Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 (01.09.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
51. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
52. Жалпы орта білім беретін ұйым ұсынатын білім мазмұнын (тереңдетілген, кеңейтілген) меңгеруін жергілікті білім беру органдары бақылайды.
53. Орта білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады.
54. Бақылау нысандары ауызша, жазбаша және шығармашылық емтихандар, тест тапсырмаларының ашық және жабық нысандары, бақылау жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде болуы мүмкін.
5. Білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар
55. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
56. Білім алушылардың денсаулығын нығайту және олардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру мақсатында сыныптан тыс жұмыс нысанындағы спорт секцияларының сабақтарын ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
57. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында қызмет ететін қызметкерлерге еңбекақы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабында белгіленген тәртіп бойынша төленеді.
58. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беретін ұйымда оқи алмайтын оқушылар үшін үйінде немесе емделу орындарында ақысыз жеке оқыту қамтамасыз етіледі.
59. Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.
60. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
61. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.08.2017 № 484 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
62. Жергілікті атқарушы органдар және жалпы білім беретін ұйымдар білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін:
1) салауатты өмір салтын насихаттау;
2) әлеуметтік және психологиялық қызметті күшейту;
3) ғимаратты күзетуді қамтамасыз ету;
4) жергілікті тұрғындар мен ата-аналар қауымдастығы арасында тығыз байланыс орнату;
5) білім алушылардың бейресми ортасын зерделеу;
6) алдын алу іс-шараларын (әлеуметтік сұрақ-жауап, психологиялық қолдау, құқық қорғау және медицина мекемелері қызметкерлерімен кездесулер) өткізу;
7) профилактикалық медициналық тексеруді уақытылы ұйымдастыру;
8) техника қауіпсіздігін, өрттің алдын алу ережелерін сақтау;
9) үй-жайларындағы жарық пен әуелік жылу режимін сақтау;
10) компьютерлік техникамен жұмыс істеу тәртібін сақтау;
11) жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау;
12) балаларды тасымалдауда техника қауіпсіздігін сақтау жолдары арқылы жағдай жасайды.
63. Жалпы орта білім беретін, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылады және білім саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісіліп, жалпы орта білім беретін ұйымдардың өзінде бекітіледі.
64. Жалпы орта білім беретін республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс жоспары шеңберінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органымен бекітіледі.
65. Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сынып толымдылығы 24-ке жеткенде және одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде және одан асқанда, шағын жинақталған мектептерде – сабақ өткізу кезінде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 6, 8-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы орыс тілі;
4) 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы шетел тілі;
5) 6, 8-11-сыныптардағы информатика;
6) бейінді пәндер;
7) 6, 8-11-сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);
8) 6, 8-11-сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізу кезінде сыныпты 2 топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |