НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ
МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
ОРЫС ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
ПӘНІНЕН
А Ш Ы Қ С А Б А Қ
ҚҰЖАТТАРЫ
Аға оқытушы: Дуйсабаева Д.У.
Ташкент - 2017
№4 лекция
|
Сөйлемнiң тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерi
|
Білім беру технологиясының моделі
лекция - 4 сағат
|
Студенттер саны: 14
|
Сабақ қалпы
|
Лекция-түсіндіру.
|
Сабақтың жоспары
|
Сөйлем мүшелері туралы түсінік.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайлы түсінік
Бастауыш және оның жасалу жолдары
Баяндауыш және оның жасалу жолдары
Сөйлемнің тұрлаулыз мүшелері жайлы
Толықтауыш және оның жасалу жолдары
Анықтауыш және оның жасалу жолдары
Пысықтауыш және оның жасалу жолдары
|
Оқу процесінің мақсаты: Сөйлем мүшелері, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер және олардың түрлері,жасалу жолдары, ерекшеліктері туралы білім беру.
|
Педагогикалық міндеттер:
сабақтың мақсаты мен міндеттері, өтілетін практикалық сабақтарға бірізді логикалық сызба негізінде түсінік беру;
тақырыпқа тиісті тірек ұғымдарды және әдебиеттер тізімін беру;
сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайлы түсінік беру;
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жайлы түсінік беру;
анықтауыш және айқындауыш түрлерінің ерекшелiктері мен ұқсастықтары жөнінде толық түсінік беру.
|
Оқу процесінің нәтижелері:
лекциялық сабақтың мақсаты мен міндеттері, өтілетін сабақтарға бірізді логикалық сызба негізінде түсіндіріп береді;
тақырыпқа тиісті тірек ұғымдар және қажетті әдебиеттермен таныстырады;
сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайлы түсінік береді.
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жайлы түсінік береді
Анықтауыш және айқындауыш арасындағы ерекшелiктер мен ұқсастықтарына сұрақтар береді;
|
Оқыту методтары
|
Баяндау, сұхбат-пікірталас
|
Оқыту формасы
|
Ұжымдық
|
Оқытудың құрал- жабдықтары
|
Тиісті оқулықтар, көмекші құралдар,проектор
|
Оқыту жағдайы
|
ОТҚ-мен жұмыс істеуге жағдай жаратылған аудитория
|
Бағалау принципі
|
Ауызша бағалау: сұрақ-жауап
|
«Сөйлемнiң тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерi» лекциялық сабағының технологиялық картасы
Сабақ барысы мен уақыты
|
Жұмыс процесінің мазмұны
|
Білім беруші
|
Білім алушылар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1. Тақырып негізінде мәтін дайындау.
2. Практикалық сабақта пайдалану үшін слайдтарды дайындау.
3. Студенттердің білімін бағалау мөлшерін жасау.
4. Тақырыпқа тиісті негізгі және көмекші әдебиеттер тізімін реттеу.
|
|
1-кезең
Тақырыпқа кіріспе
(15 минут)
|
1.1лекциялық сабақтың тақырыбымен таныстырады. Экранға курстың бірізді логикалық сызбасын шығарады, жоспармен таныстырады және оларға қысқаша түсінік береді.
1.2. Лекциялық сабақтың мақсаты мен міндеттері, оқу процесінің нәтижелерімен таныстырады.
1.3. Студенттердің білімін бағалау мөлшерімен таныстырады.
1.4. Студенттердің білімі мен белсенділігін арттыру мақсатында сұрақтар береді.
|
1.Сабақтарға тыңдап тақырыпты талқылауда белсенділік таныту.
2. Сабақты тыңдайды.
3. Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
2-кезең
Негізгі бөлім
(55 минут)
|
2.1. Рower Point программасы пайдаланып слайдтарды презентация жасау арқылы тақырыптың негізгі теориялық маңызын түсіндіріп береді.
2.2.Тақырыпты бірнеше мысалдар арқылы түсіндіріп береді. Оларды слайдтар арқылы көрсетеді.
2.3. Студенттердің белсенділігін арттыру және білімін пысықтау мақсатында тапсырмалар береді.
2.4. Студенттерге слайдтардан пайдалана отырып жаңа мәлімет ретінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жайлы түсінік береді.
|
- Тыңдайды.
- Қажет болған информацияларды жазып отырады.
- Берілген сұрақтарға жауап береді.
-Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамалар мен ережелерді айқындауға әрекет жасайды.
|
3. Қорытын-ды кезең
(10 минут)
|
3.1. Тақырып бойынша студенттердің сұрақтарына жауап береді, жалпы қорытынды жасайды.
3.2. Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді.
3.3. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелеріне байланысты тапсырмалар береді.
|
- түсінбеген жерлері бойынша сұрақтар береді.
-тапсырмаларды жазып алады,
- тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу,
|
Жоспар:
Сөйлем мүшелері туралы түсінік.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайлы түсінік
Бастауыш және оның жасалу жолдары
Баяндауыш және оның жасалу жолдары
Сөйлемнің тұрлаулыз мүшелері жайлы
Толықтауыш және оның жасалу жолдары
Анықтауыш және оның жасалу жолдары
Пысықтауыш және оның жасалу жолдары
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негiзгi әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров. Қазақ тiлi. (синтаксис), Алматы. 2006.
К.Аханов Тiл бiлiмiнiң негiздерi. Алматы ,1993.
Рақыш Әмір, Жанар Әмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
М.Балақаев. Сөз тiркесi мен жай сөйлемнiң синтаксисi. Алматы, 1992.
Көмекшi әдебиеттер:
1. Т.Сайранбаев. Сөйлемнiң тұрлаулы мүшелерi. Алматы, 1991.
2. М.Балақбаев. Т. Сайранбаев. Қазiргi қазақ тiлi. Сөз тiркесi мен жай сөйлемнiң
синтаксисi. Алматы, 1997.
3. Сайранбаев Т. Синтаксистiң кейбiр мәселелерi. Алматы, 1996.
4. Қ.Есенов. Сабақтас құрмалас сөйлемнiң құрылысы.Алматы, 1982.
К.Аханов Тiл бiлiмiнiң негiздерi. Алматы, 1993.
Электрон ресурстар
1.http:/www.gov.uz/ Низами атындағы ТМПУ сайты.
2.http:/www.pedagog.uz/ Педагогикалық оқу орындарының порталы.
Тіл - қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем - сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан, әр қилы болатындықтан, соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер, олардың құрамы да түрлі-түрлі болады. Кейде бір сөйлем қызметінде жұмсалса (Түн. -Аттан! Масқара! - Көрдің бе? Көрдім - Көріне ме? – Жоқ.), кейде екі не одан да көп сөздерді, сөз тіркестерін құрастыру арқылы сөйлем жасалады.
Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы ой ерекшелігімен, стиль ерекшелігімен байланысты.
Сөйлем құрамындағы сөздер өзара тіркесу арқылы белгілі қызметте жұмсалады, басқаша айтқанда, сөйлемдегі бір сөздің сөйлем мүшесі болуына сонымен тіркескен басқа сөз себепкер болады. Мысалы, бастауышты баяндаушпен байланысына қарап (және керісінше), анықтауышты анықталатын сөзіне, қатысына қарап сөйлем мүшесі деп танимыз.
Сөйтіп, көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, оладың ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай, лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарына қараймыз. Ол мағыналар: бастауыш-баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық және пысықтауыштық болады.
Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді с ө й л е м м ү ш е л е р і дейміз.
Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер - т ұ р л а у л ы м ү ш е л е р – сөйлем атаулының ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып не тікелей соларды, не бірін-бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады. Мысалы: Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді.
Бұл сөйлемнің бастауышы - кеме, баяндауышы - тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына топтанып, екі шумақ құралған да, әр шумақтағы сөздер біріне-бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған.
Тұрлаусыз мүшелер – т о л ы қ т а у ы ш, а н ы қ т а у ы ш, п ы с ы қ т а у ы ш болып үшке бөлінеді.
Сөйлем мүшелерінің құрамы дара, күрделі, үйірлі болады.Мысалы: Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер (Дара мүшелі). Ырыс алды- ынтымақ (Күрделі бастауышты). Жері байдың – елі бай (Үйірлі анықтауышты).
Сөйтіп, мағыналық, синтаксистік қарым-қатынасы дербес синтаксистік қызмет атқаратын сөздерді, күрделі сөздер тобын сөйлем мүшесі дейміз.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Дүкенде Қарабайға жәрдемдесетін адам жоқ. Көрікті де оның өзі басады, темірді де өзі қыздырады, істі де өзі соғады.(С.Мұқанов.) Бұл сөйлемдерде әр сөз керегіне қарай өз орнында, синтаксистік қызметте жұмсалған. Сондықтан оларда айтылған ойға қатысы жоқ сөз де жоқ. Солардың басын құрастырып, әр сөйлемде айтылған ойға әрбір мүшені ортақ етіп тұрған бас мүшелер – бастауыш пен баяндауыштар: адам жоқ, өзі басады, өзі қыздырады, өзі соғады. Бұлар сөйлем құрамының діңгегі, айтылған ойлардың негізі қаңқасы. Басқа мүшелер солармен біртұтас құрамда айтылғандықтан ұтымды да, оларсыз шала-жансар, сөйлемдік қасиеті жоқ сөздер тізбегі ғана. Ал бастауыш пен баяндауыштар тобына бөлек алғанда да әрі сөйлем, әрі маңдарында басқа да мүшелердің болуын тілейтіндей әрі тіректі тіркес.
Осындай, сөйлем құрауға негіз болатын, өзара предикаттық қатынаста жұсалатын сөйлем мүшелерін – т ұ р л а у л ы (бас) мүшелер дейміз.
Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.
Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттық, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан тұрлаулы мүшелердің ең негізгісі – бастауыш, бірақ сөйлемдегі қызметі жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі.
1.Баяндауыш сөйлем арқылы айтылған ойды тиянақтап, көптеген сөздерді ілестіріп барып, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл жағынан ол – сөйлемнің ең негізгі ұйымдастырушы мүшесі.
2.Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем әшейінде арнайы айтылмай, сөйлем болымсыз болуы да мүмкін. Ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі. Әсіресе диалогта, мақал-мәтелде («қой баласы – қозыдан» сияқты) баяндауыштың «түсіп қалуы» «ықшамдылықпен» байланысты.
Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында, ол екеуі де – сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы – бас мүшелер.
Ескерту: Бастауыштар кейде формаланбаған ілік септігінде де айтылады; ондай ілік септікті бастауышы бар сөйлемнің баяндауышы не тәуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді:
Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны (Ғ.Мұстафин).Тас түсіріп тұрсам, мына біреулер жанжал шығарып тұрғаны (Қ.Әбдіқадыров).
Біз суды осы Мырзашөлге жеткізуіміз керек (С.Мұқанов). Мен Гүлжаухармен әлі жөнді әңгімелескенім жоқ (Ә.Әшімов).
Бастауыш
Бастауыштың жасалуы
Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар к і м?, н е?. Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай жоғарғы сұрақтарға да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сұрақтар сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге ж а л а ң к ү й і н д е қ о й ы л м а й д ы, баяндауыштармен қабаттаса қойылады.Мысалы: Ажар баяндама жасады (Кім баяндама жасады? – Ажар...). Айту оңай, істеу қиын (Не оңай? – Айту...не қиын? – Істеу...). Еріншектің ертеңі бітпес (Несі бітпес? – Ертеңі...)
Ескерту: Жалпы алғанда, бастауыш бола алмайтын сөз жоқ. Белгілі жағдайда (субстантивтеніп қолданылғанда), тіпті, өз алдына сөйлем мүшесі болмайды дейтін шылау сөздер де, сөз емес, сөз құрау үшін жұмсалатын жеке дыбыстар да сөйлемде баяндауыштық қызметте жұмсалуы мүмкін.
Дегенмен, сөйлемде бастауыштық негізгі қызмет атқаратын сөздер – зат есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер.
Олар түбір тұлғада да, көптік, тәуелдік қалпында да бастауыш болады:
Салиқа қырман басына келді. Ісшілер астықты элеваторға жөнелтіп жатыр. Біз жүріп келеміз. Аттар әлденеге құлақ тіге қалды. Анадайдан бірдеңе қараңдағандай болды.
Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің енді бір тобы – с а п а л ы қ е с і м д е р – сын есім, сан есім, есімше:
Қорқақ бұрын жұдырықтар. Алтау ала болса, ауыздағы кетер…Еккен орар (Мақал ).
Бастауыштар жеке сөзден болған – жалаң, көп сөзден құралған – күрделі не үйір болуы мүмкін. Күрделі, үйірлі бастауыштарға мысалдар; Күрделіге: Сөз қуған бәлеге жолығар. Жақсы жұмыс – жанға тыныс. Ырыс алды – ынтымақ (Мақал).Үйірліге: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. Аузы күйген үріп ішер (Мақал).
Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар
Сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздер, негізінде, зат есімдер болғанмен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш – субъектінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болатындықтан, сол қызметті өтей алатын заттардың аты арнаулы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан ондай зат есімдер а р н а у л ы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалға Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық. Мұнда Жарас, ағаш деген екі зат есім бар. Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған: Жарас - қимыл иесі, бастауыш, ағаш – қимылдың объектісі, толықтауыш. Олардың орнын ауыстырғанмен бірінің қызметінде екіншісі жұмсала алмайды. Оның себебі – ол екі зат есімнің екі түрлі синтаксистік қызметті атқаруға бейімділгінде: Жарас – арнаулы бастауыш болатын сөз де, ағаш – арнаулы толықтауыш болатын сөз .
Зат есімдердің ол айырмашылығы қазақ тілінде кісі, кісі емес деген ұғыммен байланысты. Ол айырмашылықты зат есімдерге қойылатын екі түрлі сұрақтан да аңғаруға болады. Жалпы алғанда, к і м? деген сұрақты қоюға болатын зат есімдер (олардың орынбасар сөздері – жіктеу есімдіктері де) – арнаулы бастауыштар, н е? сұрағын қоюға болатын зат есімдер – арнаулы толықтауыштар.
Сонымен қатар кейбір жанды-жансыз заттарға ғана тән іс-әрекет, қимыл, күй болуы мүмкін. Мысалы: құс ұшты, бұлбұл сайрады, сиыр мөңіреді, жауын жауды, жел уілдеді. Осындай сөйлемдерде бастауыш қызметіндегі зат есімдер баяндауыштар арқылы айтылған хабардың бірден-бір арнаулы иелері болып тұрады. Бірақ олардың мұндай әрекеті тар көлемдегі тіркестер арқылы ғана айылады. Сондықтан мұндай сөздер бастауыш болып көп жұмсалмайды.
Осылардай, зат есімдердің бастауыш болу қабілеті бірдей болмағанмен, олардың бастауыштық тұлғасы бәріне бірдей. Ол – атау септігі.
Атау септігіндегі зат есімдер ж е к е ш е, к ө п ш е және т ә у е л д і тұлғада бастауыш болуына мысалдар:
Лиза Рахметке бұрылды (С.Ерубаев). Кештетіп Қожаш үйіне келді (С.Көбеев). Сұр ит жан жауытар емес (Ғ.Мұстафин). Батырлық майданда сыналады (Мақал). Жауынгерлер қатарланып тұрып қалды (Ғ.Мүсірепов). Сиырлар шұбап келеді (Ғ.Мұстафин). Қара қошұыл таулар ай астында көкшіл мұнарға оранып жым-жырт қалғып тұр. Абайлар Қарашоқыға түс ауа жетті (М.Әуезов).
Өздерінің лексикалық мағыналарында көптік ұғымы бар зат есімдер жекеше тұлғада бастауыш болып та көптік мағынада жұмсалуы мүмкін:
Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тыным алды. Сиыр атаулы...шалшық суларға кіріп, көлбей-көлбей жатып апты. (М.Әуезов).
Тәуелдік жалғаулы зат есімдер бастауыш қызметінде заттың кімге, неге тән екенін білдіреді де, ондай сөздің бастауыштық икемі арта түседі.
Шешем қатты сағынып жүрген сияқты (Ғ.Мүсірепов). Атым ертеулі тұр (Ғ.Мұсафин). Әкеңіз кім болған еді? (Ғ.Мүсірепов). Кімнің ісі көп болса, соның күші көп (Мақал).
Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көбірек жұмсалатындары – зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар – ж і к т е у, с і л т е у және кім? не? деген сұрау есімдіктері. Бұлардің ішінде әсіресе жіктеу есімдіктерін бастауыш қызметінде жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар олар сөйлемдік жақтық мағыналарын түрлендіруші сөздер болып табылады.
Жіктеу және өздік есімдіктерінің бастауыш болуына мысалдар
Мен көрдім ұзын қайын құлағынан...(Абай). Біз барлаушылармыз (Ғ.Мұстафин). Сіз кейін қалған соң, мен алдыңызды оралта беремін (Б.Майлин). Біз сірә, атты мықтап шаршып алатын шығармыз...(С.Мұқанов). Қалқам, Айша, сен шаруаңа бар, мен де дем алайын (С.Шәрипов). Өзіміз де кедейміз, ата мекен жерімізді ешкімге бере алмаймыз (Б.Майлин).
Сілтеу, сұрау және басқа есімдердің бастауыш болуына мысалдар:
Бұл – Байжанның талай келген үйі (С.Мұқанов). Мынау - қай ауыл? Әркім әр түрлі шаруамен қарбаласады (М.Әуезов). Ешкім дыбыс шығармады (С.Ерубаев).
Заттың с ы н д ы қ, с а н д ы қ, қ и м ы л д ы қ сапасын білдіретін сөздер де сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсала береді. Ол үшін сапалық есімдер субсантивтеніп (затанып) айтылады.
Заттың сындық сапасын білдіретін с ы н е с і м д е р, ойды ықшамды етіп сөзбен бөлдіру керек болғанда, зат есімдермен қатарласып тұрмай-ақ дара күйінде бастауыш және толықтауыш та болуы мүмкін. Ондайда сын есімдердің сапалық мағынасы жойылып кетпей, олар әрі заттық, әрі сындық мағынада жұмсалады. Сонда сын есімдер әдетте қандай заттардың сындық сапасы болып жұмсалатын болса, сондай заттардың бастауыштық қызметін атқарып тұрады. Терең-көбінесе судың, теңіздің, көлдің, өзеннің сыны болатын сөз. Сондықтан оны бастауыш қызметінде Терең батырды (мақал) десек, алдымен «Терең су батырады» деп түсінеміз. Жүйрік – бұрыннан аттың сыны болып орныққан. Бұл күнде поезд, машина туралы да жүйрік деп айтуға болғанмен, Жүйрік тоқтығын білдірмес (мақал) дегенде, оны алдымен «жүйрік ат» деп ұғамыз.
Заттардың ондай сындық сапасы синтаксистік қызметте бір ғана конкретті заттың орнына жұмсалмай, жалпылық мағынада, біртектес көп заттың орнына жұмсалады. Тек сын есімдерден болған жер, су аттары мен басқа жылқы есімдер ғана даралық мағынада жұмсалады. Ондайда олар орнықы заттық мағынаға ие болып зат есім қатарына (Жуалы, Ақмойнақ, т.б.) қосылады.
Соңғыларды қоспағанда, қазақ тіліндегі субстантивтеніп бастауыш болатын сын есімдер көбінесе кісі туралы айтылған сөздер болады:
Сыпайы тоңбайды, қалтырайды. Жомарт жоқтығын білдірмес. Көп қорқытар, терең батырар. Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Үлкен бастар, кіші қостар (Мақалдар).
Сын есімдер тәуелдік,көптік жауғауларда тұып та бастауыфш қызметінде жұмсалады.Бірақ ол қағида сын есімнің бастауыш болуының бірден-бір щарты еместігі жоғарғы мысалдардан анық көрінеді.
Сын есім (есімшелер де) көптік тіуелдік жалғауларсыз-ақ субстанивтеніп бастауыш болу үшін, олар бастауыштық әуенмен, дауыс ырғағы арқылы басқа сқздерден оқшауланып тұрулары керек.
Е с і м ш е де бастауыш болғанда, сын есімдейц, қимылдық сапаның үстіне заттық мағына жамап тұрады.Есмшеден болатын бастауыштардың ерекшеліктері мынадай:
а) Баяндауышы етістік, зат есім есімдерден болған сөйлемде есімше бастауыш қимыл иесі – кісі(сұрағы – к і м? Н е қ ы л ғ а н?) орнына жұмсалады:
Бәйгені озған алады. Көрмес – түйені де көрмес.Жығылған күреске тоймас.Еккен орар. Ерінбеген етікші болар (Мақалдар).
Достарыңызбен бөлісу: |