Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет10/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері
Калий. Катион түрінде натрий, хлор және бикарбонаттар иондармен қатар калий биологиялық сүйықтардың осмостық қысымын, қышқыл- сілтілік қатынасты қалыптастыруға қатысады. Жасушадағы метаболикалық үрдісте аденозинүшфосфатазаны әсерлендіру арқылы көмірсулар алмасуын жеделдетіп, бірқатар ферменттер қызметін әсерлендіріп, месқарын микрофлорасын жетілдіруге қатысады. Натриймен бірге мал тәбетінің ашылуына ықпал етеді. Олардың иондары (катиондары) жүйке мен бүлшық еттегі «тыныштану» потенциалы мен «әрекеттену» потенциалының орнығуына әсер етеді.

Натрий. Организмде өзіндік биологиялық қызмет атқармағанмен мал тіршілігіне өте қажет элемент. Плазмадағы катиондардың 90% натрий үлесіне тиетіндіктен, бұл элементтің осмостық қысымды реттеп, буферлік жүйелерді қалыптастырудағы маңызы зор. Калиймен бірге жүйке-бұлшық ет жүйесіндегі қозушылық пен дамылдаушылықты, жасуша мембранасының сыртқы ортадан қоректік заттар енгізіп, ішіндегі қажетсіз қалдықтардың сыртқа шығарылуына көмектеседі. Мал денесіндегі су алмасуын реттеп, биологиялық сұйықтар мен жұмсақ ұлпадағы қышқыл- сілтілік қатынасты қалыптастыруға қатысады.

Хлор. Натриймен бірге мал денесіне ас тұзымен жеткізілетін екінші элемент. Мал денесі суларының негізгі анионы болғандықтан натрий ка- тионымен қоса осмостық қысым мен қышқыл-сілтілік қатынасты қалып- тастырады. Анион түрінде эритроцитпен плазма аралығындағы иондық алмасуға ықпал етіп, карбоангидразаның қатысуымен биокарбонат түрінде байланыстырылған көмірқышқылының өкпе тамырларында босатылуына қатысады.

Күкірт. Метионин, цистин, цистеин секілді құрамында күкіртті амин- қышқылдарымен түрлі протеиндер мен биологиялық белсенді заттар (ви- таминдер, гормондар) құрамына кіріп, сульфаттарға дейін тотығу бары-сында организмдегі түрлі метаболизмге қатысады. Күкірт цистеин моле- куласының сульфгидрильді (...—SН-...), ал цистин молекуласының коссульфидті (...-S-S-...) тобында болады. Сульфгидрильді тобының қайталанымды түрде қоссульфидтік дегидрациялануы, яғни цистеиннің цистинге, ал өз ретінде, цистиннің цистеинге айналуы, сутегін тасымалдаудағы негізгі реакция болып табылады. Сонымен қатар сульфгидрильді тобы кейбір ферменттердің, мысалы, дегидрогеназдар мен эстераздардың әсерін күшейтеді.

Магний. Мал денесіндегі магнийдің негізгі көлемі (70%) сүйекте және бұлшық етте (25%) жиналатындықтан, оның алмасуы кальций мен фосфор алмасуымен тығыз байланыста өтеді. Калий сияқты магний де жасуша ішіндегі сұйықтың негізгі катионы болып табылады. Жасуша ішіндегі сұйықтағы оның шоғырлану дөрежесі жасушааралық сұйықтағыдан 10- 15 есе жоғары — 25—30 мэкв/л деңгейіне жетеді. Магний көптеген ферментгердің, мысалы, фосфораздардың қызметін күшейтіп, организмдегі көмірсулар алмасуға, қышқыл-сілтілік теңдікті сақтауға қатысады.

Темір. Темір организмдегі мөлшері жағынан ең көп шоғырланған мик- роэлемент. Оны бірқатар жіктеулерде көлемі бойынша макроэлементтерге жатқызылады. Бірақ физиологиялық функциясына сәйкес бұл элементтің микроэлементтерге жатқызылуы дұрыс. Оның атқаратын биологиялық қызметі денедегі темірдің 90% құрайтын қан белогі гемоглобинмен байланысты. Қанның қызыл түйіршіктері, яғни эритроциттер құрамына кіретін гемоглобиннің гем тобындағы темірдің қостотығы өкпеден қанмен өткенде үштотыққа дейін тотығып, жасуша алмасуына оттегін жеткізеді.

Мыс. Мал азығымен желінген мыстың қанға сіңірілуін аш ішек кілегей қабатында онымен байланысатын металтионеин белогі реттейді. Қанға сіңірілген мыс аминқышқылдары және альбуминдермен байланысып, негізінен бауырда, сүйек кемігінде, жұлын мен жүнде, ал денедегі бүкіл мыстың жартысына дейіні бұлшық етте жиналады. Сондай-ақ, ішек, сүйек, тері құрамында кездеседі. Бауырдан қанға церулоплазмин түрінде енген мыс тоқымалар жасушасына жеткізіліп, малдың төлдегіштігіне, сүттілігіне, жүннің өсімі мен оның түске боялуына (пигментациялануына) әсер етеді.

Кобальт. Кобальттың биологиялық әсері мыстікіне ұқсас келеді. Ол күйісті малдың алдыңғы қарын бөліктеріндегі микробиологиялық түзуде цианкобаламин, яғни В12 витамині құрамына мукопротеинмен байланыста еніп, оның түзілуіне, темір мен мыс болған жағдайда қан гемоглобинінің глобинінің, эритроциттер мен лейкоциттердің түзілуіне ықпал етеді. Денедегі кобальт гидролитикалық ферменттерді белсендіріп, нуклеин қышқылдары мен бұлшық ет белогының түзілуін күшейтеді. Қан глобулиндерімен байланысқан кобальт бауыр, көкбауыр, бүйректе жиналады.

Марганец. Жемшөп құрамында марганец хелаттық қосындылармен байланыста болады. Аргинин аминқышқылын орнитин мен зәрлікке (мочевина) ыдыратушы аргиназа ферментінің құрамына кіріп, тоқымалық тыныстануға, тотыққыш фосфорлану реакцияларына қатысады, көмірсулар, белоктар мен майлар алмасуының ферменттерін әсерлендіреді. Қандағы марганецтің деңгейі азайған жағдайда, ол дене мүшелеріндегі қорынан тез кері алынып, жылдам қалыпқа келтірілетіндіктен, мал марганец жетіспеушілігінің зардабын көбінесе шекпейді.

Мырыш. Мал азығымен ас қорыту жолына енген мырыш белоктармен байланған түрде сіңіріледі. Оның сіңірілуіне кальцийдің көп мөлшері, дәнде көптеп жиналатын фитин қышқылы, желінген азық витаминсіздігі кедергі келтіреді. Қанға сіңірілген мырыштың 70%-дайы эритроциттегі карбоангидраза ферменттерінің қүрамына кіріп, олардың және де инсулин гормонының әсерлігін арттыру арқылы комірсулар алмасуына ықпал етеді. Мырыш гипофиз гормондары арқылы малдың жыныстық қабілеттілігіне, резистенттігіне (түрлі ауруға шалдықпаушылығына) әсерін тигізеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын реттеп, зат алмасуын жеделдету арқылы сүйек, тері мен жүн өсімін жетілдіреді.

Йод. Азық йоды мал организміне йодидтер түрінде сіңіріліп, қалқан- ша безде (щитовидная железа) жиналады. Йод молекулаларының тиро- зинмен құрған бір, екі, тирозин түріндегі қосындылары осы бездің Т3- үшйодтиронин мен Т4-төртйодтиронин, яғни тироксин гормондарының құрамына кіреді. Қанда бүл гормондар альбумин және глобулинмен бай- ланып таратылады да, зат алмасуының барлық қырына барынша күшті ықпал етеді. Соған орай қалқанша безін тіпті организмдегі «зат алмасу моторы» деп те атайды. Ол жалпы организм резистенттігін күшейтіп, оны айғақтайтын динамикалық статусын жоғарылатады.

Организмдегі зат алмасуында атқаратын физиологиялық қызметтері айқындалған бұл биологиялық маңызды, яғни биогенді, микроэлементтер- мен қатар тіршілікте маңыздылығы айқындалып келе жатқан шартты биогенді микроэлементтерге молибден, селен, фторды жатқызуға болады.



Молибден. Молибден темірі бар ксантиноксидаза ферментінің құра- мында пурин қатысатын тотығу реакцияларын жылдамдатады. Әдетте мал азығында оның жетіспеушілігі байқалмайды, ал, керісінше, организмге көптеп енген жағдайда мыстың сіңімділігіне кедергі туғызып, антогонистік қатынаста болады.

Селен. Селен Е витамині, яғни токоферолдар сіңімділігін арттырып, бауырдың қызметін жақсартады, қозы мен бұзау бұлшық етінің өсуіне ықпалын тигізеді. Оның жетіспеушілігінен мал тәбеті бұзылып, өсуі тежеліп, бауыры ауырады. Е витаминінің жетіспеушілігінен туатын «бұлшық еттің ағаруы» (беломышечная болезнь) ауруына, тауықтар сіңірдегі дальтоникалық соқырлыққа (куриная слепота) шалдығады. Бұл аурулардың белгілері құс азығына натрий селенитін қосқанда жойылады. Жеген азығындағы селен мөлшері 10—30 мг/кг-нан асса, мал «сілті ауруы» (щелочная болезнь), немесе «соқыр айналмаға» (слепая вертячка) ұшырауы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет