Дәріс жоспары:
2.1 Азық қоректілігі туралы ұғым. 2.2 Мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, көмірсулармен, минералды заттармен және витаминдермен өтеу. 2.3 Азық қоректілігін оның химиялық құрамы арқылы бағалау. 2.4 Азықтың химиялық құрамы – азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіштері.
Азық қоректілігі туралы ұғым, яғни мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, көмірсулармен, минералды заттармен және витаминдермен өтеу
Тірі организімдер өсіп жетілу үшін сыртқы ортадан зат алмасу процессіне қажетті заттармен қамтамасыз етілуі қажет. Ол заттар организмге коректену арқылы келеді. Организмге енген түрлі заттар мен қосындылар ішкі ортада белгілі жағдайлар туғызылғанда ғана бойға сіңізіліп, тіршілік қажеттілігіне пайдаланылады. Ас қорыту барысында азық коректік заттары мал денесінің құрамына кіріп, игеріледі.
1.Өсімдік пен мал денесінің химилық құрамы (құрғақ заттына % есебімен)
Коректік заттар
|
Жемшөп түрі
|
Сақа мал денесінде
|
Көк жоңышқа
|
Жүгері дәні
|
Шалғын шөбі
|
Су
|
77,8
|
13,0
|
14,3
|
54-58
|
Құрғақ зат
|
22,2
|
87,0
|
85,7
|
44-46
|
Протеин
|
16,6
|
10,1
|
11,3
|
33-47
|
Май
|
4,0
|
4,5
|
2,9
|
40-55
|
Клетчатка
|
22,5
|
2,2
|
30,7
|
-
|
Азотсыз экстрактивті заттар
|
47,9
|
81,6
|
47,9
|
1,5-2,5
|
Күл
|
8,6
|
1,6
|
7,2
|
7-9
|
Өсімдік клеткаларының қабығы целлюлозадан, ал жануар клеткаларінікі – ақзаттан тұратынықтан, біріншілеріні құрамында клетчатка, екіншілерінікінде протеин көп болады. Сонымен қатар өсімдіктер энергия қорын көмірсулар, ал жануарлар майлар түрінде жинайды. Өсімдіктерде негізінде түрлі ферменттер түрінде кездесетін протеин жануарлар организімінде негізгі пластикалық, құрылыстық рол атқарып, бұлшық ет, тері, шаш, жүн, мүйіз, тырнақ құрамын құрастырады.
Қазіргі уақытта өсімдік және мал организімінде табылған химиялық элементер саны 70-ке жуық болғанымен олардың ішінде зертеліп, тіршілік үшін биологиялық маңызы анықталғаны 25-тей. Ең алдымен тірі организм құрамының 98,5 процентін алты эдемент- көміртек, сутек, оттек, азот,кальций және фосфор құрайды. Оның алғашқы төртеуі органикалық заттарды құрастыратын органикалық элдементтер де, соңғы екеуі минаралды элементтер.
Жер биосферасында қабаттарында пайда болатын мал азығы түрлерінің барлығы сондағы химиялық элементтерден құралады. Мал азығының химиялық құрамын зерттеп, талдағанда, ондағы қосындылардың малдардың қоректенуіндегі және зат алмасуындағы маңызы мен атқаратын қызметі басшылыққа алынады.
Мал организмі күрделі биологиялық құрылым болғандықтан, ондағы қоректену барысында өтетін өзгерістерді, әрине мұндай қарапайым кестемен бейнелеуге келмейді. Ол өзгерістер сан алуан болғандықтан, бір жағынан, бір- бірімен тығыз байланыста, ал екінші жағынан, бір-біріне тәуелдіде бір-біріне ықпал ету арқылы жүреді. Сондықтан 2-кестеде келтірілген негізгі қызметімен қоса зат алмасу барысында әр топтың қоректік заттары басқа да көптеген функциялар атқарады. Мысалы, аминқышқылдары белок түзуіне жұмсалумен қатар қажетгі жағдайда организмнің энергетикалық мұқтаждыгын қамтамасыз етуге шығындалып жылуға айналса, май қышқылдары (атап айтқанда линол, линолен, арахидон) шоғырланған энергия көзі бола тұра, зат алмасуындағы өзіндік орны бар реттестірушілер функциясын да атқарады.
Сол секілді жемшөп көмірсулары энергияға айналуымен қатар кейбір қосындылар құрылымына да кіреді. Ал жекелеген минералды элементтер көптеген құрылымдар құрамына (кальций мен магний — сүйектің, фосфор — аденозинфосфатты қышқылдардың, темір — гемоглобиннің, кобальт — цианкобаламиннің, йод — тироксиннің, т. с. с.) тікелей кіруімен қатар, организмдегі қышқыл-сілтілік қатынас пен иондық теңдікті, осмостық қысымды қалыптастыруга қатысады, микроэлементтер ферменттер функциясын әсерлендіретін ферменттер кұрамына кіреді. Өте аз мөлшерде болатын витаминдер зат алмасуының барлық қырын реттестіру арқылы организм тіршілігі мен өнімділігіне ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |