Әдістемесі бөлім тарау



бет1/20
Дата21.04.2017
өлшемі4,15 Mb.
#14465
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

«13» мамыр 2011 жылғы № 06-2/254

бұйрығымен бекітілген



Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау

әдістемесі
1. бөлім
1. тарау
1. Жалпы ережелері
1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау методикасы (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының 13-шілде 1999 жылғы «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», 8 ақпан 2003 жылғы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңдарына сәйкес дайындалған және ауыл шаруашылығы өсімдіктерін патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы жағынан сынау, баға беру ретін анықтайды.

2. Осы Әдістемеде келесі негізгі түсініктер қолданылады:



1) қатар аралық қорғаныс (боковые защитки) көршілес варианттар өсімдіктерінің бір - біріне әсерін тигізбеу үшін егілетін, есепке алынбайтын қатар аралық егіс;

2) тәжірибенің жарамсыздығы – әр түрлі себептермен тәжірибе жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты сорттар, делянкалар, түгелдей тәжірибе немесе участок бойынша алынған мәліметтердің дұрыс болмауы;

3) есептен шығару (выключка) – делянканың кейбір жерінде өсімдік өсіп дамуының өзгешелігіне байланысты (сирек шығуы, зиянкеске шалдығуы, шықпай қалуы, шала дамуы т.б. алынған мәліметтерді есепке алмау;

4) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау жөніндегі Мемлекеттік коммиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) – агроөндірістік кешеннің дамуына өкілетті органның қарамағындағы, өсімдік сорттарының патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын тексеретін ұйым болып саналады;

5) Сараптық кеңес – Мемлекеттік комиссияға қабылданған сорттарды мемлекеттік сынаққа қабылдау, оларды сынақ нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі» - не енгізу мен алуға ұсыныстар жасау және мемлекеттік комиссия бойынша күрделі сұрақтарды шешуге негізделген мемлекеттік комиссияның кеңесу жүйесі.

6) Мемлекетік комиссиядан «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесі» - не өзгерістер енгізуге келіп түскен ұсыныстарды талқылап шешім қабылдайтын құзырлы орган.

7) Пайдалануға рұқсат етілген селекция жетістіктерінің Мемлекеттік тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) – өндірісте шаруашылық үшін пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары енгізілген, Мемкомиссияның ресми басылымы;



8) конкурстық сынақ – сорттардың шаруашылыққа пайдалы белгілерін зерттеу, бәсекеге қабілеттілігіне баға беру;

9) соңғы қорғаныс егістері (защиткалар) – тәжірибе участогін кездейсоқ зақымнан қорғау үшін есептен тыс егілген жер;

10) коридор – ярустар араларына техника бұрылып айналу үшін көлденең салынған жол;

11) баға критериі – алынған нәтижелердің дұрыстығын анықтау;

12) рендомизация делянканы әр қайталымда кездейсоқ әдіспен орныстыру тәсілі;

13) үлгі химиялық, технологиялық тағы басқа әр түрлі сараптаулар жүргізу үшін аз мөлшерде алынатын балама;

14) сортсынауды жоспарлау – зерттеу мәселелері мен объектілерін анықтау, эксперимент схемасын кұру, жерді және дала сынақтың структурасын тандау;

15) қайталау – сынақтан өткізілетін сорттар делянкасын қайталап себу;

16) отырғызылатын материал – реподуктивті және вегетативті көбейетін отырғызу материалдарының барлық түрлері (тұқымдар, көшеттер, көбейтуге арналған өсімдіктер мен олардың бөлшектері);

17) тексеру егісі (рекогносцировочный посев) – участоктың сынауға жарамдылығын анықтайтын арнайы егіс;

18) репродукция – тұқымды элитадан кейінгі көбейту реттері;

19) сорт шаруашылық және биологиялық қасиеттері ұқсас, шығу жағынан тектес, тұқым қуалайтын белгілері бар және ботаникалық таксонда бірге болған өсімдіктерден, бір белгісі болса да өзгеше, бір дақылдың өсімдіктер тобы;

20) сорт ауыстыру – ұрықтарды жаңарту, ескі тұқымды сол сорттың жаңартылған ұрықтарымен ауыстыру;

21) сорттық тәжірибе – бір сорт бойынша өтетін сынаулар;

22) сортты ауыстыру – ескі сорттарды өнімді және сапасы жоғары сорттармен ауыстыру;

23) эталон – сорты – орта, орын және өсу жылының жағдайына тәуелсіз өзінің көрсетілім деңгейі бойынша морфологиялық белгілерін тұрақты сақтап тұратын өсімдік сорттары;



24) стандарт – жаңа сорттарды салыстыруға арналған, пайдалануға рұқсат етілген сорттар ішіндегі ең жақсы сорт;

25) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын DUS – тест сынағынан өткізудің жеке әдістемесі.



26) Сынақ қортындыларының статистикалық дұрыстығы – НСР көрсеткіштермен белгіленеді;

27) сақтық қоры ерекше жағдайда егістікте пайдаланатын тұқым қоры;

28) делянканың есептелетін алаңы – барлық есептеулер мен бақылаулар жүргізілетін методикада қамтылған алаң;



29) ярус – қайталаулары немесе барлық сорт варианттары бар дала сынақтарының параллелді орналасуы.

3. Селекциялық жетістіктің патенттік қабілеттілігін және шаруашылық жағынан пайдалылығын мемелекеттік сынау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 тамыз 2008 ж. №780 бекіткен ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттарын сынау жөніндегі ережесіне (келесіде – Ереже) сәйкес Мемкомиссияда жүргізіледі.

4. Мемкомиссияның құрамына облыстық және регионалдық (облыс құқығында) инспектуралар, мемлекеттік сортсынау станциялары, мемлекеттік сортсынау участоктары, сыналатын сорттардың сапасын анықтайтын Республикалық лаборатория кіреді.

5. Селекциялық жетістікті пайдалануға жіберу өтінішін тапсырғаннан соң, Мемкомиссия құжаттарға және зертханалық - үлгілерге алдын - ала сараптау жургізеді. Алдын-ала сараптауда селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған атаудың дұрыстығы және өтініш құжаттарының Мемкомиссияның нұсқамасына сай екендігі анықталады.

6. Өткізілген құжаттық және зертханалық сараптаманың қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңесте сортқа өтінішті қабылдау немесе оны кері қайтару жөнінде шешім қабылданады.

7. Өтінішті қабылдау шарттарына жауап беретін сорттарға мемлекеттік сортсынау әдістемесі бойынша шаруашылыққа пайдалылығына бағалау жүргізіледі.

8. Сорттардың сынағы тиісті топырақ-климаттық зоналарда мемлекеттік сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау участоктарында жүргізіледі. Әр зонада 1-2 мемлекеттік сортсынау участоктары жұмыс істейді. Көбінесе мемлекеттік сортсынау участоктары комплекстік болады және түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын cынайды, кейбір мемлекеттік сортсынау участоктары арнайы бір бағытта жеке дақылдардың (көкөніс, жеміс, күріш т.б) сынағын өткізеді.

9. Арнайы бағытталған, энтофитопатологиялық мемлекеттік сортсынау участоктарында, өршіту жағдайда және қолдан істелінген жұқтыруда энтофитопатолог - маман сыналатын сорттардың ауруларға және зиянды жәндіктерге деген шалдыққыштығын бағалайды. Энтофитоучастогінің егістік жер келемі 3-4 га мөлшерінде болады. Бұл жер оқшаулау мақсатымен орман алқабымен бөлінген болу керек.

10. Ерекшеленген аймақта сынақ жүргізетін жер телімін алдын ала таңдап белгілейді. Ол жердің беті тегіс, біркелкі, топырақ құнарлылығы жағынан да бірдей болуы тиіс.

11. Сорттарды дақылдарға байланысты 2 жылдан 12 жылға дейін, дәнді және көкөніс дақылдары 2 жылдан 3 жылға дейін, жемшөп, жеміс дақылдар 6 жылдан 12 жылға дейін сыналады. Селекциялық жетістіктердің патенттік қабілеттілігін анықтауда екі орында бір уақытта екі жыл ішінде сыналады.

12. Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарында үш сынау түрі жүргізіледі: конкурстық (жарыс), өндірістік, технологиялы-экономикалық сынақтар. Сорттың шаруашылық құндылығын анықтауда 3 түрлі егістік сынақтар өткізіледі: конкурстық, өндірістік және технологиялы-экономикалық.



Конкурстық сынау жаңа сорттардың өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянды жәндіктерге төзімділігін, осы кезге дейін егіліп келген сорттардың артықшылығын анықтауды, жаңа сорттарды стандарт сортпен салыстыруды жүргізеді.

Өндірістік сынаудың басты мақсаты - жаңа сортты экономикалық нәтижелілікке әкелу. Өндірістік сынақты сортсынау участоктарының арнайы жерлерінде және арнайы технологиямен қолданып өткізеді. Өндірістік сынаулар өндірістік жағдайларда осы методикаға сәйкес жүргізіледі.

Технологиялы-экономикалық сынаудың мақсаты - далада немесе жабық алаңда көпке дейін өзгермейтін сорттарды шығару, осымен бірге жаңа өнімдерді алу, сақтау, қайта өңдеумен бірге жаңа сортты экономикалық нәтижелік бойынша стандарт сортпен салыстыру.



Патент қабілеттілігіне сынауда жаңа – сорттың 4 түрлі көрсеткіштері бойынша анықтайды; жаңалықтық, ерекшелік, біркелкілік және тұрақтылық.

13. Сорттар мен сорттық технологиясын сынау жұмыстарына қойылатын негізгі методикалық талаптар:

1) сынақ жұмысын бір-бірінен тек қана зерттеу факторлары бойынша айырымын және бірдей жағдайда жүргізілуін қамтамасыз ету;

2) делянкалары, формалары мен жалпы және есепке алынатын көлемдері қол жұмыстарын механикаландыруға, есеп, бақылау жұмыстарын жүргізуге қолайлы болуы;

3) сыналатын сорттарды группаға бөліп, оларды өздеріне тән стандарттармен бір жерде белгілі бір рендомизация тәсілімен орналастыру, агротехникалық зерттеулер де осы тәртіппен жүргізіледі;

4) сынақ жургізетін жердің құнарлылығы сынақ технологиясына, өндірістік жағдайға ұқсас болу керек.

14. Сынақ жүргізу жағдайларының бірдей, біркелкі болу үшін төмендегі жағдайды қамтамасыз ету қажет:

1) сынақтың барлық варианттарын, топырақ құнарлығы, жер бетінің тегістігі бірдей жерге орналастыру;

2) тыңайтқыштың түрлері мен мөлшері бірдей болу;



3) тұқым тазалауды, жерді дайындау жұмыстарын бір уақытта, бірдей машиналармен, техникалармен жүргізу;

4) себу жұмыстарын бір жылы алынған, сапалы тұкымдармен жүргізу;

5) егістікті бір мерзімде, бірдей техникамен жинау.

15. Барлық мемлекеттік сортсынау участоктары мен мемлекеттік сортсынау станциялары мамандығына, өндірістік базасына қарамастан осы методиканың жалпы ережелерін басшылыққа алуға, оны бұлжытпай орындауға міндетті.

16. Облыс инспектуралары жұмыс бағдарламасын жасайды. Осы бағдарламада ауыспалы егіс, әр дақыл бойынша өнімдер шығару технологиясы есепке алынады. Бұл бағдарламаны инспектура бастығы бекітеді.

17. Мемлекеттік сынаулар қорытындылары бойынша мемлекеттік сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау участоктары сорттарды пайдалануға жіберу туралы ұсыныстарды қарайды. Олар облыс инспектураларға қаралуға жіберіледі. Қарастырылған ұсыныстар бойынша облыс инспектуралары сыналатын сорттармен пайдалану немесе сынаудан алдырту жайлы шешімдерді бекітіп, Мемкомиссияға соңғы қарауға жібереді.

18. Мемкомиссия сынаудың соңғы қорытындылары бойынша эксперттік советке келесі сорттар тізімін жібереді:

1) Қазақстан Республикасы бойынша пайдалануға бірінші рет рұқсат етілген сорттар тізімін;

2) Қосымша облыстарда пайдалануға рұқсат етілген;

3) Кейбір облыстарда пайдалануға рұқсат етілген;

4) Қазақстан Республикасы бойынша пайдалануға рұқсат етілген;

5) Қазақстан Республикасы бойынша сынаудан алынған;

6) Облыс бойынша перспективті сорттар.

19. Мемтізбеге кіргізілген сорттар бойынша пайдалану рұқсатымен бірге авторлық күәлік беріледі.

20. Мемкомиссияның лабораториясынан жоғары технологиялық қасиеті бойынша алынған сорттар тізімінде де өзгерістер пайда болады. Осындай сорттар тізімін әр жыл сайын Республикалық комиссия дайындайды және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі бекітеді.

21. Мемлекеттік комиссия пайдалануға рұқсат етілген селекция жетістіктері жайлы өтіншітерін, осымен бірге мемлекеттік сортсынаудың басқа құжаттары мен материалдарын өзінің Ресми бюллетенінде шығарады.

2 тарау
2. Мемлекеттік сортсынау станциялары мен участоктарын

орналастыратын жерді таңдап алу
22. Арнайы комиссия мемлекеттік сортсынау станцияларға және участоктарға жер бөледі. Осы комиссияның құрамына инспектураның бастығы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің жер көлемі комитетінің өкілдері, ауыл шаруашылығының облыс басқармасы және жер қатынастарын басқаратын аймақ немесе облыс және аудан атқару органдардың өкілдері кіреді. Жер суғарылатын жерден берілсе мелиорация маманы комиссияның мүшесі ретінде тағайындалады. Комиссия берілген жердің топырақ және агрохимиялық қасиеттерімен таныстырады және ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жұмыстарын өткізуіне қолайлы екендігін анықтайды.

23. Мемлекеттік сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау участоктарының топырағы бір-екі топырақ түрінен тұруы қажет. Топырақтың механикалық құрамы, агрофизикалық және агрохимиялық көрсеткіштері жағынан зонасына сәйкес болуы қажет. Суғармалы жерлерде екінші реттегі сортаңдылық болмау керек.



24. Участоктың жер бедері тегіс, ылдилы 0,01-0,025 болу керек (1,0-2,5 метр 100 метр ұзындығында). Суарылатын мемлекеттік сортсынау участогі жерінің ылдилығы 0,01 жоғары болмау керек. Күріш участоктарында жер беті тегіс болғаны дұрыс. Суармалы участоктарды су қоры мол, өсімдіктерді жаз бойы сумен керекті мөлшерде қамтамасыз ете алатын жерге орналастыру. Бұл жайды жер көлемін алу актісінде атап көрсету керек.

25. Суармалы жерде орналасқан мемлекеттік сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау участоктарының жер беті тегістелген, жақсартылған, суару жүйесі жасалған, тасқын сулар басып кету қаупі жоқ, пайдаланылған суларды ағызып жіберетін алаңдары бар жерге орналастырылады.

26. Топырақты алдын-ала тексеру топырақтану маманымен бірге жүргізіледі. Топырақтану мамандары сынақ участоктеріне берілетін жердің агрохимиялық, агрофизикалық қасиеттерін, генетикалық негіздерін

тексереді. Сынау жұмысына жарамдылығын анықтайды. Ол үшін 100-300 га жерден төрттен онға дейін шүұңкырлар қазылып 20-30 топырақтың үлгісі алынып, сараптама жасалады. Сараптау қорытындысы бойынша жердің сынақ жүргізілуге жарамдығы, жарамсыздығы анықталады. Жердің топырағына анықтама беріледі.

27. Төменгі жағдайда жер сынақ жұмысын жүргізуге жарамсыз деп есептеледі:

1) жердің беті тегіс болмай, ойлы қырлы, шұнқырлы болса;

2) ылдилы жерде, ылдилы әр бағытта болып, тік, терең жарлы, тұйық, ойпақ болса;

3) жер бетіне жақын орналасқан химиялық, механикалық құрамы, әртүрлі тұқым түзейтін қоспалар болса;

4) су, жел эррозиясы дамыған жерлерде;

5) батпақты, тұзды жерлерде (сынақ участогі тұзды жерде әдейі ұйымдастырылмаған болса;

6) жер асты суы жер бетіне жақын, тығыз орналасқан жерде;

7) жер асты тастары жер бетіне жақын жатса.

28. Сынақ жұмыстарын жүргізуге жарамды деп табылған жерлерде жерді пайдалану тәртіптері ауыспалы егіс жүйесі, уақытша жарамсыз жерлер, бірыңғай егістік т.б. деп аталып көрсетілуі тиіс.



Жердің аздаған кемістіктері (ойлы, шұқыр, тұзды жер) әдейі есепке алынбайды. Ондай жерлерде тәжірибе жұмыстарының қайталымдылығын көбейтеді.

29. Соңында топырақтану маманы қорытынды жасайды, әр жердің сипаттамасы, мемлекеттік сортсынау станциясының немесе участоктың қызмет ететін аймағы көрсетіледі.

30. Нәтижесінде сынау участоктарын ұйымдастыру, басқа жерге ауыстыру, кей біреуін біріктіру туралы пікір комиссиямен Мемлекеттік комиссияға жіберіледі. Онда мына төмендегілер атап көрсетіледі:

1) сортсынау участокқа жер беру туралы акт, жердің көлемі, орналасқан жері (мекен жайы);

2) жердің сынаққа жарамдылығы туралы сипаттамасы; жер жағдайының, ауа райының осы жұмысты жүргізуге болатыны туралы топырақтану маманының пікірі;

3) жерді пайдалану жоспарының көшірмесі,

4) жергілікті ауыл шаруашылығын басқару органдарының шешімі.

31.Мемлекеттік сортсынау участоктарын ұйымдастыру, біріктіру, жабу немесе көшіру туралы ұсыныстар Мемкомиссияның эксперттік советінде қаралады.

3. Жер көлемін ұйымдастыру және мемлекеттік сортсынау станциялар

мен мемлекеттік сортсынау участоктардың топырақтарын

агрохимиялық зерттеуі
32. Мемлекеттік сортсынау станцияларға немесе мемлекеттік сортсынау участоктарға арналған жерде топографиялық, топырақ-агрохимиялық зерттеуі, жерде орналастыруы және даланы ауыспалы егіске бөлуі өтеді.

1:2000, 1:5000 масштабта ауыспалы егіске арналған жерді және мемлекеттік сортсынау участоктардың жерін топырақ-агрохимиялық әдіспен зерттейді.

33. Жер бедерінің түрін, мөлшерін және биіктігін, микро жер бедерін, су және жел эрозияның дәреже айқындығын толық зерттейді.



Суарылатын мемлекеттік сорт сынау участогінің жерінде суару жолы, егіс шекаралары және су алдыру жерлері зерттеледі.

Сипаттамаларда гидрологиялық жағдайларының ерекшеліктері көрсетіледі: жер астындағы сулардың тереңдігі, су дебеті, топырақ ылғалдылығының дәрежесі, уақыт бойынша жауын шашындар болуы, өсімдіктердің қысқа сипаттамасы. Өсімдіктерді сипаттағанда бұлғау дәрежесін, арамшөп түрлерін анықтап оларға қарсы күрес шараларын береді.

34. Топырақты зерттеуді топырақ кесіндісінде өткізеді. Топырақтың негізгі кесіндісінде зерттейді: жартылай шұңқырлардың қабаттарының қалыңдығын, түсін және топырақтың механикалық құрамын, топырақ түзейтін жыныстарын және т.б. Мемлекеттік сортсынау участоктың барлық топырақ кесінділерін дала журналында сипаттайды.

Қабаттың түсін, механикалық құрамын, қосындысын (кеуектілікті, тығыздықты, жарықтарды), ылғалдылығын, тастылығын, құнарлылығын, төменде орналасқан қабат түсін зерттейді. Кесінділер сипаттамасын бергеннен кейін топырақтың толық атын, жыртылатын қабаттың немесе қарашірік қабаттың қалындығын анықтайды.

35. Топырақ зерттеуімен бірге агрохимиялық зерттеуін және картирлендіруін өткізеді. Агрохимиялық картограммаларын толтыру үшін бекітілген методика бойынша керсеткіштерді алады. Агрохимиялық картограммалар азот, жылжымалы фосфор, алмасу калий, рН, қарашірік топырақ құрамында қандай мөлшерде болуын бекітілген методикадан алынады.



4. Жеміс-жидек және басқа көпжылдық дақылдардың мемлекеттік сортсынау участоктарын орналастыру, жер көлемін анықтау
36. Жеміс-жидек мемлекеттік сортсынау участоктарын жақсы құнарлы топырақты жерге орналастырған жөн.

37. Орманды далада мемлекеттік сортсынау участоктарды күн жақсы қыздыратын, суық солтүстік желдерден жабық, міндетті түрде солтүстік жақтан орман алқаптарымен қоршалған оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс экспозициясы тең денгейлі жерлерінде орналастырады. Төмен, ауасы алмасып тұрмайтын жер қолайсыз.



38. Құрғақ дала жерлерінде бау бақшаларды егу үшін ең ыңғайлы жер солтүстік және солтүстік-батыс қыйғаштары. Осы жерлерде жеміс ағаштар құрғақшылыққа, жазғы күннің ерте жылынып кетуіне төзімді болады.

Жүзім, сүйекті жемістер, алмалар мен алмұрттардың жазғы сорттары жардың күнгей бетіне егіледі. Ал қыстық сорттары сілтінің жоғарғы концентрациясы («рН 8» 5 одан да жоғары) 3 метр тереңдіктен төмен орналасқан жерлерге егіледі. Жүзім, сүйекті жемістерді және дәнді жемістердің жазғы сорттарын сілтінің жоғарғы концентрациясы 1,5 метр терендігінде байқалатын жерге егеді.

39. Жеміс дақылдарының топырағын сынау 3 метр тереңдікте жарамды, алма ағаштарды, сүйекті, дәнді жемістерді 1,5-2,0 метр тереңдікте суда еритін тұздардың концентрациясы 0,2%, оның ішінде хлордың қоспасы 0,03-0,04% аспауы керек.



Егетін жерде 1-1,5 метр тереңдікте зиянды тұздардың мөлшері 0,3% аспауы керек.

Жер астындағы сулар жер бетіне жақын орналасса (2,5 метр), ондай жерде бау-бақшаларды егуге болмайды (1 қосымша).

40. Жеміс дақылдарының негізгі көрсеткіштері таңдамалы участоктарының жер астындағы сулар орналасуы осы методиканың 1 қосымшасында берілген.



Жеміс-жидек дақылдарын мемлекеттік сорт сынау участоктарын орналастыру жұмыстарын мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерінің нұсқауларына, аймақтық қазыналық егіншілік жүйелеріне сүйеніп жүргізу керек.

5. Суармалы мемлекетгік сортсынау участоктарын

мемлекеттік сортсынау станцияларда орналастыру
41. Суармалы жерде сортсынау участігін ұйымдастыруда төмендегі жағдайларға көңіл бөлінеді:

1) жақсарту жұмыстарын керек етпейтін жер;

2) дренаж және жер бетін тегістеу, су және жел эррозияға қарсы күресу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі, көлемі, жоспары.

Осы жайлы жер беру актісіне жаздыру керек.

42. Суарылатын мемлекеттік сортсынау участоктар орналасқан жердің физикалық қасиеттері зерттеледі, жердің көлемдік. және меншікті салмағы, қуыстылығы, солу ылғалдылығы, төмен және жоғарғы ылғалдылық шегі, ылғал сыйымдылығы, топырақ ауаландыруы, суарғанда су сіңіру жылдамдығы, сүзу коэффициенті, суару және суармалау мөлшері, бөлінген дақылдарға жұмсалған су мөлшері зерттеледі.

6. Картографиялық материалды шығару
43. Дала және лабораториялық зерттеулердің қорытындылары бойынша топырақ картасы жасалады. Картада барлық белгілерді, топырақ нұсқаларда индекстерді қойдырады. Генетикалық түр, механикалық құрам, топырақты түзілтетін жыныстар, гектармен немесе пайызбен берілген түрлі топырақтар туралы анық түсінік беріледі.

44. Азот, фосфор, калий, қарашірік және «рН» картограммаларын лабораториялық анализінің қортындылары бойынша жасайды.

Осы көрсеткіштерді картаға кіргізеді, картада топырақ нұсқаларының шекаралары белгіленеді.

45. Азот, жылжымалы фосфор, ауыспалы калий топырақта болу бойынша топырақтар топтастыруын өткізеді. Мемлекеттік сортсынау участогында жоспарланған егістіктегі «NРК» мөлшерін шығарғанда осы топтастыруды қолданады.

46. Оңтүстік жерлерде орналасқан мемлекеттік сортсынау участоктардың

0-0,5метр; 0,5-1,0 метр; 1,0-1,5 метр; 1,5-2,0 метр және 2 метр тереңдікте сортаңданған топырақ картасын жасайды.
7. Мемлекеттік сортсынау участогінің топырақты-агрохимиялық

сипаттамасы
47. Топырақты - агрохимиялық сипаттамасы топырақ картасы мен картограмманың түсіндірмесі болып саналады. Оның ішінде топырақ түзілу шаралары, топырақ қабаты, барлық топырақтар қасиеттері, ауыспалы егіс, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, күтіп баптау технологиялары, соңғы 3-5 жылдар өнімділігі, топырақ құнарлығын жақсарту шаралары, мемлекеттік сортсынау участоктың табиғи және шаруашылық жағдайлары, жалпы жер көлемі көрсетіледі.

48. Топырақты-агрохимиялық сипаттамасында мемлекеттік сортсынау участогінің топырақ қабатының қасиеттері беріледі. Мемлекеттік сортсынау участогында түрленген топырақтың басты және болмашы түрлерін бір-бірімен салыстырады. Топырақ қабатының біркелкі немесе комплексті түрлері белгіленеді. Барлық қабаттарды бөлек сипаттайды. Әр түрлі топырақ толық сипатталады. Осымен бірге типтілігі де белгіленеді. Механикалық құрам бойынша топыраққа толық ат қойылады.

49. Суарылатын участоктар үшін топырақ өңдеу сипаттамасы жасалынады. Суаруға пайдаланған судың мөлшері, суарудың мерзімі мен түрлі әдістері көрсетіледі. Суарылмайтын мемлекеттік сортсынау участоктарда топырақтың көлемдік массасы мен солу ылғалдылығы көрсетіледі.



Мемлекеттік сортсынау участоктарының агроөндірістік сипаттамасы мен топырақ топтастыруы беріледі.

Жерді дұрыс пайдалану негіздері, егілетін дақылдар құрамы мен кезектілігі, өнімділігі, органикалық және минералды тыңайтқыштар мөлшері, топырақ өндеу жүйесі, топырақ жақсарту жұмыстары, топырақты құнарландыру дәрежесі қысқаша түрінде беріледі.

Топырақ агрохимиялық көрсеткіштерін және ғылыми-зерттеу кәсіпорындардың сипаттамасын есепке алып, тыңайтқыштарды өңдеу жүйесін жасайды.

50. Мемлекеттік сортсынау участоктарының құрғақ жерлерінде топырақта ылғалды жинау және сақтау, суармалы сортсынау участок жерлерінің сортаңдануына қарсы күрес шаралары қаралады. Суарылатын мемлекеттік сортсынау участоктарда екінші рет сортаңдануға қарсы шаралар өткізіледі.

51. Топырақты - агрохимиялық сипаттаманың соңында топырақ зерттеуші маманы мемлекеттік сортсынау участоктың типтілігі мен сортсынау өткізуге топырақтың жарамдылығының қортындысын шығарады. Барлық зерттеу материалдарын инспектураның бастығы бекіткеннен кейін жерге орналастыруды өткізіп, мемлекеттік сортсынау участогіне жер шекарасын пайдалану жоспары беріледі.

8. Топырақтың агрохимиялық зерттеуі
52. Мемлекеттік сортсынау участоктарда және мемлекеттік сортсынау станцияларда ауыспалы егісте топырақ зерттеуі 5-7 жылдардан кейін қайталанады. Көпжылдық дақылдарын зерттейтін басқа участоктарда топырақ зерттеуі 8-10 жылдардан кейін қайталанады.

53. Топырақ картасы, картограммалар мен пайдалануға берілген жер жоспары агрохимиялық зерттеудің картографиялық негізі болып саналады.



54. Картографиялық картограммаларды толтыру үшін әр егістік жердің гектарынан бір аралас үлгі алынады, ал көкөніс мемлекеттік сортсынау участоктарынан 0,5 га. Көктемде тыңайтқыштарды кіргізбей тұрып немесе танап дақылдарын жинаған соң үлгілерді алады.

Агрохимиялық зерттеудің нәтижелері бойынша мердігер (посредник) агрохимиялық сипаттамасы мен агрохимиялық картограммаларын 3 дана жасап инспектураға жібереді.



55. Топырақты - агрохимиялық сипаттамаға топырақтың агрохимиялық кұрамы туралы материалдар, тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану және топырақ құнарлығын жақсарту жөніндегі ұсыныстар кіреді. Осымен бірге пайдаланатын жер көлемі, егістік алқаптық құрамы, ауыспалы егісте дақылдар алмасуы, эродирлендіру, жер жырту, тастылығы, топырақтың арамшөптермен басылуы, өнімділігі көрсетіледі.

Топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері көрсетіледі: қарашірік, оңай гидролизденген азот, жылжымалы фосфор, алмасу калий, кальций, магний, гидролитикалық қышқылдығы. Топырақ реакциясы мен әр үлгі бойынша негіздер қосындысы және ауыспалы егіс танабы бойынша орташа көрсеткіштері беріледі. Қоректену элементтер картограммасында «рН», қарашірік мөлшері беріледі.

Топырақты - агрохимиялық сипаттамада топырақ зерттеуінің соңғы қортындылары бойынша жоспарланған өнімнің «NРК» мөлшері беріледі.

9. Тексеру егіс
56. Кез келген танап сынағының және сорттар мен будандар сынауының алғы сатысына тексеру (анықтау) егістері кіреді. Мемлекеттік сортсынау участоктарын ұйымдастырмастан бұрын осы участок ұйымдастырылатын жерге егін егіп байқайды.

Бұл танапты пайдалануға рұқсат етілген сорттың тұқымдарымен немесе дәнді дақылдардының (сұлы, тары) перспективті сорттың тұқымдарымен егеді. Тәжірибе бір сорт бойынша, бір мезгілде егіліп, бір мезгілде жиналады. Күтіп баптау жұмыстары да бір әдіспен бір мөлшерде орындалады.

Сынауға арналған жеке участоктар жерінің құнарлылығы оның біркелкілігі, өнімді өлшеу арқылы анықталады.

57. Тексеру егістің басталуына дейін, егістік даласын комбайн екі қайтара танапты шауып тастайды. Өлшейтін таспамен және белгіге қоятын ағашпен екі-үш түзу алқаптарын салады. Осы алқаптарда бөлшек есебі өтеді. Комбайн алқаптан өткеннен кейін делянка көлемі 502 м немесе 1002 м тең түзу алқаптарды жасап қойдырады. Тексеру егістің есебі осы методиканың 3 қосымшасында берілген.



58. Алқап арадағы жолдарды шауып алады, содан кейін ғана есепті бастайды. Әр делянкадан алынған дәнді өлшейді және ц/га берілген өнімділігін анықтайды. Өнімнің бөлшек есебінде есептейтін жер көлемдерінің нөмірлеуі міндетті түрде болу керек.

59. Статистикалық есепте бөлшек есептің нәтижелері бойынша анықтайды:

а) барлық делянкалардан алынған өнім қосындысын (Q);

б) жалпы қосындысын делянка санына бөлу жолымен алынған бір делянка өнімі (М);

в) келесі формула аркылы орташа екі еселенген айырмашылықты (σ):
σ =

осында ∑ у2 - екі еселенген делянка нәтижелерінің қосындысы;

Q2 - делянка нәтижелерінің екі еселенген қосындысы;

n - бөлшек есебінің делянкалар саны;



г) түрлендіру коэффициентін төмендегі формуламен анықтаймыз:

;

д) келесі формула арқылы түрлендіру коэффициенті:



;

60. Егер сынақ қатесі 4 % жоғары болмаcа, ондай участок 4 ретті қайталануда сынақ өткізуіне ыңғайлы болады. Егер 4 % жоғары болса, бірақ 6,2 % жоғары болмаса, ондай участок 6 ретті қайталануда сынақ өткізуіне ыңғайлы болады.

61. Әр жерден алынған бөлшек есептің қортындыларын, өңдеу қортындыларын, жерде орналастыру схемасын және участок сынау өткізуге жарамды туралы қортындысын мемлекеттік сортсынау участоктары облыс (аймақ) инспектураларға жібереді.

Мемлекеттік сортсынау участоктың бөлшек есебі істелінбеген жерінде осы жұмыс келесі жылдары бұрынғы тәртіппен өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет