Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет49/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Сабанды әкпен өңдеу. Ірі азықтарды өңдеу үшін жаңа ғана сөндірілген (СаО) құрамында 90-95% кальций тотығы бар әк пайдаланады.

Азықты оңдеу жылы жайда жүргізіледі. Туралған шөпті әк суымен дымқылдап өңдейді. Бұл шөпті әк суына батыру немесе себу (шашу) жолымен жүргізіледі. Әк суын 3 кг құрғақ немесе 9 кг қоймалжың әкті 250 л суға ерітіп жасайды. Себу үшін осы мөлшердегі әкті 80-100 л суға ғана ерітеді.

Батыру немесе себу жолымен дымқылданған сабанды 24-36 сағат бойына сақтайды, содан кейін жумай-ақ, ол малды азықтандыруға дайын болады. Туралып әк суымен дымқылданған шөпті 36 сағаттан артық сақтауға болмайды, өйткені жылы жерде ол көгере бастайды.

Тек жоғары сапалы (бірінші не екінші класты) әкті пайдаланған жағдайда ғана, туралған сабанды өңдеу ісінде жоғары тиімділікке қол жеткізуге болады. Уытсыздандырылғаннан кейін ашық жерде қалған әкті пайдалануға болмайды.

Мұндай жаңа азықты малға әуелі аз мөлшерде беріп, оларды біртіндеп үйреткен абзал. Туралған ылғал сабаннан ірі қара мен жылқыларға 25 кг (5-7 кг туралған құрғақ сабан), бір жастан асқан төліне 15 кг (3-4 кг туралған құрғақ сабан), 1 жастан асқан қойларға 3 кг-га дейін (0,6-0,8 кг туралған құрғақ сабан) береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет