16 тарау
48. Селекция жетістіктерін пайдалануға рұқсат ету өтініші бойынша
шешім қабылдау регламенті
239. Пайдалануға рұқсат ету үшін өтіншті дайындау және тапсыру жөніндегі Нұсқау (1 қосымша), Эксперт советтің өтінішті қабылдау немесе қабыл алмау туралы шешім және мемлекеттік сынау қортындылары туралы шешімі пайдалануға рұқсат етілген селекция жетістіктерінің Мемлекеттік тізбесіне өзгерістер енгізу Регламенттің заңды негізі болып саналады.
Регламент Республикалық комиссияның мәжілістерінде селекция жетістіктеріне енгізілген өзгерістер бойынша қаралады және оны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді.
Стандарт сортпен салыстырғанда сорттардың өнімділігі, аурулар мен зиянды жәндіктерге төзімділігі, өнім сапасы және басқа да шаруашылық-биологиялық қаситеттері олардың шаруашылықта пайдалылығының негізгі көрсеткіштері болып саналады.
240. Регламентті орындау тәртібі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жыл 28 тамыздағы № 780 қаулысымен бекітілген ауылшаруашылық өсімдіктерінің сорттарын сорттарын сынау Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Сынақ өткізу барысында Мемкомиссия бекітілген әдістемені басшылыққа алады. Сонымен қатар Мемкомиссияның өзге мемлекет озық мекемелеріндегі сынақ нәтижелерін қолдануға құқығы бар.
Негізгі ауыл шаруашылық дақылдар сорттарының шаруашылықта пайдалылығы конкурсты кішкентай делянкалы сынауда және өндірістік сынауда анықталады. Осы сынаулар мемлекеттік сынау методикасы бойынша мемлекеттік сортсынау станцияларда және мемлекеттік сортсынау участоктарда, лабораториялық зерттеулерде және арнайы фитопатологиялық тәжірибе участоктарда өтеді. Copттар түрлерінің тізімін Мемкомиссия бекітеді. Салыстыру үшін пайдалануға рұқсат етілген негізгі сорттар ішінен стандарт сортты Мемкомиссия анықтайды.
Өткізілген мемлекеттік сынаулар қортындылары бойынша облыс инспектуралар Мемлекеттік комиссияға төмендегі мәліметтерді жібереді:
1) тиісті форма бойынша сыналатын сорттарының негізгі көрсеткіштері;
2) сорттармен пайдалануға рұқсат ету туралы түсіндірмелер;
3) сынаудан алдыруын дәлелдеу таблицалары.
Осымен бірге облыс инспектуралар пайдалануға рұқсат етілген сорттар бойынша ұсынған өзгерістер Тізімін облыстар мен пайдалануға рұқсат етілген селекция жетістіктерінің мемлекеттік тізбесіне жібереді.
Мемлекеттік комиссия мамандары алынған қортындылар бойынша Эксперт совет мәжілісінде келесі сорттар тізімін дайындайды:
1) республикада бірінші рет пайдалануға рұқсат етілген;
2) кейбір облыстарда пайдалануға рұқсат етілген;
3) кейбір облыстарда пайдалануға рұқсат етілмеген;
4) республикада пайдалануға рұқсат етілмеген;
5) республикада сынаудан алынған;
6) перспективті сорттар.
Осымен бірге Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекция жетістіктерінің Мемлекеттік тізбесіне өзгерістер Тізімі енгізіледі.
Эксперт советтің шешіміне байланысты әр өтініш бойынша ресми қорытынды бекітіледі. Осы қорытынды Республикалық комиссияның мәжілісінде қарастырылып бекітіледі.
17 тарау
49. Сараптау үшін үлгіні іріктеп таңдап алу
241. Химиялық және технологиялық сараптамаларды өткізу үшін және өнім сапасын бағалау үшін орташа үлгіні МЕСТ және методикаға сәйкес мемлекеттік сортсынау участоктардан және мемлекетгік сортсынау станциялардан алады.
Республикалық лаборатория химиялы-технологиялық сараптамаларды заказдар - жоспарлары негізінде жұмыс істейді. Заказ-жоспарының ішіне облыс бойынша барлық сыналатын сорттар сарапталуы кіру керек. Стандартпен салыстырған пайдалануға рұқсат етілген барлық сортсынау участоктардың сорттар үлгілерді лабораторияға жіберіледі.
Орташа үлгі сыналатын сортқа сәйкес болу керек. Сондықтан мемлекеттік сортсынау участоктардан үлгіні іріктеп алу және оларды сараптамаға дайындау жұмыстары аса ұқыптылықпен өткізеді.
Сүрлемге егілген жүгері, күнбағыс, құмай жүгері сияқты өсімдіктердің орташа үлгілерінің құрамына өсімдіктің жер үстіндегі органдары (сабақ, жапырақ, жеміс) кіру керек. Сорттың жеке өсімдіктері немесе олардың вегетативті және репродуктивті органдары химиялық құрамы және технологиялық қасиеттері жағынан бір-бірінен қатты айырылады. Өсімдіктерді бірдей биіктікте шауып алу керек және сабақ жапырақта біркелкі кесілуі керек.
Сараптаманың мақсатына қарай үлгілерді өсімдіктерді өсіп өну кезеңінің соңында делянкалардағы өнімді таразыға тартқан кезде жинап алады. Кептірілген және іріктеп алған өнімнен сұрыпталған өнімнің орташа үлгілерін алады.
Таңертең ауа ыстық болмай тұрып қысқаша мерзімде үлгілерді іріктеп алады. Үлгілер жаңбыр жауғанда, суарғанда немесе осылардан кейін алынбайды.
Ылғалдылықты анықтау мақсатымен үлгілерді іріктеп алғанда ылғал жоғалмау үшін арнайы шаралар қолданады.
Сараптауға арналған үлгілерді посылкалармен Мемкомиссияның лабораториясына жібереді, ал тез бұзылатын үлгілерді мемлекеттік сортсынау участоктардың мамандары апарады.
Ең алдымен және бірінші кезекте пайдалануға рұқсат етілген немесе перспективті сорттар үлгілерінің сапасын бағалайды. Үлгілерді жібергенде осы жайлы этикеткаға немесе жеке хатқа жазып хабарлау керек.
50. Дәнді, жармалық, дәнді ірі бұршақты және майлы дақылдар
242. Химиялық және технологиялық сараптамаға арналған үлгілерді іріктеп алғанда мемлекеттік сортсынау участоктардың мамандары мемлекеттік стандартта жазылған «Ауыл шаруашылық дақылдарының ұрықтары. Үлгілерді сұрыптап алу» атты ережелермен нұсқау етіп қолданады. МЕСТ 12036-85.
Орташа үлгілерді тазалаған, іріктелген, таразыға тартып өлшеген және артық ылғалдылық болса кептірілген ұрықтардан алады.
Орташа үлгі ұрықтар салынған қаптардан немесе қоймалардан бірнеше жерден алады (түбінен ортасынан және бетінен). Орташа үлгі конусты щуппен алынады.
Алынған ұрықтарды бір жерге жинайды. Үлгінің ұрықтарын тегіс жер бетіне төгіп, екі төртбұрыштар жасайды. Ұсақ тұқымдылар шаршыларының қалыңдығы 1,5 сантиметр, ал ірі тұкымдылар шаршыларының қалыңдығы 5 сантиметр жоғары болмау керек (азыктық ірі бұршақтар, жаңғақтар және тағы басқа). Осыдан кейін планкалар көмегімен тұқым төрт бұрышын екі диагоналы бойынша төртке бөледі. Екі қарама қарсы үшбұрыштардың дәнін алдыртып тастайды, ал қалған екеуінен дәнді жинап, қайта төртұрыш жасайды. Оларды жаңағы әдіспен тағы төртке бөліп екі бөлігін қалдырады. Осы жұмысты орташа үлгінің керекті мөлшерін алғанша қайталайды.
Мемкомиссияға жіберілетін үлгілерінде ешқандай өлі cop (топырақ, әр түрлі қоңыш) арамшөп және басқа мәдени дақылдар дәндері, зиянды қоспалары болмау керек (қастауыштар, қара күйе, галлдар нематодтар және тағы басқа).
Түрлі аурулар мен зиянды жәндіктерден бұзылған үлгілер лабораторияға сараптамаға жібермейды. Лабораторияға технологиялық сараптамаға жіберілетін орташа үлгілер массасы келесі көлемде болу керек:
1) жүмсақ бидай - 2,5 кг.;
2) қатты бидай және қара бидай - 3,5 кг.;
3) арпа, сұлы, қарақүмық, тары, күріш, бұршақ, басқа дәнді ірі бұршақты дақылдар - 0,5 кг;
4) Күнбағыс, арахис, үпілмәлік, қытай бұршақ, зығыр, сафлор, көкнәр, күнжіт, қыша, panс, арыш, қышабас - 0,5 кг.
Үлгілерді мата қаптарға салып екі ішкі және сыртқы этикеткаларын жабыстырады. Этикеткалардың сыртына жазады:
1) сортсынау участок және облыс;
2) дақыл және сорт аты;
3) алғы дақыл;
4) 14 % ылғалдықта өнім көлемі, ц/га;
5) 1000 тұкымдар массасы, г;
6) натура, г/л;
7) өнім жылы.
51. Азықтық дақылдар
243. Азықтық дақылдарының көк балауса үлгілерін іріктеп алу осы дақылдардың өнімін жинау фазасында Мемлекеттік комиссияның ережелеріне сәйкес алынады.
Көпжылдық өсімдіктер бойынша химиялық сараптама үшін үлгілер жыл сайын егілген егістіктер 2-3 жыл ішінде әр бір шөп шабу алдында алынады.
Әр сорттың делянкаларынан өнімді таразыға тартқанда массасы 3-5 кг. орташа үлгіні алдырады. Жалпы үлгіні 2-3 см. дейін тездетіп ұсақтап тастайды, жақсы араластырып құрғақ заттың қандай мөлшерде болуын анықтау үшін массалары 0,5 кг. екі орташа үлгілерін алады.
Ферменттер мен микроорганизмдердің әсерін токқтату мақсатымен химиялық анализге арналған үлгілерді термокептіргішпен кептіреді. Осы үшін үлгілерді ашық картон коробкаларға немесе қағаз лотоктарға салып кептіргіш шкафта 80-90°С 30 минут қыздырады. Одан кейін 40-60° С темературада өсімдік шөбі сыңғақ болғанға дейін кептіреді.
Сүрлем жүгерінің, ылғалдығын, химиялық құрамын айыру үшін бір- бірінен бөлек орналасқан екі делянкадан собық және сабақ жапырақ үлгілерін алады, Собық массасы 4 кг., сабақ жапырақ массасы 8 кг. кем болмау керек. Сүттену кезіндегі собықтарды үлгіден шығарып тастайды. Үлгілердің өлшеу дәлдігі 0,1 кг. дейін болады.
Орташа үлгілерді 2-3 см. дейін ұсақтап, жақсылап араластырып дәке қаптарға салады. Ылғалдылықты анықтауға дейін үлгілерді жел кіретін бөлмеде сақтайды.
Ылғалдылықты анықтау алдында үлгілерді қайтадан өлшеп айырмасын есепке алады. Лабораторияда химиялық сараптамадан өткізу үшін массасы 0,5 кг. үлгілерді сұрыптап алады.
Егер мемлекеттік сортсынау участогінде үлгіні ұсақтауына мүмкіншілік болмаса, онда осы жұмыстарды кейінірек лабораторияда өткізеді. Ұсақтаудың алдында үлгінің құрғақтығын анықтау үшін оларды қайтадан таразыға тартып өлшейді.
Сүттеніп-балауызданып пісуіне жетпеген жүгері бойынша мемлекеттік сортсынау участоктар лабораторияларында үлгілерді іріктеп алу жұмысы көк балаусаның ылғалдылығын анықтау үшін өткізеді.
Сүрлем дақылдарының үлгілерін іріктеп алуын келесі тәртіппен өткізеді. Осы сүрлем дақылдар үлгілерінің жеке өсімдіктер массасы 1 кг тең болады. Жинау алдында әр делянкадан үлгіні алдырады. Өсімдіктерді бөліп кестірмей алады. Кең қатарлы егістерде үлігінің ішіне делянканың 4-6 өсімдіктері кіреді.
Сыналатын сорттың екі қайталауынан алынған үлгі бауларын бір үлгіге жинайды. Өсімдіктерді сабақтарға, жапырақтарға және гүлшоғырыларға бөледі. Әр фракцияны бөлек өлшейді, 4-6 см. дейін ұсақтайды және фракцияның массасына қарай одан орташа үлгіні шығарады. Мысалы, сабақтар көлемі - 50%, жапырақтар көлемі - 37,5%, гүл шоғырлар - 12,5% тең. 1000 г. сабақтар, 750 г. жапырақтар және 250 г. гүл шоғырлар қосылады. Іріктеп алынған үлгіні қайтадан ұсақтағаннан 0,5 кг орташа үлгіні алдырады. Ылғалдылықты анықтау үшін оны тағы да ұсақтайды. Лабораторияға химиялық сараптамаға жіберілетін азықтық дақылдар үлгілерінің массасы - 0,5 кг. тең болу керек. Үлгілерде сыртқы және ішкі этикеткалар болу керек. Олардың сыртына жазады:
1) сортсынау участок, облыс;
2) дақыл және сорт аты;
3) егу жылы;
4) үлгі алынатын өсімдіктер өсу фазасы;
5) шөп шабу (бірінші, екінші ж.т.б.);
6) көк балаусаның өнімі, ц/га;
7) ылғалдылық, %;
8) құрғақ заттың өнімі, ц/га;
9) дәннің өнімі, ц/га.
Жер алмұрттың көк балауса үлгілерін химиялық сараптама жасау және құрғақ затты тексеру үшін оларды іріктеп алу әдісі ірі сабақты сүрлем дақылдарына ұқсас түйнектердің орташа үлгілерін жинау кезінде алдырады. Химиялық сараптамаға арналған үлгі 20 түйнектерден тұру керек (әр қайталаудан 10 түйнектер). Түйнектердің құрғақ затын анықтауы тамыр -жемістердің қабылданған методика-сына сәйкес өткізеді. Жинаудан кейін түйнектер үлгілерін жәшіктерге жинап химиялық лабораторияға посылкамен жібереді. Әр сортты жіберер алдында құрғап қалмау үшін қатты қағазбен орайды.
52. Көкөніс, бақша дақылдары және картоп
244. Химиялық сараптамаға үлгілерін көкөніс сынама үлгілерін келесі тәртіппен алады:
1) сынама үлгілерді өнімнің тек стандартты жерінен алдырады;
2) әр делянкадан алынған өнімнің түрлі жерлерінен көкөністерді алдырады. Барлық делянкалардың (қайталаулардың) бөлек выемкаларын араластырып орташа үлгіні алады.
Химиялық анализге арналған үлгілерді барлық қайталаулардың өнімінен алады.
Басты пияздың орташа үлгілерін кептіру мен пісіп жетілгеннен кейін алады. Қант жүгерісінің үлгілерін бірінші өнім жинауда алдырады. Көкөніс дақылдардың орташа үлгілерін жинау алдында алады. Салатты, саумалдықты, балдыркөкті және петрушканы тамырларымен жұлады, ал қымыздықтың жапырақтарын жұлады, рауғаштың бұтақ саптарын алдырады. Шалғамның үлгілерін екінші өнім жинауда алдырады. Ерте пісетін және ортаңғы пісетін картоп сорттарының химиялық сараптамасын екінші, үшінші және төртінші қазуларында өткізеді. Күздік-қыстық діңкелер сорттарының үлгілерін жинау күні және жетіліп піскеннен кейін алдырады.
Келесі сорттар бойынша орташа үлгінің массасы:
1) ашық немесе жабық алаңдардан көкөніс дақылдарының және картоптың химиялық сараптамаға арналған орташа үлгінің массасы - 2кг;
2) дақылдардың: жапырақты және кочанды саумалдық, қымыздық, петрушка, аскөк, балдыркөк және рауғаш - 1 кг;
3) капуста және бақша дақылдар бойынша бір кочанды алады.
Этикеткаларға міндетті түрде жазылатын көрсеткіштер:
1) сортсынау участок, облыс;
2) сорт және дақыл аты;
3) үлгі алынған күні;
4) үлгінің массасы, кг;
5) қазу (екінші, үшінші және соңғы жинау).
Ашытқан капуста, тұздалған қияр және қызанақ үлгілерін дегустация өткізген күні алдырады. Ашытқан капустаны суымен бірге 1 кг., қияр мен қызанақты 1 кг. және тұздығымен жарты литр алады.
Технологиялық өңдеуіне арналған орташа үлгінің массасы келесі мөлшерде болады: қызанақтар - 16 кг., қант жүгері - 20 кг. (собықтар), түрлі-түсті, ақ кочанды капуста - 15 кг., қызыл кочанды капуста - 10 кг, баялды, кәді, патиссондар, көкөніс үрме бұршақ, қызылша, сәбіз, рауғаш, қияр, тәтті бұрыш - 10 кг., жасыл бұршақ - 10 кг. немесе тұқымдар - 5 кг.; лима үрме бұршақтан - 8 кг.
245. Консервінің бір түрін шығарғанда сорт бойынша орташа сынама үлгі үлкейеді.
Барлық дақылдардың орташа үлгілерін химиялық лабораторияларға жиналған күні жібереді. Ал картоп үлгілерін лабораторияға жинаудан кейін үш күн өткен соң жібереді. Үлгілерді тасып апарғанда күн сәулесінен және жаңбырдан сақтау керек.
Қант және аршығыш бұршактың, көкөніс үрме бұршақтың, қант жүгердің және жасыл жапырақты көкөністердің химиялық анализін міндетгі түрде үлгілерді жинау күні өткізеді. Сондықтан олардың үлгілері күннің бірінші жартысында лабораторияға жіберіледі. Түрлі түсті капуста, қияр, бұрыш, баялды, сәбіз және басқа тамыр жемісті өсімдіктердің үлгілерін жинаудан кейін екінші күні зерттейді. Ақ кочанды капуста, қызанақ, азықтық тамыр жемісті өсімдіктер, қарбыз бен қауындар бойынша анализдерді екі күннен кейін өткізеді, ал капустаның анализін 10 күннен кейін өткізеді.
Химиялық лабораторияларда түрлі түсті капустаның, қиярдың, бұрыштың, сәбіздің, шалғанның үлгілерін тоңазытқышта немесе қоймаларда +3-5 °С температурада сақтайды.
Лабораторияға жіберетін үлгілерді жәшіктер мен корзиналарға салады. Қызанақтарды 10 кг. көтеретін жәшіктерге салады.
Сорттарды бір-бірінен бөліп стандарт этикеткаларын жабыстырады. Осы этикеткаларға жазады:
1) сортсынау участок;
2) дақыл, сорт аты;
3) жинау мерзімі;
4) үлгілер массасы.
53. Жеміс, жидек, субтропикалық, цитрус және жаңғақ жемісті дақылдар
246. Химиялық сараптама шаруашылық жемістенуден бастап 2-3 жылдар бойы өтеді. Жыл сайын өнім бермейтін жеміс сорттарының ағаштарын аз өнімді жылдары зерттемейді.
Сараптаманы жемістер толық піскен кезде өткізеді. Технологиялық өндеуге арналған жеміс жидектердің химиялық сараптама жемістің техникалық піскен кезінде өткізіледі.
Химиялық сараптамаға арналған үлгілерін өнім жиналған күні іріктеп алдырады. Алма және алмұрттың қыстық сорттары, цитрус дақылдарының және құрманың сорттары бойынша үлгілерді іріктеп алуын пайдалану пісудің кезінде бір рет өткізеді, ал жеке мемлекеттік сортсынау участоктарда Мемкомиссия жоспары бойынша үш рет өткізеді: өнім жиналған күні, жәшіктерді сорттарға бөлгенде және сорттарды сақтаудан алдырғанда.
Жемістерді (жидектерді) барлық қайталаулардан алдырады. Сондыктан сорттың барлық қайталаулары бойынша массасы 2 кг. орташа үлгі алынады және химиялық сараптамаға жібсріледі. Піспеген, әбден піскен, аурулар мен зиянды жәндіктерден зиян шеккен, механикалық зақым алған жемістерді үлгілерге қоспайды.
Сақталу қасиетін айыру үшін сақтауға салған үлгілерден сақтауға қояр алдында үлгіні алып оны сараптайды.
Тазаланған жаңғақтарды анықтауына арналған үлгіні грек жаңғақтың, орман жаңғақтың жемістерін алады. Тазалаудан кейін химиялық лабораторияға массасы 1 кг. үлгіні жібереді. Ол үшін жаңғақтарды төртбұрыш түрінде тегістейді және оларды екі диагоналы бойынша төрт үшбұрыштарға бөледі. Екі қарама - қарсы үшбұрыштарды алдырып тастайды, қалған екеуін араластырады және қайтадан төрт үшбұрыштарға бөліп қарама қарсы үшбұрыштардан жаңғақтарды алдырып тастайды. Екі қарама - қарсы үшбұрыштарда 1 кг. жаңғақтар қалғанынша осы жұмыстарды қайталай өткізе береді. Егер жинау кезінде барлық жаңғақтар аршылса, онда массасы 6 кг. орташа үлгіні алдырып химиялық анализ үшін үлгіні жоғарыда көрсетілген әдіспен алады. Тазаланған жаңғақтарды өлшегенде ылғалдылықты анықтау үшін 100 жаңғақтар үлгілерін бөлек алады.
247. Корзиналар мен жәшіктерге жеміс жидектер үлгілерін салып химиялық лабораторияға жібереді. Сорттар араларына қалқалар салып, этикеткаларды жабыстырады. Осымен бірге сараптамаға жіберілетін сорттар тізімін де береді. Үлгілердің этикеткаларына жазады.
1) сортсынау участок, облыс;
2) дақыл;
3) сорт аты;
4) жинау мерзімі;
5) үлгілер массасы, кг.
Тез бұзылатын дақылдарының үлгілері, мысалы қызыл шие, шие, шабдал, бүлдірген, қарақат, крыжовник, таңқурай, інжір, құрманың ерте пісетін сорттары лабораторияға іріктеліп алынған күні жіберіледі. Осы дақылдарының үлгілерін мүмкіндігіне қарай осы күні зерттейді, ондай мүмкіншілік болмаса міндетті түрде екінші күні зерттеуге тиіс. Сараптамаға дейін үлгілерді тоңазытқышта +3-5°С температурада сақтау керек.
Жеміс жидектер орташа үлгілерін технологиялық қасиеттерін бағалау үшін әр қайталаудан бірдей және көптеген жерлерден алдырады (бестен кем емес): жәшіктер, корзиналар, решеттер ж. т. б. Ережеге сәйкес іріктеліп алынбаған үлгілерді сараптамайды. Орташа үлгінің жалпы массасы келесі мөлшерде болу керек: алма, алмұрт, алқоры - 15 кг., слива, алша, өрік, шабдалы, бүлдірген, таңқурай, қарақат, крыжовник - 10 кг., компот және қайнатпа істеуіне інжірдің 5 кг. және кептіруне 10 кг., тұздауға маслиналардың жасыл және қара жемістері - 5 кг. Жеміс жидектерді өңдеудің екі немесе одан көп түріне сынайтын болса алынатын орташа үлгілер санын да көбейтеді.
Сүйекті дақылдардың жинауы (қызыл шие мен шиеден басқаларын) техникалық пісу кезінде өтеді. Осы кезде жемістер дұрыс форма мен түске жетеді, бірақ жеміс балдыры термикалық өңдеуге (булауға, стерилдеуге) дайын болмайды, өйткені олар әлі қатты болады.
Қызыл шие мен шиенің үлгілерін толық піскенде алады. Алма мен алмұрт сорттарын жинау пісуінде зерттейді, алқоры сорттарын техникалық пісуінде зерттейді.
Компот және қайнатпа жасау үшін інжір сорттарын техникалық пісуінде жинайды, ал кептіру үшін толық піскен фазада жинайды. Анарларды толық піскен кезінде зерттейді.
Лабораторияға жіберілетін үлгілерді келесі ыдыстарға салады: бүлдірген мен таңқурайды сыйымдылығы 2 кг. решеталар мен кузовкаларға, қарақат, крыжовник, слива, шие, қызыл шие, інжір - 5 кг. көтеретін решеталарға, өрік, шабдалы, маслиналарды - 5 кг. көтеретін жәшіктерге, алмұрт, алма, мандариндар мен грейпфруттарды стандарт жәшіктерге. Решеталарды басқа жерге апарғанда папкаларға біріктіреді. Әр үлгіге этикеткаларды қойдырады. Осымен бірге лабораторияға жіберілетін сорттар мен дақылдар тізімін жасайды.
Іріктеп алынған жеміс жидектерді лабораторияға терген күні жібереді, ал өңдеуден екінші күні өткізеді. Бүлдірген, таңқурай, қарақат, крыжовник, қызыл шие, шие, шабдалы, інжір үлгілерін бұзылмайтындай ету керек, сондықтан оларды лабораторияға күннің бірінші жартысында жіберу керек.
Шарап материалдарын шығаратын жүзім сорттарының үлгілерін 30-50 кг. жібереді (перспективті сорттардан 70 кг.). Жүзім шырыны шығаратын жүзім үлгілерінің массасы 10-16 кг. болу керек.
Үлгілердің іріктеп алуын өткізгенде мемлекеттік сортсынау методикаларды нұсқау етіп қолданады.
18 тарау
55. Сынақ нәтижелерін статистикалық жолмен есептеу
248. Мемлекеттік сортсынау участоктарында дала жұмыстарына қойылатын ең негізгі талабы - нәтижелердің дұрыс болуы. Сорттардың айырмашылығын анықтау үшін сынақтың нәтижелерін статистикалық дисперсиялық анализ әдісімен есептеу. Осы әдіспен сынақтың (Р%) қатесін (дұрыстығын), сынақ бойынша орташа қатесін Е ц/га), ең кішкентай айырмашылықты (баға критерийларын) анықтайды. НСР0,95 қолданып өнімділік бойынша сорттардың топтастыруын өткізеді және пайдалануға рұқсат етуге ұсынған сорттар бойынша өнімділіктің қосымша мөлшерін есептейді.
Статистикалық есепті мемлекеттік сортсынау участоктарының мамандары өткізеді немесе келісім шарт бойынша міндетті түрде Мемлекеттік комиссияда құрастырылған бағдарлама бойынша есеп орталығында EC ЭЕМ өткізеді. Статистикалық есеп қортындылары Мемлекеттік комиссия мен инспектураларға өнім жинаудан кейін екі жетінің ішінде жіберілуі керек.
Сорттың өнімділігін көрсететін көрсеткіштер статистикалық есептен өткізіледі (дәннің, үрықтардың, жемістердің, түйнектердің, тамыр-жемісті өсімдіктердің, салалы зығырдың, шитті мақтаның, өсімдіктің құрғақ затын, жемшөпті тамыр-жемісті өсімдіктердің, жібек құрттың ж.т.б. өнімділігі). Осымен бірге қант қызылшаның қанттылығы мен гектардан алынған қантты статистикалық есептен өткізеді және көпжылдық дақылдар бойынша өнім және таблица бойынша (31 - қосымша) «арксинус пайызға» кіргізілген зерттеу пайызды да статистикалық есептен өткізеді.
Мемлекеттік сортсынау участоктарында статистикалық есептерді жүргізгенде «Бір факторлы сынақты статистикалық есептен өткізгеннен алынған қортындылар» атты 166 форманы қолданады. Ал есеп орталығына есептеу мақсатымен сортсынау нәтижелерін жібергенде «Бір факторлы және екі факторлы сынақтарды математикалык есептен өткізу» атты формамен қолданады. Дақыл бойынша жылдық есеп беруінде, сыналатын сорттардың негізгі көрсеткіштерінде (119, 120, 150, 161 формалар), сорттық пайдалануға рұқсат ету туралы ұсыныстарында, мемлекеттік сортсынауларының қортындылары жайлы пункттарда статистикалық есептің қортындылары беріледі.
Сынақ нәтижелерінің бірнеше бөлшектерге бөлінуі және қателерден пайда болған кейбір нәтижелер дисперсиялық анализдің классикалық схемасы болып табылады. Әр осындай түрлендіру екі статистикалық мөлшермен белгіленеді:
1) нәтижелер санына тең «еркіндік дәрежесінің санымен»;
2) жалпы орташа мөлшерінен басқа, әдетте «екі еселеудің қосындысы» деп аталатын сынақ нәтижелердің екі еселеуінің қосындысымен.
Дисперсиялық анализ басынан ауытқып кету немесе үдей түсу әдістерімен өткізіледі. Сорттар мен қайталауларға арналған көрсеткіштерді жалпы түрлендіруден алдырғанда қалдық түрлендірудің мөлшері (қатенің дисперсиясы) анықталады.
Жалпы немесе жеке дисперсияның есебіне тоқталмаса, қалдық түрлендірудің немесе қатенің дисперсиясының есебі тездетіліп өткізіледі. Осындай жағдайда дисперсиялық анализ вариант бойынша ортаңғыдан ауытқып кету әдісімен өткізіледі.
56. Бір факторлы сынақтарды есептеу.
249. Осы Методиканың 32-қосымшасында мысал ретінде статистикалық есепте пайдаланылатын мәліметтер беріледі.
Кез келген әдіс бойынша міндетті түрде делянка көрсеткіштерін қосады. Көлденең бойымен қосылғандарды сорттар бойынша S белгімен белгілейді, ал тік жолымен қосылғандарды қайталаулар бойынша Р белгімен белгілейді.
Q белгімен белгіленген S шамалардың қосындысын есептеп шығарады. Р шамаларды қосқанда да өнім қосындысы осындай мөлшерінде шығады. Есепті тексеру үшін және Q мөлшерін көлденең және тік қосуымен анықтау үшін осы жағдаймен пайдаланады.
Әр қосындысын S қайталаулар санына бөлгенде, мысалы 4-ке, сорттар бойынша орташа өнімін аламыз. Осы өнімдер келесіде стандарт (біздің мысалда 14 % - ты) ылғалдылығына әкеледі.
Өнімдердің жалпы қосындысын Q делянкалардың жалпы санына Nn бөлгенде бүкіл сынақ бойынша ортаңғы өнімділікті М аламыз. Осында N - сорттар саны және п- сынақ қайталауы. Біздің мысалда М= 1652,8: 48= 34,4.
Дисперсия анализінің техникасы әр әдісте әр түрлі болады және төменде сипатталады. Үш әдістермен өткен дисперсия анализінің соңғы қорытындылары бірдей болады. Сондықтан кез келген қорытындымен пайдалануға болады.
*Еркіндік саны орташа мелшерінен ауытқып кеткен жеке бақылау саны болып табылады. Егер тек екі 8 және 12 бақылаулар болса және олардың ортаңғысы 10 тең болса, онда бір айырмашылықтың мөлшері 12-10=2 тең болады, ал екіншісі кері белгісімен бірінші айырмашылығының мөлшеріне тең болады 8-10—2. Үш бакылаулардың (8,12,13) екі айырмашылықтары тәуелсіз болады (8-11= -3 және 12-11=1), ал үшіншісі кері белгісі бар алғашқы екі қайталаулардың қосындысына тең болады (13-11= 2 немесе -3+1—2). Сонымен еркіндік саны әрқашанда бақылау мөлшеріне тең болады.
57. Вариант бойынша ортаңғыдан ауытқып кету әдісі
250. Өнімділік нәтижелері (осы Методиканың 32-қосымшасында) бойынша сорттардың орташа өнімділік пен сынақ бойынша орташа өнімділік (М) есептелгенінен кейін есептерді келесі тәртіппен өткізеді.
251 Сорт бойынша делянка өнімділіктің орташа өнімділіктен айырмашылықтар таблицасын жасайды (∆у).
Қаралған мысалда бірінші сорт бойынша: 34,0-36,2—2,2; 34,5-36,2=-1,7; -38,0-36,2= 1,8; 38,3- 36,2= 1,8; 38,3-36,2= 2,1; екінші сорт бойынша: 36,6-37,5=-0,9; 38,0-37,5=0,5; 36,4-37,5=-1,1; 39,0-37,5=1,5 ж.т.б (осы Методиканың 39-қосымшасы).
252. (Р) белгіні есепке алып әр қайталау бойынша айырмашылықтардың қосындысын есептейді: осы Методиканың 39-қосымшасы
1 2 3 4
-18,7 -9,7 3,3 25,1
253. Калькулятормен екі еселенген делянка айырмашылықтарын ∑(∆у)2 екі есе дәрежелеп қосындысын есептейді:
∑(∆у)2= (-2,2)2 + ( -0,9)2 +( -1,8)2+ ...+ 4,72= 174,24.
Айырмашылықтар қосымша таблицасын (∆у) жасап делянка айырмашылықтардың қосындысын шығарады.
254. Калькулятормен қайталау бойынша екі еселенген айырмашылықтарды (∑ P2) екі есе дәрежелеп қосындысын шығарады:
∑ (P)2 = (-18,7)2+(-9,7)2 +3,32 +25,12 = 1084,68.
255. Қатенің екі есе дәрежеленген қосындысын (SS0) келесі формула арқылы есептеп шығарады:
Біздің мысалымызда:
Достарыңызбен бөлісу: |