайлары болғанда ғана анықтайды. Егер осындай жағдайлар болмаса, онда дала журналына және жылдық есеп беруіне осы жағдай туралы жазады.

Жоғарыда айтылып кеткен көрсеткіштер сорттар мен будандардың механикалық технологияға жарамдылығын бағалайды.

200. Патент қабілеттіліктің сорт сынау егістік бақылау жүргізу толық көктеу мен жиналуына дейін жүргізуді көздейді. Шахматты қатар бойынша барлық делянка қатарынан алынған 30 өсімдіктің толық зерттелуінен құрылады.

Әрбір алынған өсімдік қағаз этикеткаға нөмірленіп, егістік журналына енгізілген өсімдік нөміріне сәйкес келуі тиіс.



Өсімдіктің жиналуы мен этикерленуі түтікке (трубка) шығудың бастапқы фазасында өткізіледі. Егер этикерлеу процесінде типік емес өсімдіктер білінетін болса. оларды түсті лентамен белгілейді. Белгілердің айқындалу деңгейінің есебін таңертенгі уақыттарда жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет