«edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата20.11.2023
өлшемі1,05 Mb.
#192464
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
191-201
СӨЖ ДипКУЖ- Прот2022, СӨЖ ДипКУЖ- Прот2022, СӨЖ ДипКУЖ- Прот2022, План-конспект урока гимнастики Лекция №13, pdf 20221210 140126 0000, емтихан сұрақтары.Документ Microsoft Word
-
ден 70
-
ке дейін шаңырақ болды. Осыған орай, Қазақстанның солтүстік аймағындағы 
Орта жүз қазақтарының хандық билігі осы жарғы бойынша тоқтатылған еді (CҚОММ 158-қор, 1-
т, 315-іс, 21 б.). 
Патша өкіметі қалай да қазақтарды отырықшыға айналдыру іс-әрекеттерін жүргізіп 
отырған. Сондықтан отырықшылыққа көшкен адамдарға 15 десятинаға дейін жер беруге патша 
өкіметі тарапынан рұқсат етілді. Ресей үкіметі осы арқылы қазақтар жағынан барымтаны, ру
-
аралық қырқысуды жоюға тырысты. 
Қабылданған реформалар Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің дамуы үшін оң 
алғышарттар туғызды. Алайда жүргізілген реформалар жергілікті қазақ халқына өзінің теріс 
әсерін тигізіп, қазақтар өз құқықтарынан айырылды. Патша өкіметінің бұған белгілі дәрежеде 
мүдделі болуын экономикалық факторлармен қоса, оның көшпелілер арасында өзінің саяси 
ықпалын нығайту ниеті еді. 
Жаңа қабылданған ережелерге сәйкес қазақтардың сот ісін жүргізудің бұрынғы жүйесі қатаң 
өзгеріске ұшырады. Сот жүйесі тек империя тарапынан қаралды, мысалы, сатқындық, 
қарақшылық, кісі өлтіру, барымта, сондай-ақ жергілікті қазақтар жағынан патша өкіметіне қарсы 
бас көтеру жөніндегі бүкіл істі империяның әскери соты қарайтын болды. Сонымен қатар, 
жергілікті қазақтар жағынан шеп бойындағы бекініс, немесе қала тұрғындарына шабуыл жасап, 
үйлерін тонағаны және оларға 20 сом күмістен асатын мөлшерде материалдық шығын келтіргені 
үшін қатаң жазаға тартылатын болған. 
Жергілікті ауқатты қазақтардың билеуші сұлтандары және орыс-казак әскери адамдарымен 
белгілі өңір гурбернаторларынан құралған шекара Комиссиясының азаматтық қылмыстық істері 
бойынша сот мүшелері болды. Кейін қазақ сұлтандары, билері осы соттың барлық маңызды сот-
құқықтық мәселелерінен алынып тасталды. Осыдан бастап билер екінші дәрежелі істермен ғана 
айналысып, олардың қазақ қоғамындағы беделі төмендеп кетті. 
Аталмыш реформа аясында Петропавл қаласында жергілікті қазақ халқымен қатар орыс, 
татар, поляк т.б қоныстаушыларға ағартушылық бағытында жағдайлар кеңейтілді, сауаттылықты 
кеңірек тарату көзделді. 


Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
195
Ресейдің 1822-1824 жылғы Жарғылары бүкілқазақ халқының дәстүрлі билік құрылымын 
жойып, әлеуметтік-саяси және шаруашылық өмірінің барлық жақтарына әсерін тигізген еді 
(CҚОММ 158-қор, 1-т, 317-іс,30 б.). 
Хан билігі жойылғаннан кейін Қазақстанның Ресейге бағынышты аймақтарында Ресейдің 
саяси-әкімшілік жүйесін енгізуге нақты мүмкіндік туды. Жаңа аумақтық құрылыс енгізіліп, бүкіл 
Ресей империясындағыға ұқсас басқару органдары құрылды. Реформа патшаның отаршылдық 
саясатына қарсы оппозицияның топтасуын күшейте түсті. 
Жаңа билікке қарсы болған қазақ жүздері, орыс басқыншыларына қарсы көтерілістер 
ұйымдастыра бастады. Әсіресе Абылай ханның немересі Кенесары бастаған көтеріліс (1837-1847 
жж.) Орта жүз қазақтарының барлық даласын алып жатты. 
1824 жылы генерал Капцевичтің бастауымен Карқаралы және Көкшетау округтерінің 
ашылуына байланысты жергілікті би-сұлтандар жағынан наразылық тудырды. Батыс Сібір 
басшыларына қазақ даласына басқа да округтер ашуына қиындата түсті. Осыған орай 1825 жылы 
Сібір қазақтары жарлығына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдап, округтер құру уақытша 
тоқтатылды (Тайшыбай, 2011: 9 б.). 
Қазақ даласының солтүстігімен шекаралас Сібір жеріне орыстар 1861 жылдан кейін жаппай 
қоныстана бастады, келген қоныстанушыларға қазақтар қарсылық көрсетті. Бұған себеп орыстар 
байырғы қазақ ру
-
тайпаларының жерлерін тартып алып қоныстанды. 
ХIХ ғасырдың екінші жартысы Қазақстанды әскери отарлаудың шешуші кезеңі болды. 
Ресейдің жүз жылдан астам уақытқа созылған отарлау саясатының салдары осы өлкенің барлық 
дерлік аумағы империя құрамына қосылуына әкеп соқты. 
Аймақта Ресей позициясын нығайтудың басты жолдарының бірі – басқару жүйесіне 
өзгерістер енгізу болды. Метрополияның қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсібі шикізат 
көздеріне, жұмысшы күшіне деген мұқтаждық күн сайын өсе түсті. Табиғи ресурстарға, 
малшаруашылығы шикізатына бай қазақ жері орыс кәсіпкерлерінің назарына көптен бері-ақ 
іліккен болатын. Алайда әр түрлі табиғи-географиялық жағдайлары бар көлемді аймақты игеру 
басқарушы топтардан әкімшілік-территориялық, сот және басқа өзгерістерді енгізуді талап етті. 
1822-1824 жылдардағы реформалар отарлау үшін кеңістік ашып берді, бірақ мұндағы 
ғасырлар бойы сақталып келе жатқан басқару формаларын толығымен жоя алмады. Бұл 
міндеттерді XIX ғасырдың ортасында, қазақ жерлері түгелдей Ресей құрамына енгеннен кейін 
ғана шешу мүмкіндігі туды. Осы реформаны әзірлеу кезінде қалың қазақ халқының құқықтары 
ескерілмей келді. 
Қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі, ағартушы ғалым Ш. Уәлиханов қазақтардың 
материалдық жағдайын жақсартуға олардың құқықтарын қорғау реформаларын жүргізуді жақтап, 
Қазақстанда жергілікті қазақ халқы өзін
-
өзі басқару негізіндегі әкімшілік басқару жүйесін құруды 
енгізу қажет деген ұсыныс айтқан болатын. Алайда бұл ұсыныстар патша тарапынан қолдау 
таппай, қабылданбады. Бұл түсінікті жайт еді, патшалық Ресей барлық жаулап алған, отарына 
айналдырған елдерін өздері ғана басқаруды ұйғарған еді. 
Патша өкіметі реформа жобасын жасауға қазақ өлкесінің ерекшеліктерін, мәдениетін
дәстүрін жақсы білетін орыс шығыстанушы ғалымдарын да қатыстырмады. XIX ғасырдың 60 
жылдарындағы реформалардың басты мақсаты мыналар болатын: 
1. Қазақстан жерін Ресей үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялау және қазақ даласын 
одан әрі отарлау үшін алғышарттар жасау; 
2. әкімшілік басқаруды жеңілдету және қазақ халқына салық салу жүйесін жетілдіру 
мақсатымен нақты әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау және оны дамыту; 
3. жалпыимпериялық азаматтық және қылмыстық заңдарды қазақ даласына қолдану; 


Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
196
4. сот органдарынының байырғы халықтың қарсылығын неғұрлым икемді реттейтін және 
өзінің өткір жүзін олардың күресіне қарсы бағыттайтын жаңа құрылымын жасау. 
Жаңа отаршылдық әкімшілік реформалары бойынша Қазақстанның бүкіл аумағы үш 
генерал-губернаторлыққа, губерниялар мен облыстарға бөлу көзделді. Өз кезегінде облыстар 
уездерге бөлінді. Ақмола облысына – Ақмола, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездері кірді. 
Ал 1867-1868 жылғы «Уақытша ережелер» даладағы сот жүйесіне де өзіндік өзгерістер 
енгізді. Қазақстанда Ресей империясының құқық және сот жүйелері болды. Сот жүйесінің жаңа 
органдары, әскери соттар, уездік соттар құрылды. Олар Ресей заңдары негізінде аса маңызды 
қылмыстық істерді қарастырып отырды. ХIХ ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде патша 
үкіметі жалпы империялық соттарды енгізумен, олардың құзіретін кеңейтумен қатар, сот органы 
ретінде билер сотын сақтап қалуға ұмтылды. Сонымен бірге, патша үкіметі билер сотын сақтай 
отырып, оның қызмет шеңберін шектеуге және тарылтуға тырысып, бар күштерін салды. 
1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелерде» қазақтар орналасқан барлық жер және «сол 
жердегі бар нәрсенің» бәрі патшалық Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жарияланды. 
Мемлекеттік меншік деп жарияланған жерлер көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын 
қазақ халқының мерзімсіз қоғамдық пайдалануына берілді, сөйтіп қазақ жерлері орыс 
мемлекетінің қол астына өтті. Жаңа ережеге сәйкес барлық ормандар соның ішінде Қазақстанның 
солтүстік аймағындағы ормандар мен жайылымдар Ресейдің мемлекеттік меншігі деп 
жарияланды. 
Осы заң ережелерінің салдарынан қазақтар ормандарды, жайылымдарды пайдалану 
құқығынан мүлде айырылған болып шықты. Патшаның бұл іс-әрекеттеріне жергілікті қазақ 
халқы жағынан қатты наразылық туды. 
Осы заңдарда пайдалы қазбалар кеніштерін пайдалануға байланысты мәселелер реттелді. 
1867-1868 жылдардағы ережелерде жасаған қылмысы үшін қазақтарға әскери қылмыстық заңдар 
негізінде жауап беретін қылмыстардың тізбесі белгіленді. Бұл тізбеге мынадай қылмыстар 
енгізілді: сол кездегі мемлекеттік құрылысқа опасыздық жасау, өз тайпаластарын өкіметке қарсы 
қою, өкімет орындарына қарсы шығу, поштаға, қазыналық және әскери көліктерге шабуыл жасау, 
телеграф желілерін зақымдау, христиандарды және христиан дінін қабылдауға ниет білдірген 
адамдарды, лауазымды адамдарды өлтіру. Қазақстанның салық жүйесіне де айтарлықтай 
өзгерістер енгізілді. Біріншіден, түтін салығы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. 1867-1868 
жылдардағы реформа бойынша халық ағарту, халыққа дәрігерлік көмек көрсету салаларына 
қатысты біраз шаралар қарастырылды (CҚОММ 158-қор, 1-т, 22-іс, 8 б.). 
Уездік қалаларда бастауыш мектептер мен дәрігерлік пунктер ашылып, уездік дәрігерлер 
тағайындалды. Әкімшілік орталықтарда пошта бөлімдерінің ашылуы да маңызды рөл атқарды. 
ХIХ ғасырдың аяғында Қазақстанда жаңа реформа жүзеге асырылып, ондағы әкімшілік 
құрылымға, салық жүйесіне және сот құрылымына біршама өзгерістер енгізілді. 1891 жылы 
«Далалық облыстарды басқару туралы ереже» қабылданды. 
XIX ғасырда Қазақстанда орналасқан шағын бекіністер мен Петропавл өз бастауын әуелі 
орыстардың казак әскери бекінісінен алып, кейін қалаға айнала отырып, қала мәртебесін алды. 
XIX ғасырдың басында Петропавл қаласының экономикалық сауда-саттық, саяси дамуының 
қарқыны өсе түсті. Бұған себеп болған қоныстаушылардың көптеп келуі, осаған орай 
Петропавлда өнеркәсіпті дамыту және жұмыс орындарын ашу мақсатында бірнеше зауыттар 
салына бастады. 1807 жылы паташа тарапынан қабылданған бірнеше реформаларға сай, 
Петропавл Тобыл гурберниясы құрамында қала болды (Черников, 1996). 
Ал төменгі фордштадт 1808 жылы Сібір линелік казактар әскерінің құрылуы бекітілгеннен 
соң, соның құрамына кірді. 


Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
197
1824 жылы Омбы облысының құрамына еніп, Петропавл округы болып атана бастады. 
Омбы облысының басқару орталығы Петропавл қаласында орналастырылды. 1825 жылы 
Петропавл қаласында қалалық басқару жүйесі ұйымдастырылып, қалалық өмір басталып кетті. 
Осы жылы Петропавл қаласының тұрғыны шамамен 3 мың 495 адамды тұрды, көпшілігі орыс, 
украин ұлттары, олар әскери орыс-казактардың отбасын құрады. Сонымен қатар, поляк, татар, 
башқұрт та болды. 
Петропавлда 700 жүзге жуық үй, сауда-саттық жүргізген көпестерге арналған қонақ үйлер 
және осы көпестердің 44 сауда дүңгіршектері жұмыс істеді. 
Алайда Петропавл қала мәртебесіне ие болғанымен 1853 жылы басқа қалалармен 
салыстырғанда қала халқы санынан едәуір кем еді. 
Қала тұрғындарының өсуін төмендегі тізімнен көреміз: 
1803 ж. – 1100 астам 
1825 ж. – 3495 
1834 ж. – 3923 
1851 ж. – 6712 
1860 ж. – 7340 
1882 ж . – 10268 
1893 ж. – 16653 
1900 ж. – 21700 адам (Семенов, 2010). 
Қалада алғашқыда негізіне әскери адамдар болса, кейіннен көпестер, саудагерлер, шаруалар 
мен әртүрлі чиндердің өкілдері басым болған. 
Петропавлдың әлеуметтік құрамы 1868 жылғы мәліметтер негізінде төменгідей екен: 
Дін иеле – 77 адам (0,9%) 
Әскерилер – 1656 адам (18,9%) 
Азаматтық қызметкерлер -266 адам (3,0%) 
Дворян-шенеуліктер – 213 адам (2,4%) 
Әртүрлі шенеуліктер – 1103 адам (11,6%) 
Құрмет атағы бар азаматтар – 31 адам (0,4%) 
Көпестер – 1017 адам (11,6%) 
Мещандар – 2219 адам (25,4%) 
Шаруалар – 1923 адам (22,0%) 
Қазақтар – 145 адам (1,6%) 
Жер аударылғандар – 102 адам (1,2%). 
Қаланың ұлтық құрамында орыстар басым болған, 1834 жылы орыстар – 94 %, татарлар – 
5%, қазақтар – 1%. 
1834 жылы Петропавл қаласы біршама кеңейіп 18 көшеден, 9 қысқа көше, тастан қаланған 
8 үй, ағаштан салынған 971 үй бой көтерді. 
Қала халқының санының өсуіне байланысты және Солтүстік Қазақстан климатының қатаң 
болуы, еуропалық Ресейден келген қоныстанушыларға ауа-райы қолайсыз еді. Келген 
келімсектер түрлі ауруларға шалдықты. 
Осы жылы Петропавл қаласы тұрғындарына арнап аурухана салынып, тері илейтін, 2 май 
өндеретін зауот, 12 ұста шебрханасы, 2 жел диірмені жұмыс жүргізді. Бұл қалада жаңа жұмыс 
орындарын ашуға мүмкіндік туғызды. 
Зауыттардың алғашқы іргесі 1816 жылы қаланған, оған арқау болған Петропавл қаласына 
қоныс аударған ағайынды Большаковтар еді. 
Петропавл қаласы Есілдің жағалауында орналасқандықтан көктем айларында өзен қатты 
тасып, қала жыл сайын су тасқынының астында қалып отырған. 


Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
198
Петропавл қаласының төменгі ой қаласында түрлі себептермен қазақ даласына қоныс 
аударған орыс шаруалар ғана тұрғын үй салу құқығына ие болды. Ал осы жердің заңды иелері 
қазақтар еді, тек бірен-саран бай, би-сұлтандары болмаса оларға үй салу түгілі қаланың маңында 
көшуге де тыйым салынған. 
ХIХ ғасырдың 30 жылдары Ресейде мақтақағаз өнеркәсібі қатты даму үстінде болды 
Ресейдің басқа аймақтарымен салыстырған осы кәсіп алдыңғы орында тұруына байланысты Ресей 
мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы жаңа қарқынға өрби түсті. Сұранысқа ие мақтақағаз 
өнімінің көп бөлігі қазақ даласына әкелініп, Петропавл қаласы арқылы керуендер Орта Азия 
елдеріне де тасымалданып отырған. 
1833 жылы Петропавл қаласы арқылы матақағаз өнімі Ташкент, Бұхара қаларына жіберіліп, 
жалпы соммасы 2 106 534 рубльін құрады. Ал 1834 жылы матақағаз өнімінен жасалған бұйымдар 
2 663 878 рубль болды. Петропавлдағы сауданың ең жоғарғы дәрежеде болғанын, осы тауар 
айналымынан көруге болады. 
1830 жылдары Коншиннің мәлеметі бойынша сауда айналымы 7 млн рубль дейін жеткенін 
айтады. Петропавл саудасына Мәскеу, Қазан, Петербург секілді қалалардың аса ірі саудагерлері 
мен көпестері қазақ даласына ағылып келіп жатты. 
Патша өкіметінің «Сібір қырғыздары Жарлығының» шығуына байланысты Сібір шебінде 
орналасқан әр түрлі дәрежедегі халықтардың сауда жасау ережесі қарастырылды. Оның ішінде 
Сібір орыс-казактарына Петропавл қаласында және шеп бойында сауда жасауға рұқсат берілген 
еді. 1803 жылдың 19 қазанындағы жарлыққа сай орыс-казактары шептің ішіне қарай өтіп, 
жергілікті қазақтар және Орта Азия саугерлерімен сауда-саттық жүргізуге рұқсат алды, алайда 
орыс казактары кеден, застава пунктері арқылы өту барысында тауарларын есепке кою 
талаптарын орындауға міндетті еді. 
Петропавл қаласының құрылысы 1849 жылы өз қарқынын күшейте түсті, оған себеп болған 
осы жылдың мамыр айында қалада қатты өрт шығып, бірнеше ғимараттар от жалынына ұшырады, 
шамамен 435 үй мен 106 көпестік дүңгіршектер тауарларымен бірге жанып кетті. Шыққан өрт 
салдарынан қала тұрғындары, қатты зардап шекті. Көпестер жылдық табыстарынан айырылып, 
қала экономикасына қыруар шығын әкелді. Оның көлемі ақшасымен шаққанда 704976 рубльді 
құрады. 
Петропавл қаласы орыстарға стратегиялық жағынан маңызды рөл атқаратын болғандықтан, 
патша өкіметі қаланы қалпына келтіру мақсатында және қалаға жәрдем ретінде, Ресей 
империясының басқа қалаларынан қаражат жинау көзделді. 
1842 жылы Петропавл қаласының гербі бекітілді. Ол екі бөліктен тұрды, жоғарғы жақта 
Тобыл губерниясының гербі, ал төменгі жағында жүк тиеген түйені жетектеген қазақтың бейнесі 
болды. Мұндай гербті бекітуі қалада жергілікті халық өкілдерінің басым болуы, ірі сауда жолында 
ораналасқандықтан болу керек. 
Басқа да қалалар сияқты Петропавлда да өзінің әкімшілік басқару органдары болды, 
мәселен, 1825 жылы қалалық Дума ұйымдастырылды. Ол қаланың шаруашылық мәселелерін 
шешті. Қала соты болды. Тәртіпті қадағалайтын қала полиция бөлімдері ашылды, оларға арнап 
арнайы тірек пунктері салынды. Қала көпестеріне салынған салықтан қала полициясына жалақы 
төлейтін. 
Петропавл көпестері байып алған соң, Есіл, Ирбит сияқты қалалардың жәрмеңкесіне де 
белсене қатыса бастады. Әсіресе, Петропавл Есіл жәрмеңкесімен тығыз байланысы болды. 1845 
жылы орыс көпестеріне шептің ішкі жағына шығуға рұқсат берілген соң, олар әрі қарай қазақ 
даласына кіре отырып, саудаларын жүргізді. 
XIX ғасырдың ортасына дейін жергілікті қазақтармен көпестердің саудасы тек сауда 
айырбас орындарда жүргізілсе, осы уақыттан бастап қазақ ауылдарында Тайшыншакөл сияқты


Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
199
жәрмеңкелер тұрақты түрде жұмыс істеді. 
Қала тұрғындарына тұрмыстық зат сатып алу үшін, саудагер көпестерге арналған қалалық 
сауда базарлары ашылды. 
Солтүстік Қазақстан аймағына Ресейден қоныстанушылар ағылып келіп жатты. Мұндай 
үрдіс қала келбетінің өзгеруіне септігін тигізіп, егер ХҮІІІ ғасырда әскери бекініс кезеңінде 
өлкеде қазақ ұлтының саны басым болса, ХІХ ғасырда жаппай қоныс аудару салдарынан 
солтүстік аймаққа славян ұлт өкілдерінің басымдығы байқалды. Олар өздерімен бірге тілдерін, 
діндерін насихаттап, басқа халықтарға енгізуге тырысып отырған. Осыған орай, Қызылжар 
аймағында іргетасы қаланған Петропавл қаласында 1813-1815 жылдары орыс-казактарының 
әулие Петрге арналған тас шіркеуі салында. 
1865-1870 жылдары Вознесенкий соборы, 1888 жылы орыс көпестердің қаражатына түрме 
шіркеулері бой көтере бастаған болатын. 
Петропавл қаласынына татарлар да көптеп қоныстана бастады, олардың міндеті қазақ 
халқына араб ғаріпін үйретіп, молдалыққа оқыту болатын. Қалада медресе, мектеп, мешіттер бой 
көтерді. 
XIX ғасырдың екінші жартысында Петропавл қаласында түрлі жиналыс мәжіліс өткізу үшін 
2 алаң болды. 
Петропавл қаласының мұндай қарқынмен дамуына керуен жолдары торабында орналасқаны 
және сауда керуендерінің жиі келуіне байланысты болды. 
XIX ғасырдың 70 жылдарында Петропавлда сауданың дамуы соншалықты, көптеген 
саудагерлер қаражаттарын сақтау үшін 1871 жылы қалады қоғамдық банктар бой көтерген еді. 
Банктің бастапқы капиталы 40 мың орыс рубльін құраған болатын. Келесі жылдың қаңтар айында 
банктің капиталы едуәр өсіп 48 мың 312 рубльді құрады. 
Петропавл қаласында негізінен орыстар мен қазақтардың арасындағы тері саудасы 
болғандықтан қалада тері өңдеу зауыттарының қарқыны дами түсті. Осы жылдары Петропавл 
қаласы басқа шекара бойында орналасқан қалалармен салыстырғында тері өңдеу жағынан 
алдынғы орында болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет