Амперометрлік титрлеудің артықшылықтарына, ең алдымен, экспрестілігі мен жеңілділігі жатады. Титрлеу қисығын титрлеудің соңғы нүктесіне дейінгі және кейінгі титранттың қосқаннан кейінгі ток күші мәнімен тұрғызу үшін, вольтамперограманы тіркеу және градуирлі график тұрғызу үшін әлдеқайда аз уақыт кетеді. Амперометрлік тирлеу үшін өте жеңіл жабдық қажет: тұрақты кернеу көзі, миллиамперметр және магнитті араластырғышы бар стақан.
Әдіс тура вольтамперометрияға қарағанда әлдеқайда әмбебап, себебі анықталатын заттың міндетті түрде электрхимиялық белсенді болуы шарт емес.
Жоғары сезімталдық (10-6 моль/л);
Жоғары дәлдік ( дейін);
Лайланған және боялған ерітінділерді зерттеуге мүмкіндік береді;