Әгп кафедрасының сениор-лекторы Маликов Б. У


Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған



бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі1,1 Mb.
#154452
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация 6 тақырып Әлеуметтану

Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған.
дәстүрлі
демократиялық отбасы
Дәстүрлі отбасында мынандай сипаттар тән:
  • · Ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;
  • · әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;
  • · отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі.

  • Отбасындағы билікті бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - эгалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасында:
  • · ұй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;
  • · ерлі - зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.

Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады.
  • Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса,
  • гетерогенді отбасында олар әртүрлі әлеуметтік топтардан, касталарлдан, таптардан тарайтындар.

  • Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады.
    Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі біртектес болса
  • ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді.

  • Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекег-жайына қарап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді.
  • Патрилокалды отбасында жас жұбайлар кұйеуінің әкесінің шаңырағында өмір сүреді.
  • Матрилокалды отбасында жас жұбайлар әйелдің ата-анасының ұйін бірге мекендейді. Жас жұбайлар ата-аналарынан мұлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы деп атайды.

Әрбір қоғам некеге отырар жастарға таңдау берерде отау тігушілердің өздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бөтен жердегі адамға үйленуіне ғана рұқсат етеді, бұл құбылысты экзогамия деп атайды.
Некеге отырар кезде тек өз тобының ішінен ғана жұбай тандауды талап ететіндер де бар, мұндай мәдени үлгі эндогамия деп аталады. Экзогамиялық және эндогамиялық некелермен қатар некенің моногамия және полигамия деген түрлері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет