Оқушылардың бойында азаматтық құндылықтарын қалыптастыру мен құқықбұзушылықтың алдын алудағы сынып жетекшінің ролі.
Егер бала бұзақы бола бастаса,
онда бұған бала кінәлі емес,
педагогикалық әдістер кінәлі.
А.Макаренко
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушыларының
бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін
қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін
дамытуға жұмылдырады. Заман талабы мектеп жасындағы балалардың
арасында құқық бұзушылық пен зиянды заттардың алдын алу жұмысының
белсенді, тиімді, жаңа жолдарын таңдауды міндеттейді. Өйткені, қазіргі таңда
жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата –
ананың баласына тәрбие беруде жеткілікті уақыт бөлмеуі, ақпараттың
шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда тәрбиеленуі,
отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік
жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар
балалардың сана – сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер
арасында түрлі келеңсіз іс – әрекеттердің көбеюіне әкеліп
соқтыруда. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс
пен құқық бұзушылықтың, суицидтік әрекеттерді болдырмау және оның
алдын алу бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды. Осы
міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін
бағыттауы және ұйымдастырылуы бірден –бір сынып жетекшісіне жүктеледі.
Сынып жетекшісі
,.
сынып жетекшісі – кәсіпкер - педагог,
ол сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін тәрбиеші
Негізгі мақсаты
әр оқушыны дамыту, потенциалды қабілеттерін ашу, ерекшеліктерін сақтау, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау, құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы баланың отбасылармен танысудан басталады. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады.
Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады.
Өсіп келе жатқан бала үшін сынып жетекшісі:
жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы
рухани жалғастырушы;
сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара
Бала мінезіндегі жағымсыз қылықтар қандай? (өтірік айту, тәртіп бұзу, сабақ оқымау, еңбектен бас тарту, бос жүру, т.б.) ...................................................
Оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алуға болады.
Сауалнама негізінде сыныптың әлеуметтік – педагогикалық картасын құруға болады:
Сауалнама негізінде сыныптың әлеуметтік – педагогикалық картасын құруға болады:
- тұрмысы төмен отбасылар тізімі;
- көпбалалы отбасылар тізімі;
- сәтсіз жанұялар тізімі;
- толық емес отбасылар тізімі;
- тәуекел тобына кіретін оқушылар тізімі;
- тізімінде тұрған оқушылар тізімі;
- мектепішілік тіркеуде тұрған оқушылар тізімі;
- дене шынықтыру сабағынан босатылған оқушылар тізімі(егер бар болса)
- арнайы медициналық топта оқитын оқушылар тізімі егер бар болса;
- мүгедек балалар тізімі (егер бар болса)
- жетім және қамқоршысына тіркелген оқушылар тізімі (егер бар болса)