Әдістемесі кафедрасы қазіргі қазақ Әдеби тілі пәніненашы қ саба қ


Зат есімдерден болған баяндауыштар



бет3/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,99 Mb.
#36135
түріСабақ
1   2   3   4   5

Зат есімдерден болған баяндауыштар

Зат есімдер түрлі тұлғада, тіпті кейбір сепік жалғауларында тұрып та, баяндауыш қызметінде жұмсала бередіОндай зат есімдерден болған баяндауыштар бастауыштың, негізінде, з а т т ы қ с а п а с ы н – к і м, н е е к е н і н- білдіреді:



Түнергенде – түнмін, күлгенде – күнмін.Сөзім – шекер,тілім – бал, лебізімнен алған нәр (Ғ.Мұстафин).Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек (Мақал).Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз (С.Мұқанов).Ән шырқаған -...жылқышы қыз (М.Иманжанов).

Бұл мысалдардан мынаны байқауға болады:түнмін, күнмін – жіктік жалғаулары арқылы за есімдерден болған баяндауышар.Ал жіктік жалғаусыз ІІІ жақта баяндауыш болған зат есімдер (шекер, бал, жапырақ,шүберек, қөз, жылқышы қыз) сөйлемде тұрған орнына қарай, ерекше әуенмен айтылу арқылы сол қызметте жұмсалған.Олардың көбінің мағыналары бастауыштармен теңдес келеді.Сондықтан бұл екі мүшені көп жерде еркін орын ауыстырып айта беруге болады.Бірақ сонымен қатар олардың синтаксистік қызметі де ауысады: бастауыш-баяндауыш, бұрынғы баяндауыш-бастауыш болады:



Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз.Көз –адамның ішкі сезімінің айнасы;Москва – астанам.Астанам – Москва.

Бұлардың мағыналары да бірдей емес: зат есімдерді бастауыш етіп айтудан гөрі баяндауыш етіп саралап айтудың мағыналық әсері ерекше болады.Сондықтан ондай есімді сөздер әдебиеттерде ойды ықшамды түрде дәл айтудың ерекшк стильдік тәсілі ретінде жұмсалады.Сонымен қатар көркем әдебиетте жоғарғыдай есім баяндауыштар метафоралық теңеу өызметін атқарады.Ондайда сөйлемнің бастауышы көбінесе тәуелдік жалғауларының бірінде жұмсалады; Сөзім – шекер, тілім – бал (Ғ.Мұстафин).Өлеңім –балға, ән –қашау...(Жамбыл).Қазағым-жолдасым, қаламым –сырласым (Шәкәрім).

Зат есімдер көлемдік септіктерде, әсіресе жатыс, шығыс жалғауларында баяндауыш қызметінде айтылады;

Вагонд ояу тірі жан жоқ, бәрі де шырт ұйқыда.Оның ұғымында дүниедегі ең зор байлық суда.Қой баласы қозыдан (Мақал).

Жатыс жалғауда тұрған шығыс, барыс жалғаулардағыдан гөрі жиі ұшырайды.Сонда жатыс жалғаудағы баяндауыш қай сөзден болғанына қарай бастауыштың мекенін, орнын қалыпты күйін, қимылдың дүркінділігін білдіреді.

Тәуелдік жалғаулы зат есімдер басқа жағдайда өзі ілік септікті заттың меншігі болып тұратын болса, баяндауыш қызметінде ол екеуі не тәуелді сөздің бір өзі баяндауышы өзіне меншіктеп тұрады.(Мысалы:Алматы –астанам, Райхан – қарындасым). Ал бастауышта тәуелдеулі сөздер болса, ол екеуінің бұл айтылғандай мағыналық қатынасы болмайды.

Менің үлкен ағам – университеттің суденті. Сенің бақытты болғаның – менің бақытты болғаным дегендерде, бастауышпен күрделі баяндауыштар арасында біршама теңдестік бар. Осылар тәрізді ,Бұл күнге дейінгі қоғам тарихы – тап тартысының тарихы деген сөйлемдердің баяндауыштары белгілі құбылысты атайды, ал баяндауыштары сол құбылыстың маңызын баяндайды. Есім баяндауыштардың бастауыштары есімдіктер, есімшелер жинақтау сан есімдер болғанда, ол мүшелердің өзара қарым – қатынасы басқаша да бола береді:

Бұл – Байжанның талай келген үйі (С. Мұқанов). Тебіндегі жылқыны бұл – менің бірінші рет көруім.Әлібек келгенде, табыншының үйінде екі адам бар еді. Бірі – кемпір, бірі – Ардақ (Ғ. Мұстафин)
Сапалық есімдер мен есімдіктерден болған баяндауыштар

Сапалық есімдер мен есімдіктердің бәрі де баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Бірақ олардың баяндауыш болу дәрежесі де ,баяндауыштық қызметі де бірдей емес.

Сапалық есімдер (сын есім, сан есімдер) әдетте зат есімдердің әр алуан сындық ,сандық сапасын білдіріп, көбінше анықтауыш болумен қатар ,баяндауыштық та қызметте көп айтылады. Олар анықтауыш болғанда, анықтайтын зат есімнің алдында келсе, баяндауыш болғанда, бастауыштан соң тұрады, оның қандай, қанша екенін, қандай күйде екенін білдіреді. Ай жарық; Қар қалын; Ауа райы жақсы; Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.

Сапалық есім баяндауыштар бастауыштардан оқшауланып, айырым интонациямен айтылады. Ондайда бастауыштардың айтылу әуені көтеріңкі болады да, баяндауыштардың айтылу әуені одан төмен болады:

Сапалық есімдерден болған баяндауыштар І, ІІ жақтық жіктік жалғауларда айтылғанда, олар бастауыштан оншалық оқшаланбайды, мұндайда екі бас мүше бір сыдырғы әуенмен айтылады:

Біз бақыттымыз.Сен әдептісің .Сіз еріншексіз .Біз он жетіміз. Біз жиырма төртпіз (Ғ. Мүсірепов) .

Сапалық есімдер тәуелдеулі зат есімнен бастауышы бар сөйлемднрдің баяндауышы болып жиі кездеседі:



Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа (Ғ.Мұстафин). Оның бойы зор ,бас бітімі ірі келген, келбетті (М.Әуезов).

Есімдіктер қай сөз табына қатысты сөздердің орнына жүрсе, сол сөзге тән синтаксистік қызмет атқарады. Сол болатындықтан, есімдіктердің бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен бұл қызметте жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі: Бұл кім өзі? – Ол сенсің ғой, Абай! Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі- осы (М. Әуезов).

Жіктік жалғауларымен тұлғаланып баяндауыш болатын жіктеу есімдіктерінің бір ерекшелігі мынада: егер басқа баяндауыштар бастауыштың жақтық мағынасына үйлесімді тұлғанатын болса, жіктеу есімдіктерден болған баяндауыштар өздерінің жақтық мағынасына үйлесімді болып тұлғаланады; Айтқан менмін. Бригадир сенсің. Басқаға үлгілі болатын бізбіз.
«Бар», «жоқ» сөздернң баяндауыш қызметінде жұмсалуы

Арада тау бар, тас бар, өзен бар, теңіз бар, итмұрын өтпейтін қалың орман бар, олардан қалай өттің?(Ғ.Мүсірепов).

Бұл сөйлемдерде бар сөзі бастауыштармен қатар тұрып, баяндауыш қызметінде жұмсалған: тау бар, тас бар, өзен бар, орман бар.

Сол сияқты, жоқ сөзі баяндауыш болып жиі қолданылады:- Жоқ, жоқ?Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді...Сенде ол да жоқ (Ғ.Мүсірепов).

Бар, жоқ сөздері баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, бастауыш болған заттардың қайда, кімде, неде екенін, бар-жоқтығын факт ретінде баяндайды.Ондай сөйцлемнің құрамында жатыс жалғаулы пысықтауыш не толықтауыш жиі кездеседі.

Алматыда Омарбек деген жолдасым бар.Жылқы да өт жоқ(Мақал).Аспанда алақандай бұлт жоқ.

Осындай болымды, болымсыз сөйлемдердің де баяндауыштары, басқа усім баяндауыштардай, І, ІІ жақта жіктік жалғауларында айтылып, бастауыштармен қиысып тұрады.



Мен бұл тізімде бармын,

Біз бұл тізімде бармыз.

Мен бұл тізімде жоқпын,

Біз бұл тізімде жоқпыз

Бар, жоқ сөздерінен болған баяндауыштар ІІІ жақта әр уақытта сөйлемнің соңында көбінесе, бастауыштармен қатар тұрады.

Сырдың Алмалық қонған жағасында қалың қамыс бар(С.Мұқанов).Бәріміздің өміріміздің басалуы бар...еске түссе, жүректі тұлататын оқиғаларымыз бар (Ғ.Мүсіреов).

Төрі толған түлікке

Ұлан- байтақ жерің бар,

Көкорайлы белің бар.

Айдың шалқар көлің бар.

Сағасы мол көп өзен,

Өлке толған егін бар

(Жамбыл).

Жоқ сөзі өткен шақтық есімшемен тіркесіп, сөйлемнің күрделі баяндауышның құрамында да қолданылады:

Ол арқан іздеген жоқ, шынжыр іздеген жоқ, құрсау іздеген жоқ (С.Ерубаев).Соғыс салдары канал құрылысының екпінді қарқынын әлсіреткен жоқ (С.Мұқанов).Сенің қанды тұяғың ол жерге жеткен жоқ (Ғ.Мүсірепов). Рахмет Дәуірдің кім екенін білген жоқ.Әлде қайда тау жарылып жатқан жоқ па еді, жер астындағы күштер қозғалып, жер сілкініп жатқан жоқ па еді? (С.Ерубаев)
Есімдерден болған күрделі баяндауыштар

Күрделі баяндауыштың құрамы.Есімдерден құралған сөз тіркестері де баяндауыш қызметінде жұмсалады.Сөз тіркестерінің күрделі баяндауыш болуы, біріншіден, сол сөз іркесінің құрамындағы сөздердің ерекшеліктерімен байланысты, екіншіден, олардың бастауышқа қатнасымен байланысты.Күрделі есім бастауыштардың құрылысы, негізінде мынадай болады:

1.Күрделі атаулар мен күрделі есімдер:

Бейбітшілік ордасы- халықтар достығы, Екі ауданның арасы- бір жүз елу бес километр.

2.Изафеттік тіркестегі есімдер тобы:

Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы

(Абай)

Есімдерден болған күрделі баяндауыштар қалай танылады?Баяндауыш болған сөз зат есім болғанда, ол зат есімнің анықтауышы болуы мүмкін.Көп жерде олар сол тобымен күрделі баяндауыш тәрізді болып көрінеді.Ондай өзара грамматикалық байланыста тұрған анықтауыштың бәрі күрделі баяндауыш бола бермейді.Ол- мектепті биыл бітіретін оқушы дегеннің грамматикалық бастауышы- ол, баяндауышы –оқушы,ортадағы сөздер- баяндауыштың мағындағы тұрлаусыз мүшелер.Оспан- ерінбейтін колхозшы дегенде, Оспан- бастауыш,колхозшы- баяндауыш.

Ондай сөйлемдерге синтаксистік талдау жасағанда, бастауыш, баяндауыш деп танылатын екі сөздің сөйлемдік дәрежесінің қалай екеніне қарау керек:Ол- оқушы, Оспан- колхозшы дегендер- тиянақты ойды білдіретін бастауыш, баяндауышты сөйлемдер.Сонымен қатар сөйлемнің жалпы мазмұнына қарау керек.Мысалы:

Мына қыз- кедейдің қызы.Ауылдың бір шетімен бір шеті- ат шаптырым.Қарағанды биік белдің солтүстік бетінде(Ғ.Мустафин).

Бұл сөйлемнің баяндауыштары күрделі.Күрделі деп танылатын себебі- олар сөйлемдерде ойтылған ойға лайық күрделі қалпында бастауыштардың жайын баяндап тұр.

Сөйтіп, придикаттық топтағы есімдердің соңғы сөзі сөйлемде айтылатын ойға лайық бастауышпен қатар айтқанда, тиянақы мағынаны білдірсе, ол дара баяндауыш болады.Оның маңындағы сын есімдер, сан есімдер, есімшелер оның анықтауышы болады.Ал олай болмай, предикатық топ түгелімен бастауыштың жайын хабарлап тұратын балса, олар күрделі болады.

Жоғарғы мысалдардағы есім баяндауыштардың көпшілігі – изафеттік ққұрылыстағы сөздер.Ол сөздер өзара берік байланыста болғандықтан, бастауышқа сол матаса байланысқан тіркес тобымен қатысты болып тұр.Сол сөз тіркестерінің тек тәуелдеулі соңғы сөздерін ғана баяндауыш деп, ілік жалғаулы сөздерді, басқа ыңғайдағыдай анықтауыш деп талдасақ, онда тұтас сөйлемнің мағынасын елемеген боламыз.



Баяндауыштың бастауышпен қиысуы

Қ и ы с у – синтаксистің байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі. Ол сабақтаса байланысқан сөздердің бағыныңқысының басыңқы сөздерге икемделе, олардың грамматикалық мағыналары мен тұлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады.Қиысу тұлғалық үйлесім бар сөздер тіркесі түгел ене бермейді,тек сөздер іркесінің бағыныңқы бөлегі басыңқы бөлегіне бейімделіп үйлесуі ғана енеді.

Қиысу әр тілде әр түрлі екені белгілі.Мысалы, орыс тілінде бастауыш пен баяндауыш род, жақ, сан жағынан, анықтауыш анықтайтын сөзімен род, сан жағынан септіктер арқылы қиысады.Латын мен грек тілінде анықтауыштар анықтайтын сөзімен, род, септік жалғаулары арқылы қиысады да, бастауыш пен баяндаыш тек сан жағынан қиысады екен.

Түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, қиысу, негізінде, біріне-бірі бағынышты тіркестегі бастауыш пен баяндауыш арасында болады.

Қазақ ілінде сөздер бірімен-бірі орыс іліндегілей, септік жалғаулаында қиыспайды, тек оңашаланған айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай сепік жалғауда тұрса, сол жалғауда тұрып қиысуы мүмкін.Баяндауыштың бастауышпен қиысуы жақтық не көптік болады.


Жақтық қиысу
Баяндауыштың тиісті жіктік жалғауда тұрып бастауышпен байланысу ережелерін айтудан бұрын бастауыш болатын сөздердің жақтық мағынасын айқындап алу керек сияқы.

Баяндауыштың белгілі жақтық мағынада, жақтық тұлғада айтылуы еркін бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздердің жақтық мағынасы билейді.Бастауыш болаын негізгі сөздер – зат есімдер мен жіктеу есімдіктері.Олардан басқа сөздер де субстантивтеніп, бастауышық қызметте жұмсала береді.Сол сөздердің тек төртеуі – бірінші және екінші жақтық жіктеу есімдіктер (мен, біз, сен, сіз) І,ІІ жақтық бастауыш болады да,олардан басқа сөз атаулының бәрі (тәуелдік жалғаулардың І,ІІ жағында не басқа тұлғада тұрса да)бастауыш қызметінде тек ІІІ жақтық мағынада айтылады.Сондықтан Жұмабай айтты деген сөйлемнің де, Жолдасым айтты, Жолдасың айтты, деген сөйлемнің де, Жолдасым айтты, Жолдасың айтты деген сөйлемдердің де баяндаыштары ІІІ жақтық бастауышпен қиысып, сол ІІ жақа тұрады.Жоғарғыдай бастауыш қызмеінде тұрған сөздердің тәуелдік жалғаулардың жақтық мағыналары бастауыштық жақтық мағына болмайды, сол жалғауларды керек етіп, ілік жалғауда айтылатын сол жақтағы есімдердің меншіктелуші жағы болады.



Сандық қиысу

Баяндауышты бастауышпен сандық мағынада қиыстыру үшін жұмсалатын жіктік жалғаулар:

І жақта –мыз, -міз (оның басқа да варианттары), -ды+қ, -ді+к, -ты+қ, -ті+к, -йық, -иік / кейде –лық//-лік/:біз/дер/ оздық; біз/дер/ қарап отырмайық, біз/дер/ мәселені жете түсінейік;Кел балалар оқылық,Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық (Ы.Алтынсарин) ІІІ жақта баяндауышты бастауышпен көптік мағынада қиыстыатын арнаулы жіктік жалғау жоқ.Грамматикаларда ІІ жақтық көптік далғаулар деп танылатын қосымшалар, -/а/ -ңыз; -сыз -/сіз/, қазақ ілнде көптік мағынада жұмсалмайды, жекешенің сыпайылық мағынасында жұмсалады.Сондықтан екінші жақтық баяндауыштарды көптік жалғауында айтылатын бастауышпен қиыстыру үшін сыпайылық және анайылық жақтық тұлғалардан кейін –дар// -дер жалғанады:

Сендер орындаңдар; Сіздер орындадыңыздар;

Сендер ұмтылыңдар; Сіздер ұмтылыңыздар;

Сендер бақыттысыңдар; Сіздер бақыттысыздар;

ІІІ жақта тұлғалық сандық қиысу кейде тек есімдерден болған баяндауыштарда болады, етістіктерден болған баяндауыштарда болмайды, етістіктерден болған баяндауыштар ІІІ жақта татар, өзбек, т.б. тілдерегідей, бастауышпен көптік жалғау арқылы қиыспайды:

қаз: Олар радио тыңдайды, шахмат ойнайды.

өзб: Улар радио тинглайдилар, шахмат уйнайдилар.

қаз: класқа оқытушы кірді. Оқушылар оны құрметпен, орындарынан тұрып қарсы алды.

тат: Класска уқытушы керде.Укучылар аны хөрмәтләп, аяққа басып қаршы алдылар.

Кейде тәуелдеулі толықтауыштар не бастауштар ілік жалғаудағы анықтауышпен көпік тұлғада қиысып тұрады.Ондайда көптік қосымша толықтауыштың көптігін білдірмей, тәуелдеу жалғаулары арқылы ілік септікті сөздң көптігін ғана көрсетіп қиысуы мүмкін.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды айқындайын т ұ р л а у с ы з м ү ш е л е р де болады, олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.

Бұларды «тұрлаусыз мүшелер» дейтін себебіміз не?

Сөзінде тиянақ жоқ кісіні «сөзінің тұрлауы жоқ» деп те атаймыз.Осындағы «тұрлау» сөзі «тиянақ», «береке», «пәтуа» деген ұғымдарды білдіреді. «Тұрлаусыз» деген сөзді кейбір сөйлем мүшелеріне тануымыз ол мүшелердің сөйлемді тиянақты етпейтін қасиеттеріне негізделген.Расында, бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақы ететін, оның бас арқауы болса, тұрлаусыз мүшелерде ондай қасиет болмайды.Олар бас мүшелердің маңына топтанып, алдымен соларды және бірін-бірі анықтап, пысықтап тұрады.Мысалы: Көк жүзінің шарбы бұлты әлдеқайдатарап жоқ болып жатыр (Б.Майлин).Бұл сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер бастауышқа және баяндауышқа қатысты болып тұр: көк жүзінің шарбы деген сөздер (анықтауыштар) бұлты деген зат есімнен болған бастауышты анықтайды; ал әлдеқайда (пысықтауыш) сөзі тарап жатыр деген етістіктерден болған баяндауышты пысықтайды.

Осыладай тұрлаулы мүшелердің ғана емес, тұрлаусыз мүшелердің де: анықтауыштық-анықтауышы, пысықауышы, толықтауышы; толықауыштың-анықауышы, толықтауышы, пысықтауышы; пысықтауыштың- толықтауышы, пысықтауышы болуы мүмкін.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тұлғасына қарап айырудың ғылыми тірегі әлсіз болады.Дұрысында, сөйлемнің тұрлаусыз мүше мәселері сөз тркесі жайындағы ілммен тығыз байланысты қаралуға тиіс.Сонда өзар тіркескен сөздер тобының қарым-қаынасты білдіруіне қарап, тұрлаусыз мүшелерді дұрыс танитын боламыз.Сол ізбен зат есімдер мен атрибуттық қатынаста жұмсалатын түрлі-түрлі тұлғадағы сөздердің бәрі – а н ы қ т а у ы ш, етістікпен және кейбір есімдермен объектілік қатынаса тіркесетін, заттық ұғымы бар сөздердің мүшелік қызметі т о л ы қ т а у ы ш болады.Сондай- ақ етістіктерге, кейде кейбір есімдерег қатысты болып, мезгіл, мекен, амал, т.б.мағыналарында жұмсалатын сөздер, қандай тұлғада болмасын, п ы с ы қ т а у ы ш қызметінде жұмсалады.


Толықтауыш

Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен, т о л ы қ т а у ы ш.Ол өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс жалғаулардың бірінде жұмсалады.

Қысқасы, толықтауыш – қимыл процесінің объекісі болатын мүше.Толықауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді:

1.Тура толықтауыш. 2.Жанама толықтауыш.

Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш болады.

Ол заттың (субъектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланысты болады.Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай мүше болмасын, әр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты – керек етіп, ілестіре жұмсалады.

Мысалы:

Көрдім сұлу Еділді,

Еділдей еркін елімді

(Жамбыл)

Бұл мысалдардағы етістіктердің қимылы басқа бір затқа ауысып түсіп тұрса, екінші жағынан сол зат (объект)етістіктің қимылдың мағынасын толықтырып тұр.Сондықтан олар біріне-бірі сабақтасып, бірінсіз-бірі жұмсалмайды .

Тура толықтауыштың грамматикалық тұлғасы – табыс септігі. Одан басқа септік жалғауларда айтылған тура толықтауыш болмайды.

Кейде табыс жалғаудағы сөздің шығыс септіктің орнына не керісінше айтылатыны да бар:



Ол оттан аттап өтті - Ол отты аттап өтті

Олар оттан айналды - Олар отты айналды

Олар таудан асып кетті - Олар ауды асып кетті, т.б.

Тура толықтауыш өзі қатысты сөзден қашықтап тұрғанда, әр уақытта жалғаулы болады, ал ол сөзбен қатар тұрғанда, кейде жалғулы, кейде жалғааусыз жұмсалады.

Түркітанушылардың еңбектерінде тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз болатыны туралы пікірлер ертеден бар.А.Казембек «Общая граматика турецко-татарского языка» деген 1846 жылы шыққан кітабында «қимылға қатысты зат белгісіз болғанда және ол – етістіктің дәл алдында тұрғанда табыс септік атау септігімен алмастырылады», - дейді. 1869 жылы Қазанда шыққан «Алтай тілінің грамматикасы» да, сол ізбен тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуын оның белгілі, белгісіз зат болуынан деп түсіндіреді.Одан кейін грамматика авторлары (Катанов, Мелиоранский, т.б.) «Алтай тілі грамматикасының салған жолынан ешқайда аумай, сондағы ережені шамалы өзгерістермен қайталап келді.Оған Мелиоранскийдің, рас, өз тарапынан қосқаны болды.

ХІХ ғасырдың аяқ шенінде бұл мәселеге өзгелерден гөрі ұқыпты қараған түркологтардың бірі Н.А.Ашмарин болды. Ол 1902 жылы шыққан «Опыт исследования чувашского синтаксиса» деген еңбенінде, басқа авторлардай емес, тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуын тек белгілік пен белгісіздіктің тұңғиық түкпіріне итере салмай, чуваш тілінде олардың қандай жағдайда жалғаусыз жұмсалатынын, қызметінде жалғаулы болатынын ашуға көп көңіл бөліп, өте құнды материалдар жинаған болатын.

Қазақ тілінде тура толықтауыштың екі түрлі тұлғада жұмсалуын тек заттың белгілі, белгісіздігімен түсіндіруге болмайды.Кейде белгілі, айқын деген заттар жалғаусыз айтылады да, мүлде белгісіз ғой деп ұғынылатын заттар (объектілер) табыс жалғауында айтылады.Мұндай фактілердің болатынын кезінде «Алтай тілі грамматикасының» авторлары да мойындауға мәжбүр болған.Аталған кітаптің 143-бетінде. «Встречаются выражения, в которых предмет определенный ставиться в винительном без приставки;и наоборот, неопределенный предмет ставится с приставкой» дегенді айтады да, бірақ солардың солай болу себебін ашпайды.Бұл – бір.Екіншіден, белгілік, белгісіздік дегенді қалай ұғыну керек екендігін ашып айтпайды.Соның салдарынан ол терминдерді әркім өзінше түсініп, біреуге белгілі болып, не керісінше ұғынылып келді.Расында, грамматикалық белгілікті не белгісіздікті мағыналық белгілік я белгісіздікпен бір деп санауға болмайды.Жоғарыда аталған авторлардың еңбегінде арасында қатынас деп қарайды.Әрине, грамматикада грамматикалық межеге қарау керек десек, түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі үшін белгілктің және белгісіздікің грамматикалық тұлғасы мынау дерлік дербес қосымшасы жоқ.Дегенмен онлай мағыналық айырмашылық қазақ ілінде мүлде жоқ жесек, дұрыс болмас еді.Н.К.Дмитриевтің біз үшін де өте құнды еңбегінің бірі «Грамматика кумысского языка» аты кітабында белгілік, белгісіздік деген терминдер грамматикалық мән беріп, оларды даралық, ортақтық ұғымдармен байланыстырады.

Белгілік пен белгісіздікті осылай айыру қазақ тілі үшін де орынды болаын тәрізді.Олар, әсіресе бір ат, бұл ат деген сияқты тіркестер үшін өте қонымды, жарасымды ереже сияқты.Бірақ жалғаусыз айтылатын сөздің түбір күйінде де, көптік жалғауында тұрып та ортақ белгісіздік мағынада жұмсалуына күмән келтіруге болады.Біріншіден қазақ ілінде көптік жалғаудағы сөздер Мен аттар көрдім болып табыс жалғаусыз айыомайды, Жылқы көрдім деген жалпылық, ортақтық мағынадағы сөзбен айтылады немесе аттарды деп табыс жалғауында айтылады: Аттарды байлады, Аттарды суғар, т.б. Бірақ олар біріңғай, біркелкі не әр түрлі ат екендік мағына жоқ, тек көптік мағына бар.Екіншіден, кітап, ат ,отын, от тәрізді жалпылық мағынадағы көптік ұғымда белгісіздік мағынада дұмсалады дейтін зат есімдердің тура толықтауыш қызметінде солай жалғаусыз айтылатын жерлері бар: ағаш, шаш, қалпақ деген тәрізді көптік жалғауын жалғамаса да жалпылық, көптік мағынада жұмсалатын сөздер кейбір сөйлемде белгсіздік ұғымда болғанмен, табыс жалғауда айтылуы мүмкін.

Тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалу себептерін дұрыс түсіну үшін, олардың әрдайым жалғаулы болып жұимсалатын ережелерін айқындау керек. Олар мыналар:

1. Тура толықтауыш өзі қатысты сөздер (көбінесе сабақты етістіктер) қашықтап тұрып, екеуінің (толықтауыш пен толықталатын сөздің) ортасында басқасщйлем мүшесі тұрса, ол жалғаулы болады;



Кітапты кітапханадан алдым. Малды таудың бөктеріне жайдық.

Есім мен етістіктің тірксінен құралған күрделі баяндауыштар тура толықтауыштарды ортақтаса меңгергенде де, соңғылар әр уақытта жалғаулы болады:



Баланы жақсы көремін. Биылғы табыстарды баянды етейік. Бұл сөзді мақұл көреді.

2. Экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не қосарлы етістіктердің жетегінде айтылатын тура толықтауыштар да әрдайым жалғаулы болады:



Асқар есікті ашып кеп жіберді. Марат барабанды қағып-қағып жіберді. Ол атқа қамшыны басып-басып жіберді.Сабыржан таяқты жібеіп кеп қалды.Поэзды көре сала сыртқа шықтым.Тәукелеге бел байлап, терезе сырынан басқышты ққойып жіберіп, ...жалмажан күрегі ашықтерезені артып қап ем, ашылып кетті.Бүркітпай бар пәрменімен кебежені теуіп кеп жіберіп еді, қиюы қашқан тақтайлар быт-шыт болды (С.Мұқанов).

Бұл сөйлемдегі тура толықтауыштарды жалғаусыз айтуға болмайды. Олай болуы, әрине, толлықтауш болған сөздердің белгілі болғандығынан емес, өзгеше әуенмен айтылған етістіктердің ықалына еріп, екпініне ілесе, жалпы сөйлемнің экспрессивті өзгешелігіне «үн қосқандығынан», сөйтіп, олардың да басым мағынада айтылғандығынан деп білу керек.

Сол сияқты тура толықтауыштар мынандай синтаксистік жағдайларда да белгілі, белгісіз болуына қарамай, әрқашан жалғаулы болып айтылады.

1.Сөйлемдетура толықтауыш болған сөзге неонымен байланысты сабақты етістікке логикалық екпін түскенде, ол жалғаулы болады:



Өнерді үйрен де, жирен (Мақал).Қасқыр алатын тазылар борсықты жіберсін бе?(Ғ.Мұстафин).Асау терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып жол салған тасты жарып (Абай).

2.Бір сөз бір сөйлемде екі рет айтылып, бірі бастауыш, бірітура толықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олардың сол синтаксистік қызметі айқын болу үшін, тура толықтауыш үнемі жалғаулы болады:



Адам адамды сыйлайды.Балықшы балықшыны көрді.Бір кемпір бір кемпірді әже дейді (Мақал).

3.Бір етістікке бағынған бірнеше бірінғай тура толықтауыш мен, пен, бен жалғаулықтары арқылы не жалғаулықсыз, интонация арқылы байланысып, екеуі (кейде үшеу-төртеуі) бір тұлғаға ортақ болып айтылу керек болғанда, олардың ең соңғылары көбінесе жалғаулы болады:



Әдебиет пен тарихты бөлуге бола ма?Шалшық пен сазды кешіп, тықырын тіпті сездірмей барады (Ғ.Мұстафин).

4.Тура толықтауышты қызметіндегі зат есімдер қос сөз болса олар да әр уақытта жалғаулы болады:



Сай-сайды жағалай ілгері жүрдік.Ол тау-тауды кезіп жүр.Біз ауыл-ауылды аралай жүрдік.

5.Тура толықауыш болған зат есімнің мағынасы етімтіктің лексикалық мағынасыментығыз байланысты болмай, әдетте ол екеуі қаар келмейтіндей сөз болса, басқаша айтқанда, бір затқа тән қимыл өзге затқа ауыстырыла айтылған метафора болса, олар да жалғаулы болады:



Пароход теңізді тіліп барады.Балалар үйді басына көтерді.Ән салды таңды мақтап сансз торғай.Ол қызына екі пікірді сіңіруге қатты тырысты (С.Мұқанов).

Бұл айтқандардан мынадай сөздер сөйлемде тура толықауыш қызметінде жұмсалғанда, олар әрқашан табыс жалғауда айтылады.Олар:

1.Кісі аттары мен олардың орнына жүретін есімдіктер:

Лермонтовты, Гогольді, Некрасовты қарап...қысың аяғына қарай Толстойға ауармыз (С.Мұқанов).Есжанды елемеген болмайын, - деп, Жомарт Есжанға баруғабой ұрды.Ұзақ күрес біреуді жалықырады, біреуді құнықтырады.(Ғ.Мұстафин).

Мені сұрады, оны шақырды, сені байқамады, бізді тани кетті дегендер де жоғарыға жатады.

Кісі аттарынан кейін жолдас, азамат, апай сияқты қосалқы айқындауыш айтылса, олар да кісі атымен тіркесіп, тура толықтауыш қызметінде жұмсалғанда жалғаулы болады:



Тайманов жолдасты көрдім.Николай ағайды шақыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет