Әдістемесі бөлім тарау


тарау 17. Сорттық агротехнология элементтерін зерттеу



бет3/20
Дата21.04.2017
өлшемі4,15 Mb.
#14465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

5 тарау
17. Сорттық агротехнология элементтерін зерттеу
108. Сынақ участоктарында сынақ жұмыстарына қоса ауыл шаруашылық дақылдарының пайдалануға рұқсат етілген, перспективті жаңа сорттар мен будандарды өсіріп өндіру технологиясының кейбір элементтері зерттеледі.

Дақылдардың себу мерзімі, нормасы сияқты технология элементтері 2-3 жыл бойы зерттеледі. Жерді өндеу, жерге минералдық тыңайтқыштар беру нормасы, мерзімі, тағы басқа осы сияқты көбірек зерттеуді керек ететін мәселелер әдейі құрылған ауыспалы егіс танаптарында немесе әдеттегіше құрылған егістік далалардың бір бөлігінде жүргізіледі.

109. Өсіріп - өндіру технологиясының элементтерін зерттеуі сорттарды жанжақты бағалауға және одан көп өнім алу үшін өндірісте кеңінен пайдалануға мүмкіншілік береді. Бұл технологияны зерттеу жұмысы әдетте зерттеулердің екі жылдық қортындыларынан көктің өнімділігі жөнінен алдыңғы қатардағы сорттар бойынша жүргізіледі. Кейде өте жоғары өнімді, өнімдері күдіксіз сапалы сорттар технологиясы бір жылдың сынақ қортындысы бойынша өтеді. Тағы бір маңызды мәселе тәжірибе жұмысымен бірге зерттеліп жатқан сорттар мен будандардан сапалы, мол, таза тұқым алуға көбірек көңіл аударған жөн.



110. Сорттық технологияны және бөлек элементтерінің нәтижелілігін ең алдымен дала сынағында зерттейді. Көбінесе осындай эксперименттер екі факторлы болады, өйткені ішіне 2-3 және одан да көп сорттар мен 3-6 технология элементтерінің варианттары кіреді; немесе перспективті сорт бойынша технологияның екі элементтері, мысалы егу мерзімі (бірінші фактор) мен әр фактор бойынша бірнеше варианттарымен бірге себу мөлшері (екінші фактор) кіреді.

Себу мелшерін, егу мерзімдерін зерттегенде сынақтың көршілес варианттары бір-бірінен айырылуы керек. Өндірісте қолданатын вариант сынақта бақылау варианты ретінде қолданады. Варианттар нәтижелілігін стандарт сортпен салыстырып зерттейды.

111. Екі факторлы сынақты делянканы бөлшектеу схемасы бойынша егеді. Оны былай жасайды, бірінші фактор варианттардың әр үлкен делянкасында екінші фактор вариантардың кішкентай делянкаларының толық жиынтығы болу керек.

Екінші фактор варианттарын кішкентай делянкаларда егеді, ал керекті жағдайда, мысалы үлкен габаритті техникамен істелетін технологиялық тәсілдерін тексергенде үлкен делянкаларда да егеді.

112. Екі факторлы сынақтардың рендомизациясын өткізгенде бірінші фактор варианттарының әр қайталауда орналасқанын және екінші фактор варианттарының бірінші варианттар делянкаларында орналасқанын анықтайды. Сорттық технологияны анықтайтын екі факторлы тәжірибенің схемасы осы Методиканың 6 қосымшасында келтірілген.

Бір факторлы сынақтардың рендомизациясын осы Методиканың 3 тарауында керсетілген ережелеріне сәйкес өткізеді. Бір-біріне әсер ететін делянкалар арасына екі қорғау делянкаларын орналастырады. Сынақтың барлық варианттары бір күннің ішінде егілуі керек. Сынақтың бөлек варианттарын еккенде технологияны сақтау керек.



113. Сынақтың шекараларына қорғау делянкаларын орналастырады. Схемасына және варианттар рендомизациясына сәйкес қайталаулар бойынша егістік ведомостін жасап, даланы бөледі.

Мемлекеттік сортсынау участоктың мамандары егісін дұрыс егілуін тексереді.

Егу жұмыстары біткен соң, егілген ұрықтар мелшерін анықтау үшін сепкіште қалған ұрықтарды алдыртып таразыға тартады. Егудің кортындыларын әр сорт, әр вариант бойынша жаздырады. Тұқым толық көктеп шыққан соң даланың шеттеріне даланы қоршап алатын қорғаныстарды егеді. Олардың көлемі сортсынау методикасында жазылған.

114. Егу (отырғызу) мерзімдерін зерттеу сынақтарында перспективті және пайдалануға рұқсат етілген жаңа сорттар 3-5 егу мерзімінде орталарында 5,7 немесе 10 күн салып егіледі. Осы мерзімдерінің бірі дақылды осы регионда егуіне сәйкес болу керек.

Әсіресе көктемде отырғызылатын дақылдар бойынша егу мерзімдерін зерттегенде сынақтың бірінші варианттарының егу мерзімдері агрометеорологиялық сипаттамасымен тығыз байланыста болу керек. Жабайы өсетін өсімдіктердің даму фазалары, ұрықтар орналасатын топырақ қабатының температурасы ж.т.б. агрометеорологиялық сипаттаманың ішіне кіреді. Осы байланыстың әсерінен бірдей аталатын варианттар мерзімдері әр жылда өзгеріп тұруы мүмкін.



Дәнді себер алдында өтетін культивациялар мен тырмалау өз уақытында өту керек. Жаздық дәнді дақылдарын сынағанда түрлі егу мерзімдері бар делянкаларында өтетін жерді өңдеу саны мен әдістері топырақ жағдайына байланысты болады. Варианттардың егу мерзімдері кеш болса топырақты алдын ала өңдейді. Осындай жағдайда көршілес делянкаларда жер өңдеу жүргізетін техникадан қорғау үшін егу мерзімдері түрлі болатын делянкаларының араларына ені сеялканың бір айдауына тең қорғайтын делянканы егеді.

Сорттың жоғары өнімділігі алынған егу мерзімдері оптималды болып саналады, ал отырғызу уақытына тек өнімділік жақсы алынған күндері кіреді.

115. Себу мөлшерін зерттеуге (қоректену кеңістігі) байланысты сынауларда бірінші рет пайдалануға рұқсат етілген, жіберілген және перспективті сорттар пайдаланылады. Көршілес варианттардың себу мелшерінің айырымы 20-25% болу керек. Бір сорт бойынша себу мерзімдері мен себу мөлшерін зерттегенде сынақтарды бөлшектенген делянканың әдісімен егеді.

Қатарлап себілетін дәнді дақылдар бойынша делянка аралық жолдардың әсерін тигізбеу үшін делянканың егістік енін комбайнның алым енінен 1 м кең етіп қойдырады. Делянка ішіндегі есеп кеңістікті комбайнмен алдырады. Есеп егістері алынғаннан кейін бойлық қорғаныстар алынады.

Сынақты еккенде сеялканы орнатуына және егілген ұрықтар санына ерекше назар аударады.

116. Егістің алдында сеялканың ӨБҚ рычагтарын дұрыс қойдырады. Әр вариантты еккеннен кейін сеялканы тазалайды және қалған ұрықтар салмағын өлшейді.

Отамалы дақылдардың өсімдік жиілігі сепкіштердің себу мөлшері бойынша реттелінеді. Басқа дақылдардың өсімдіктерін техникамен сиретеді.

117. Өсімдік жиілігі варианттарын қолмен жұлып қалыпқа келтіруге болмайды. Отамалы дақылдардың себу мөлшерімен айырған өсімдік жиілігі көпшілік жағдайда бірдей болмайды. Сондықтан зерттеу қортындыларында істелінген факті бойынша келтірілінеді.

Мысалы, себу мөлшері бойынша есімдіктің жиілігі варианттарды 40, 50, 60, 70 және 80 мың / га болуға тиісті еді. Өсіп шыққан өсімдік саны әр вариантқа сәйкес 37,6; 52,4; 63, 0; 69,5 және 78, 0 мың/ га, орташа айырымда ±5% болды. Зерттеу қортындысына түсініктеме беріліп соңғы мәліметтер кіргізіледі.

Бір жылда өткізген сынақтан ең көп өнімділік алынған себу мелшері оптималдық себу мөлшері ретінде саналады. Егер көршілес варианттардың себу мөлшері өнімділік бойынша бір-бірінен көп айырылмаса онда оптималдық себу мөлшері ретінде минималдық себу мөлшерін алады.

118. Сынақтың бақылауы мен есептерін конкурсты сынаудың методикасы бойынша жүргізеді. Қосымша зерттеулерді зерттелетін әдістің ерекшеліктеріне байланысты көрсеткіштер бойынша жүргізеді. Мысалы, егу мөлшерін зерттейтін сынақтар бойынша енім құрылымының толық сараптамасын көрсетеді. Ал себу мерзімін анықтайтын сынақтар бойынша кешігіп жиналған өнімдердің шығындарын есептейді. Бақылау мен есептердің қортындыларын дала журналдары мен жылдық есеп берулеріне кіргізеді.

Екі факторлы сынақтар варианттары көрсеткіштерінің бір-бірінен айырмашылығының есептеу әдісі бойынша осы Методиканың 8 қосымшасына сәйкес шешіледі.

119. Факторлар өзара байланысы жайлы қорытындыны сорттың басқа фактор варианттарының сорттарына берген реакциясы бойынша жасайды. Тиісті критерийден жоғары айырмашылықтарды (*) белгімен белгілейді.

Жылдық есеп беру таблицасында зерттелетін варианттар бірінші фактор кезегімен және екінші фактор варианттары бойынша бөлшектеуі бойынша жаздырады. Варианттардың далада орналасу схемасы жылдық есеп беруіне кіреді.

120. Сорттық технология бойынша жүргізілген сынақты 2-3 жылдар ішінде мемлекеттік сортсынау участогына өткізеді. Егер зерттелетін варианттар бойынша дұрыс нәтижелер немесе дұрыс айырмашылық алынбаса сынақ қайтадан немесе дұрысталған схема бойынша жүргізілуі мүмкін.

Сынақ нәтижелерін және олар бойынша жасалған қортындыларын облыстық (республикалық) комиссияларда қарайды және сортты өндеу кепілдемеге кіргізеді.



6 тарау
18. Суармалы жерлерде сорттарды сынау
121. Әр алқапта суғаруды бөлек еткізу үшін ауыспалы егіс далаларын міндетті түрде бір ярусқа орналастырады. Егер алқаптар екі ярусты болса оларды екі тұрақты каналдарға қосады. Алқаптардың ені мен ұзындығы техника мен суару карта үшін ыңғайлы болу керек.Алқаптар ярустарының араларына уақытша суарылатын каналдар бойымен және ауыспалы егіс алқабының басы мен соңына, ені ауыл шаруашылық техникалардың, жер жақсартатын техникалардың 6-8 бұрылуына тең жолдар мен бұрылыс алқаптарын салдырады.

Суарылатын және суарылмайтын мемлекеттік сортсынау станцияларда және мемлекеттік сортсынау участоктарда делянкалар келемі бірдей болады. Делянкаларды орнатқанда уақытша және тұрақты суару каналдардың орналасуын, ауыл шаруашылық және жер жақсартатын техникаларының.жүру бағыттарын есепке алады.

Суарылатын жерде құрғақ баурайларды көпжылдық өсімдіктермен егіп тастайды. Мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участокта міндетті түрде негізгі бір канал (шаруашылық таратқыш немесе участок суарғыш) болу керек. Ол өз жер келемі мен коллекторлы-лактырғыш жүйені қамтиды. Өндірісте қолданатын суару әдістері мемлекеттік сынауда қолданылады: жаңбырлату, жыралап немесе суыртпақтап суару, ал күріш мемлекеттік сортсынау участоктарында - чектарды сумен басу қолданады.



122. Дала участоктарды суаруға дайындаудың ішіне келесі жұмыстар кіреді: тұрақты суару жүйені және гидротехникалық құралдарын тазалау және жөндеу, далаларды тегістеу, суару техниканы, құрал саймандарды жөндеу. Су шығарғыштарды армирлендіреді, су өлшейтін техниканы орнатады, су шайып кетпеу мақсатымен дамбалар мен баурайларды валиктарға қондырады. Далада суды бірдей тарату мақсатымен топырақты тегістейды. Күріш далаларын сумен басып суару үшін топырақ тегістеуін көлденең ± 5 сантиметр ауытқып жасайды.

Жыралар мен алқаптарын суыртпалы суару үшін суарылатын участоктың жер бетінің көлбеуі 0,01 метрден аспауы керек. Жаңбырлатып суару үшін жер тегістеуі талап етілмейді, бірақ уақытша суарылатын каналдардың жолдары жақсы тегістелген болу керек.

123. Көбінесе жазда және күзде алғы дақыл жиналғаннан кейін ұзын базалы П-2,8А тегістеуішпен (планировщик), автоматикалық прицепты ПА-3 тегістеуішпен, МВ-6,0 жаймалауышпен (выравниватель), грейдерлермен топырақты тегістейды. Қайталанатын дақылдарды еккенде тегістеуін уақытша суару жүйені салдырғанның алдында жасайды. Тегістеуіштің жүру схемасы осы Методиканың 9 қосымшасында көрсетілген.



Топырақ тегістеуінің алдында алқапты аудара жыртады. Тегістеуді үш ізбен салдырады: бірінші екеуінің қиылысында келденең жүрісімен, үшіншісін- суару жолымен загонды тәсілмен. Жүрістер бірінен кейін бірі 0,5 метр дейін қабаттасады. Егер жүріс грейдермен немесе тегістеуішпен істелінсе пышақты бірінші жүрістерде 3-4 сантиметр қойдырады, ал соңғы жүрістерде нөлден 1-2 сантиметр жоғары қояды.

19. Ауыл шаруашылық дақылдарын суару тәртібі
124. Суару тәртібі дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, суарылатын жердің климаттық, топырақ және гидрогеологиялық жағдайларына, суарудың әдіс пен техникасына және өсімдік шаруашылық өнімдерінің шығару технологиясына сәйкес есеп әдіспен анықталатын, суару саны, мерзімдері және өсіп өну кезеңдегі ауыл шаруашылық дақылдарын суару мөлшерінің жиынтығы болып саналады.

125. Суару мерзімін ылғалдылықтың мөлшері бойынша топырақтың сору тамырларының көп көлемі топталған суланатын қабатында анықтайды. Суару алдындағы ылғалдылыкты құрғақ топырақтың массасына термостат-салмақтылық әдіспен анықтайды. Көптеген дақылдардың суару алдындағы ылғалдылығы ең төменгі ылғал ұстап тұру мөлшерінің 65-75 %-не жақын.

Суару мерзімін қойдырғанда ылғалдылық жетіспейтін кезеңдерге көңіл бөлу керек. Осындай жетіспеушілік келесі фазаларда байқалады: күздік және жаздық бидай және басқа масақты дақылдар - сабақтану, дәннің толысуы; тары- метелканың шығуы (выметывание), дәннің толысуы; қарақұмық - гүлдеуі, дәннің толысуы; құмай жүгері - гүл шоғырының шығуы, дәннің толысуы; жүгері- метелка шығуының алдында және шыққаннан кейін, дәннің толысуы; дәнді ірі бұршақты дақылдар - бутонизациялау, гулдеу; күнбағыс - себеттің (корзинканың) шығуы, гүлдеу; картоп - бутонизациялау, түйнек шығуы; бақша дақылдары - гүлдеу, бірінші пісуі; қант қызылшасы - жапырақ дамуы, тамыр - жемістердің шығуы; көпжылдық өсімдіктер - түптеу, бутонизациялау және гүлдеу, шөп шабылғаннан кейін; көкөністер - өскін (всходы), гүлдеу, пісу.

Суару алдындағы ылғалдылық және топырақтың суландырған қабатының көлемі анықталғаннан кейін суару мөлшерін келесі формула арқылы анықтайды:

М= 100 • Н • К • (П-П0),

осында М - суару мөлшері, м3/га;

Н - топырақтың сулы қабаты (суару мөлшеріне арналған тереңдік), м;

К - топырақтың көлемдік массасы, т/м3;

П - ең аз ылғал сыйымдылығы, % құрғақ топыраққа;

По - суару алдындағы сулы қабаттың ылғалдылығы, % құрғақ топыраққа.

Суарғанда су шығындарын (булану, фильтрация) жабу үшін алынған мөлшерді 10-15% дейін көтереді.

Топырақтың көлемдік массасы және ең аз ылғал сыйымдылығы жайлы мәліметтер топырақ очеркінен алынады.

126. Дақылды суару мерзімдері мен суару мөлшерін мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі қойдырады, ал мемлекеттік сортсынау станцияның директоры немесе инспектураның бастығы агрошаралар жүйесімен бірге бекітеді. Өсіп өну кезеңнің ішінде оларды топырақ ылғалдылығының есебіне сәйкес түзетеді. Дәнді, астық, техникалық және көкөніс дақылдарын суландыру тәртібі осы Методиканың 10-қосымшасында берілген.

127. Суарудың келесі түрлері болады:

1) су қорын көбейту үшін суару жерді күзде топырақ өңдеудің алдында және ауыл шаруашылық дақылдарын сепкенге дейін көктемде өткізеді. Су қорын көбейту үшін суарудың мөлшері гектарына 800-1000 м3-тен төмен болмайды. Күздік дақылдары мен көпжылдық есімдіктердің жаздық егістері бойынша су қорын көбейту үшін суарудың бұл әдісін алғы дақыл алынғаннан кейін өткізеді. Өткен жылдың көпжылдық өсімдіктер егістерінде су қорын көбейту үшін суаруды қатты аяздың алдында өткізеді.

Мысалы мақтаның бұл суаруы қыстың кезінде өтсе, ал кеш пісетін отамалы дақылдарының осы суаруы кектемде өтеді. Тез тығыздалатын грунтта және жер астындағы сулар (грунт сулар) тығыз орналасқан жерде бұл суару өткізілмейді. Осындай жерлерде егіс алдындағы және өсіп өну кезеңіндегі суаруларды жаңбырлатып өткізеді;

2) сортаңданған топырақта күз бен қыс кезінде шайып суаруларын өткізеді. Осы суарулардың нәтижелілігі дренажды фонда жоғары болады. Тұрақты дренаж жүйені сортаңданған топырақта 2,5-3,5 метр тереңдікте салдырады. Керек жағдайда жер астындағы суларды аулайтын каналдарын да салдырады. Баяғыдан бері суарылатын, сортаңдануға бейімді жерде әрдайым эксплуатациялық шаюлар өтеді. Сумен шаюдың ең жақсы тәсілі - чектарды суару;

3) топырақты сумен шайғанда тамыр орналасқан қабатты танаптың ылғал сыйымдылығына дейін сумен толтырады 2-8 күн өткенде оларды қайтадан суарады. Суарулар араларындағы үзіліс қатты топырақтарға қарағанда жұмсақ топырақтарда қысқа болады. Шайып суарулардың саны топырақ сортаңдануына байланысты: әлсіз болғанда 1-2, орташа болғанда 2-3 және қатты болғанда 3-4. Бір мөлшеріне 130-140 % суару мөлшері тең. Жұмсақ топырақтар үшін оның мөлшері 700-900м3 су/1 га, орташа топырақтар үшін- 900-1100м3 су/1га және қатты топырақтар үшін - 1100-1500 м3 су/1га. Содан кейін жер жақсартатын (мелиорациялық) дақылдарды егеді;

4) жер жырту алдындағы (предпахотный) суаруларды және кей кезде су қорын көбейту үшін суаруларды жер жыртуды бастамай тұрып топырақ қатты құрғақ болып кеткен кезде өткізеді. Жер жырту алдындағы суаруларды топырақ ылғалдылығы төмен болғанда (0-І0 сантиметр) өткізеді. Отырғызу (посадочный) суарулармен көкөніс және жеміс шаруашылықтарда қолданады;

5) өсіп өну кезеңдегі (вегетационный) суарулар өсіп өну кезеңде ауыл шаруашылық дақылдарын сумен қамтамасыз етеді;

6) сергітетін және ылғалдылығын жақсартатын суаруларды жаңбырлату тәсілмен және басқа да тәсілдермен өткізеді.

128. Суармалы учаскідегі селекциялық жетістіктерді патент қабілеттілігіне сынау тәжрибелері – нақты аймақтың суарылуы сол аймаққа сәкестендіріліп жүргізіледі. Тәлімді сортучаскілерде суарылусыз, бірақ өсімдіктің қалыпты дамуы үшін жауынның тапшылығы болған жағдайда, қажетті су мөлшері суарылумен (қолмен) қамтамасыз етілуі тиіс.



20. Суару тәсілдері мен техникасы
129. Суару тәсілдеріне топырақты жаңбырлата және жердің үстіндегі, астындағы қабаттарын суару тәсілдері кіреді. Жаңбырлатқан суаруды КИ-50 «Радуга», «Волжанка», ДДА-10 МА, Сигма-50 жаңбырлататын техникалармен өткізеді.

Уақытша суару каналдарды орнатқанда, олардың араларындағы жер көлемі делянкаларды орнатуға және жаңбырлатуды дұрыс өткізуіне ыңғайлы болу керек. Суару каналдар тіке сызықты және параллельды болу керек. ДДА-100МА жаңбырлататын көліктермен қолданғанда сынақ делянкаларын агрегатқа перпендикуляр түрде немесе параллель түрде жатқызады. Жаңбырлататын техникамен суды бір минуттың ішінде 0,5-1 мм. көлемде беру керек, ал 2мм. жоғары көлемде беруге болмайды. Өсіп өну кезеңдегі вегетациялық, сергітетін (освежительный) және құнарландыратын (подкормочный) суаруларын жаңбырлату тәсілмен өткізеді.

Конкурсты сынаудың делянкаларын қатты жел соққанда жаңбырлату тәсілмен суармайды.



Жыралап суаруды суды көп сіңірмейтін топырақтарда өткізеді. Жай жыраларды культиваторлармен және жыра салғыштармен салады, ал жыра-саңлақтарын БЩН-2 және БЩН-3 тракторлы жыра салғыш - тесік кескіштермен салады. Жыралар түрлерін сипаттауы осы методиканың 11 - қосымшасында берілген.

130. Суды оросительден жыраға жібергенде оросительге ағаштан немесе металлдан жасалған щит қойдырады. Осы щит судың горизонтын реттейды. Ал соңғы жырадан төмен жерінде щит- перемычканы қойдырады. Су шығаратын жыраларға ауыспалы щиттар қойылады. Осы щиттар суарылатын жыралардан төмен жерінде орналасады. Суарылатын делянкалар санына байланысты әр су шығаратын жыраларға бірнеше суарылатын жыралар кіреді.

Жыраларға суды бірдей келемде беру үшін арнайы құбырлармен пайдаланады. Олар әр суарылатын жыраның басында бір деңгейде орналасады.

Жер бедері (рельеф) күрделі және улкен уклондары бар суарылатын участоктарда ауыспалы және стационарлық суару құбырлары пайдаланады. Жыралар ұзындығы 100 м артық болғанда ғана осы құбырлар пайдаланады.

Жыралар араларына суды жіберу үшін ППА-165У жылжымалы агрегат қолданады.

131. Алқаптар (полоса) бойынша суды жер бетіне дақылдарға жая жібереді және осы тәсілмен су қорын кебейту үшін суару мен шаю суаруларын пайдаланады. Напускпен суару үшін алқаптарды бөледі. Осыдан кейін оларды валиктар көмегімен тегістейді. Алқап ені мен ұзындығы бір немесе бірнеше делянкалар сиятындай болу керек. Делянкалар араларындағы жолдар ретінде валиктарды алады. Топыраққа судың сіңіру жылдамдығы, бойлық еңісі, жер бедері бойынша алқап ұзындығын анықтайды. Алқап ұзындығы 150 м. дейін болады. Алқаптарды напускпен суарғанда су 4/5-5/6 алқап ұзындығына жеткенде оның жіберуін тоқтатады. Науа, сифон арқылы су шығаратын жырадан суды алқапқа жібереді.

Күрішті өңдегенде, көлдете (лиманное) суармалауда және сортанданған жерді сумен тазалағанда су басу тәсілімен (затопление) суарады. Оларды мүмкіндігінше ұзын жақтан қысқаға қарай, ал қысқаны биік еңіске қарай тік бұрышпен орналастырады.

Көлденең валиктардың биіктігі 0,2-0,4 м. , ені 0,1-0,15 м. және 1:4 жайпақ баурайлары болу керек. Егер валиктар арқылы ауыл шаруашылық техника өтпесе онда оларда тік баурайлар болуы мүмкін.

Суарғанда суландыру және суарылған участоктан ағып шыққан артық суды ағызу жүйені келесі тәртіппен орналастырады: суды-бөліп таратып тұратын канал участоктың ең үлкен еңістен өтеді, ең кішкентай еңіс бойынша суару каналды (оросительды) белгішке перпендикуляр жақтан жатқызады, чектар ұзын жағын суару канал бойымен, қысқа жағын бөлгіш бойымен, лапқтырғыш каналды суару каналға параллель жақтан орналастырады. Ол чек ішіндегі суды суару және лақтыру каналдардың соңында орналасқан коллекторға жібереді. Күрішті су басу тәсілімен суарғанда, суаруға ыңғайлы қабат болмайынша суару тоқтатылмайды.

21. Суды пайдалануды ұйымдастыру
132. Суды пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттік сортсынау станцияның директорына, мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісіне жүктелген. Олар сууғару графигін және суды пайдалану жоспарын осы Методиканың 12 - қосымшасына сәйкес жасайды. Графикте судың бүкіл суарылатын жерге және әр дақылдарға керек көлемі көрсетіледі. График шаруашылықтың гидротехнигі мен су шаруашылығы органдарының қатысуымен құрастырылады

Суды пайдалану жоспарын технологиялық карталар негізінде жасайды.

Суды пайдалану жоспары екі бөлімдерден тұрады: суару жоспары мен мемлекеттік сортсынау участокқа суды жіберу жоспарынан. Суару жоспарына суару мерзімдері, тәсілдері, мөлшері және суаруды өткізеті адамдар саны кіреді. Жаңбырлатып суарғанда суару жоспарына жаңбырлататын техника сипаттамасы кіреді.

Мемлекеттік сортсынау участокқа су беру жоспарын суару жоспары негізінде осы Методиканың 13 - қосымшасына сәйкес жасалынады. Су алу нүктелерін суару жүйесінің жоспары бойынша анықтайды.

Тұрақты каналдардың (ŋ) «ПӘК» фактілік нәтижелері бойынша алады, ал болмаған жағдайда оны келесі формула бойынша анықгайды:



Бұл жерде Q н - мемлекеттік сортсынау участоктың су шығыны;

Q б р - мемлекеттік сортсынау участігінің су алу нүктесіндегі жіберілген су шығыны.

Сумен пайдалану жоспарын гидротехниктың көмегімен мемлекетгік сортсынау участоктың мамандары жасайды. Егу мерзімдері мен метеорологиялық жағдайлары өзгергенде су пайдалану жоспарын түзетеді.

22. Суаратын суды есептеу
133. Суаратын су шығындарын тарататын, суландыратын және артық суды ағызатын каналдарда өлшеп есепке алады. Сынақ участокта су шығындарын бөлек және бір күннің ішінде өткізеді. Егер кейбір себептерден суару бір күн ішінде аяқталмаса, онда оны бүкіл қайталаулар бойынша міндетті түрде бір күннің ішінде өткізеді.

Каналдар мен су шығаратын жыралар ішіндегі суды суағар (водослив) арқылы өлшейды, ал жаңбырлатып суармалағанда су өлшеуіштермен өлшейді. Тұрақты трапециялы немесе ауыспалы суағармен су шығындарын өлшейді. Рейканың нөлді бөлінуі (делениясы) порог дәрежесінде орналасады. Рейканың шкаласында 5-10 л/сек интервалдары немесе араларында 0,5 см. делениялар орналасады. Суағарларды тесіктің ортасымен сәйкес орналастырып, дала журналына кіргізеді. Суаруды барлық делянкаларда бірдей тәртіппен қойдырады, щитті тіп-тік етіп орналастырады, ал трапециялы суағардың порогын көлденең етіп орналастырады.

1) напор (арын) порогтың 1/3 ұзындығынан жоғары болмау керек және 0,1 төмен болмау керек;

2) порог ені 0,5 м. болғанда түбі мен жағалардан порогқа және суағар откостарына дейінгі жер көлемі - 15 см. төмен болмайды, ал порог ені 0,75 метр болғанда жер көлемі - 25 см. төмен болмайды;

3) су еркін ағу керек (порог суарылатын алан бетінен 8-10 см жоғары болу керек);

4) артық суды ағызатын каналда порогты су деңгейден 1-2 см жоғары қойдырады;

5) суағардың су жылдамдығы 0,3 м/сек жоғары болмау керек.



Кішкентай еңістерде суды есептеу үшін конус формалы және тік бұрышты насадкалар қодданады.

Трапециялы суағардың су шығындарын есептегенде 13 қосымшада берілген мәліметтермен қолданады.

Суару токтың мөлшеріне және суару мөлшеріне байланысты 1 га жерді суару уақыты 14 қосымшада берілген.

23. Суарылатын мемлекеттік сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау учаскілеріндегі мелиоративтік шаралар жүйесі
134. Жер астындағы сулар (грунт сулар) сыртқа шықпау үшін мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участоктарда әрдайым бақылау жүргізіледі. Жер бедерінің төмен жерінде 2,5 м. тереңдікке құбырлардан жасалған 3-5 бақылаушы (смотровой) құдықтарын қойдырады. Жер астындағы сулар орналасқан тереңдігін бөлінген рейкамен өлшейді. Бақылау әр декада сайын өтеді және екінші күні әр суарудан кейін нәтижелерді дала журналына кіргізеді.

Суарылатын мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың негізгі жер жақсарту (мелиорация) шара-ларына келесі жұмыстар кіреді:

1) топырақ құнарлығын жоғарлату үшін жерге органикалық және минералды тыңайтқыштарды беру;

2) арамшөпті жүйелі түрде отау;

3) өсімдік шаруашылығында индустриалды технологияларды пайдалану;

4) коллекторлы-дренажды, суару жүйесін тиымды пайдалану және суды үнемдеп жұмсау;

5) прогрессивті суару техникасы мен әдістерін пайдалану;

6) ауыспалы егіс далаларын тегістеу;

7) су фильтрациясына тосқауыл қою;

8) ескірген жабдықтарды жөндеу және керек гидротехникалы құралдармен қамтамасыз ету;



9) топырақты жақсарту тәсілдерін пайдалану, топырақтың агрофизикалық және агрохимиялық көрсеткіштерін жақсарту;

10) сортаңданған топырақтарды сумен тазалау;

11) су және жел эрозиясын болдырмау.



7 тарау
24. Тұқымдық және көшет материалдарына қоятын талаптар
135. Сорттар, будандар және өздігінен тозаңданатын өсімдіктердің ұрықтары және көшет материалдары егу және сорттық сапалары жағынан МЕСТ-тың талаптарына: егу сапалары бойынша-бірінші класқа, ал сорт сапалары бойынша - бірінші категорияға сәйкес болуы керек.

Оригинатордан алынған картоп сорттарының тұқымдық материалын бір жыл ішінде сынауға арналатын жерде өсіреді. Картоп азғындау зоналарда оригинатордың тұқым материалын өсірмейды. Картоп азғындау зоналарға тұқымдық картопты шығаратын зоналар өз тұқым материалын жібереді.

Сүрлем шөп және басқа бір жылда дән салмайтын дақылдар сорттарының ұрықтары әр жыл сайын оригинатордан алынады.

136. Модификациялы өзгерістер болуы мүмкіндігінен бірінші жылдың зерттеу қортындыларын есепке алмай тұрады. Егер бірінші жылдың зерттеу қортындылары келесі жылдар қортындыларымен сәйкес болмаса, онда бірінші жылдың қортындыларын есепке алмайды. Дала дақылдарының ұрықтары өз сортына тән 1000 дән массасына тең болу керек және ірілігі біркелкі болу керек. Ауа райы қатты езгерген жағдайда 1000 дән массасы да өзгереді, сондықтан тәжірибе участоктары сапасы кем ұрықтармен екпейді. Осындай жағдайда тұқымды сақтық қорынан алып егеді.

137. Дәнді дақылдардың, күріштің, ұсақ дәнді сорттарының тұқымы ірілігі жөнінен МЕСТ талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ бұл ондай сорттардың биологиялық ерекшелігіне тән қасиет екені ескеріліп, ондай тұқымды тәжірибе. жұмысына пайдалануға рұқсат етіледі.

Мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участоктарда өсірілген ұрықтардың сорт тазалығын дала апробациясы мен пробалық баудың (сноп) анализін өткізгенде анықтайды.

138. Патенттік мақсаттар үшін тұқымдық материал үлгілері басқа өсімдік тұқымдары, бөгде қоспалар, арам шөппен аурулардан, карантинді зиякестерден бос болуы тиіс, сонымен қатар Мемлекеттік комиссия мен өтінім беруші арасында шарпен айтылмаған жағдайда улау, дражирленуі тиісті емес.

Сынауды өткізу үшін Қазақстан Республикасына алып келетін тұқымдық материалдар үлгілері карантиндік импорт рұқсаты және оның егістік, сорттық сапаларын куәландыратын құжаттармен қоса жүруі тиіс.

Шетелдік сорттар мен будандар тұқымында карантин сертификаты болуы керек. Егіс алдында және егістен кейін осы тұқымдарды отандық тұқымдардан бөлек, бір-біріне қосылмайтын жағдайларда сақтау керек. Мемлекетгік комиссияның рұқсатынсыз шетел тұқым үлгілерін басқа адамдарға беруге болмайды.

139. Керек жағдайда егіс алдында шетел және отандық тұқымдарды түрлі арамшөптерден, ауру тұқымдардан және механикалық қоспалардан тазалайды. Тазалаудан кейін барлық қалдықтарын жоқ қылады, ал ыдысты залалсыздандырады.

Шетел сорттардың оригиналды ұрықтарын фумиграциядан өткізеді, осы себептен кейбір кезде шығымдылық темендейді. Шығымдылығы 3 класстан жоғары шетел сорттарының оригиналды ұрықтарымен егуге рұқсат ерекшелік ретінде берілді. 3 класстан да темен шетел сорттарының оригиналды ұрықтарымен де егеді. Бұны келесі жылы шығымдылық талаптарына сәйкес ұрықтармен егу үшін істейді.



140. Егер шетел ұрықтарының құжаттарында сорт тазалығы мен репродукция жайында ешқандай мәліметгер болмаса оларды бірінші категория және бірінші репродукция ретінде береді, ал классты аудандық мемлекеттік тұқымдық инспекция қортыңдысы бойынша береді. Тұқымдарды ауа- жылылық өндеумен және басқа да тәсілдермен кондициялық шығымдылыққа дейін жеткізу керек.

141. Кейбір жылдары Ауыл шаруашылық министрлігі жергілікті климат жағдайларына қарай дәнді, жармалық дақылдардың және ас бұршақтың нормативтарын төмендетуіне рұқсат береді. Бұл рұқсат тиісті облыстың мемлекеттік сортсынауға арналған ұрықтарына да қатысты.

142. Стандарт ретінде пайдаланатын өздігінен тозанданатын дақылдарының және мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарда көбейетін айқас тозанданатын дақылдарының ұрықтар репродукциялары өндірісте қолданатын ұрықтар репродукциялардан төмен болмау керек. Егер суперэлитаның, тұқымдық питомниктың немесе алдын ала көбейетін ұрықтар сортсынауға жіберілсе, онда оларды егу және сорт сапалары бойынша элитаға жатқызады. Құжаттарда осындай ұрықтарды жолдама құжаттарда қойылған атымен атайды. Осындай ұрықтардан алынған өнімді бірінші репродукцияға жатқызады.

МЕСТ талаптарына сәйкес келмейтін сорт тазалығын темендететін генетикалық бөлшектенуі табылған сорттар мемлекеттік сынаудан алынады. Элитаның ұрықтарын шығармайтын жергілікті сорттар бойынша репродукция жасалынбайды. Осындай сорттар ұрықтары бірінші рет мемлекеттік сынауға жіберілген үлгімен сәйкес болу керек.

Тегістейтін және өндіріс егістерін перспективты сорттар ұрықтарымен немесе пайдалануға рұқсат етілген сорттар ұрықтарымен егеді.



143. Жеміс және ағаш пен бұталы дақылдарының көшет материалы МЕСТ бойынша бірінші сорт талаптарына сәйкес болу керек. Стандарт және сыналатын сорттар тікпе көшеттерін бірдей жағдайларында өсіру керек. Көшет материалдарының жасы мемлекеттік сынауда өндірістік отырғызулармен бірдей болу керек.

25. Тұқымдық және көшет материалдармен қамтамасыз ету
144. Мемлекеттік сынауға сорт (будан) алынғаннан кейін оригинатор ұрықтар мен көшет материалын Мемкомиссияның нарядтарына жібереді. Өздігінен тозанданатын жаңа сорттар бойынша (күздік пен жаздық, жұмсақ және қатты бидай, күздік және жаздық тритикале, жаздық және күздік арпа, жаздық және күздік сулы, тары, қонақтары, куріш, дала және көкөніс ас бұршағы, аңқа, маш, арахис, арыш, ляллемация, қытай бұршағы, сиыр жоңышқа, азықтық бөрібұршақ, пелюшка, могар, цикламен, примула) мемлекеттік сорт-сынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктар оригина-тордан егуге сорттық сапалары жоғары ұрықтарын алады. Сорт сы-науын кеңейткенде әз облыс шығарған ұрықтарымен пайдаланады, егер олар жетіспей тұрса онда мемлекеттік сортсынау участоктар разнарядкаларды толтырып жібереді.

145. Айқас тозанданатын дақылдарының сорттар мен будандар ұрықтарын (жүгері, күнбағыс, бидай, қарақұмық,. құмай жүгері, күздік және жаздық рапс, үпілмәлік, ақ қыша, көкнәр, сафлор, қышабас, кориандр, зере, анис, судан өсімдігі, сераделла, көпжылдық бәрібұршақ, беде, жоңышқа, эспарцет, атқонақ, еркекшөп, мықын, бидайық, бетеге, антирринум, дельфиниум) немесе облигатты емес өздігінен тозаңданатын ұрықтарын (ноғатық, ірі бұршақ, күнжіт, пе-рилла, қыша, майлы зығыр, сары бөрібұршақ, қытай қақшаргүлі, ас бұршақ) оригинатор мемлекеттік сортсынауға әр жыл сайың жібереді.

146. Мемлекеттік тізбеге енгізілетін сорттар мен будандарын және бірінші ұрпақтық сыналатын будандар ұрықтарын оригинатор Мем-комиссияның өтініші бойынша жібереді.

147. Көкөніс (ірі бұршактан басқалары) және бақша дақылдарының жаңа сорттар мен будандар ұрықтарын оригинатор сортсынауға Мемкомиссияның өтініштері бойынша жібереді. Бірінші репродук-цияның және пайдалануға рұқсат етілгең бірінші ұрпақтық, сорттар мен будандарын әр жыл сайын сорткөкөніс атты тұқым шаруашылық жүйесінен алады. Ірі бұршақ, көкөніс дақылдарының жаңа сорттар ұрыктарын оригинаторлардан алады. Сынауға арналған севок- пияз-ды мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктар келген ұрықгармен өсіреді.

148. Сынауға арналған картоптың жаңа сорт көшет материалын ориги-натор сортсынау жүйесіне жібереді. Сорт шығару зонада бірінші жы-лы көшет материалын конкурсты сынауды өткізу үшін егеді, ал басқа зоналарда көшет материалын кебейту мақсатымен егеді.

Картопты ақпан -наурыз айларында еқкен жерлерге оригинатор көшет материалын үсік басталмай тұрып күзде жібереді. Күзде жіберілетін көшет материалды сақгағанда қалдықтар табылады. Осы үшін көшет материалының санын 20-30% дейін көбейтеді.

149. Бірінші жылы оригинатор сортсынау жүйені' кебейтуге арналған сарымсақ сорттарының көшет материалымен қамтамасыз етеді.

150. Сыналатын сорттар және Мемтізбеге енгізілген кендір, мақга және кенаф - сорттарының ұрықтарын сортсынау жүйе әр жыл сайын оригинатордан алады.

151. Қант қызылшасы, темекі және махорка сорттары мен будандары-ның ұрықгарын сортсынау жүйе әр жыл сайын оригинатордан алады.

152. Шетел селекция сорттарының ұрықтарын келісімшарт жағдайларына сәйкес Мемкомиссияның разнарядкалары бойынша алады. Отан және шетел селекция сорттары үшін сортсынау мақсатына арналған ұрықгар кебею тәртібі бірдей болады.

153. Күздік дақылдарын жинау және егу кезендер араларындағы уақыт қысқа болатын облыстарда белгіленген дақылдар сорттарының сы-нақтары үшін тұқымдық ауысатын қорын ашады. Күздік дақылдар сорттарын сынау қажет етілгенде тиісті стандартпен бірге сынақ өткізеді. Дәнді дақылдарының сорттар-двуручкалар бойынша тұқымдық және сақтық қорларын бөлек сақтайды және бөлек есепке алады (күздік және көктем егістер ұрықтары).

154. Өздігінен тозанданатын дақылдар сорттарының ұрықтарын және сортсынау жүйеде алдын ала көбеетін ұрықгарын ұрықтар репродук-циясы талаптарына сәйкес жаңартадьі.

155. Картоптың көшет материалын 4 жыл сайын жаңартады, ал аурғанда' одан да қысқа мерзімдерде жаңартады. Картоп тез азғындайтын оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда көшет мате-риалын таулы аймақтарда көбейтеді немесе әр жыл сайын жіберіп түрады.



156. Өздігінен тозанданатын дақылдарының тұқымдық қорын барлық сортсынау станциялар мен сортсынау участоктарда жасайды. Осы қорлар мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың қарамағында болады. Сақтық қорын әр жыл сайын жаңартады. Тұқымдық және сақтық қордың көлемін мемлекеттік сортсынау станцияның директоры немесе мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі анықтайды және тиісті жазбаша бұйрығымен бекітеді. Атап кеткен қызметкерлердің рұқсатынсыз осы ұрықтар пайдалануға жіберілмейді. Тұқымдық және сақтық қорларын сортсынау жүйенің қамбаларында сақтайды.

157. Перспективті сорттарды және пайдалануға рұқсат етілген сорттарды шаруашылыққа енгізу мақсатымен дәнді дақылдар бойынша екі-үш жылдар ішінде және көпжылдық ірі бұршақ және астық тұқымдастар бойынша бес жыл ішінде элита ұрықтарын тездетіп шығарады. Оларды шығару үшін перспективті сорт немесе пайдалануға рұқсат етілген жаңа сорт ұрықтарымен және ұрықтар шығару технологиясымен пайдаланады. Дәнді дақылдар бойынша сорт отауы мен түрлік отауын жүргізеді, ал көпжылдық өсімдіктер бойынша екі түрлік отауын жүргізеді. Отау жүргізгенімен бірге ауру және әлсіз өсірілген өсімдіктерді алдырады. Элита ұрықтарын шығаруына қойылған талаптарды міндетті түрде орындау керек.

159. Ұластыру (прививка) арқылы кебейетін сорттар сынауын тұкымдық немесе вегетативті көбейетін подвойларда өткізеді. Сорт авторы немесе ғылыми-зерттеу мекеме сорт сынауын басқа подвойда өткізу жайлы кеңес бергенде, сынауды екі подвойларда өткізеді: көпшілік мақұлдаған және ұсынған. Алма және алмұрт подвойларын еккенде көшет материалын тиісті подвойларда өсіреді. Подвойларды өсіру үшін ұрықтарды сау ағаштардан алады. Өнімді жылдары жеміс өсімдіктерді келесі жылы егу үшін ұрықтарды алдын ала алады.



26. Ұрықтарды өсіру, сақтау және егіске дайындау
160. Егістің жоғары сапалы көшет материалын сортсынақшылар шығару технология арқасында алады. Жоғары сорттық және физикалық тазалығы- мемлекеттік сортсынаудағы сынау дәлдігінің міндетті талабы. Сорт тазалығын сақтау үшін бұлғануына қарсы барлық шаралармен пайдалану керек. Осы үшін ыдыстарды, жинайтын техниканы, молотилкаларды, сортировкаларды және басқа техниканы жұмыс басталмай тұрып тазалау керек және делянкаларға, бауларға, қаптарға және қоймаларға этикеткаларды жабыстыру керек. Қаптармен пайдаланбай тұрып алдымен оларды теріс аударады және дұрыстап тазалайды. Комбайнмен алынған өнімнің ұрықтары немесе бірінші бастырған өнімнің ұрықтары егуге жарамсыз болады.

161. Қамбаларда ұрықтарды сақтауды ұйымдастыру сорттардың бір- біріне қосылып кетуін болдырмайды. Ұрықтарды құйғаннан кейін оларға этикетканы жабыстырады. Осы этикетканың бетіне жазады: дақыл аты, сорт, егістің түрі, репродукция, өнім алынған жылы, ұрықтар массасы, алғы дақыл, сорт тазалығы т.б. Этикеткаларды (сыртқы және ішкі) міндетті түрде әр қапқа іледі.

Әр жыл сайын мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктар сорт белгілері айқын көрінетін кезде өздігінен тозаңданатын дақылдардың егістерінде түрлік және сорттық отауын өткізеді. Осымен бірге сортқа тән емес өсімдіктерді алдырады. Популяция ішіне кіретін сорттарды алдырмайды.

162. Картоп отауын көпшілік гүлдеу кезеңнің басында өткізеді, ал гүлденбейтын сорттар отауын гүл шоғырлары (бутондары) түскен кезде кеңейтілген, конкурсты, өндірістік сынау мен көбеюдың басқа түрлерінде өткізеді. Қазықшаларменен белгіленген сорт қоспаларын есепке алып жинауға және астық есебіне 1-2 күн қалғанда танаптан алдырады.

Өздігінен тозаңданатын, айқас тозаңданатын дақылдарының сорттары өндіріс сынауда, көбеюге арналған егістерде, тегістейтін егістерде апробациядан өтеді. Апробацияны Ауыл шаруашылық министрлігі бекіткен нұсқауына сәйкес сортсынау мамандары өткізеді. Оны берілген форма бойынша актпен бекітеді. Конкурсты сортсынауда апробацияның орнына баулы үлгілердің лабораториялық сараптауын алады.

163. Баулы үлгілердің лабораториялық сараптауын сортсынақшылар да өткізеді. Анализ қортындыларын дала журналының таблицасына енгізеді және оларға арнап акт толтырмайды. Үрықтар қасиеттерінің категориясын сорт егістерін жүргізу жөніндегі апробациясына сәйкес анықтайды.

Егер ұрықтар басқа сорттар немесе арамшеп ұрықтарымен қосылып кетсе немесе ауруға шалдыққан болса оларды баска ұрықтармен ауыстырады.



Келемі жағынан бірдей кешет материалын алу үшін ұрықтарды ұрықтар тазалайтын техникада сорттайды. Конкурсты сынауға арналған ұрықтарды қолмен теру әдісі тек ерекше жағдайларда ғана пайдаланады. Сорттау біткеннен кейін егіс қасиеттерінің толық анализін өткізеді. Сұрыпталған тұқым шартқа сәйкес болмаған жағдайда оларды қосымша өңдейды (сорттау, кептіру).

Сақтау үшін тек жақсылап тазартылған, сұрыпталған және себу, сорттық сапасы жағынан әр дақылға белгіленген кондицияларға жауап беретін ұрықтарды құяды.

164. Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың лабораторияларында егіске арналған көшет материалын қосымша тексереді. Егіске дейін 20 күн қалғанда зерттеу қортындыларын алу мақсатымен осы тексеруді өткізеді. Тіршілік қабілеті бар, шығымдылығы төмен ұрықтарды ауа - жылылық өңдеуден өткізеді, содан кейін тексереді. Ауа-жылылық өңдеуді жергілікті жағдайларына сәйкес өткізеді.

Картоптың көшет материалын кептірген, толық сұрыпталған, сау түрінде МЕСТ талаптарына сәйкес егеді. Әр сортты картоп сақтайтын орынның бөлек қоймаларында сақтайды. Осымен бірге сорттарды ұраларда да сақтауға болады, ал өндірістік сынауға арналған сорттарды бурталарда сақтайды. Бір мерзімде пісетін сорттарды бірдей жағдайларда сақтайды. Керек жағдайда көп жаталмайтын сорттарды (ерте пісетін) әрдайым бақылау және іріктеу үшін ыңғайлы жерлерге жатқызады.

Пияз тәрізді, түйнекпиязды, тамыртүйнекті және тамырсабақты дақылдарды кептіргеннен және тазалағаннан кейін сорттар бойынша қоймаларға жатқызады. Қойма іші қүрғақ, ауа температурасы және ылғалдылығы дақылдарды сақтау үшін ыңғайлы болу керек.

165. Сортсынауға арналған көпжылдық өсімдіктерінің көшет материалын арнайы топырақ - климаттық зонада және ғылыми-зерттеу мекемелерде қолданатын технологиялар бойынша өсіреді. Сапасы жағынан жоғары көшет материалын алу үшін оны бүкіл өсіп өну кезеңі бойынша дұрыстап күтіп баптау керек. Тікпе көшеттерін өсіргенде сұрыптауды әр стадияларда өткізеді.

27. Мемлекеттік сортсынау жүйесіндегі ұрықтар анализі
166. Мемлекеттік комиссия разнарядкаларына сәйкес ұрықтарды алғаннан кейін, жолдама құжаттардың барына немесе жоғына қарамастан барлық сорттар мен будандар ұрықтарының сараптауын өткізеді. Сараптауды аймақ немесе мемлекеттік тұқымдық инспекциясында өткізеді. Ұрықтардың қайталанатын фитопатологиялық сараптауларын өткізбейді.

Егер оригинатордан алынған егіс және физикалық қасиеттері жайлы мәліметтер тұқымдық инспекция шығарған мәліметтермен сәйкес келмесе, онда негіз ретінде инспекция қортындылары алынады.

Ас бұршақ ұрықтары ас бұршақ қоңыздан (брухустан) залалсыз-дандырылмаған болса, оларды жіберуге болмайды.

Ұрықтардың егіс қасиеттерін орташа үлгі бойынша зерттейді. Орташа үлгілер сұрыптауын және егіс қасиеттерін анықтайтын сараптауларды МЕСТ талаптарына сәйкес өткізеді. Мемлекеттік сортсынау участокқа кеш келген себептен егіс қасиеттері тексерілмеген ұрықтар сынаққа алынбайды.

Ұрықтарда арамшөптер, зиянды жәндіктер және аурулары жоқ туралы шешім алынғаннан кейін оларды карантин объектілерден жіберуге рұқсат беріледі.

167. Дақылдар толық піспейтін Қазақстанның солтүстік облыстарының жағдайларында шығымдылығын, қимылсыз күйдің ұзақтығын, шыққан дәндердін пайызын жинау кезінде анықтайды. Қимылсыз күйдің ұзақтығын алмай басқалардың сараптауын дән ылғалдылығын анықтауға арналған үлгілер бойынша өткізеді.

Жинаудан кейін лабораториялық және дала шығымдылығы төмен бірақ тіршілік қабілеттілігі, жоғары сорттардың, қимылсыз күйінің ұзақтығын анықтайды. Әр ай сайын осындай ұрықтар шығымдылығы тұрақты болмайынша немесе егіс басталуға дейін бір ай бұрын мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участоктарда анықтайды.

Әр айдан кейін алынған қортындыларын жұмыс бланкасына жаздырады. Олармен сорттарды сипаттауда пайдаланады. Қимылсыз күйдің ұзақтығын жинау күннен бастап ең соңғы егуіне дейін қояды.

Бидай аязды күнде далада қалса, сол бидайдың аяз ұрған дәндер санын анықтайды. Аяз ұрған дәндер пайызын анықтағанда 50 г екі навеска алады және аяз ұрғандарды бөлек шығарады. Аяз ұрған дәндерді өлшеп олардың пайызын шығарады.

Дән ылғалдылығын «Ылғалдылықты анықтау әдістері» 1204-82 МЕСТ-қа сәйкес анықтайды. Ылғал өлшеткішпен де пайдалануға болады. Ылғал өлшеткішпен пайдаланғанда міндетті түрде нұсқау бойынша жұмыс істеу керек.

1000 дәндер массасын стандарт ылғалдылыққа жатқызады. Осы анализді ылғалды анықтайтын анализінде пайдаланған үлгі бойынша анықтайды.

168. Мемлекеттік сортсынауда өтетін ұрықтар анализінің басқа түрлері «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау методикасының» басылымдарында берілген.

Мемлекеттік комиссия инспектураларының басшылары мен мамандары мемлекеттік сынауда пайдаланатын ұрықтар сапасын, ұрыктардың құжаттарын, баулар анализдерінің қортындыларын және ұрықтар үлгілерін тексереді.

Мемлекеттік комиссия бастығының бұйрығы бойынша ұрықтардың сорт тазалығын тексеру үшін мемлекеттік сортсынау участоктар өз ұрықтар үлгілерін топырақ бақылауының мемлекетгік сортсынау участоктарына жібереді.



28. Топырақ (грунт) сорттық бақылауы
169. Мемлекеттік сортсынау жүйеде топырақ сорттық бақылауын арнайы мемлекеттік сортсынау участоктарда өздігінен тозаңданатын дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық дақылдар сорттары және картоп сорттары бойынша өткізеді. Біріншіден сорт сапасы төмен ұрықтар мен көшет материалын зерттейді.

Тексеруге арналған үлгілер санын және оларды топырақ бақылауға беру мерзімін әр жыл сайын Мемлекетгік комиссияның облыс инспектуралары бекітеді. Үлгілерді беру жоспарларына сәйкес мемлекетгік сортсынау станциялар мен мемлекетік сортсынау участоктардың топырақ бақылауы бойынша жоспар жасалады. Дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық дақылдарының топырақ бақылау жұмыстарын Мемлекеттік комиссияның лабораториясы басқарады. Картоптың топырақ бақылауын Мемлекеттік комиссияның көкөніс, бақша, дақылдар мен картопты зерттейтін маман басқарады.



170. Дәнді, дәнді ірі бұршақты және жармалық дақылдардың топырақ бақылауға жіберілетін ұрықтары егіс сапалары жағынан мемлекеттік стандарттың бірінші және екінші кластарына сәйкес болу керек. Ұрықтар партиясын жіберер алдында аймақ мемлекеттік тұқымдық инспекцияларында егіс сапаларын тексереді.

Топырақ бақылауға арналған ұрықтардың орташа үлгілерінің сұрыптауын 12036-85 МЕСТ бойынша өткізеді. Жіберетін дәндер үлгілерінің массасы келесі көлемде болу керек: дәнді дақылдардың және күріштің - 1 кг.; дәнді ірі бұршақты - 1,5 және тарының - 0,5 кг.

Ұрықтар орташа үлгілерін орташа үлгілерді сұрыптау актімен бекітеді. Осы акт екі дана етіп шығарылады. Акттың бір данасын бастырылған орташа үлгілер дубликатгарымен бірге мемлекетгік сортсынау станцияларда сақтайды. Ал басқасын ұрықтар пломбаланған үлгілерімен бірге топырақ бақылауы өтетін мемлекеттік сортсынау участокқа жібереді. Акт ішінде дақыл аты, сорт, ұрықтар қызметі, партия нөмірі мен мөлшері, өткізілген қосымша жұмыстары, үлгіні жіберген мемлекеттік сортсынау участоктың мекен жайы мен толық аты жазылады.

Ұрықтар үлгілерін қаптарға салады, этикеткаларды жабыстырып пломбамен бекітеді. Акт және үлгілер мен бірге мемлекетгік сортсынау станция және мемлекеттік сортсынау участок сорт куәліктерін жібереді. Топырақ бақылауына арналған ұрықтарды басқа мемлекетгік сортсынау участоктарға жіберсе, онда олардың құжаттарында акттің нөмірі, ұрықтар үлгілерін сұрыптау мерзімі белгіленеді. Ұрықтар мемлекеттік сортсынау участокқа егіс басталмай тұрып екі ай бұрын жіберіледі.

Топырақ бақылауын өткізетін мемлекетгік сортсынау участок алған ұрықтарды үлгілерді тіркеу журналына кіргізеді. Үлгілер қабына және құжаттарына регистрация нөмірі қойылады. Құжаттарды бөлек папкаға регистрация нөмірлер қойылған тәртібімен кіргізеді.

Егіс алдында алған ұрықтар үлгілерін шынайы (подлинность) жағынан «Ауыл шаруашылық тұқымдар. Шынайылықты (подлинность) анықтау әдістері» 12043-88 МЕСТ бойынша анықтайды. Егер ұрықтар үлгілерінде мемлекеттік стандарт бекіткен III сорт категория мөлшерінен басқа сорттар қоспалары жоғары болса, онда осы ұрықтар егілмейды және жіберген мемлекеттік сортсынау участокты және инспектура бастығын анализ қортындылары жайлы хабарлайды.

Егіс алдында дақылдар бойынша егу жоспарын жасайды. Ауыспалы егіс далаларын егіске арнайды. Жұмыс жоспарына дақыл атын, сорт, үлгілерін жіберген мемлекетттік сортсынау участоктың толық аты жазылады.

Әр делянкаға сорт аты мен үлгілерін регистрация нөмірі жазылған этикеткасын қояды. Егісті үш қатар етіп сеялкамен (сепкішпен) егеді. Делянка ұзындығы 20 метр қысқа болмау керек. Оның 18 метр есепке алынатын болып саналады. Делянкаларды дақылдар мен сортгар бойынша топтастырады. Егілген үш қатар арасына ені 30 сантиметр жолдарын қалдырады. Осы үшін екі сошниктарды жаптырады.

Сеялка бір жүрісінде бірнеше ұрықтар үлгілерін егеді. Осы үшін сеялканың ішіне тік қалқаларды және воронкаларды орнатады.

Егіс басталмай тұрып сеялканы басқа сорт ұрықтары қалмау үшін мехтарменен үрлеп тазартады. Ярус аралық жолында немесе дала жолында сеялканы тазалайды және ұрықтарды құяды. Ұрықтар үлгілерін егу мерзімі мен техника конкурсты сынаудағыдай болады. Қосымша себуге рұқсат берілмейді. Өскіндер шыққан соң баумен есепке алынатын жерді соңғы қорғаныстардан бөледі.

Қалған үлгілерін қаптарға қайтадан салады және апробация қортындыларын алғанынша сақтайды. Егер топырақ бақылауының қортындылары сорт тазалығы жөніндегі құжаттармен сәйкес келмесе үлгіні анализ қортындыларын жіберген күннен бастап екі ай сақтайды.

Арамшөптерді алдыру, аурурларға және зиянды жәндіктерге қарсы күрес жүргізу жұмыстар егісті күтіп баптауына жатады.

Әр сорттың фенологиялық фазаларын, аурулармен зиянды жәндіктерден бұзылу кезендерін белгілейді. Өйткені аурулар мен зиянды жәндіктер қоспалар мөлшерін көбейтеді.

Сорт тазалығын анықтау үшін әр делянкадан апробациялық бауды (үлгіні) алады. Осы сараптау үшін делянканың есепке алынатын жақтың әр қатарынан 90-100 сабақтарын алады. Дәнді және жармалық дақылдарының апробациялық бауында 1500 сабақтар, ас бұршақтың- 300 сабақтары болу керек. Бауды шпагатпен байлайды. Картон немесе фанерадан жасалған, сорт аты, регистрация нөмірі жазылатын этикеткаларды баудың ішіне.және сыртына орнатады.

Ауыл шаруашылық дақылдарының апробациясы жөніндегі нұсқауына және сорттар сипаттауына сәйкес апробациялық баудың сараптауын өткізеді. Делянкада қалған өсімдіктерді есепке алмайды. Бау үлгілерін сараптау қортындыларын жіберген күннен бастап 6 ай ішінде сақтайды. Топырақ бақылауы бойынша алынған қортындыларын дала журналына кіргізеді.

171. Картоп. Мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участокқа конкурсты сынау жоспарда алдын ала қаралған, егіске дайын картоп сорттарының үлгілерін жібереді.

Әр сорт үлгінің ішіне 10 түрлі жерден алынған 50 түйнектер кіреді. Осы үлгіні қапқа салып сорт аты, қап нөмірі жазылған этикеткасымен белгілейді. Қаптарды буып- түйгенінде жәшіктің ішіне үлгілер тізбесімен бірге үлгілер жіберген мемлекеттік сортсынау участоктың атын, сорттар аттары мен қаптар нөмірлерін жазып жібереді. Түйнектерді сорттар бір-біріне қосылып кетпейтіндей буып- түйеді.

Картоп түйнектерін сұрыптап алғанда орташа үлгілерді сұрыптау актісін екі дана етіп шығарады. Біреуін үлгілерді жіберетін мемлекеттік сортсынау участокта сақтайды, ал екіншісін топырақ бақылауының мемлекетгік сортсынау станциясына және мемлекеттік сортсынау учачтокқа үлгілермен бірге жібереді. Акт ішінде дақыл аты, сорт, партия нөмірі мен көлемі, үлгілерді тексеруге жіберген мемлекттік сортсынау участоктың толық аты мен мекен жайы беріледі. Әр сортқа арналған сорт күәлігін актпен бірге жібереді.

Картоп сорттарының түйнектерінің үлгілерін пломбалайды немесе мемлекеттік сортсынау участоктың мөрімен бекітеді. Оформлениесі (дайындауы) дұрыс жасалынбаған үлгілерді екпейды. Осы жайлы үлгілерді жіберген мемлекеттік сортсынау участокты және тиісті инспектура бастығын хабарлайды.

Үлгілерді картоп егісі басталмай тұрып екі апта бұрын жібереді. Суық басталу мүмкіндігінен жіберілетін заттарды қағазбен, паклямен немесе басқа заттармен жылытып қаптайды.

Барлық картоп сорттардың түйнектерінің үлгілерін тіркеу журналына кіргізеді. Еккенге дейін басқа сорттар қоспалардың бар болуын анықтайды. Сараптауды өткізгенде ауру және зақым тиген жарамсыз түйнектерді, аурулардың түрін атап бөлек шығарады.

Мемлекеттік сортсынау участок картоп үлгілерін егу жоспарын жасайды. Әр делянкаға сорт аты және регистрация нөмірі жазылған этикеткаларын қойдырады.

Топырақ бақылауға арналған барлық сау сорт түйнектерін егеді. Дұрыс бақылау үшін көшет материалын екі қатарлы делянкаға егеді. Әр қатарда 25 түйнек орналасуы керек.

Грунтконтроль участоктарында өсімдіктерді күтіп баптау жұмыстары конкурсты сынақ участоктарына сәйкес жүргізіледі. Өсіп өну кезінде келесі фазалар байқалады: өскіндер шыға бастаған және толық шыққан фазасы, өсімдіктің жаппай гүлдеу фазасы, сабақ жапырақтарының жаппай құрау фазасы және басқа картоп аурулары, зиянкестері.



Гүлдеу кезінде сорттар апробациясын өткізеді, басқашалап айтқанда морфологиялық белгілер бойынша нағыз сортты анықтайды. Сорт тазалығын анықтағанда Мемлекеттік комиссия құрастырған картоп апробация жөніндегі пособияларымен және сорттар сипаттауымен пайдалану керек. Пәлек (ботва) құрғап кеткен соң өнімді жинайды. Ал кеш пісетін сорттарды, егер оларда пәлек ауруы байқалмаса үсік басталмай тұрып жинап алады. Жинау кезінде қоспаларды түйнек түсі мен пішіні, шұқыр жерлері бойынша айырады. Есептің және бақылаудың қортындыларын дала журналына кіргізеді.

Қоспа пайызын өсімдіктер жалпы санынан шығарады.



Дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық дақылдары мен картоптың топырақ бақылауының қортындыларын мемлекеттік сортсынау участоктар сынақ біткеннен кейін ІО.күн өткен соң өз облысының инспектурасына немесе Мемкомиссияға жібереді.

Мемлектеттік сортсынау участоктардың меңгерушілері топырақ бақылаудың қортындыларын сортсынау жөніндегі жылдық есеп беруіне кіргізеді.

Сорт тазалығы 90 % төмен ұрықтармен егілген сынақтарды инспектура бастықтары сынақ жарамсыздығына жатқызады. Дәнді, дәнді ірі бұршақты, жармалық дақылдарының ұрықтары сорт тазалығы жағынан II категориядан төмен болса және картоп ұрықтары сорт тазалығы жағынан III категориядан төмен болса оларды ауыстыру қажет етеді.

29. Тұқымдар және көшет материал құжатгары
172. Ұрықтардың егістік қасиеттерін тексергенде алынған қортындылар «Үлгінің жұмыс бланкісіне» кіргізіледі, ал фитопатологиялық сараптауының қортындыларын «Фитопатологиялық сараптаудың жұмыс бланкісіне» кіргізеді. Сараптаудың жұмыс бланктарының барлық графаларын толтырады. Әр толтырылған бланкқа нөмір қояды. Нөмірлендіруін әр жыл сайын 1 қаңтардан бастайды. Сараптау өткізген адамдар және мемлекеттік сортсынау участоктың бастығы бланктарға өз қолдарын қояды. Осы бланкттарды басқа құжаттармен бірге сақтайды.

173. Мемлекеттік сортсынау участок ұрықтармен бірге күәлікті тиісті форма бойынша басқа мемлекеттік сортсынау участоктарға өндірістік сынауға жібереді. Күәлікті мемлекеттік тұқымдық инспекция анализінің қортындылары негізінде толтырады. Ал сорт қасиеттері бойынша апробация акті немесе дала журналының қортындылары негізінде толтырады.

174. Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекттік сортсынау участоктарға карантин сертификаты болмайынша шетелден алынған ұрықтармен егісті жүргізуге болмайды.

Жеміс, жидек, субтропикалық дақылдар және жүзім бойынша алынған ұрықтар, қалемшелер, сұлама бұтақтар, тамыр отпрысктар үшін арнайы акт толтырылады. Осы акттың ішіне аналық өсімдіктер орналасуын, жасын, нөмірін, әр өсімдіктен алынған қалемшелер, сұлама бұтақтар, ұрықтар санын, дайындаудың мерзімін, буып-түюдың әдісін және орындарын жазады.

175. Жеміс питомниктардан және ғылыми-зерттеу институттарынан алынған телітушілермен, тікпе көшет және қалемшелермен бірге сорт күәлігі және карантин сертификаты мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарға жіберіледі. Жеміс-жүзім мемлекеттік сортсынау участоктарда бүкіл көшет материалы мен қалемшелерін «Көшет материалы мен қалемшелерді есепке алу кітабына» енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет