Егер мен аз білетінімді білсем, көп білуге талпынамын



бет9/10
Дата08.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#123543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 10-11 Полярография и амперометрия

Практикалық қолданылуы 
  • Вольтамперометрлік анализді көптеген металдарды анықтау үшін қолданады. Кадмий, кобальт, мыс, қорғасын, марганец, никель, қалайы, мырыш, темір, висмут, уран, ванадий және көптеген басқа элементтерді кендердің, концентраттардың, құймалар мен басқа табиғи және техникалық объектілерден анықтауға болады. Потенциалдарының жартылай толқындарының жеткілікті (Е01/2 ≥ 0,10 В) айырмашылығында бірнеше элементтерді алдын ала бөлмей-ақ сандық анықтауға болады. Мысалы, аммиакты буферлі ерітіндіде кадмий (Е01/2 = - 0,81 В) және никель (Е01/2 = - 1,10В) қоспасын полярографирлеуге болады. Хромат-, иодат-, молибдат- және кейбір басқа иондарды, сонымен қатар көптеген органикалық қосылыстарды: альдегидтер, кетодар, азо- және нитрокосылыстарды және т.б. вольтамперометрлік әдіспен анықтаудың анағұрлым маңызы зор. Полярографиялық әдісті биологиялық маңызды материалдарды: қан, сарысу және т.б. анализдеу үшін кеңінен пайдаланады. Сонымен қатар қазіргі кезде вольтамперометрлік әдістер де қарқынды дамуда: потенциал беруі жылдам, ауыспалы токты, инверсионды, импульсті және т.б.
  • Амперометрлік титрлеуді әр түрлі техникалық және табиғи объектілерде, минералды шикізаттар мен оларды қайта өңдеу өнімдерінде, табиғи суларда, өнеркәсіптік ерітінділерде, металлургия өнімдерінде және т.б. катиондар мен аниондарды анықтау үшін, сонымен қатар көптеген органикалық заттардың анализінде қолданады. Әр түрлі типтегі реакцияларды (тұндыру, комплекс түзілу және тотығу-тотықсыздану) пайдалану периодтық жүйедегі көптеген элементтер үшін амперометриялық титрлеудің жағдайын таңдауға мүмкіндік береді. Аналитикалық құндылықтары (талғампаздық, сезімталдық) жақсы белгілі органикалық реагенттерді пайдалану арқасында амперометрлік титрлеудің мүмкіндіктері анағұрлым артты. Олардың көбісі электродтарда электрохимиялық өзгеріске ұшырауға қабілетті, бұлолардың құндылығын арттыра түседі, себебі бұл амперометрлік титрлеуді титранттың тогы бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Амперометрлік титрлеуге экспресстілік тән, оны сұйытылған ерітінділерде (10-5 моль/л дейін және оданда аз) жүргізуге және лайланған не боялған ерітінділерді анализдеуге мүмкіндік береді.
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет