Аминқышқылдары. Бүгінде 200-ден астам аминқышқылдары белгілі болса, олардың тек 20-сы ғана белок құрамына кіреді. Өсімдік пен микроорганизмдер белок түзуіне қажет барлық аминқышқылдарын түзе алады, ал мал денесінде олардың тек жартысы түзілетіндіктен, қалған жартысы міндетті түрде желінген азықпен жеткізілуі шарт.
Нуклеин қышқылдары. Азықтағы бос аминқышқылдарынан кейінгі амидтік қосындылардың маңыздысы. Азық биомассасының жалпы азотының 10-13%-ы осы нуклеин қышқылдарының үлесіне тиеді. Малға олардың жетіспеушілігінен көрі көп мөлшері зиянды. Сондықтан нуклеин қыш- қылдары көп жиналатын микробиалдық түзу өнімдерінің (ашытқылардың) мал мен құс құрамажеміндегі өзіндік салмағын 8-10%-бен шектеп, нуклеин қышқылдарының 9 г/кг көлемінен аспауын қадағалайды.
Майлар. Зерттеуде оларды «шикі» май атымен біріктіріп анықтайды. Мысал ретінде шөп жапырағының құрғақ затын алатын болсақ, ондағы 4-6% «шикі» майдың, 1,5—4% - липидтер, 0,5-1% - стериндер, 0,5-1% - фосфатидтер құрайды. Жиналу жеріне байланысты майлар протоплазмалық және қорлық болып бөлінеді.
Көкшөп протоплазмасында липидтер - 0,1-0,3%, астық тұқымдастар дөнінде қорлық липидтер — 2—3% болады.
Липоидтер құрамына химиялық құрамы сан-алуан қосындылар кіретіндіктен, олардың қоректенудегі қызметі де әр түрлі болып келеді. Биологиялық түрғыдан маңызды болып келетін фосфолипидтер немесе фосфатидтер жасушаның белок—липидтік бірлестігі (кешені) құрамына кіріп, басқа майлармен бірге жасуша қабығының майлы қабатын құрайды.
Дәріс №3. Мал азығының химиялық құрамы және жеке заттардың физиологиялық маңызы (жалғасы)
Дәріс жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |