Егемен Қазақстан



бет5/25
Дата10.10.2020
өлшемі1,56 Mb.
#64331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

38. Үлгілік және оқу жұмыс жоспарларында пәнді меңгеруге бөлінетін оқу уақыты тиісті міндетті және вариативтік оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын әзірлеу кезінде ескеріледі.

39. Инварианттық және вариативтік компоненттерді құрайтын пәндер бойынша білім алушылардың оқу жүктемелерінің жалпы көлемі ҮОЖ-да белгіленеді.

40. Білім алушылардың пәндер бойынша міндетті оқу жүктемесінің көлемі оқытудың бағыты ескеріліп, ҮОЖ-да белгіленеді.

41. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі олардың қажеттіліктері ескеріліп, жалпы білім беретін ұйымдардың оқу жұмыс жоспарында белгіленеді.

4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

42. Білім алушылардың дайындық деңгейі үш аспект бойынша бағаланады:

1) тұлғалық нәтижелер;

2) жүйелік-әрекеттік нәтижелер;

3) пәндік нәтижелер.

43. Тұлғалық нәтижелер:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясына, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуінен;

2) белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуынан;

3) мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан;

4) өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуынан;

5) салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуінен;

6) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен;

7) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігінен;

8) үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуінен;

9) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табады.

44. Тұлғалық нәтижелер білім алушының тәрбиелілігі, әлеуметтенуі, рухани-адамгершілік, шығармашылық және дене дамуы деңгейінің психологиялық-педагогикалық мониторингісі түрінде бағаланып, оның портфолиосына жинақталады.

45. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:

1) адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімін меңгеруінен;

2) ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуінен;

3) таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруінен;

4) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен;

5) жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігінен көрініс табады.

46. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер білім алушының пәндік олимпиадалар, таңдау курстары, шығармашылық оқу жобалары, сондай-ақ зерттеу жұмыстарының басқа да түрлері бойынша қол жеткізген жетістіктерімен анықталады, оның портфолиосына жинақталады.

47. Пәндік нәтижелер білім алушылардың білімнің базалық мазмұнын меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығынан көрінеді.

48. Пәндік нәтижелер 3-4-сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) деңгейде, ықтимал жетік деңгейде 6, 8-11-сыныптарда (пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті меңгеру үшін) және бейіналды жетік деңгейде

8-9-сыныптарда/бейіндік жетік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы білім беру ұйымдары таңдап алған пәндерді тереңдетіп оқытатын үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын меңгеру үшін) белгіленеді.

Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

49. Білім алушылардың оқу пәндерін игеруінің базалық деңгейі білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдыларын қамтиды.

50. Оқу пәндерін меңгерудің жетік (ықтимал және бейіналды/бейіндік) деңгейлері білім алушылар білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың іскерліктері мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін меңгерудің ықтимал деңгейі 6, 8-11-сыныптар үшін вариативтік оқу бағдарламалары негізінде жалпы білім беру ұйымдарының таңдауы бойынша іске асырылады. Оқу пәндерін меңгерудің бейіналды (8-9-сыныптар) және бейіндік (10-11-сыныптар) деңгейлері тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде іске асырылады.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет