Кендір күнжарасы мен шроты. Бұл күнжара мен шрот қабығында қиын қорытылатын жасунық көп болғандықтан, жалпы энергетикалық қуаттылығы онша жоғары болмайды. 1 кг 0,85 а.ө. (8,7 МДж АЭ), 228 г қорытылатын протеині бар кендір күнжарасы мен 0,83 а.ө. (8,6 МДж АЭ), 248 г қорытылатын протеині бар кендір шротын тәулігіне сауын сиырға —
1 —1,5 кг, бордақылаудағы мүйізді ірі қара малға 2-2,5 кг береді. Олар сиыр сүтінің майлылығын азайтатындықтан, сауын сиыр азығына аздап жұмсайды. Кендір күнжарасы мен шротының құрамындағы тетано-каннобионин мен каннабин алколоидтары мал бұлшық етінің жиырылуына әсер ететіндіктен, оларды буаз мал азығына қолданудың түсік тастату қаупін өсіретінін ескереді.
Достарыңызбен бөлісу: |