Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет48/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Сабан булауды азықтарды булайтын арнайы жабдықтары бар цехтарда жүргізу керек. Ол үшін оқтын-оқтын және үздіксіз жұмыс іетейтін араластырғыштарды пайдаланады. Булау ыдыстан бу шыға бастағаннан кейінгі 30-40 минут бойына созылады.

Малды сабанмен 6-8 сағаттан кейін жылы күйінде азықтандырады. Булау тек сабанның дәмі мен иісін ғана жақсартып қоймайды, сонымен бірге оны зеңдендіретін саңырауққлақтан зарарсыздандырады. Бу көзі ретінде арнайы қазандарды пайдаланады.

Сабанды тікелей азық үлестіргіштердің өздерінің қорабында булау да көңіл аударуға тұрарлық іс. Мұндай жүйені қолданғанда сабанды булауға жұмсалатын шығын едәуір азаяды.

Сабанға топ, сірне, сыра бөртпесін немесе 1%-дық тұзды су (1ц сабанға 100-200 л) қосып демдейді және байытады. Сірне қосқан ірі азықтарды арнайы араластырғыштарда дайындайды. Сірнені ыстық суда еріткен жақсы. Туралған сабанға майдалап туралған тамыржемістілерді, сүрлемді, жаңа алынған қызылша сығындысын және сулы-сірпелі ерітінділермен қосымша демділенген басқа да шырынды азықтарды, макро- және микроэлементтерді, витаминдер мен басқа да заттарды араластырғанда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Сулы-сірнелі ерітінді дайындау үшін, мочевинаның бір өлшемдік бөлігін судың төрт өлшемдік бөлігіне ерітеді, содан соң біртіндеп араластыра отырып, оған сірненің бес өлшемдік бөлігін қосады. 1 кг қоспада 100 г мочевина және 500 г сірне болады.

Мочевина мен сірне қоспасын арнайы араластырғыштардың көмегімен, сондай-ақ қоспаны араластыру үшін ішіне қалақшалар орнатылған қарапайым бөшкелерде де дайындайды.

Қант зауыттары бар облыстарда сірнені мочевинамен байытуды (1 г сірнеге 75-100 кг мочевина) тікелей зауыттардың өзінде дайындаған орынды. Сірнеге мочевина араластырумен бірге мерзімдік азық үлесінде жетіспейтін кейбір қоректік заттардың орнын толықтыратын минералды үстемелер қосу ұсынылады. Ол үшін сулы-сірнелі ерітінділерге қосатын минералды қоспалар жасап шығарылған. Оларды қосып жасаған ерітіндінің құрамында 86% сірне ертіндісі, 7% мочевина, 5% диаммонийфосфат, 2% күкірт қышқылды натрий болуы тиіс.

Ерітіндіні дайындағанда, оның әрбір килограмына 15 мг хлорлы кобальт, 75 мг күкірт қышқылды мырыш, 60 мг күкірт қышқылды мыс қосылады. Мұндай ерітіндінің 1 килограмында 190 г қорытылатын протеин және 12 г фосфор болады.

Сірне болмаған жағдайда, азықтық сұйық қоспаларды жоғарыда айтылған құрамда және сондай үлгі-мөлшермен (рецептімен) суға араластырып дайындап алуға болады. Сулы-сірнелі ерітіндіні сепкен сияқты, бұл ерітіндіні де сабанға немесе сабан араластырған басқада азыққа бірқалыпты себеді.

Сабанды сірнемен дәмділеуді немесе байытуды бетондалып жасалған астаулардың өзінде не арнайы ыдыстарда жүргізеді. Туралған құрғақ сабанды астауларға қолмен немесе азық үлестіргіш техникамен салады, сонан соң құбырмен не оңтайлы ыдыстармен ерітілген сірне қосылады.

Аралас, түйіршік және қатырлақ тақта азықтар

Толық мерзімдік азық үлесіндік аралас азықтар өздерінің физикалық түрі мен құрылымы жағынан әр алуан. Олар сусымалы, түйіршік және қатырлақ тақта азықтар, белокты-минералды-витаминді қоспалармен байытылған, басым бөлігі егіншілік, тамақ, өңдеу өнеркәсіптерінің қалдықтары мен қолдан кептірілген шөптерден тұратын құрғақ не ылғал күйіндегі ірі, шырынды және құнарлы азықтардан құралуы мүмкін.

Мал шаруашылығында аралас азықтарды кеңінен пайдалану оларды дайындағанда және үлестіргенде кешенді механикаландыру құрал- жабдықтарын тиімді пайдалануға, осы саладағы қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Малды жеке- жеке азыктандырумен салыстырғанда, мұндай коспалармен бір жерден азықтандыру сиырдан алынатын сүт өнімін 8-10%-ға, бордақыдағы төлдің тәуліктік қосымша салмағын 10-15%-ға, жүн өнімін 15-20%- ға арттыруды қамтамасыз етеді.

Толық мерзімдік үлестік аралас азықтар азықтандырудың талаптары мен мөлшерлеріне сәйкес, қолда бар азық қорларының көлемі мен сапасын ескере отырып, шаруашылықтың зоотехнигі немесе фермер жасаған үлгі-мөлшер бойынша дайындалады. Оның үстіне, өздерінің құрылымы мен жұғымдылық құндылықтары бойынша, олар ауыл шаруашылығы жануарларының жасына қарай бөлінген белгілі бір топтары мен түрлеріне арналған мерзімдік азық үлесінің үлгілеріне сәйкес келуі тиіс.

Сүт бағытындағы ірі қараға арналған аралас азық құрамына (салмағы бойынша) 20-25% сабан не пішен, 30-50% сүрлем, 6-10% тамыржемістілер не сірне, 25-30% құнарлы азық пен 1%-ға дейін макро- және микроэлементтер енгізу ұсынылады. Мұндай қоспаның 1 килограмында 0,35-тен 0,45-ке дейін азық өлшемі және 30-40 г қорытылатын протеин болады.

Ет бағытындағы ірі қара үшіп құрамында 8-10 кг пішен мен сабан, 8-10 кг жүгері сүрлемі және 1,5-2 кг дән қалдықтары бар толық мерзімдік азық үлесін пайдалану тиімді.

Бордақыдағы малды азықтандыру үшін, салмағына шаққанда, 40- 50% сабан мен пішен, 30-40% сүрлем, 15-20% дәнді азықтардан құралған толық мерзімдік азық үлесін пайдалануды тәжірибеге кеңінен енгізу керек. Бордақылаудың соңғы кезеңінде дәндік азықтар үлесі 25-30%-ға дейін жеткізілуі тиіс.

Аралас азықтар мен олардың құрамына енетін кейбір шикізаттың туралу дәрежесінің берік негіздік маңызы бар. Өйткені оларды малдың сіңіруі соған байланысты. Сүт бағытындағы сиырлар үшін аралас жем құрамындағы ірі азық бөлшектерінінң 20-30 мм, ал бордақыдағылар үшін 10-20 мм болғаны қолайлы. Сүрлем мен пішендеме 30-50 мм- лік бөліктерден тұратын біртекті азық түрінде болуы тиіс. Тамыр түйнек жемістілерді 10-15 мм бөлшектерге турайды. Дайын қоспаның 70-75%-ы 10-12 мм-лік бөлшектерден тұруы тиіс. Азықтық қоспаның бөлшектері бұдан да майда болса, сүт майлылығының төмендеуіне әкеп соғады.

Бұл талаптарға бәрінен бұрын еңбек өнімділігін арттырып, шығындарын мейлінше азайтуды қамтамасыз ететін сусымалы аралас азықтар дайындайтын арнайы цехтар сай келеді. Оның жұмыс істеу негізі мынадай.

Сүрлемді, пішендемені, сабан мен пішенді көлікпен әкеліп шырынды және ірі азықтарды нәрлендіргіштерге салады. Құрғақ жем тиегіштермен әкелінген құрама жем немесе құнарлы азықтарды мөлшерлегіштермен жабдықталған арнайы шанақтарға түсіреді. Тамыр түйнек жемістілер қабылдағыш шанақ арқылы жуғыш-турағышқа түсіп жуылады, кір-қоқыстан, тастардан тазартылып ұсақтап туралады, Осы жұмыстармен бір уақытта, сірне араластырғышта сіңімді ерітінді дайындалып жатады. Азықтың жоғарыда аталған барлық түрлері тасымалдаушы құрлар (транспортер) жүйесі арқылы азық турағыш- араластырғышқа түседі де, онда өз дәрежесіне жеткенше туралады және араластырылады. Содан соң, олар аралас азық түріне тасымалдау көліктеріне тиеледі. Мұндай ылғал азық дереу малға беріледі, өйткені ұзақ сақтауға келмейді.

Сусымалы азықтарға қарағанда, туйіршік және қатырлақ тақта азықтар құрамы жағынан біртектес болады, оңайлықпен ыдырай қоймайды, тасымалдау және үлестіру кезінде тозаңданып ұшпайды, сақтағанда көп орын алмайды, азық үлестіруді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, азықты түйіршіктеу және сығымдап қатыру мал өнімділігінің деңгейі мен бағыттын ескере отырып оларды ұзақ уақыт пайдалану үшін, құрамы толық мерзімдік аралас азық үлесін дайындап алуға мүмкіндік жасайды.

Қолдан кептірілген көк және ірі азықтардан түйіршік, сондай-ақ қатырлақ тақта азықтар жасау үшін, өздері кептіріп одан әрі түйіршіктеп және сығымдап қатыратын жоғары температуралы барабанды кептіргіштердің барлық түрлері пайдаланылады. Құрамы толық мерзімдік аралас азық үлесін өндіру үшін агрегаттарды құнарлы азықтар мен қоспалар жеткізіп тұратын тасымалдаушы құрлар (транспортерлар) жүйесімен қосымша жабдықтау орынды болып табылады.

Сығымдағышқа түсетін ненізні шикізаттың қолайлы ылғалдылығы — 14-16%. Күйіс малына арналған түйіршік және қатырлақ тақта азықтардың тығыздығы 600-900 кг/м-ден, ірі қараға арналған түйіршіктің диаметрі 12-20 мм-ден, ал қойларға — 5-7 мм-ден аспауы тиіс. Цилиндр түріндегі қатырлақ тақта азықтың диаметрі 60 мм- ден, текше түріндегісінің мөлшері 40x40x40 мм-ден артық болмауы керек.

Нашар сығымдалатын жемшөп түрлерінен (сұлыдан, арпадан, жүгеріден, күздік қарабидайдан, соңдай-ақ дәні сүттеніп-балауызданып піскен кезеңде жиналған астық-бұршақтұқымдас қоспалардан) тұратын аралас шикізатты нығыздағанда, түйіршік және қатырлақтақта азықтар берік болу үшін май, сірне, сондай-ақ құрамында көмірсулары бар басқа да біріктіргіш заттар қосылады. Әртүрлі біріктіргіш заттарды қолдану тығыздылығы онша емес (500-700 кғ/м3) түйіршік және қатырлақ тақта азықтардың үгілгіштігін 20-40%-ға азайтады, мұның өзі малды қатырылған азықпен алдын ала дайындық жасамай-ақ азықтандыра беруге мүмкіндік туғызады.

Түйіршік және қатырлақ тақта азықтардың ірі қара мен қой бордақылағанда толық құрамды мерзімдік азық үлесіндік қоспалар немесе сүт бағытындағы сиырлардың негізгі мерзімдік азық үлесінде жетіспейтін элементтердің орнын толтыратын қоспа ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жұғымдылығына қарай, оларды сүт бағытындағы сиырлардың мерзімдік азық үлесіне оның 25-30%-ы мөлшерінде енгізген орынды. 5000 кг және одан да көп сүт беретін мол өнімді сауын сиырларға мерзімдік азық үлесініде 15-20%-ындай, ал өнімділігі өте төмен сиырларға - оның 35%-ы мөлшеріндей қосқан дұрыс.

Жазғы кезеңде түйіршік және қатырлақ тақта қоспаларды барлық мал түрлері үшін бірден-бір қосымша азық ретінде пайдалануға болады.

1 кг құрғақ толық құнды аралас азықтардың құрамында кем дегенде 0,60 азық өлшемі; 4,5-6,0 г кальций; 3,0-4,0 г фосфор, 30-40 мг каротин болуы тиіс. Азық өлшеміне кем дегенде 100 г қорытылатын протеиннен келуі керек. Олардағы талшықтар мөлшері 20-22 %-дан аспауы тиіс.

Толық мерзімдік аралас азық үлесін пайдалану мал өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, оларды үлестіру мен өнім алуға жұмсалатын еңбек пен қаржы шығынын азайтады.



Химиялық тәсілдер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет