«edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата20.11.2023
өлшемі1,05 Mb.
#192464
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
191-201

Зерттеу нәтижелері 
Ресей империясы Қазақ даласына әскери шапқыншылығы арқылы XIX ғасырдан бастап
отарлауға толықтай кірісіп кетті. Кейбір авторлар Ресейдің осы бағытта ілгерілеп, ақыр аяғында 
Қазақстанды жаулап алуы бұл мемлекеттің сан ғасырлар бойы жүргізіп келген экспансиялық 
саясатының жалғасы деп есептейді. 
Орыстар бірдіндеп қазақ даласының ішкерлей тереңдеп ене берді. Осыған орай Петропавл 
бекінісіне көптген қоныстанушылар еуропалық Ресей жағынан келе бастады. Олардың басты 
бөлігі славян өкілдері болды. 
Қазақстанның солтүстік шекарасының ұзына бойында орыс
-
казактарға ені төрттен жеті 
мильге дейін ұланғайыр жер берілді. Патшалық Ресейдегі қатыгез саяси тәртіп орыс 
шаруаларының қазақ жерлеріне миграциясының туындауындағы ең басты тұрақты 
факторларының бірі болды. Орыс шаруалары қожайынынан құлдық жағдайымен шамалас 
тәуелділікте болды. Сондықтан көптеген орыс шаруалары еркіндіктің жоқтығы мен саяси езгінің 
ауыртпалығына төзе алмай, Шығыстағы өңірлерге қашып кетудің жолдарын іздестірді. 
Ресей империясының батыс бөлігінен қазақ жерлеріне қоныс аударушылықтың тағы бір 
басты себебі, село тұрғындардың тығыз орналасуына байланысты болды. Өз ата-мекендерінен 
итермелеп шығарған күштермен қатар мигранттарға жаңа жерлердің тартымдылығы да әсер етті. 
Алыс жатқан Сібір мен Қазақстан шаруаларға Еуропалық Ресейдегі тәртіптен құтылудың бірден

 


Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
194
 
бір жолы ретінде көрінді. Сондықтан Шығыстағы жатқан жерлерде толықтай еркін боламыз деген 
үміт қоныс аударушыларды алыс жолға жетеледі. 
XIX ғасырдың бас кезінен патша өкіметі Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын белсенді 
түрде қолдауға көшті. Осы миграцияны бақылауға алу мақсатында өкімет шаруалар 
қоныстанатын жерлерді белгілей бастады. Сол себептен Қазақстан жеріне экспедиция жіберілді. 
Осыған орай Солтүстік Қазақстан жерінде 36 млн., десятинаға жуық жер зерттеліп, оның 17 млн., 
десятина жер келімсектерге қиылып алған болатын (CҚОММ 158-қор, 1-т, 315-іс, 160 б.). 
Орыс мемлекетінің Қазақ даласын жаулап алуының өзіндік себептері болды. 1822 жылдың 
22 шілдесінде Ресей императоры Александрдің «Сібір қырғыздары» атты жарлығы шықты. Бұл 
жарлық Орта жүз қазақтарының даласын Ресей өкіметінің бодандығына өткізіп, осыған орай 
қазақ даласында жаңа басқару жүйесін енгізуді жария етті. Бұрын Ресейге ешқандай алым-салық 
төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық 
түрлері көбейді, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күйкеше бастады. 
«Сібір қырғыздары туралы жарғының» ең басты міндеті Қазақстандағы тәуелсіздіктің соңғы 
қалдықтарын жойып, қазақ даласын түгелдей Ресей империясының отарына айналдыру болды. 
Осы астарлы саясаттың мақсаты қазақ жерлерінде хандық билік жойылып, Қазақстанда сыртқы 
округтер ұйымдастыруды көздеді. Құрылған округтер басына «округтік приказдар» сайлап 
қойылды. Округ құрамына 15
-
тен 20-ға дейін болыс кірді. Әрбір округтің қатаң межеленген жері 
болды. Болыстар 10-12 ауылдан тұрды, оларды жергілікті би-сұлтандар басқарып отырды. Әр 
ауылда 50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет