Әдістемесі бөлім тарау


тарау 40. Өнімді жинау және емепке алу



бет6/20
Дата21.04.2017
өлшемі4,15 Mb.
#14465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

11 тарау
40. Өнімді жинау және емепке алу
201. Өнімді жинау және есепке алу - ғылыми тәжрибенің ең соңғы сатысы. Оны бастыру, тазарту, кептіру, өлшеу, қоймаға тасу және басқа көптеген жұмыстар өте жауапты кезең. Сорттардың жиналған өнімдерін жоғалтпай, бір-бірімен араластырмай таза сақтау керек.

Мемлекеттік сортсынау станциялардың және мемлекетгік сортсынау участоктардың басшылары мен мамандары өнімді уақытында жинаудың жоспарын жасайды және оны сақтау үшін қойманың ішін дезинфекциялайды. Өнім жинау жоспарына жинау техниканы, қоймалық бөлмелерді, керекті- жабдықты және инвентарь тізімін дайындауы кіреді ж.т.б (көліктер, ыдыс, таразылар, этикеткалар). Өнім жинаудың алдында өсімдіктері жапырылған, құлаған жерлерді анықтайды. Егер қатты жапырылған болса, онда делянкалардың ортаңғы жолдармен өтіп, жапырылған сабақтарды тарқатады және өздерінің делянкаларына қарай еңкейтеді. Жұлдыртып алмау үшін және басқа сорттың делянкасына түсіп қалмау үшін жапырылған сабақтарды абайлап тарқатады. Сыналатын жерден бау тәрізді үлгілерді алдырады және өсіміктерді дақылдар бойынша жинайды. Құнарсыз жерді алдырып есепке алынатын жерге тең делянканың жер көлемін анықтайды. Есепке алынатын делянканың ұзындығын еніне көбейтіп оның көлемін анықтайды. Қатар аралықтың ені қатарлардың санына көбейтіліп делянканың еніне тең болады.

Делянкалардан өнім жинау алдында соңғы және бойлық қорғаныстардан, бракка шығарылған делянкалардан, көлденең алқаптарынан және құнарсыз жерлерден өнім алынады. Бірнеше мерзімдерде өнім алынатын дақылдарының барлық есепке алынбаған жерлер өнімін алдын ала жинайды. Бүкіл есепке алынбаған жердің өнімін сынақтың жерінен алдырады, өйткені есепке алынбаған жердің өнімі есепке алынған жерде өнім алуға кедергі болады. Делянкаларды өнім жинаудың алдында өнімді толық шығынсыз жинап алу үшін өнім жинайтын машиналарды егіс далаларында жүргізіп көреді.

202. Әр сорттың пісуіне байланысты оның жинау мерзімін дүрыс анықтау өте қажет. Ерте толық піспеген өнімді жинау немесе оны кешіктіру өнімді кем алуына әкеледі, ал қосымша шығындарға ұшырауы өнімді азайтады, ұрықтар сапасына зиянын келтіреді. Тәжірибе участок сорттарын бірдей пісу дәрежелерінде жинау керек. Бір сорттың барлық кайталауларын жинағанынан кейін жинайтын машиналарды тазалайды. Осыдан кейін ғана басқа сортты жинауға дайындалады. Сынақтың барлық сорттарын бір әдіспен және бір машинамен жинайды.

Өнімді ұқыпты сапалы кезінде жинап алу сыналатын сорттардың өнімділігін дұрыс, таза айырудың кепілі.

Барлық сыналатын сорттардың бірінші қайталымдағы делянкалардың өнімін жинап алғаннан кейін жинау аппараттарын қосымша жөндейді, реттейді. Әр бір делянканы жинағаннан кейін комбайнды немесе молотилканы бос жүргізіп өтеді. Соңғы делянканың өнімін жинағаннан кейін комбайнды тазалайды. Тазалаудан алынған өнімнің 50 % бірінші қайталымының өніміне екінші жартысын тең бөліп басқа делянкаларға қосады.

Стандарт сорттарының әр кайталымдағы делянкаларының өнімін комбайнды тазаламай бірінен кейін бірін жинай береді. Технологиялық тәжрибелердегі стандарттардың өнімі де осы тәрітппен жиналады.

Дәнді тазалағыш машиналардың тазалығын алдын ала тексереді әр бір делянканың дәнін тазалағаннан кейін машинаны бос айналдырып тазартады.

Өнімді жинағанда өндірісте пайдаланатын техникамен пайдаланған жөн. Таразыларды алдын ала тексереді, керек болған жағдайда жөндеу жұмысын жүргізеді. Екі жыл сайын таразының дұрыстығын тексеріп клеймо қояды.

Барлық өнімді тәжірибеге жауапты қызметкердің өлшегені дұрыс. Өнім салып өлшейтін ыдыстың салмағы алдын ала бөлек есептеледі, таразының өлшем көрсеткішін екі кісі жазып тұрса бір өнім екі рет өлшенеді.

Өнім: дән, тұқым, жемшөп, сабақ, жапырақ, гүл шоғырлары, азықтық массалары жинау кезінде әр түрлі ылғалдылықта болады. Өнімнің санымен сапасына дұрыс баға беру үшін оны белгілі бір өлшемге келтіру керек. Ол үшін өнімді стандартты құрғақшылыққа жеткізеді. Сөйтіп әр сыналатын сорттардың өнімділігін стандартты құрғақшылық құрғақ заттардың салытсырмалы мөлшерімен айырады.

Әр делянканың өнімін таразыға тартқанда орташа үлгіні алады. Ылғалдылықты сынамалар алған кезден бастап анализге дейін сақтау үшін таза құрғақ шөлмектерге салып, қақпақтармен қатты жауын ауыздарын сургучпен, шайырмен, парафинмен ж.т.б. бекітеді. Ылғалдылықты МЕСТ- пен сәйкес анықтайды. Ылғалдылықты анықтау мақсатымен жасыл (құрғақ) қоспаның ылғалдығын анықтайтын дақылдардың сынамаларын полиэтилен қаптарға салады. Құрғақ қоспаның әр шелмегіне немесе сынамасына екі этикеткаларды (сыртқы және ішкі) жабыстырады, олардың бетіне сынаудың түрін, сорт пен вариантын жазады.

203. Стандартты ылғалдылыққа келтірілген өнім мөлшерін мына формула арқылы анықтайды:



осында X - стандартты ылғалдылықты келтірілген өнім, ц/га;

У - өнім жинағанда алынған өнімділік, ц/га;

в - өнімнің ылғалдылығы, %;

св - белгілі дақылға арналған стандарттық ылғалдылық,%.

Мысал. Бастыру кезінде бидай дәндерінің өнімділігі 1 гектардан 19 ц. алынады, оның ылғалдылығы 18 % болды, стандарт дәннің ылғалдылығын стандартқа 14% ға жеткізгенде ол 18,1 ц/га тең болады немесе:

ц/га

МЕСТ-ке сәйкес буланып кеткен ылғалдылық пен құрғақ зат арасындағы өзара қатынас арқылы кейбір дақылдар бойынша (салалы зығыр, кендір, кенаф) ылғалдылықты есептеп шығарады. Осы дақылдар бойынша стандарт ылғалдылыққа келтірілген өнімділікті келесі формула арқылы анықтайды:



осында X - стандартты ылғалдылыққа келтірілген өнім, ц/га;

У - егісті жинау кезіндегі өнім, ц/га;

в - өнімнің ылғалдьілығы, %;

св - осы дақылға сәйкес стандарт ылғалдылық,%.

Мысал. 23,4% ылғалдылықта зығыр- сабанның өнімділігі 8,63 ц/га болды. 19% стандарт ылғалдылықта келтірілген өнімділік келесі мөлшерде болады:
ц/га

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау методикасы» кітабінің қосымшаларында орналасқан коэффициенттер таблицалармен қолданылып ылғалдылыққа келтірілетін өнімділікті есептейді.

204. Дәнді дақылдар, дәнді ірі бұршақты өсімдіктер және басқа дақылдар бойынша сабанның өнімділігін есептейді (лабораториялық анализге алынған сынамалы бау бойынша). Ол үшін комбайнның дақылдардың сабағын өру биіктігіне сәйкес бауды кестіреді (10-15 см.). Одан кейін сабақтарды өлшейді, масақтарды бастырады. Дәнді ұшырады, өлшейді және кесілген сабақтардың және дәннің өлшеген мөлшерлерінің айырмашылығы бойынша сабанның массасын анықтайды. Сабанның массасын немесе дәннің массасын баудың жалпы массасына бөлуімен және оның қортындысын 100-ге көбейткеннен сабан мен дәннің шығу пайызын есептейді.



Гектардан алынған өнімділікті жалпы сорт бойынша есепке алады және келесі формула арқылы анықтайды:



осында X - сабанның өнімділігі, ц/га;

а - дәннің өнімділігі, ц/га;

б - сабандардың жалпы массасы, %;

в - жалпы массадағы дәннің өнімділігі %.

41. Орташа мәліметтерді шығару және стаңдартпен салыстыру
205. Сорт бойынша орташа өнімділікті қайталаулардың өнімділіктерінің орташа арифметикалық сияқты шығарады. Осындай орташа өнімділікті есептейтін тәсілмен есепті кеңістіктің азайғанына байланыссыз болса да қолданады.

Өнімділіктің көрсеткіштерін және бөлек сандармен керсетілген басқа көрсеткіштерін осылай жинақтайды: 5-тен төмен мөлшерін есепке алдырмайды; 5-ке тең, егер алдыңғы сан жұп сан болса есепке алынбайды; ал егер тақ сан болса алдырады; 5-тен жоғары санды да қабылдайды (осы Методиканың 28-қосымшасы).

Барлық сынақтарда сорттарды өнімділік дәреже бойынша топтастырады, онымен бірге кеңейтілген және конкурс сынауларда да топтастырады. Осы әдісті өткізгенде барлық сыналатын сорттардың аралығын сынақтың белгісіне тең етіп бірнеше топтарға бөледі. Белгінің мөлшерінен сорттардың мөлшері аз болса, онда оларды нөл атты топқа жатқызады; егер сорттардың мөлшері бірге тең немесе екі, үшке тең болса, онда оларды сандарға сәйкес бірінші, екінші, үшінші топтарға бөледі.

Егер біржылдық дақылдардың сынағында тиісті стандартпен пісу мерзімімен немесе қолдану бағытымен айырылатын сорттардың бірнеше топтары болса, онда өнімділік бойынша топтастыруды әр топтың ішінде өткізеді.

Бірнеше жылдар бойы мемлекеттік сортсынау участоктың сорттарын салыстырғанда, әр сорт бойынша арифметикалық орташамен қолданылып өнімділіктің орташа көрсеткіштерін шығарады. Көпжылдық дақылдардың көрсеткіштерінің (өсімдіктер, жемістер) сынағын бір жерде көп уақыттан бері өткізеді және өнімділіктердің қосындысы бойынша бекітеді. Бірнеше жылдардың ішінде сынақтар бойынша сорттардың өнімділік қосындысын статистикалық есептен өткізеді.

206. Стандартты бірнеше рет қайталайтын, сорттары көп сынақтарда стандарт сорттың өнімділігін барлық делянкалардың ортаңғысы ретінде анықтайды; басқа сорттардың өнімділігін осы ортаңғы көлеммен салыстырады. Егер бір сынақта сорттардың топтары бойынша бірнеше стандарттар болса (мысалы, қатты және жұмсақ бидай, ерте пісетін немесе жай пісетін жүгердің, картоптың ж.т.б. сорттары бойынша) әр топтың сорттарын тиісті стандартпен салыстырады. Сорттық технологияның элементтерін зерттегенде әр сорт бойынша өзара бөлек және вариант бойынша жалпы бөлек варианттарын бақылау вариантпен салыстырады.

Табиғи жағдайлары жағынан қатты айырмашылығы бар аудандардың сорттары бойынша бірінші жылы алынған мәліметтер келесі жылы расталмаса, онда одарды бірнеше жылдар ішіндегі ортанғы керсеткішке кіргізбейді. Көпжылдық таблицада осыған тиісті түсінік беріледі. Егер сынаудың бірінші жылы стандарт ретінде бір сорт алынған болса, онда келесі жылдары - басқа сорт алынады, сыналатын сорттарды жаңа (соңғы) стандартпен салыстырады.

Егер өнімділік мәліметтерді статистикалық әдіспен алынған және енгізілген болса, сорт бойынша орташа өнімділік мәліметтерін қалпына келтіру есебімен анықтайды. Барлық қалпына келтірілген мәліметтерді шеңбер жақшаға алады. Басқа көрсеткіштер бойынша алынған мөлшерді қалпына келтірмейді және орташа көрсеткіштерді есепке алынған жай орташа көрсеткіштер ретінде шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет